Созылмалы ауруды басқару (Disease Management) – бұл белгілі бір науқастағы аурудың даму үрдісіне медициналық көмекті жүргізу тәртібі мен құрылымын ұйымдастыратын толық тұжырым. Медицина дәрігерлері мен мейірбикелер ұсынған қызмет үйлесімділігіне өз септігін тигізуші және науқастың қажеттіліктеріне бағытталған медициналық көмектің сапасы мен тиімділігін жақсарту осындай бағдарламалардың негізгі ерекшелігі болып табылады. Бағдарлама науқастарға өз ауруларын өздері басқаруларына сондай-ақ, науқастардың өз ауруларын түсінуіне бағытталған ақпарат беру арқылы көмек ретінде жасақталған.
Ауруды басқару бағдарламасы (АББ) бірқатар келесі мәселелерді шешуге бағытталған: науқастардың денсаулығын жақсарту, өзіне өзі көмек көрсету шеберліктерін дамыту /өзін өзі басқару, дәрі-дәрмектерді тиімді қабылдау және науқастардың емделу іс-шараларына деген төзімділігін арттыру. Нәтижесінде аурулардың асқыну және қозу көрсеткіштерінің төмендеуі мен стационарлық және жедел медициналық көмек қажеттілігінің азаюын күтуге болады [1].
Берілген бағдарламаның сәтті жүзеге асырылуы үшін дәрігерлердің қатысуы ғана емес, сонымен қатар, мәртебелерінің өсуі мен функционалдық қызмет аясының кеңеюіне уческелік мейірбикелердің де осы бағдарламаға белсене қатысуы маңызды. АББ-сының сәтті орындалуы учаскелік қызмет дәрігерлері мен салалық мамандары арасындағы өзара қарым-қатынасының жақсаруына және науқастарға арналған тиімді білім беру бағдарламалар мен құралдардың жасақталып, таралуына себепші болады [1]. Соңғысы ауруларды басқару саласында негізгі бөлік болып табылады. Бұл бағдарламада ақпараттанған белсенді науқас пен оның медициналық мамандармен тиімді түрдегі қарым- қатынасы жетекші рөл атқарады. АББ енгізу әрекеті науқас пен медициналық мекемелер арасындағы өзара қарым- қатынасына және олардың рөлдері мен жауапкершіліктеріне жаңа қырдан қарауға мүмкіндік береді [2,4].
Қант диабеті кең таралған созылмалы ауру түрлерінің бірі екені белгілі. Халықаралық диабет федерациясының деректеріне сүйенер болсақ (IDF), дүние жүзінде 250 млн. астам адам қант диабетіне шалдыққан, 2030 жылға қарай бұл көрсеткіш 380 млн. -ға жетпек. Аурулардың жалпы құрылымында 95 % бөлігін 2 типтегі қант диабеті иеленсе, 5-7 % бөлігін 1 типтегі қант диабеті алып жатыр [3]. Қант диабетін емдеу шаралары тек науқас емес, дәрігердің де қатысуымен болатын ұзақ және өмірлік жалғасымы бар үрдіс. Осыған байланысты, жүргізіліп отырған емнің сәттілігі науқастың өз ауруын қаншалықты деңгейде өзі басқара алуына тікелей байланысты. Қант диабеті сауатты түрде басқарылуы үшін сол аурудың түрі бойынша медициналық білімнің болуы және ауруды қайтаруға деген ынтаның жоғары деңгейде болуы қажет. Науқас диабет ауруын дәрігердің және мейірбикенің көмегі арқылы сауатты түрде басқара алады. Медициналық мамандар науқасты қарап қана қоймай, оған дұрыс емшара қолданып, науқасты диабетпен өмір сүруді үйретуі және ұзақ мерзімді емдік бақылауға алуы қажет [5,6, 8].
Зерттеудің мақсаты: қант диабетімен ауыратын науқастарға әлеуметтік-демографиялық сипаттама жасау және олардың қант диабетін басқару бағдарламасы туралы білім деңгейлерін анықтау.
Зерттеу құралдары мен әдістері: С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ішкі аурулар емханасында 1 және 2 типтегі қант диабетімен ауыратын 40 науқасқа әлеуметтік зерттеу (сауалнама) жүргізілді (n=40).
Зерттеу нәтижесі: Сауалнама алынған қатысушылардың орта жасы 59 жасты құрады [95% СА 22-78 жас]. Жыныстық белгілерімен бөлінуі: ерлер - 25%, әйелдер - 75%. Сауалнама нәтижелері бойынша қатысушылардың 52,5% (n=21) орта-мамандандырылған білімге ие, 12% (n=5) қатысушының білімі толымсыз орта білім,10% (n=4) қатысушы орта білімді, 24% (n=10) қатысушы жоғары білім иелері. 52,5% (n=21) сауалнама беруші зейнеткерлік жаста. Қатысушының 65%- ы (n=26) үйленген/тұрмыс құрған, 7,5% (n=3) қатысушы бойдақ/тұрмыс құрмаған, 20% (n=8) жесір, 7,5% ( n=3) ажырасқан.
