Зертханалық қызметтер барлық денсаулық сақтау жүйесінің маңызды және негізін қалаушы компоненті болып табылады. Сенімді және уақытылы орындалған зертханалық талдаулар науқасты тиімді емдеуде негізгі орын алаДы. Сонымен қатар, жұқпалы және жұқпалы емес ауруларДы емДеу және алДын -алу үшін сенімДі зертханалық ақпарат қажет. Қоғамдық денсаулық сақтау саласында болып жатқан өзгерістерде зертханалар қоғам денсаулығын зерттеу және әрекет ету механизмдерінде басты рөл ойнайды. Қазіргі кезде сенімсіз зертхана нәтижелеріне орын жоқ. олар алтын уақытымызды, қымбат сынамаларды, және көп жағдайда адам өмірін жоғалтуға әкеліп соғады.
Ел басы Н.А. Назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты өз жолдауында мемлекетіміздің дамуының жаңа деңгейінде мемлекеттік саясаттың негізгі бағыты ретінде медициналық қызметтің сапасын жақсарту және денсаулық сақтау жүйесінде жоғарғы технологияны дамыту. Медициналық қызметтің сапасы кешенді түсінік болып табылады, және көптеген себептерге тәуелді болады, атап айтқанда медициналық ұйымдарды материалды- техникалық жабдықтау, біліктілік деңгейі, мамандардың біліктілігін арттыруға мотивациясын жігерлендіру.
«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының қисынды жалғасы ретінде 20162020 жылдарға «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы биылғы жылы жүзеге асырылып отыр. Денсаулық сақтау саласының маңызды бағыттарының бірі -медициналық -санитариялық алғашқы көмекті дамыту болып табылады. Атап айтқанда өңіріне және тұрғылықты жеріне қарамастан МСАК қолжетімділігі мен сапасын қамту. Ынталандыруды күшейтіп, өңірлер және амбулаториялық-емханалық және стационарлық қызметтер арасында мамандар бөлудегі теңсіздіктерді жоюды қолға алып отыр. Негізгі бағыт ретінде сырқаттанушылықтын басқару жүйесін енгізу, аурудын алдын алу, ерте анықтау яғни дұрыс диагностика жүргізу, және емдеуді қарастыратын медициналық көмек көрсетудің бірегей жүйесін енгізу болып отыр. [2]
Қазіргі таңда зертханалық диагностиканың дамуы бір орында тұрмайды, және заманауи зертханалық тесттер өте жақсы реагентті базаға, жоғарғы нақтылыққа, және арнайылыққа ие болып табылады. Көптеген ірі зертханалар сапалық бақылау бағдарламасын ұстану үшін аса көп мөлшерде қаражаттарын жұмсайды, дегенмен клиникалық дәрігерлердің бұрынғыдай кез келген жағдайда зерттеудің сапасына көңілдері толмайды.
Науқасты әр түрлі зертханаларға жібере береміз бе және қандай зерттеу нәтижесі сенімді болып келеді? Неліктен осылай болып жатыр?
Қазақстандағы клиникалық зертханалық диагностика бүгінде бірқатар өзгертулер мен толықтырулар талап етіп отыр. Максимальді мүмкін болатын экономикалық шығынды есепке ала отырып клинико-диагностикалық зертханаларды қайта жабдықтау арқылы, сондай ак бір уақытта диагностикалық тиімділігін жоғарылата келе оның жеке бөлімдерін қайта ұйымдастырып, жеткілікті корректирлеу жүргізу қажет.
Клиникалық зертханалық диагностика қызметінің жалпы медициналық маңыздылығын барлық деңгейде медициналық көмектің сапасын арттыру мақсатында және оның әр түрлі формаларында 20122015 жылдарға ҚР клиникалық зертханалық диагностика қызметінің дамуы Концепциясы қабылданған болатын.
Концепция еліміздегі клиникалық зертханалық диагностикасын қайта ұйымдастыруда
Республикалық және аймақтық бағдарламалардың орындалуының негізі болып табылады.
Клиникалық зертханалық диагностика - бұл медициналық мамандық, яғни мамандардың негізгі қызметі клиникалық зертханалық зерттеулер, демек науқастардың биоматериал үлгілерінің құрамын зерттеу, негізгі мақсаты мүшелердің, тіндердің, ағза жүйесінің қызметіне және жағдайына әсер етіп, болжама патологияда зақымдауы мүмкін эндогенді немесе экзогенді компоненттерін табу/өлшеу.
