Егде жастағы тұрғындардың проблемаларын жан - жақты зерттеу қажеттілігі, халық арасында осы жас санатының жоғары қарқынДылығымен және халықтың қартаюуына тұрақты түрДе бейімДілікпен анықталаДы.
Кіріспе.
Барлық әлем елдерінде егде және кәрі жастағы адамдардың санының үлесі қарқынды өсуде. Егде және кәрі жастағы адамдардың медициналық-әлеуметтік қажеттіліктері негізінде ұзақ уақытты көмек түрлеріне және қысқа уақытты көмек түрлеріне мұқтаж. Қазақстанда АМСК деңгейінде егде және қарт жастағы адамдардың денсаулығына әсер ететін факторларды талдау мен олардың заманауи жағдайда әртүрлі медициналық- әлеуметтік көмектерге қажеттіліктерін анықтау туралы ғылыми жұмыстардың жеткіліксіздігінің қасы. Біздің зерттеуіміздің бағыты осыған алғышарт болып табылады.
Материалдар мен әдістер.
Егде және кәрі жастағы адамдардың медициналық, әлеуметтік және психологиялық көмекке мұқтаждылығын бағалау сауалнама жүргізу жолымен және Украина МҒА геронтология Институтында жасалған егде жастағы адамдардың медициналық, әлеуметтік-тұрмыстық және психологиялық көмекке тәуелділігінің сандық бағасының автоматтандырылған эксперттік жүйесінің көмегімен (ТСБАЭЖ) жүргізілді.
Әлеуметтік сұрау сауалнамасына физикалық мүмкіндіктеріне, әлеуметтік белсенділігіне, өз-өзіне қызмет ету қабілетіне, үй жұмыстарын орындауға қатысты және созылмалы аурулар симптомдары туралы сұрақтар кіргізілді.
Әр түрлі көмек түрлеріне қажеттілікті бағалау үшін респонденттердің жауаптары 0-1 аралығындағы шкала бойынша бағаланды.
Егде жастағы адамдардың физикалық мүмкіндіктерінің өзін-өзі бағалау нәтижелері 1және 2 суреттерде келтірілген.
Сонымен қатар, егде және кәрі жастағы сұралғандардың 23,4% қозғалыс белсенділігінің қиындықтары болған жоқ; 45,1% тек 2-қабатқа дейін шыға алады; 14,8% - 3-қабаттан жоғары емес шығып (түсе алады) және 16,8% баспалдаққа мүлдем көтеріле алмайды (түсе алмайды).
Тұрмыстық көмек қажеттілігі өздігінен үй жұмыстарын атқару, кір жуу, тамақ әзірлеу және т.с.с. сұрақтарға жауап бойынша бағаланды - 4 сурет.
Диаграммадан көріп отырғанымыздай егде және кәрі жастағы адамдардың тек 28,9% әртүрлі үй жұмыстарын қиындықсыз атқарады; сұралғандардың үштен бірі дерлік (38,7%) тамақ әзірлеп, кішкене кірлерді ғана жуа алатынын көрсетті, 15,7%, «үйде ешнәрсе істей алмаймыз» деп жауап берді; 16,7% - «тек ыдыс жуып, шаң сүрте» алады.
Сонымен, егде және кәрі жастағы адамдардың физикалық мүмкіндіктерін бағалау сұралғандардың 80% көбінде күнделікті өмірде қиындық болатынын анықтады. Жиі кездесетін қиындықтардың бірі алысқа жүру, ол егде жастағы адамдардың 40% кездеседі. Бұдан басқа, егде адамдардың шамамен 15,7% өздігінен үй жинап, тамақ істей алмайды. Жас пен физикалық мүмкіншіліктер арасындағы айырмашылықтың статистикалық мәні -χ2=1285,8; р≤0,0001).
Егде және кәрі жастағы адамдардың әлеуметтік белсенділігі жалғыз немесе бірге тұратыны туралы, қоғамдық өмірге қатысы туралы, әлеуметтік және туысқандық араласулары туралы, еңбек қызметінің жалғасуы туралы сұрақтарға берілген жауап бойынша бағаланды. Эмоционалдық жағдайға, соңында егде жаста денсаулығына әсер ететін маңызды әлеуметтік және психогенді факторлардың бірі жалғыздық, сондықтан сауалнамаға «Қазіргі кезде кіммен тұрасыз?» деген сұрақты қостық. Егде және кәрі жастағы адамдардың 18,4% жұбайымен, туысқандарымен тұратыны; 15,8% жұбайымен тұратыны; 31,3% жұбайы жоқ, бірақ жақын туысқандарымен тұратыны, ал 34,4% жалғыз тұратыны анықталды -5 сурет.
