Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ұлттық формулярлық жүйені медико-ұйымдастырушылық қамсыздандырудың негізгі аспектілері

Тиісті сапада медициналық көмекті көрсету әрбір елдің денсаулық сақтау жүйесінің ең басты міндеттерінің бірі болып саналады. Тиісті сапамен қамтамасыз ету көп жағдайда дәрілік заттардың бар болуымен, қол жетімділігімен және сапалылығымен тікелей байланыста болады. Сондықтан тұрғындарды қолжетімді, тиімді және қауіпсіз дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету кез келген мемлекеттің басымшыл міндеттерінің бірі болып саналады.

Өзектілігі.

Кез келген елдің денсаулық сақтау жүйесінің басты міндеттерінің бірі болып, тиісті сапада медициналық көмекті көрсету саналады. Тиісті сапамен қамтамасыз ету көп жағдайда дәрілік заттардың бар болуымен және қол жетімділігімен тікелей байланыста болады. Сондықтан тұрғындарды тиімді және қауіпсіз дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету – кез келген елдің басымшыл міндеттерінің бірі болып келеді [1, 2, 3, 4].

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының пайымдауынша, дүниежүзінің ешбір елі денсаулық сақтауға кететін ақша қаражатын толық өтей алмайды. Бұл жағдайда экономикалық дамуы жоғары елдердің өзі денсаулық сақтауға бөлінетін ақша қаражатты пайдаланудың жетілдірілген тетіктерін жасауға мәжбүр болуда. Әсіресе бұл мәселе соңғы онжылдың ішінде біздің елімізде шиеленісіп тұр [5, 6].

Тұрғындарға жоғары сапалы медициналық көмек көрсетуді сақтап тұру отандық денсаулық сақтауға жаңалық болып келетін технологияларды қолданусыз мүмкін болмай келеді. Атап айтар болсақ: медициналық қызметті стандарттау, ұлттық формулярлық жүйені енгізу, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу. Тегін медициналық көмек көрсету бойынша мемлекеттік кепілдік беруді қамтамасыз ету, оның қолжетімділігін қамтамасыз ету қажеттілігіне орай бұл бағдарламалар бүгінгі таңда ерекше өзектілікке ие [7, 8, 9].

Қазақстанда 1 тұрғынға дәрі-дәрмектерге деген шығынның орта деңгейі, дамыған елдермен салыстырғанда 20-50 есе төмен және шамамен 7-8 АҚШ долларын құрайды (сурет 1). Мемлекетпен дәрі-дәрмектік қамтамасыз етуді қаржыландырудың тапшылығы және бұл қаржыландырудың тиімсіз пайдаланылуы тұрғындардың жеке төлемдері есесінен орны толтырылады. Бұл мәселені шешу үшін тұрғындарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу жасалған болатын [10].

Соңғы 10 жылда жалпы алғанда тек еліміздің тұрғындарын дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуді реттейтін нормативтік актілер ғана емес, сонымен қатар еліміздің аймақтарында және жеке ЕСМ деңгейінде фармакотерапияны реттеудің тиімділігін дәлелдейтін материалдар да көптеп жасалды. Алайда, формулярлық жүйенің әртүрлі кезеңдеріндегі, кезеңдеріндегі және жеке емдеу-сауықтыру мекемелеріндегі, сонымен қатар денсаулық сақтаудың аймақтық жүйелеріндегі тиімділігін талдайтын жұмыстар іс жүзінде жүргізілмейді [11, 12, 13].

Қорыта келгенде, қалыптасқан жағдайда, дәлірек айтқанда дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техникаларды тиімді пайдалану, ынтымақтастықты енгізу негізінде денсаулық сақтауды жетілдіру және оның қаржылық тұрақтылығын жоғарлату, сонымен қатар айтқанда дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техникалардың қолжетімділігін қамтамасыз ету жағдайларында ірі мегаполистерде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру негіздерін енгізу жағдайында ұлттық формулярлық жүйені медика-ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді зерттеу қажеттілігі туындап отыр.

Зерттеу мақсаты.

Жоғарыда аталған мәселелерді шешу мақсатында біз Ірі мегаполистерде денсаулық сақтау ұйымдары жұмыстарының сапалық көрсеткіштерін жақсартуға бағытталған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың негіздерін енгізу жағдайында дәрі- дәрмектермен қамтамасыз етудің формулярлық жүйесін (ДҚФЖ) жасау, енгізу және жетілдіру мақсатын алға қойдық. Зерттеу нәтижелері.

Әдеби шолулар жасау барысында, біз жоғарыда көрсетілген мақсатты жүзеге асыру мақсатында келесі міндеттерді шешу қажеттілігін айқындадық:

