Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Eortc qlq-c30 - қатерлі ісікті емдеу және зерттеу бойынша еуропалық ұйымның сауалнамасы: тілдік, мәдениетті бейімделу және валидтеу

Осы жұмыста халықаралық EORTC QLQ-C30 сауалнамасының көмегімен онкологиялық науқастарДың өмір сапасын зерттеуге қатысты заманауи мәліметтер көрсетілген. Халықаралық станДарттарға сай тілДік және популяцияның этно-лингвистикалық ерекшеліктерін есепке ала отырып, EORTC QLQ-C30 сауалнамасының мәДениетті бейімДелуі, құралДың валидациясы және түпнұсқасына баламалы EORTC QLQ-C30 сауалнамасының қазақ тілінДегі нұсқасы жасалды. Жасалған нұсқа жоғары психо-метрикалық қасиетімен мазмұнДалаДы.

Кіріспе. Қазіргі таңда EORTC QLQ-C30 - қатерлі ісікті емдеу және зерттеу бойынша Еуропалық ұйымның сауалнамасы өмір сапасын (ӨС) бағалау құралдарының кең тараған түрлерінің бірі болып табылады [1,2,3]. Ол 1986 жылы халықаралық клиникалық сынақтарға қатысушы пациенттерді ӨС бағалауына кешенді, модульдік тәсілін өңдеуге зерттеулік бағдарламаны бастамашылық еткен қатерлі ісікті (EORTC Quality of Life Study Group) емдеу және зерттеу бойынша Еуропалық ұйымның ӨС бағалау тобымен өңделген. Бүгінгі күнге дейін клиникалық сынақта берілген сауалнаманың ІІ және ІІІ сатысында психометрикалық қасиетін зерттеу бойынша зерттеулер жүргізіліп жатыр [4,5,6].

EORTC QLQ-C30 мәні бойынша 36 сұрақты және дене, психологиялық және әлеуметтік жұмыс жасауы, жалпы ӨС және ауруға, емделуге байланысты белгілер бойынша пациент денсаулығын бағалауды қамтыған EORTC QLQ-C36 сауалнамасының 1 - ші жетілдірілген нұсқасы болып табылады. EORTC QLQ- C30 заманауи 3-ші түрі 30 сұрақты қамтиды және мыналардан тұрады:

  • 5 функционалдық шәкілден - денелік жұмыс жасау (ДЖЖ), рөлдік жұмыс жасау (РЖЖ), когнитивтік жұмыс жасау (КЖЖ), әсершіл жұмыс жасау (ӘЖЖ) және әлеуметтік жұмыс жасау (ӘЖЖ);
  • Симптоматиканың 3 шәкілінен - әлсіреу (Ә), жүрек айну/құсу (ЖА/Қ) және ауыру (А);
  • Өмірдің жалпы сапасының шәкілдерінен (ӨЖСШ);
  • 6 дара пункттерінен - ұйқының бұзылуы (ҰБ), тәбетсіздік (Т), констипация (К), диарея (Д), демікпе (Д), қаржылық қиыншылықтар (ҚҚ).

Сауалнаманың тілдік және мәдениеттік бейімделуі - бұл халықаралық стандарттарға сай және мамандардың, сонымен қатар, пациенттердің қатысуымен популяцияның этно-лингвистикалық ерекшелігін есепке ала отырып, түпнұсқаға балама құралдың басқа тілде құрылу үдерісі [7,8]. Мәдениетті және тілдік бейімделуді өткізудің сапасы соңғы қорытындыда құралдың психометриялық қасиетін анықтайды.

Осы мақсатқа жету үшін келесідегідей міндеттерді орындау керек: 1) халықаралық стандарттарға сай сауалнаманың жүйелі аудармалық рәсімдерін орындау; 2) сауалнаманың түпнұсқасының баламасымен және соңғы нұсқасымен қамту; 3) сауалнаманы популяцияның этнолингвистикалық ерекшеліктеріне бейімдеу.

Материалдары және әдістері. Тілдік нұсқасын жасау мақсатында атқарылатын барлық жұмыстар мен іс-шаралар жалпы 3 бағытқа түйістірілді: жүйелі аударма, аударманың сараптамасы және аударманы жетілдіру.

