Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Мейірбикелердің еңбегі мен өмір сапасын бағалау (қазұму университет клиникаларының мысалында)

Мақалада мейірбикелердің өмір сапасына және кәсіби күйінуіне бейімділігін анықтай келе университет клиникаларында қызмет атқаратын мейірбикелердің қажеттіліктері анықталды.

Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі кезде мейірбике ісі мамандарының емдеу-диагностикалық үрдісте, науқастарға көмек көрсету бойынша пәнаралық команда құрамында, алдын алуда нормативті-құқықтық базасы жеткіліксіз жасалынған. Денсаулық сақтауда заманауи қажеттіліктеріне жоғары мейірбикелік, орта медициналық және фармацевтикалық білім алу мемлекеттік білім алу стандарттарына сәйкес келмеуі, орта медициналық қызметкерлердің науқастарды күтуде, диагностикалау әдістерінде, алдын алу және қалпына келтіруде заманауи әдістер мен заттар туралы төмен ақпараттандырылуы, медициналық қызметкерлердің кәсіби деңгейінің төмендігі [1].

Зерттеу мақсаты: Мейірбикелердің өмір сапасы мен кәсіби күйінуін зерттеу және оңтайландыру бойынша тәжірбиелік ұсыныстар әзірлеу.

Мәліметтер мен тәсілдері: С.Ж. Асфендияров атындағы университет клиникаларының барлық бөлімшелерінде жұмыс істейтін 180 әртүрлі деңгейдегі мейірбикелер арасында «Мейірбикелердің өмір сапасын зерделеу және кәсіби күйінуін бағалау мақсатында сауалнама жүргізілді. Негізгі әлеуметтік зерттеуді (сауалнаманы) жүргізу үшін арнайы мейірбикелерге яғни, сұхбаткерлерге арналған сауалнама (жауап парағы) құрастырылды. Сауалнамада 26 сұрақ оның 6 сұрақ төлқұжаттық бөлімге қатысты, 14 сұрақ мазасыздықты анықтауға, 6 сұрақ өмір сапасын анықтауға қойылған. Алынған мәліметтерді енгізу үшін МББЖ MS Access базасындағы бағдарлама қолданылды. Базаға енгізілген материалдар мәліметтері вариациялық статистиканың заманауи әдістері мен бағдарламалық қамтуларды (SPSS и MS Excel, 7.0) қолдана отырып өңделінді [2].

Зерттеу нәтижелері:

Медициналық көмектің сапасы мен нәтижесі, негізінен, ресурстық, яғни маман потенциалымен және оның әлеуметтік-экономикалық және кәсіби тұрғыда сұраныстары мен талаптарының қанағаттандырылуына байланысты. Берілген зерттеудің негізгі объектісі орта медициналық персонал болғандықтан, ең алдымен, маман корпусына сипаттама беруге тырысайық.

Зерттеу мәліметтеріне сүйенсек (кесте 1), респонденттердің жынысы бойынша таралуында, небары, 3,3% - ерлер бар екенін көреміз. Мамандық ерекшелігіне байланысты, респонденттердің жыныстық құрамында ерлердің аздығы әбден түсінікті. Керісінше, зерттеу тобының басым көпшілігі - әйел-респонденттер.

Кесте 1 - Респонденттердің жынысы бойынша таралуы

Жынысы

Абс. саны

%

ер

6

3,3±1,3

Әйел

174

96,7±1,3

Барлығы

180

100,0±0,0

2-кесте мәліметтеріне сәйкес, мейірбикелердің жас топтары арасынан, салыстырмалы түрде, 45-50 жастағылар - 1/5 бөлігін құрап тұр (20%). Ал, жалпы, 41-55 жас аралығындағы мамандар үлесі, жиынтық түрде, (41-44 жас - 16,1%, 45-50% - 20%, 51-55 - 13,9% ) жалпының тең жартысын құраған (50%). Кестеден, 25 жасқа дейінгі жас мамандар үлесінің (13,3%), жас топтары арасындағы ең жоғарғысы 56-65 жастағылар үлесінен (6,7%) басым екендігі оңтайлы жайт. Яғни, маман потенциалының дамушы күшін байқатады.