Сұрау нәтижелері көрсеткендей жалғыз тұратын егде және кәрі жастағы адамдар үлесі 75-89 жас аралығында - 18,7%, ал ең төмен жас тобы 90 жас және одан жоғары - 5,6%. Айырмашылықтың статистикалық мәні (χ2=139,9; р=0,008). 5 суретте жалғыз және жанұяда тұратын егде және кәрі жастағы адамдардың денсаулық деңгейін өздерінің бағалауы келтірілген. Көріп отырғанымыздай, жұбайымен тұратын адамдар өздерінің денсаулығын жоғары бағаласа (42,4%), алжалғыз тұратындар бәрінен төмен бағалаған (10,8%). Айырмашылық нақты (χ2=122,9; р≤0,0001).
Қоғамдық ұйымдарға қатысу туралы сұрақтарға, шіркеу (мешіт) бару, респонденттердің туыстары мен таныстарға бару 29,3%, "денсаулық жағдайы бойынша мүмкін емес", 14,3%, басқа да себептер бойынша мүмкін емес екенін. Ал 56,4% егде адамдардың белсенді әлеуметтік өмір сүретінін көрсетті.
Ал, психологиялық мәртебесін бағалау үшін респонденттерге бірқатар сұрақтар ұсынылды, сіз жиі себепсіз ашуланшақ боласыз 54,4%; өзіңіздерінің өмір сүріп жатқаныңызды қажетсіз деп санайсыз 65,9%; жиі себепсіз ашуланшақтық 54,4%; барлық қоршағандарға селқостықты жиі сезінуі 65,5% құрады.
Талдау нәтижесінде психологиялық статусты жаспен байланыстырғанда статистикалық мәні анықталды.
Кесте 1 - Респонденттердің психологиялық статусын жаспен байланыстырғанда корреляциялық тәуелділігі
Қорытынды: Егде және кәрі жастағы адамдардың физикалық мүмкіндіктерін бағалау сұралған науқастардың 80% қозғалыс кезінде қиындық туатынын анықтады. Жиі кездесетін мәселенің бірі алысқа жүру, ол егде адамдардың 40% кездеседі. Бұдан басқа, егде жастағы адамдардың шамамен 30% өздігінен үй жинап, тамақ істей алмайтынын айтты. Физикалық белсенділіктің корреляциялық байланысының статистикалық мәнінің жаспен және жыныспен байланысы анықталған жоқ: Кендалл -τ-b=1,0; р=0,18. Бірақ, статистикалық маңызды корреляциялық байланыстың арқадағы, буындардағы ауру сезімдеріне шағыммен байланысы анықталған - Кендалл τ-b =1,0; р=0,001. Әлеуметтік белсенділігін бағалау олардың тек 29,3% ғана белсенді әлеуметтік өмір сүретінін анықтады. Жұбайымен тұратын егде жастағы адамдар өздерінің денсаулықтарын жоғары бағаласа (42,4%), ең төмені жалғыз тұратындар болды (10,8%). Айырмашылықтар нақты (χ2=122,9; р≤0,0001). Егде жастағы респонденттерге әлеуметтік қызметтер жағынан көрсетілетін әлеуметтік көмекті зерттей отырып егде жастағы адамдардың 10% азына (9,8%) аталған көмектің үйде көрсетілгенін анықтадық.
Жас |
χ2 Пирсон |
р |
Сіз жиі себепсіз ашуланшақ боласыз |
21,3 |
,000 |
Жиі мазасыз ойлар |
116,5 |
,000 |
Барлық қоршағандарға селқостықты жиі сезінесіз |
261,2 |
,000 |
Сіз өзіңізді ешкімге қажетсіз сезінесіз |
183,7 |
,000 |
Сіз өткен өміріңізге қанағаттанбайсыз |
297,1 |
,000 |
Қазіргі уақыттағы өміріңізбен қанағаттанбайсыз |
220,7 |
,000 |
Өзіңіздің өмір сүріп жатқаныңызды қажетсіз деп санайсыз |
276,3 |
,000 |
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Ешманова А.К. , Измухамбетов Т.А., Ерназарова Ж.Ш.,Игисенова А.И., Умутбаева Г.Б., Аканова А.А. , Маншарипова А.Т. , Белтенова А.Г., Толеуова Д.Ж Результаты социологического опроса лиц старше 60 лет, проживающих в Медеуском районе г.Алматы// Вестник КазНМУ. -Алматы: 2016. - №4. - С.444-448.
- Б.С. Турдалиева., А.И. Игисенова., А.К. Абикулова., А.К. Ешманова Егде және қарт жастағы адамдардың қажеттілігінің медициналық - әлеуметтік мәселелері // Вестник КазНМУ. - Алматы: 2016. - № 4. - С. 399-402.
- Zarina Sagyndykova.,Botagoz Turdaliyeva., Bolat Zhanturiyev., Zhazira Tursynbekova Evaluation on Equity of Health Care Provided at Primary Health Care Level to Persons Over 60 Years.// Research Journal of Pharmaceutical, Biological and Chemical Sciences. - 2016. - Vol.7(6). - P. 3026-3030.