Белгілі болғандай, сауалнаманың тілдік нұсқасы халықаралық стандарттарға сәйкес бейімделу рәсімінің орындалған жағдайында ғана халықаралық зерттеулерде қолдануға құқық алады. Сауалнаманың нұсқасы бейімделу мен валидацияның қорытындыларын көрсеткеннен кейін легитимді болып мойындалады.

Халықаралық стандарттарға сай EORTC QLQ-C30 сауалнамасының тілдік және мәдениеттік бейімделуі бірнеше жүйелік кезеңдерді қамтыды.

1-ші кезеңде (сауалнаманың тілдік-түпнұсқасынан тікелей аудармасы) түпнұсқаның 2 тәуелсіз аудармасы жасалды. 2-ші кезеңде (келісу) 2 тікелей аударманың негізінде сарапшы комитетімен сауалнаманың алғашқы нұсқасы жасалды. Сонымен бірге, альтернативтік аударманың әдістерін қолданумен барлық айырмашылықтар жойылды. 3- ші кезең керісінше аударманы көр-сетті. Бұл кезеңде жұмыс жасау құжаты алғашқы нұсқасы, ал нәтижесі - алғашқы нұсқаның 2 керісінше аудармасын жасау болып табылды. 4-ші кезең (сараптама) сарапшы комитетпен өтті. 3 тәуелсіз сарапшы қатысты (1 лингвист, 1 медицина, психология және денсаулық саласындағы маман, 1 үйлестіруші). Сонымен бірге, әрбір сарапшы алдын ала жазылған хаттама бойынша тәуелсіз бағалауды орындады. Бұл кезеңде сонымен қатар, орфографиялық және грамматикалық тұжырымдар жасалды. Нәтижесінде тест-нұсқасы құрылды. Ары қарай пилоттық тестілеу немесе претестинг өткізілді (5-ші кезең). Пилоттық зерттеу нәтижелерінің талдамасы сауалнама тұжырым- дамасын тілдік және мәдениеттік дәстүрлерге, популяцияның ерекшеліктеріне максималды жақындауға мүмкіндік береді.

Нәтижелері. Пилоттық зерттеуге 55 адам қатысты. Сонымен бірге, таңдаудың сапалы репрезентаттығы сақталды. Пилоттық тестілеу онкологиялық науқастардың және сауалнаманың децентерингтің сұхбаттасу негізінде болды (оған сұхбаттасу нәтижелері бойынша өзгерістер енгізу).

Сұхбаттасуды - сұрақтар осындай түсінушілік, шынайылық және тиімділік секілді көрсеткіштерге қаншалықты жауап беретінін анықтау үшін жүргізілді. Сұхбаттасудан кейін децентеринг жүргізілді.

Валидацияны орындау барысында (EORTC QLQ-C30 сауалнамасының психометриялық қасиетін тексеру) ӨС бағалау құралының сенімділігіне, валидностына және сезімталдығына талдама жасалды.

Сауалнаманың сенімділігін тексеру үшін Кронбахтың а-коэффициентін анықтау әдісімен сауалнаманың ішкі қалыптылығы есептелді [9]. Берілген EORTC QLQ-C30 сауалнамасының барлық шәкілдерінің көрсеткіштерінің көлемі 0,77-ден 0,93-ке дейін болып бекітілді. Сауалнаманың барлық шәкілдері үшін Кронбахтың а-коэффициентінің көлемінің мәні 0,7- ден көп болды, бұл сауалнаманың шәкілінің және құралдың жалпы сенімділігі қанағаттанушылық деңгейінде екенін куәландырды.

EORTC QLQ-C30 сауалнамасының валидностын бағалау барысында (оның қабілеттері ол өлшеуге тиіс негізгі мінездемені өлшеуінің дұрыстылығы) және сауалнаманың (оның респондент жағдайында өзгерістерге сәйкес ӨС баллдарының дұрыс өзгерістерін беру қабілеті) сезімталдығын (сенситивтілігі) бағалау барысында жасалған EORTC QLQ-C30 сауалнаманың нұсқасы онкологиялық науқастардағы ӨС-ні бағалаудың валидтік және сезімталдық құралы болып табылатыны бекітілді.

EORTC QLQ-C30 сауалнамасының тілдік және мәдениеттік бейімделуін өткізгеннен кейін, сонымен қатар, құралдың (валидациялар) психометриялық қасиеттерін тексергеннен кейін берілген сауалнаманың түпкілікті нұсқасы жасалды (Кесте).

