Өндіріс орындарында жұмыс жасайтын жұмысшылардың денсаулығына әсер ететін факторлар құрылымында УЕЖ деңгейін жоғарылатын, кәсіби аурулар мен жұмыс ортасы маңызды факторлар болып табылады. Әр түрлі өндірістік салада жұмыс жасайтын жұмысшылардың УЕЖ зерттеу, өте маңызды іс-шаралардың бірі болып табылады. Бұл мақалада АҚ «Ақтөбе хром қосылыстар зауыты» негізгі және қосалқы цех жұмысшыларының денсаулық жағдайын бағалау үшін №16 форма «Уақытша еңбекке жарамсыздық есебі» бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық деңгейіне ретроспетивті талдау жүргізілді және алдыңғы қатардағы аурулардың нозологиялық формалары анықталды.
Өзектілігі. Өндіріс орындарында жұмыс жасайтын жұмысшылардың тенденциясының төмендеуіне дүниежүзілік қоғамдастық алаңдаулы. Еңбек медицинасы бойынша Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Ғаламдық стратегиясында «Жұмыс орны - қауіпті орта» екендігін негізге алды [2] және 2008-2017 жылдарға арналған ДДСҰ 60-шы сессиясында (2007, мамыр) Ғаламдық әрекеттер жоспары қабылданды. Жаһандық жоспарында жұмысшылардың денсаулығы өнімділікті арттыруда және экономикалық дамуда аса маңызды екендігін атап көрсетті. [1, 13]
Соңғы жылдары денсаулық сақтау саласында адамның өмір салтына теориялық және практикалық тұрғыдан әсер ететін мүмкін факторлар және денсаулық факторлары, яғни денсаулықты нығайтуға мүмкіндік беретін немесе халықтың денсаулық жағдайын әлсірететін күнделікті құбылыстар ерекше орын алуда. Тақырыптың қоғамда орын алып отырған өзекті мәселесі ретінде көтерілу себебі жұмысшылардың өз жұмыс орындарында денсаулықтары мен уақытша еңбекке жарамсыздықтары. Жұмысшылардың уақытша еңбекке жарамсыздықтары (УЕЖ) қазіргі кездегі өріс алып отырған созылмалы потологиялардың көпшілігінің көрсеткіші өндірістік факторлардың белгілі бір сатыда әсер етуінен туындайды.
УЕЖ жұмысшылардың аурушаңдылықтарына байланысты жүгінуі және жұмысшылардың денсаулық жағдайын бағалауда маңызды көрсеткіш. УЕЖ талдау және зерттеу тек қана әлеуметтік - гигиеналық емес, сонымен қатар медициналық, әлеуметтік - экономикалық маңызы зор. [5, 11, 12]
Зерттеу мақсаты: АХҚЗ жұмысшыларының денсаулық жағдайын сипаттайтын УЕЖ негізгі көрсеткіштерін ретроспективті талдау
Материалдар мен әдістер.
Еңбекке жарамсыздық парақтарының деректеріне сүйене отырып, «Уақытша еңбекке жарамсыздық есебін» (ф. 016) әзірлейді. Бұл деректер жұмысшылардың уақытша еңбекке
жарамсыздықтарына талдау жасау және есепке алу үшін әр ай сайын, тоқсан сайын, жарты жыл және бір жыл сайын жасалынады.
Зерттеуге алынған объект - АХҚЗ жұмысшылары. Зерттеу нысаны - оның тіркелген аурушаңдықтары, зерттеу бірлігі - уақытша еңбекке жарамсыздық күні және жағдай.
2011 - 2015 жж аралығындағы «УЕЖ есебі» бойынша ретроспективті талдау жүргізілді.
«АХҚЗ» АҚ жұмысшыларының денсаулық жағдайы көрсеткіштерінің мәліметтерін жинау және талдау
Н.В. Догле және А.Я.Юркевичтің «Уақыта еңбекке жарамсыздық» (М.,1984) методикалық
ұсыныстарының талаптарына сәйкес жүргізілді. 2011 - 2015 жылдар аралықтарындағы уақытша еңбекке жарамсыздық «ЮКОН» ЖШС медициналық ұйымынан алынған №16-ВН «Уақытша еңбекке жарамсыздық есебі» үлгісі мәліметтері бойынша бағаланды.
