«Азғыр» ядролық полигоны Атырау облысы Құрманғазы ауданының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Онда 1966-1979 жылдар аралығында 17 жер асты ядролық жарылыстар жүргізілген. Қиын табиғи-климаттық жағдайымен қатар олар қоршаған орта мен адам денсаулығына жоғары антропогендік жүктемеге әкелді. Мақалада осы аймақтағы халықтың табиғи қозғалысына (туу көрсетіші, өлім-жітім және табиғи өсім) баға берілген.
Өзектілігі. «Азғыр» ядролық полигоны Атырау облысының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. 1966-1979 жылдар аралығында Азғыр аулының қасында 17 жер асты ядролық жарылыстар жүргізілген [1, 2, 3].
Ядролық жарылыстардан басқа «Азғыр» полигоны өңірінде 1949 жылдан бастап 90-шы жылдарына дейін әскери техниканың сынауы жүргізілген. Осында әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі жетілдірілген. Сонымен қатар баллистикалық зымырандарды ұшыру жүзеге асырылған және әскери ұшақтардың сынаулары жүргізілген.
Осының бәрі онсыз да күрделі экологиялық жағдайдың нашарлауына әкеліп соқтырды. Бұл халықтың денсаулығына жағымсыз ықпал етті [4, 5, 6].
Бұрын жүргізілген зерттеулеріміз нәтижелері бойынша осы өңірде қолайсыз демографиялық үрдістер байқалған [5, 6].
Осыған байланысты өңірде берілген тұрғындардың денсаулық көрсеткіші бойынша мониторинг жүргізу қажеттілігі пайда болды.
Зертеу мақсаты: «Азғыр» ядролық полигон өніріндегі медико-демографиялық жағдайын зерделеу.
Материалдар мен әдістері. «Азғыр» ядролық полигон аймағына Азғыр және Сүйіндік ауылдық округтары (а.о.) жатады.
Зерттеу барысында статистикалық тұтас әдісі қолданылды. Демографиялық жағдайының талдауы өңірдің медициналық ұйымдарының ведомстволық статистикалық есептіліктің деректері бойынша жүргізілді.
Медико-демографиялық жағдайын талдау өңір тұрғындарының саны, жасы және табиғи қозғалысы бойынша жүргізілді.
Зерттеу нәтижелері. 2015 жылы «Азғыр» ядролық полигон өнірдегі халықтың саны 7135 адам құрады. 2015 жылы 1990 жылымен салыстырғанда балалардың үлестік салмағы 26,7%-дан 24,8%-ға дейін төмендеді (яғни 1,9%-ға), ересектердің үлестік салмағы 67,9%-дан 70,7%-ға (2,8%-ға) өсті. Осы жылдар аралығында ұрпақты болу кезеңіндегі әйелдердің үлестік салмағы 33,7%-дан 24,8%- ға дейін (яғни 8,9%-ға) төмендеді.
Медицина қызметкерлері үшін тұрғындардың табиғи қозғалысының көрсеткіштері, оның ішінде туу көрсеткішінің ең үлкен мағынасы бар. Олар әлеуметтік-гигиеналық, экономикалық, экологиялық және генетикалық факторлардың өзара әрекеттестіктігін ең анық бейнелеп көрсетеді.
Зерттелген кезеңінде туу көрсеткіші Қазақстан Республикасында 7,4%-ға, ал Атырау облысында 6,1%-ға тиісінше өсті (сурет 1 және сурет 2).
1990-1999 жылдар аралығында ҚР, Атырау облысының және Құрманғазы ауданының тұрғындарының туу көрсеткіштері төмендегені, ал 2000 жылдан бастап өскені анықталған.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Кенесариев У.И., Кожахметов Н.Б., Бекмагамбетова Ж.Д., Ибраимова А.А. Загрязнение почвы Западного Казахстана в результате ракетно-ядерных испытаний // V Международная научно-практическая конференция «Экология. Радиация. Здоровье», посвященная 20-летию прекращения ядерных испытаний на Семипалатинском полигоне 29 августа 2009 г. - Семей: 2009. - С.30-31.
- Кривохатский А.Г. и др. Основные характеристики радиационной обстановки после завершения серии подземных взрывов в интересах народного хозяйства на сольном месторождений «Азгыр» (Казахстан). - М.:ЦНИИ - Атоминформ, 1992. - 296 с.
- Сайбеков Т.Е., Брягин А.Г., Шевцов С.П. Радиологическая оценка территорий западной части Атырауской области. - Алматы: 1997. - 452 с.
- Часников И.Я., Гайтипов А.Ш., Поляков А.И. и др. Изучение накопления и распределения радиоактивных источников и радиационных нарушений в природных объектах и определения года их радиоактивного загрязнения // Радиоэкологическая обстановка на территории Казахстана. - Алматы: 1997. - Т. 22. - С. 60-94.
- Частников И.Я., Поляков А.И., Гайтинов А.Ш. и др. Радиоэкологические исследования в зоне действия ракетноядерного полигона Капустин Яр и ядерного полигона Азгыр // Материалы Первого Межд. Конгресса «Экологическая методология возрождения человека и Планеты Земля». - Алматы: 1997. - С. 47-59.
- Курмангалиев P.M. Изучение влияния полигона Капустин Яр на экологию и здоровье населения Южных районов Западно-Казахстанской области. - Уральск: 1996. - 25 с.
- Жакашов Н.Ж., Амрин М.К., Ахметкалиев О.А., Шапихова Б.Х. Тенденции изменения демографических показателей здоровья населения Азгырского сельского округа, прилегающего к ядерному полигону «Азгыр» // Труды седьмой международной научно-практической конференции «Актуальные проблемы безопасности жизнедеятельности» (охрана труда, экология, валеология, защита человека в ЧС, токсикология, экономические и правовые аспекты БЖД) - Алматы: КазНТУ, 2005. - С.186-191.
- Жакашов Н.Ж., Амрин М.К., Аимова Б.Ж. Оценка медико-демографических показателей здоровья населения Суюндукского сельского округа, прилегающего к ядерному полигону «Азгыр» // Труды седьмой международной научно-практической конференции «Актуальные проблемы безопасности жизнедеятельности» (охрана труда, экология, валеология, защита человека в ЧС, токсикология, экономические и правовые аспекты БЖД) - Алматы: КазНТУ, 2005. - С.192-206.