Кесте 1 - EORTC QLQ-C30 сауалнамасы (қазақ тіліндегі нұсқасы)

Бізге Сіз туралы және Сіздің денсаулығыңыз туралы кейбір нәрселерді білу қажет. Өтініш, Сіздің жағдайыңызды нақты суреттейтін, ең қолайлы жауапты домалақтай отырып сұрақтарға жауап беріңіз. Бұл сауалнамада «дұрыс» және «дұрыс емес» деген жауаптар жоқ. Сіз көрсеткен ақпараттар құпия болып қалады.

Сіздің аты-жөніңіз:

Туылған күніңіз (күні, айы, жылы):

Берілген күні (күні, айы, жылы):

Сұрақтар

Жоқ, ешқандай

Шамалы

Айтарлықтай күшті

Өте күшті

1

Денеге түсетін ауырлық барысында қиындықтарды сезінесіз бе (азық-түлікке толы сөмкені алып жүргенде және т.б.)?

1

2

3

4

2

Жалғастырып жүру барысында қиындықтарды сезінесіз бе ?

1

2

3

4

3

Үйден тыс жерге аз уақытқа серуенге шығу барысында қиындықтарды сезінесіз бе ?

1

2

3

4

4

Күні бойы төсекте немесе креслода қалуға тура келеді ме?

1

2

3

4

5

Тамақтану, жеке гигиена және дәретханаға бару барысында Сіз көмекті қажет етесіз бе?

1

2

3

4

Соңғы аптада

Жоқ, ешқандай

Шамалы

Айтарлықтай күшті

Өте күшті

6

Үй жұмыстарын немесе өзіңіздің жұмыстарыңызды толығымен аяқтай алмай қалатын кез болды ма?

1

2

3

4

7

Әуестігіңізбен, сүйікті ісіңізбен немесе демалумен толыққанды айналысу болмай қалған кездер болды ма?

1

2

3

4

8

Демікпелер болды ма?

1

2

3

4

9

Ауырулық ұстамалар болды ма?

1

2

3

4

10

Демалу үшін үзілістер жасауға тура келді ма?

1

2

3

4

11

Түс көруде мәселелер туындады ма?

1

2

3

4

12

Әлсіздікті сезіндіңіз бе?

1

2

3

4

13

Тәбетіңіз жоғалған күндер болды ма?

1

2

3

4

14

Жүрек айну ұстамалары болды ма?

1

2

3

4

15

Құсу болды ма?

1

2

3

4

16

Іш қату болды ма?

1

2

3

4

17

Диарея (іш өту) ұстамалары болды ма?

1

2

3

4

18

Әлсіреп қалу сезілді ме?

1

2

3

4

19

Ауырудың ұстамаларының салдарынан қандай да бір сабақты тоқтату болды ма?

1

2

3

4

20

Газет оқып немесе теледидар көре отырып, топтау қиынға соққан кездер болды ма?

1

2

3

4

21

Ішкі күш салу сезілді ме?

1

2

3

4

22

Ішкі қобалжушылық сезілді ме?

1

2

3

4

23

Өзіңізді ашушаң сезіндіңіз бе?

1

2

3

4

24

Депрессиялық ұстамалар болды ма?

1

2

3

4

25

Ақпараттарды есте сақтауда мәселелер туындады ма?

1

2

3

4

26

Сіздің жағдайыңыз немесе ем қабылдауыңыз күнделікті өміріңіз бен тұрмысыңызға әсерін тигізді ме?

1

2

3

4

27

Сіздің жағдайыңыз немесе ем қабылдауыңыз басқа адамдармен сөйлесуге әсерін тигіздіме?

1

2

3

4

28

Сіздің жағдайыңыз немесе ем қабылдауыңыз Сіздің қаржылық жағдайыңызға әсерін тигізді ме?

1

2

3

4

Келесі сұрақтарға жауап беру үшін, өтініш, Сіздің жағдайыңызды нақты суреттейтін «өте нашар» және «өте жақсы» шәкілі бойынша 1-ден 7-ге дейін сандардың ішінен бір санды домалақ белгісімен белгілеңіз.