Жұмысшылардың УЕЖ бойынша денсаулық жағдайын бағалау жалпы қабылданған үш көрсеткіш (100 жұмысшыға шаққандағы оқиғалар, күндер және 1 оқиғаның ұзақтығы) бойынша жүргізілді. Уақытша еңбекке жарамсыздыққа талдау жүргізе отырып, УЕЖ себепші негізгі аурулардың нозологиялық формалары анықталды және негізгі және қосалқы цех жұмысшыларының 2 көрсеткіш (100 жұмысшыға шаққандағы оқиғалар және күндер) есептеліп, салыстырылды.
Аурушаңдық көрсеткіші Excel 97-2003 бағдарламасында келесі формула бойынша есептелінді:
УЕЖ жағдайының көрсеткіші
Жыл бойы УЕЖ жағдайлар саны *100
Жұмысшылардың орташа жылдық саны
УЕЖ күндерінің көрсеткіші
Жыл бойы УЕЖ күндер саны *100
Жұмысшылардың орташа жылдық саны
Зерттеу нәтижелері мен оларды талқылау.
АХҚЗ жұмысшылары 2011-2015 жж аралығындағы 100 жұмысшыға шақққандағы УЕЖ орташа жағдай саны 126,3 және күндер саны 1103,5 құрады.
АХҚЗ жұмысшыларының 2011 - 2015 жж
аралығындағы назологиялар бойынша УЕЖ, жағдай (100 жұмысшыға шаққанда) (сурет 1) көрсеткіштер
бойынша тенденция: тыныс алу органдары аурулары
- 13,9 % төмендеген; тірек қимыл аппараты аурулары
- 22,9 % жоғарылаған; гастрит. Дуоденит - 7,5 % жоғарылаған; гипертониялық аурулар - 22,8 % төмендеген; терінің қабыну аурулары - 70,9 % жоғарылаған.
гастрит, гипертониялық аурулар және терінің қабыну аурулары. Сонымен қатар тыныс алу органдары аурулары және гипертониялық аурулар (100 жұмысшыға шаққанда) күн және жағдай бойынша төмендеген, ал тірек қимыл аппараты, гастрит және тері қабыну аурулары (100 жұмысшыға шаққанда) жоғарылаған.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- "Workers' health: global plan of action" Sixtieth World Health Assembly 23 May 2007 .
- WHO/OCH/95.1. Global strategy on occupational health for all. The way to health at work. Geneva; 1995.
- Ершов, А.В. Особенности заболеваемости с временной утратой трудоспособности населения Калужской области // Вестник новых медицинских технологий.-2010.-Т.17. - №4. С.208-210
- Догле Н.В., Юркеевич А.Я. Заболеваемость с ременной утртой трудоспобности. - М.: 1984. - 173 с.
- Измеров, Н.Ф. Национальная система медицины труда как основа соохранения здоровья работающего населения России// Здраввохранение Российской Федерации. -2008.-№1. -С.7-8.
- Мамырбаев А.А., Засорин Б.В. Гигиеническая оценка профессионального риска // Мат.конф. «Актуальные проблемы современной теоретической и клинической медицины и медицинского отравления». - Актобе: 2007. - С.125-129.
- Спаринская И.П., Журавлев Ю.И. Особенности заболеваемости с временной утратой трудоспособности работников Оскольского электрометаллургического комбината // Медицина. Фармация. - 2013. - №25(186). - С. 88-94.
- Мамырбаев А.А. Гигиеническая оценка условий труда рабочих хромового производства // Батыс Қазақстан медициналық журналы. - 2016. - №1(49). - С. 68-75.
- SlavHcek, J. Lifestyle decreases risk factors fo r cardiovascular diseases/ / Central European Journal of Public Health Public. - 2008. - Vol.16. - №4. - P. 161-164.
- Нургайбеков, А.Г. Еще раз о достоверности статистических отчетов позаболеваемости с временно утратой трудоспособности // Качество медицинской помощи. - 2004. - №2. - С.12-16.
- Сиротко М.Л. Оценка заболеваемости населния самарской области с временной утратой трудоспосбоности/ Сиротко М.Л., Бочкарева М.Н.// Медицинский вестник Башкорстана. - 2013. - №18. - С. 26-29.
- Помыткина Т.Е. Состояние здоровья работников при производстве соединений Азотной группы (обзор литературф) // Гигиена и санитария. - 2014. - №3. - С. 39-45.