Кесте 2 - Респонденттердің жасы бойынша таралуы

Жасы

Абс. саны

%

25 жасқа дейін

24

13,3±2,5

25 - 30

15

8,3±2,1

31 - 35

25

13,9±2,6

36 - 40

14

7,8±2,0

41 - 44

29

16,1±2,7

45 - 50

36

20,0±3,0

51 - 55

25

13,9±2,6

56 - 65

12

6,7±1,9

Барлығы

180

100,0±0,0

Респонденттердің отбасылық жағдайына келер болсақ (кесте 3), жиынтықтағы мамандардың жартысынан астамы (63,9%) жеке отбасын құрғандар. Отбасын құрып үлгермегендер - респонденттердің 1/5 құрады (20%). Мамандардың отбасылық статусын талдай отырып, 3,9% - азаматтық некеде, сонымен қатар, 12,2% респонденттің «ажырасқандар» екені тіркелді. Түрлі отбасылық статустың тұлға өміріндегі белгілі ролін ескерсек, мейірбике мамандарынан құралған зерттеу тобының мамандық сипаты мен жауапкершіліне қосымша, жеке отбасылық сатус мәселелерінің маңызы айқын.

Мамандар, жалпы медицина саласындағы жұмыс өтілі бойынша, келесі топтарға бөлінген (кесте 4): 3 жылға дейін жұмыс өтілі барлар - 13,9%, 3-5 жыл - 5%, 6-10 жыл - 26,7%, 11-20 жыл - 22,8% және респонденттердің 1/3-не жуығы (31,7%) - жұмыс өтілі 20 жылдан жоғарылар. Әрине, жұмыс өтілінің ұзақтығы тәжірибенің тереңдігін білдіреді. Зерттеудегі мамандардың 6-10 жас тобынан бастап 20 жылдан жоғары топқа қарай мамандар санының артуын, тәжірибелілікке қатысты, білікті құрам деп жіктеуге негіз болып табылады.

Кесте 3- Жеке отбасылық статусы

Отбасылық жағдайы

Абс. саны

%

Үйленген/тұрмыста

115

63,9±3,6

Үйленбеген/тұрмыста емес

36

20,0±3,0

Азаматтық неке

7

3,9±1,4

Ажырасқан

22

12,2±2,4

Барлығы

180

100,0±0,0

Кесте 4 - Медицина саласында жұмыс өтілінің ұзақтығы

Жұмыс өтілінің ұзақтығы

Абс. саны

%

3 жылға дейін

25

13,9±2,6

3-5 жыл

9

5,0±1,6

6-10 жыл

48

26,7±3,3

11-20 жыл

41

22,8±3,1

20 жылдан жоғары

57

31,7±3,5

Барлығы

180

100,0±0,0

5-кестеден көріп тұрғанымыздай, мамандықтың бағыты бойынша, респонденттердің, басым көпшілігі хирургиялық - 27,2%, педиатриялық -23,9% мамандық өкілдері. Негізгі мамандық профильдерінен басқа, басқа мамандық бағыттарының үлесі жиынтықтың 1/5 құраған (21,1%). Сонымен қатар, мамандар құрамында, үлес салмағы салыстырмалы түрде айтарлық болмаса да, терапиялық (15%) және диагностикалық (12,8%) бөлімдер қызметкерлері болды.

Кесте 5- Медициналық мамандықтағы жұмыс бағыты

Мамандығы

Абс. саны

%

Педиатриялық

43

23,9±3,2

Терапиялық

27

15,0±2,7

Хирургиялық

49

27,2±3,3

Диагностикалық

23

12,8±2,5

Акушер/гинекологиялық

0

0±0,0

Басқа

38

21,1±3,0

Барлығы

180

100,0±0,0

Зерттеу барысында респондент-мамандардың мамандығы бойынша біліктілік санаты бар/жоқтығын білу мақсатқа орай болды (кесте 6). Нәтижесінде, 1/3-нен астамының (37,8%) біліктілік санаты жоқ екендігі анықталды. 13,3% мейірбике -1-ші біліктілік санатындағылар. 2-ші біліктілік санаты бар мамандар үлесі, салыстырмалы түрде, айтарлық (23,9%). Ал жоғарғы біліктілік санатын иеленген мамандар жалпының ¼ құраған (25%) және бұл отимальды көрсеткіш.