29

Денсаулығыңыздың жағдайын қаншалықты бағалайсыз және соңғы аптада орташа көрсеткішпен бағалаңыз?

       

1 2 3 4 5 6 7

Өте нашар өте жақсы

30

Соңғы аптада орташа көрсеткішпен өз өміріңіздің сапасын қаншалықты бағалайсыз?

       

1 2 3 4 5 6 7

Өте нашар өте жақсы

Қорытынды. Онкологиялық науқастарда ӨС бағалау әдісін қолдану науқастың денсаулығын бағалаудың сенімді, хабарландыратын және үнемді әдісі болып табылады. Онкологиялық зерттеулерде ӨС бағалау тиімді емдеудің маңызды көрсеткіші және болжамалық маңызға ие болып табылады. Сонымен бірге, ӨС онкологиялық науқастарды емдеу және сауықтыру бағдарламалары өңделетін «матрица» болып табылады. Шетелде ӨС талдамасы жасалмаған болса, онда емдеудің жаңа әдісін қолдануға болмайды. ӨС бағалау клиникалық зерттеулерде зерттеу сапасының өзін жақсартады. Медицинаның негізгі қағидаты «ауыруды емес, науқасты емдеу» ӨС көмегімен жүзеге асуы мүмкін.

Халықаралық стандарттарға сай EORTC QLQ-C30 сауалнамасының тілдік және мәдениеттік бейімделуін өткізгеннен кейін популяцияның этно- лингвистикалық қасиеттерін есепке ала отырып, түпнұсқасына балама құралы, EORTC QLQ-C30 сауалнамасының қазақша нұсқасы шықты. Сонымен бірге, жасалған EORTC QLQ-C30 сауалнамасының нұсқасы клиникалық зерттеулердегі онкологиялық науқастарда кеңінен қолдануға мүмкіндік беретін жоғары психометриялық ерекшеліктерін мазмұндайды.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

  1. 1 Chad M. Gundy, Peter M. Fayers, Mogens Groenvold et al. Comparing higher order models for the EORTC QLQ-C30 // Quality of Life Research. – 2012. – Vol. 21. - № 9. – Р. 1607-1617.
  2. J. Jason Lundy, Stephen Joel Coons, Neil K. Aaronson Testing the measurement equivalence of paper and interactive voice response system versions of the EORTC QLQ-C30 // Quality of Life Research. – 2014. – Vol. 23.- № 1. – Р. 229-237.
  3. Chad M Gundy, Neil K Aaronson Effects of mode of administration (MOA) on the measurement properties of the EORTC QLQ-C30: a randomized study// Health and Quality of Life Outcomes. – 2010. – Vol. 8. – P. 35.
  4. Claire F. Snyder, Amanda L. Blackford, Toru Okuyama et al. Using the EORTC-QLQ-C30 in clinical practice for patient management: identifying scores requiring a clinician's attention // Quality of Life Research. – 2013. – Vol. 22. - №10. – Р. 2685-2691.
  5. M. Angeles Pérez-San-Gregorio, Eduardo Fernández-Jiménez, Agustín Martfn-Rodnguez et al. Quality of Life in Women Following Various Surgeries of Body Manipulation: Organ Transplantation, Mastectomy, and Breast Reconstruction // Journal of Clinical Psychology in Medical Settings. - 2013. – Vol. 20. - №3. – Р. 373-382.
  6. John T. Maringwa, Chantal Quinten, Madeleine King et al. Minimal important differences for interpreting health-related quality of life scores from the EORTC QLQ-C30 in lung cancer patients participating in randomized controlled trials // Supportive Care in Cancer. – 2011. – Vol. 19. - №11. – Р. 1753-1760.
  7. Neil W. Scott, Josephine A. Etta, Neil K. Aaronson et al. An evaluation of the response category translations of the EORTC QLQ-C30 questionnaire // Psycho-Oncology. Recent Results in Cancer Research. – 2014. – Vol. 197. – Р.137-152.
  8. G. Tóth, M. Tsukuda The Japanese Version of the EORTC Quality of Life Questionnaire //Handbook of Disease Burdens and Quality of Life Measures. – 2010. – №3. - Р. 285-309.
  9. Cronbach L.J. Coefficient alpha and the internal structure of tests // Psychometrica. – 1951. – Vol. 16. - №3. – P. 297-334.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.