Клиникалық зертханалық диагностика мамандарының тәжірибелік қызметінің сферасы клиникалық зертханалық зерттеулер болып табылады, клиникалық диагностикалық зертхана немесе клиникалық зертханалық диагностика бөлімдері деп аталатын медициналық мекеменің бөлімінде орындалады, денсаулық жағдайын бағалауда науқасқа медициналық көмекке қажет, ауру диагнозын қоюда, емдеу шараларының нәтижесін бақылауда, аурудың нәтижесін болжауда және өмір сапасына өз уақытында және аналитикалық тиімді толық зертханалық ақпаратпен қамтамасыз ету негізгі мақсаты болып табылады.
Зерттеу мақсаты:
- Алматы қаласы және Алматы облысында алғашқы медициналық санитарлық көмек деңгейінде зертханалық диагностикалық қызметтің дамыту шаралары бойынша зертханалық қызметтің талдаулары негізінде ұсыныстар құрастыру.
Зерттеу міңдеті:
1. Дәрігер-клиницисттердің зертханалық зерттеулердің сапасы және тиянақтылығы туралы және зертханалық медицина білім деңгейін зерттеу Зерттеу әдістері: Арнайы құрастырылған сауалнама. Сауалнаманы Алматы қаласында Медеу, Алмалы, Түрксіб аудандарында орналасқан қалалық емханаларда жұмыс атқаратын 130 дәрігер- клиницисттер анонимді түрде толтырып берді. Сауалнама қорытындысы бойынша:
I. Сауалнаманы толтырған дәрігер-клиницисттер сипаттамасы:
1-сурет. Жұмыс өтілімі:
Сонымен қатар «Қандай аурулардың зертханалық зерттеуін тағайындауда мәселелер туындады» деген сауалнаман жауабында респонденттердің көпшілігі, яғни 34,6% қан айналым жүйесі аурулары және эндокринді жүйе аурулары деп жауап берсе, қалғаны 16,2 % тыныс алу жүйесі аурулары, 12,3 % ас қорыту жүйесі аурулары деп жауап қайтарған
Алғашқы медициналық санитарлық көмек деңгейінде зертханалық зерттеулердің сапасы төмендегілерге байланысты:
- Жоғарғы технологиялық құрылғыларды және тұтыну материалдарын қолдану;
- Мамандардың біліктілігін арттыру, клиницист - дәрігерлер, зертхана дәрігерлері;
- Жаңа инновациялық зерттеу әдістерін енгізу;
- ISO 15189-2015 стандартына сәйкес медициналық зертханаларды аккредитациялау;
- Зертханалық тәжірибеге зертханалық зерттеулердің сыртқы және ішкі сапа бақылауын енгізу;
- Жаңа нормативті-құқықтық актілерді құрастыру және енгізу.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Инструмент для оценки качества лаборатории. Всемирная организация здравоохранения. - 2012. - 35с.
- Государственная программа развития здравоохранения Республики Казахстан «Денсаулық» на 2016-2020 годы
- Кодекс РК от 18 сентября 2009 года «О здоровье народа и системе здравоохранения»
- М. Рысулы. Модели медицинской лабораторной диагностики в Республике Казахстан: состояние и перспективы обеспечения ПМСП //Здоровье Казахстана. - 2015. - №9. - С. 52-59.
- М. Рысулы. Резолюция региональной конференции КАМЛД Современные модели организации медицинской лабораторной диагностики и республике Казахстан // Лабораторная медицина. - 2014. - №3. - С. 31 36.
- Рысулы М.Р. Модели лабораторной диагностики в республике Казахстан: состояние и перспективы обеспечения ПМСП // Лабораторная медицина. - 2013. - №2(5). - С.15-20
- Бейсембаев Ш.А. Стандартизация и контроль качества в клинико-диагностических лабораториях РК // Лабораторная медицина. — 2013. — № 3(6) — С. 9—10.
- Жангелова М.Б., Бейсембаева Ш.А., Шайкенова Л.Б., Дуйсенбаева А.Ж., Менеджмент лабораторной диагностической службы// Лабораторная медицина. — 2013. — № 2(5) — С. 24—27.
- Концепция о развитии службы клинической лабораторной диагностики в Республике Казахстан в 2012— 2015 гг.
- Мендалиев Н.А. Система менеджмента кафества в клинико-диагностических лабораториях.// Вестник КазНМУ. - 2013. - № 2. - 184 с.