Қазіргі уақытта барлық құжаттар, іс қағаздары мемлекеттік тілде орындалады. Мемлекеттік тілге деген талап күшейтілді. Осыған орай, барлық салада, соның ішінде медицина саласында іс қағаздарын қазақ тілінде жасау міндеттелген. Бүгінгі таңда медициналық терминдердің қалыптасуы және медициналық құжаттардың мемлекеттік тілде жазылуы өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Осы мақалада медицина ұйымдарындағы медициналық құжаттардың мемлекеттік тілде жүргізілу сапасы туралы айтылады. Оған негіз ретінде стационарлық науқастың медициналық картасы алынған.
Кіріспе.
Қазақстанның территориялық тұтастығының және ұлт мәдениетінің сақталуы мен дамуының басты шарты - қазақ тілі болып табылады. Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995ж.), «Тіл саясаты туралы” Тұжырымдамасы (1996ж.) және осыларға негізделген «Тіл туралы” Заң (1997ж.) республикадағы тілдердің ұлтаралық жарастық пен рухани ынтымақтастықтың құралы ретінде қызмет етуін және тіл алуандығын көздейді. Республикада мемлекеттік тіл ретінде бір ғана тіл - қазақ тіліне конституциялық мәртебе беріліп отыр [1].
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заң қасиетті қазақ жерін мекендейтін, қазақ халқының мәдениетін және ұлттық болмысын сыйлайтын әрбір азаматтың, оның конституциялық парызы - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін меңгеруін және қазақ тілінің республиканың барлық аумағында толық көлемде қолданылуын, Қазақстан азаматтарының мемлекеттік тілді қолдану құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған. Осы Заңда «Қазақстан халқын топтастырудың негізгі факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру - Қазақстанның әрбір азаматының міндеті» деп көрсетілген [3].
«Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы болып табылатын қазақ тілінің одан әрі дамуы үшін барлық күш-жігерімізді жұмсауымыз керек. Сонымен бірге елімізде тұратын барлық халықтардың өкілдері ана тілінде еркін сөйлей, оқи алуына, оны дамытуға қолайлы жағдай тудыру қажет»,- деген болатын Елбасы Қазақстан халқы ассамблеясының кезекті сессиясында сөйлеген сөзінде [4].
Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, ұлт бірлігін нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ететін үйлесімді тіл саясаты Қазақстан Республикасында Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жүргізіліп отыр. Негізінен тіл саясаты үш негізге сүйеніп жүргізіледі. Ең бастысы - оның құқықтық негізін жасау, екіншісі - қоғамда тіл саясатын кеңінен насихаттау. Ал үшіншісі - үкімет тарапынан қаржылық қолдау. Еліміздің тіл саясатында осы үшеуі де ескерілген.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесін 2017 жылға қарай - 80%, 2020 жылға қарай - 95% жеткізу көзделген [5].
Қазақстандықтардың мемлекеттік тілді меңгеру дәрежесі олардың жүргізген іс қағаздарынан айқан көрінетіні сөзсіз. Демек, жыл өткен сайын мемлекеттік тілге деген сұраныстың өсуіне қарай талап та күшейтілді. Бүгінгі таңда іс қағаздары мемлекеттік тілде орындалады. Мемлекеттік тілде жазылған құжаттар, яғни іс қағаздары түпнұсқа болып табылады.
Осыған орай, барлық салада, соның ішінде медицина саласында іс қағаздарын қазақ тілінде жасау міндеттелген. Медицина тілі дүние жүзі бойынша барлық елдердегі ең қиын тіл саналады. Дәрігерлер бұл тілді түсініп, осы тілде еркін сөйлеу үшін жоғары оқу орындарында ұзақ жылдар білім алады, одан кейін оны практикада, яғни еңбек жолында пайдалану үшін қазақ тілін жетік меңгеруге тырысады. Алайда олардың сапасының сын көтермейтіндігі жайлы айтылып та, жазылып та жүр:
- медициналық терминдер бір жүйеге келмеген, сондықтан әркім өз бетінше аударады;
- латын тіліндегі терминдерді қазақ тіліне аудару нәтижесінде мағынасы түсініксіз сөздер көп;
- сөйлем құру барысында стильдік қателер де жіберіледі.
Бұған дәлел ретінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті төрағасының орынбасары Серік Сәлемовтің Baq.kz берген сұқбатын айтуға болады:
- Терминология - мемлекеттік тілді дамытудың негізгі факторының бірі. Өкінішке қарай, әлі күнге дейін бұл сала кенжелеп келеді. Расында, бізде қазақ тілінде терминологиялық қор қалыптаспаған, оның нақты санын ешкім дөп басып айта алмайды. Бұл - бір. Екіншіден, термин дегеніңіз - тірі ағза секілді, қоғамға тікелей байланысты. Белгілі бір уақыт ішінде пайдаланылып, кейін жоғалып кетуі де мүмкін. Жақында осы терминологияға қатысты
медициналық құжат, яғни стационарлық науқастың медициналық картасы болып табылады.
J Стационарлық науқастың медициналық картасын мемлекеттік тілде ресімдеуге арналған әдістемелік нұсқау дайындау қажет;
J Медицинаға қатысты орыс тілді шаблондарды қазақ тілінде әзірлеу керек;
J Медицинаның әртүрлі салаларына қатысты терминдер бірізге түсуі қажет.
J Науқас қай тілде сөйлейді, соған қарай науқасты ауруханадан шығару қағазы ресімделуі тиіс. Себебі көптеген жағдайларда науқастар өздеріне берілген құжатта не жазылғанын түсіне алмайды.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Қазақстан Республикасының Конституциясы. -Алматы: 1995.-7-б.
- «Тіл саясаты туралы” Тұжырымдамасы. - 1996.-4-б
- «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы. - 1997.-4-б.
- Назарбаев Н.Н. Қазақстан халқы Ассамблеясының 12 - сессиясында сөйлеген сөзі// http://www.akorda.kz - 2006.қараша.-5-б.
- Бердібек Хабай. Мемлекеттік тіл мәртебесін биіктету - баршамыздың борышымыз // Baq.kz. - 2015.01 Маусым.- 1-б.
- Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 ж. арналған мемлекеттік бағдарламасы // http://adilet.zan.kz - ҚР Президентінің Жарлығы. - 29.06. 2011. - № 110. -6-б
- Авербух К.Я. Общая теория термина. - Иваново: Юнона, 2004.-С. 252.
- Малый А.Ю. Медицинская документация и информирование пациентов; как элементы качественного менеджмента в стоматологии // «Стоматология; на пороге третьего тысячелетия». Сборник тезисов. - М:, «Авиаиздат». 2001. - С.82-83.
- А.В. Карцевский, О.А.Обухов, И.О. Эделев, А.ГТ. Загрядская. История болезни как юридический документ: Методическое пособие для врачей / -Н.Новгород, 1995. - С.-11.
- Лялииа Е.А. Комплексная оценка влияния дефектов ведения медицинской документации на качество судебномедицинских экспертиз// disser Cat. - автореферат «Общественное здоровье и здравоохранение».-2010.-С.11-18.
- Попова Т.Г. Критерии экспертной оценки профессиональных ошибок и дефектов оказания медицинской помощи на всех этапах стоматологического лечения. автореф. дисс. ...канд. мед. ГОУ ВПО «Московский государственный медико- стоматологический университет Росздрава». - 2008. - С. 7-10.