85%- дың басым бөлігі (n=34) 2 типтегі қант диабетімен ауыратын науқастар, 15%-ын (n=6) 1 типтегі қант диабетімен ауыратындар иеленді. Денсаулық бойынша өзіндік баға беру нәтижелелеріне сәйкес келесі көрсеткіштер анықталды: сауалнама берушілердің 45%-ы (n=18) өз денсаулықтарына жақсы деген баға берді, 37,5%- ы( n=15)- қанағаттанарлық деген баға қойды, 10%( n=4)- денсаулықтары өте тамаша ойда, 5%- ы( n=2)- денсаулықтарын нашар деп бағалады, 2,5% (n=1)- денсаулықтары өте тамаша. Науқастардың басым көпшілігі ауру бойынша он жылдық өтілі бар.
10 баллдық көрсеткіш бойынша қатысушылардың шаршау бойынша орташа деңгейі 6 баллды құрады. 10 баллдық көрсеткіш бойынша қатысушылардың ауруын сезінуі бойынша орташа деңгейі 5 баллды көрсетті.
Науқастардың негізгі шағымдары: шөлдегіштігінің артуы, ауыз қуысының құрғауы, жүрек айнуы немесе лоқсуы, жиі зәр шығару, бас айналу, аштық сезімінің жиілеуі, күйзелісте болуы. 92,5% ( n=37) науқастың глюкометрі бар болды, 7,5%( n=3) науқастың глюкометрі жоқ. Сауалнама берушінің 65%-ы ( n=26) қандағы қант мөлшерін күнделікті өлшеп отырған, 10% ( n=4) қатысушы қант мөлшерін мүлдем өлшемеген. 25% ( n=10) қатысушы қан қысымын күнде өлшеп отырмаған. 70% ( n=28) қатысушы қандағы қант мөлшерін өз бақылауына алмай, жазба жүргізбеген,30%( n=12) қатысушы қанынтағы қант мөлшерін жүйелі түрде өз бақылауына алып, нәтижелерін жазбасына алып отырған.
Сауалнама жүргізу барысында тек 65% (n=26) қатысушы медициналық қызметкерлерден өз аурулары бойынша нұсқаулықтар алғаны анықталды. 90% (n=36) қатысушы медициналық мамандардан диета бойынша кәсіби кеңес алды. Сауалнаманың талдау жұмыстарына сүйенсек, қатысушылар орта есеппен тәулігіне төрт мәрте тамақтанып,тамақтану арасында бірнеше рет ауыз тиетін болып шықты. Аурудың асқыну қаупі туралы білгендер 80% (n=32) құрады.
Қатысушылардың орта салмағы 74 кг [95% СА 51-103 кг]. Қатысушылардың 55% (n=22) бөлігі соңғы алты айда салмақтарының айрықша өзгергенін байқаған. Тек 67,5% (n=27) қатысушының қан құрамындағы қант мөлшерін төмендететін дәрілерді жүйелі түрде қабылдап отырғандығы анықталды. Инсулинді шприц арқылы қабылдаған қатысушылардың бөлігі 25% (n=10) құрады, 47,5% (n=19) инсулиндік қаламдар қолданған. 90%(n=36) қатысушы тұрғылықты мекенжайлары бойынша орналасқан емханаларда эндокринолог пен салалық мамандарда үнемі бақыланып отырады. Алайда, тек 77,5% (n=31) қатысушы учаскелік дәрігер мен эндокринологтан диабет мектебінің бар екендігін білген. 90% (n=36) қатысушы қант диабетін басқару бағдарламасы туралы мүлдем естімеген.
Сауалнама нәтижесінде 62,5% (n=25) қатысушының қант диабетін басқару бағдарламасына медициналық мамандармен тиімді түрде қарым-қатынаста болуға мүмкіндік беретініне сенім арта отырып, қатысу ниеті бар екені белгілі болды. Мысалы олар емдік тағамтану, қант диабетінің асқынуы, емдік дәрі-дәрмек түрлері мен психологиялық оңалту туралы толығырақ мәлімет алу болып табылады.
Осылайша, созылмалы аурулары бар науқас пен мамандар арасындағы серіктес ретіндегі қарым-қатынаста денсаулықты сақтау және нығайту мақсатында өзін-өзі бақылау,өзіне-өзі көмек көрсету ,қойылған мақсатқа жетудегі сенімділік дағдыларын құруда белгілі бір тәртіп стилі пайда болады
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Внедрение программ управления заболеваниями в практическое здравоохранение. Методические рекомендации. - 2008. - 49 с.
- Греков И.Г. Высокотехнологичные сестринские клинические манипуляции в лечебных отделениях ЛПУ // Главная медицинская сестра. - 2005. - №9. - С. 35-47.
- Коновалова Т.В. Опыт организации и оценки качества работы среднего медицинского персонала в дневном стационаре женской консультации // Главная медицинская сестра. - 2006. - № 3. - С. 13-24.
- Жихарева Н.А. Научное обоснование процессуальной модели управления качеством сестринской помощи: автореф. дис. … канд. мед. наук - СПб., 2007. - 22 с.
- Белякова Н.В. Функции медицинской сестры при оказании паллиативной помощи // Главная медицинская сестра. - 2008. - №11. - C. 12-18.
- Вахитов Ш.М., Нуриева Э.В. Роль медицинских сестер в современном здравоохранении // Казанский медицинский журнал. - 2010. - Т.91, №2. - С. 260-263.
- Шляфер С.И. Кадровый потенциал сестринской службы Российской Федерации // Главная медицинская сестра. - 2011. - № 7. - С. 20-28.
- Венглинская Е.А., Парахонский А.П. Роль и задачи медицинских сестер с высшим образованием в современном обществе // Альманах сестринского дела. - 2013. - №1. - С. 34-41.