Кесте 6- Біліктілік санаты бойынша респонденттердің таралуы

Біліктілік санаты

Абс. саны

%

Менде жоқ

68

37,8±3,6

Екінші

43

23,9±3,2

Бірінші

24

13,3±2,5

Жоғары

45

25,0±3,2

Барлығы

180

100,0±0,0

Емхана мен стационардағы мейірбикелердің жұбайларының жұмыспен қамтамасыз етілуін сұрастырғанымызда, екі мекеме қызметкерлерінің басым көпшілік жағдайда (67,958,8%) олардың отағасыларының жұмыссыз екендігін аңғардық. Бұл көрсеткіш сұхбаткерлердің отбасын асырау үшін қосымша басқа ұйымдарда жұмыс істеуіне мәжбүр ететіндігін көрсетеді (сурет 1).

Сауалнамаға жауап берген жалпы мейірбикелердің 79% мөлшеріне сәйкес келмейді деп жауап берді. 21% - жалақы алатын айлық деңгейі қанағаттандырмайды. Олардың деңгейі жеткілікті деп жауап берді (сурет 2).

Сұрастырылған мейірбикелердің көп бөлігі яғни, 61,3% тек бір мекемеде ғана жұмыс істейді, басқа салада немесе басқа медициналық мекемелерде жұмыс істеп ақша табуға күштері де, уақыттары да жеткіліксіз. Басқа медициналық мекемелерде қатар жұмыс істейтіндер 14,5%, олар жарты ставкамен жұмыс істейтіндер болып шықты. Мүлде басқа салада қатар жұмыс істейтіндер 24,2 % көрсетті. Олардың да басқа салада жұмыс істеуге уақыттары жеткілікті және тағы да бір мамандықты қатар алып жүреді екен (сурет 3).

Стационарда жұмыс істейтін мейірбикелердің басым бөлігі- 72% күндізгі бөлімде, қалған 27,5% ауысыммен жұмыс істейді екен (сурет 4). Ал, емханада қызмет ететін мейірбикелердің түгелі дерлік 100% күндізгі бөлімде жұмыс атқарады екен.

Жалпы мейірбикелердің көп бөлігіне яғни, 66% істейтін жұмысы ұнайтындығын айтса, жауап берген мейірбикелердің үштен бір бөлігі 34% ұнамайтындығын атап өтті (сурет 5). Негізгі себеп болып жалақы мөлшерінің төмендігі және жұмыстағы күштеменің стандарттарға сәйкес болмауын айтады.

Жалпы мейірбикелердің 41,9% жұмысын қанағаттанарлық екен, ал 22,6% - жақсы деген баға берді (сурет 6).

деп бағалады, 35,5% - қанағаттандырмайды

Мейірбикелердің өз жұмысындағы қанағаттанарлықсыз жағдайлардың басым себебі болып айлық мөлшерінің төмендігі болып табылады (барлық респонденттердің 45,2%), жоғарғы жұмыс күштемелер деп жауап бергендер - 29% (көбіне бұл мәселені 46-50 және 50жастан жоғары жастағылар), әлсіз материалды-техникалық база дегендер - 16,2%, 4,8% - өз мамандығына қатысты емес қызметтерді орындау деп белгіледі, және бір 4,8 % еңбекті дұрыс ұйымдастырмауы деп айтты (сурет 7).

Орта шендегі медициналық қызметкерлерді дайындауды жақсартуда қандай ұсыныс жасайсыз?- деген сауылымызға респонденттердің 43,5 % - құқықтық және заңдық сұрақтарды тереңірек білу керектігін айтты, 30,6% - мейірбикелік күтімді тәжірибелік біліктілікке үйрету керек дейді, 12,9 % - өз жұмысын және оның қарамағындағылардың жұмысын дұрыс ұйымдастыруды үйрету деп жауап берді және 12,9 % - адамдармен жақсы қарым-қатынаста болуын үйрету керек дейді (сурет 8).

