Дәрілік сығынДылармен үйлескен қышқылДы сүт биопрепаратының 2 типті қантты Диабетпен ауыратын науқастарДың энДокринДік жүйесіне оң әсер ететінДігі, гипогликемиялық, гиполипиДемиялық қасиеті анықталып, ДайынДалған қышқылДы сүт биоөнімі «Иннулакт-Фито» 2 типті қантты Диабетін кешенДі емДеуДегі қолДанылуына тиімДі мүмкінДік беретінін көрсетті.
Өзектілігі: Заманауи эндокринология саласында қантты диабет ауруы күрделі мәселе болып отыр. Әр түрлі елдердің тұрғындары және этникалық топтардың арасында аурудың таралуы 2-3%-ды, ал балалар мен жасөспірімдер арасында көрсеткіш 0,10,3 %-ға дейін ауытқиды. Бүгінгі күні Жер шарының 60 млн. астам адам қантты диабетімен зардап шегеді [1,2,3]. Әр жыл сайын қантты диабетінің жаңа жағдайының диагностикалануы артуда және әр 10-15 жылда қант диабетімен ауыратындар саны еселенуде [4]. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы (БДҰ) мәліметтеріне қарасақ, қантты диабет - бұл барлық ұлттардың және барлық жасына байланысты топтың мәселесі, осы ауру адам өліміне алып келетін аурулардың ішінде жүрек-қантамырлары аурулары мен онкологиялық ауруларынан кейінгі үшінші орынды алады.
Диабет проблемаларын тиімді шешу науқастардың еңбек қабілетін сақтай отырып, өмірлерінің сапасы мен ұзақтығын едәуір арттырумен қатар, сонымен бірге бюджет қаражатын едәуір үнемдеуге көмектесер еді.
Сонымен қатар қышқылды сүт өнімдерінің көптеген аурулардың алдын алуда және емдеуде қолданылуы дүние жүзінде кеңдеп орын алып келеді. Дүние жүзінде қышқылды сүт өнімдерін өндіруде сиыр сүтін қолданады. Ал сиыр сүтінің құрамына қарағанда түйе сүтінің құрамында жартылай қанықпаған май қышқылдарының деңгейі мен С- витамині 5 есе, РР- витамині 3 есе, Е- витамині 2есе, темір 10 есе, кальций 1,5 есе, лактоферин 30 есе жоғары болатыны анықталған [5-9].
Сонымен қатар түйе сүтінің ақуызында емдік антиоксиданттық, иммунитетті көтеруші қасиеті бар иммуноглобулин, лактоферрин басым келеді. Тиімділігімен қатар, адам ағзасын ауру туғызатын бактериялар мен вирустардан сақтайтын жоғары антибактериалық, антивирустық және қабынуға қарсы қасиетке ие. Барлық сүттердің ішінде химиялық құрамы бойынша ана сүтінің құрамына ең жақыны болып табылады[10-12].
Қазақстанда тамақ өнімдері 40%-дан асады, фармацевтикалық препараттар 85%-дан асады, ол қалыптан 2-4 есе көп және өндірістік фармацевтикалық тәуелсіздікті жоғалтуға алып келеді.Осы тұрғыда жаңа отандық биопрепаратты әзірлеу: ҚР ғылыми-тәжірибелік және әлеуметтік стратегиялық маңызы бар ғылымды дамытудың арнайы ғылыми бағыты болып табылады. Ал бүгінгі таңға дейін Республикамызда шұбаттың құрғақ ұнтағы, таблетка және ірімшік түріндегі шұбатты алу технологиясынан басқа түйе сүтінен қышқылды сүт өнімдерінің негізінде жаңа биопрепараттарды алудың инновациялық технологиясы зерттеліп өңделмеген [13-17]. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 27 қантар 2012 жылғы Қазақстан халқына жолдауында, отандық фармацевтикалық препараттарды өндіруді 10%-дан 50%-ға дейін көтеру туралы атап өтілген.
Жоғарыда аталған мәліметтерге байланысты ағзаның маңызды эндокриндік жүйелеріндегі ұйқы және қалқанша безі гормондарындағы өзгерістер қантты диабет ағымына өз әсерлерін тигізеді.
Осыған орай Шұбаттың негізінде қант дейгейін төмендететін дәрілік сығындылармен үйлескен «Инуллакт-Фито» (шартты атауы) қышқылды сүт биоөнімі дайындалды. Бұл өнімді қантты диабеттің алдын алуда және емдеу іс-шараларында қолдануы, тиімді алиментарлық өнім түрін негіздеуге мүмкіндік береді.
Зерттеу материалдары мен әдістері
Жұмыс барысында Қазақстан Республикасының 18.09.2009 ж. №193 - IV- «Халықденсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі» кодексіне сәйкес өз еркімен келісім берген 2 типті қантты диабетпен ауыратын науқастар тобына қолданылды. Бұл зерттеу жұмысы үшін 45-65 жас аралығындағы, 65-85 кг салмақтағы 60 науқас алынды. Олардың ішінде 60%-ын ерлер, 40%-ын әйелдер құрады. 1-ші топ Диабетон препараты мен «Инуллакт-Фито» қышқылды сүт биоөнімін қабылдаған науқастар. 2-ші топ бақылау тобы тек «Диабетон» препаратын қабылдаған науқастар. Зерттеу материалдары ретінде науқастардың қан сарысуы алынды. «Инуллакт- Фито» қышқылды сүт биоөнімінің қантты диабетіне қарсы әсерін анықтау мақсатында науқастардың қан сарысуы құрамындағы биохимиялық көрсеткіштері: глюкоза, гликозирленген гемоглобин, холестерин, үшглицерид, мочевина, креатинин деңгейлері «Cobas INTEGRA» автоматттандырылған биохимиялық анализаторында анықталды;
Гормондардан: инсулин, тиреотропты гормон (ТТГ), жалпы тироксин 4 (Т4) дейгейлері электрохемилюминисцентті әдіс арқылы анықталды [18,19].
2 типті қантты диабетпен ауыратын 60 науқастарға зерттеліп жатқан шұбаттың негізінде қант дейгейін түсіретін дәрілік сығындылармен үйлескен жаңа қышқылды сүт биоөнімін «Инуллакт-Фито» 1-ші топ 21 күн бойы күніне 2 рет 150-200 мл көлемінде тамақтан соң 30 мин кейін қабылдады, ал диабетон препаратын 80 мг көлемінде күніне 1 рет тамақтан 30 мин бұрын қабылдады. Ал 2-ші топ тек диабетон препаратын күніне 80 мг көлемінде күніне 1 рет тамақтан 30 мин бұрын қабылдады. Науқастардың қан сарысуы құрамындағы глюкоза, гликозирленген гемоглобин, холестерин, үшглицерид, мочевина, креатинин, инсулин, ТТГ, жалпы Т4 зерттеудің 1-ші,