  • әлеуметтік медициналық сақтандырудың негіздерін енгізу жағдайында дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етудің формулярлық жүйесін қолданудың шетелдік тәжірибесін зерттеу;
  • формулярлық жүйе жұмысының әртүрлі кезеңдеріндегі ірі қалалардың стационарлық ұйымдары жұмысының статистикалық және сапалық көрсеткіштерінің қарқынын талдау;
  • ДҚФЖ мәні туралы аурухана науқастарының ақпараттылығының деңгейін бағалау және ДҚФЖ енгізудің мақсаттылығы туралы аурухана науқастарының және дәрігерлерінің пікірін білу;
  • әлеуметтік медициналық сақтандырудың негіздерін енгізу жағдайында медициналық көмектің сапа көрсеткіштерінің өзгеруін және ДҚФЖ енгізудің экономикалық тиімділігін бағалау;
  • ірі мегаполистегі көпсалалы стационарлар қызметіне әлеуметтік медициналық сақтандырудың негіздерін енгізу жағдайында ДҚФЖ жетілдіру бойынша ұсыныстарды жасау. Жоғарыда аталған міндеттерді жүзеге асыру үшін зерттеу нысандары ретінде қызметтік және медициналық құжаттамаларға сәйкес тұрғындардың денсаулығын қорғаудың нормативтік құқықтық өрісі пайдалынуы қажет, сонымен қатар денсаулық сақтау мамандары (дәрігерлері) үшін арнайы жасалған сауалнама бойынша анонимді сұрау нәтижелерін талдау жүргізілуі керек. Статистикалық, математикалық, әлеуметтік әдістер көмегімен жүргізілген зерттеу нәтижелері айырмашылықтың параметрлік және параметрлік емес көрсеткіштерін есептеп шығарумен вариациялық статистика әдістерін дербес ЭЕМ көмегімен өңделу ұсынылады.

Зерттеудің болжамды жаңалығы ретінде ДҚФЖ енгізумен қатар, стационар жұмысының сапалық және экономикалық нәтижелерінің қарқынында өзгеріс беталысы алғаш рет анықталады. Сонымен қатар, ірі мегаполистің ЕСМ стационар жұмысында ДҚФЖ енгізудің медициналық, әлеуметтік және экономикалық тиімділігі алғаш рет дәлелденетін болады. Көпсалалы стационар науқастары мен дәрігерлердің ДҚФЖ деген көзқарасын және әлеуметтік медициналық сақтандыру негіздерін енгізу жағдайында оны енгізудің жөнділігін кешенді бағалау жүргізілетін болады.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру негіздерін енгізу жағдайында медициналық көмектің сапасын және экономикалық дамуын жоғарлату тетіктерінің бірі ретінде ірі мегаполистің ЕСМ стационары жұмысында ДҚФЖ енгізу бойынша ұсыныстар жасалатын болады.

Қорытынды.

Қорыта келгенде, біз ұсынып отырған зерттеу жұмысы әлеуметтік медициналық сақтандыру негіздерін енгізу жағдайында ірі мегаполистің ЕСМ стационарлары қызметінде ДҚФЖ ғылыми негіз ретінде кең қолдануға, және де экономикалық тиімділік ретінде күтілетін, сонымен қатар медициналық көмектің сапасын жоғарлатуға да мүмкіндік беретін болады.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Хохлов A.Л. Итоги работы областной конференции «Основы рационального применения лекарств» // Проблемы стандартизации в здравоохранении. - Ярославль: 2002. - №3. - С.43-45.
  2. Чернов И.П., Пономарёва Г.А., Артемьева Г.Б., Успенская И.В. Проблемы и перспективы оплаты стационарной медицинской помощи в регионе // Здравоохранение. - 2002. - №7. - С.33-40.
  3. Шилова В.М., Антонова О.А. Медико-экономическая оценка сопутствующих заболеваний // Здравоохранение. - 2002. - №4. - С.32-40.
  4. Рутковский О.В., Лазаренко А.И. Формулярная система в лекарственном обеспечении городской клинической больницы // Бюл. НИИ социал. гигиены, экономики и упр. здравоохранением им. Н.А. Семашко. - 2001. - №2. - С. 49-57.
  5. Стародубов В.И., Гончареико B.JL, Яицкий Н.А., Дорофеев В.И. Концептуальные вопросы развития здравоохранения и фармацевтического сектора Российской Федерации./ под ред. Ю.Л. Шевченко. - СПб.: Издательство СПбГМУ, 1999. - 160 с.
  6. Агаджанян В.В., Устьянцева И.М., Солнышко С.В., Крупина М.С., Крылова А.В. Опыт внедрения персонифицированного обеспечения лекарственными средствами в многопрофильной больнице // Здравоохранение. - 2002. - №10. - С.23-26.
  7. Белоусов Ю.Б. Лекарственный формуляр — основа стандартизации здравоохранения // Проблемы стандартизации в здравоохранении. - 1999. - №2. - С. 17-20.
  8. Быков А.В. Фармакоэкономическое обоснование формулярной системы. Тезисы к III Всероссийскому конгрессу «Фармакоэкономика на рубеже третьего тысячелетия», Москва, 3-5 декабря 2001 г. // Проблемы стандартизации в здравоохранении. - 2001. - №4. - С. 109-116.
  9. Вассерман Б.А. Опыт льготного лекарственного обеспечения в некоторых европейских странах // Здравоохранение.- 2002. - №7. - С. 133-137.
  10. Вартанян Ф.Е., Рожецкая С.В. Актуальные проблемы обеспечения лекарственными средствами населения развитых стран // Фармация. - 2001. - №3. - С. 39-40.
  11. Киричек Н.М. Опыт разработки формулярной системы лекарственного обеспечения в условиях многопрофильного стационара. // Научные труды 4-й Международной научно-практической конференции «Здоровье и Образование в XXI веке». - 2003. - С.305310.
  12. Лазарев В.В. Мета-анализ основа формулярной системы и рациональной фармакотерапии в клинике внутренних болезней: дис. ... канд. мед. наук - Самара, 2001. - 146 с.
  13. Минашкина Л.А. Организация лекарственного обеспечения больницы на основе формуляра: дис. ... канд. мед. наук - Рязань, 1998. - 186 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.