Мейірбикелік тәжірибелік стандарттармен қамтамасыз етілгенсіз ба?-деген сауалға стационарда жұмыс істейтін мейірбикелердің жартысынан көбі (55,9%) жарым- жартылай тәжірибелік стандарттамен қамтамасыз етілген деп жауап берді, 26,5% - толығымен қамтамасыз етілгенбіз дейді, «жоқ», «білмеймін» деп жауап берегендердің көрсеткіші бірдей болды - 8,8 %. Ал емханада жұмыс істейтін мейірбикелердің көбісі 64,5% бірен-саран тәжірибелік стандарттармен қамтамасыз етілген дейді, 25,8% - толығымен қамтамасыз етілген деп белгіледі, мұнда да «жоқ», «білмеймін» деп жауап берегендердің көрсеткіші бірдей болды - 4,8 %. Сауалнамаға жауап берген мейірбикелерден қазіргі кезде мейірбике ісінің дамуында қандай мәселе ең өзекті болып тур деген сауал қойдық (сурет 9). Ол сұраққа жалпы респонденттердің 41,9% - мейірбикелік қызметкерлердің еңбек ақысын атап өтті, 25,8%- қоғамда мейірбике мамандығының мәртебесі төмен, 11,3% - мейірбике қызметкерлерінің еңбегін мотивациялау, 9,7% - мейірбике ісінің мамандарын дайындауды жетілдіру, 6,5% - мейірбике ісіндегі этика және деонтология және 4,8% - мейірбике ісінде нормативті-құқықтық базаның жетілуі деп жауап берді.

Өз денсаулығыңызды қалай бағалайсыз? - деген сауалға жалпы респонденттердің 59,7 % - жалпы денім сау деп белгіледі (олардың ішінде көп бөлігін 20 жастан 40 жасқа дейінгі респонденттер құрады), 24,2% - диспансерлік есепте тұрамын дейді (41 жастан бастап 50 жастан асқандар құрады), 16,1% - кәсіби қызметіне байланысты созылмалы ауруларын атап өтті (сурет 10).

Қорытынды. Респонденттердің теңдей жартысы (50%) кәсіби қызметі өз денсаулығына кері әсер етеді дейді. Әсер етуші факторлар ретінде нашар еңбек жағдайы, нашар тұрғын үй жағдайы, уақытылы тамақтанбау, жұмыстағы психоэмоционалды тұрақсыздық, әріптестер арасындағы ұрыс-жанжалдар, зиянды әдеттер, профилактикалық спорттың емдік кешендері жоқтығы, отбасындағы келеңсіз психологиялық жағдай және тағы басқа келеңсіз факторлар әсер етеді. Ал тең жартысы (50%) кері әсер етпейтіндігін айтады. Олардың ішінде көп бөлігін тұрмысқа шықпаған жас қыз-келіншектер құрады. Сипатталған қасиеттер бір жағынан еңбектің негізгі кәсіби әсері болса, екінші жағынан жоғары психологиялық күштемемен жүреді. Ол шаршаумен, зорығумен, қалжыраумен, еңбекке қабілеттілігінің төмендеуімен, конфликттің жоғарылауымен, денсаулық жағдайының жаман болуымен жүреді. Созылмалы кәсіби күйзеліс әсерінен соматикалық аурулардың даму қаупі бар.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Котова Г.Н., Нечаева Е.Н., Гучек П.А., Карасева Л.Н. Социалогическая оценка качества медицинской помощи // Здравоохранение Российской Федерации. - М.: Медицина, 2001. - №4. - С. 22-26.
  2. Зайцев В.М., Лифляндский В.Г., Маринкин В.И. Прикладная медицинская статистика. - СПб.: ООО «ФОЛИАНТ», 2003. - 432 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.