Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Балалар ағзасының өсіп-дамуына әсер етуші табиғи факторларға бейімделу үрдістері

Балалар организмінің табиғи әсерлерге бейімделу үрдістерін терең және толық зерттеп білу. Біз өз мақаламызда балалар организмінің өсіп –дамуына түрлі табиғи факторлардың: барометрлік қысымның, ылғалдылықтың, күн сәулесінің белсенділігін, жауын-шашынның және геомагниттік аймақтардың әсерін терең зерттедік және осы факторларға организмнің бейімделуін бақылау негізгі мақсатымыз болды. Бұл құбылыстар әрі қарай әлі де зерттеледі.

Өзектілігі: Балалар организмі өсіп-даму үстіндегі үрдістермен өмір сүреді. Даму үстіндегі организмге күнделікті әсер етуші факторларға бейімделу – өте күрделі мәселе ретінде қаралады. Өсіп келе жатқан организмге әсер етуші табиғи факторлардың ішінде ауа құрамының қысымы, ылғалдылық, түрлі жауын- шашын, күн сәулесінің белсенділігінің әсерімен қатар табиғи радиацияның, ашып айтсақ: магниттік аймақтың да әсері бар. Осы факторлардың бәрі организмге кешенді түрде әсер етіп, күнделікті өмірде қалыпты жағдай ретінде тіркеледі. Медициналық тұрғыдан молекулярлық, жасушалық, тіндік, жүйелік тұрғыдан өзгерістер анықталып жүр. Бірақ осы факторлардың біреуінің ғана организмге ұзақ, тұрақты әсер етуі, оның декомпенсациялық өзгерістеріне, ішкі ағзалардағы патологиялық үрдістердің қалыптасуына әкеледі.

Мысалы: күн сәулесінің жоғары белсенділігі шегіне жеткенде (шамамен 1020ЭВ) оның құрамында химиялық элементтердің ішінен сутегі ядролары, гелий және оның ауыр иондары көбейеді екен, осы көрініс организмге әсер етуші алғашқы космостық сәулелер ретінде тіркеліп, кейіннен күшейіп, қайталанып, нуклеондар, мезондар, электрондар мен фотондар жиналып тұрақты магниттік аймақты қалыптастырады.

Балалар организміне қатысты кешенді әсер ететін табиғи факторларға бейімделуді тұрақты жүйелі түрде қалыптастыратын кезеңдерге бөлсек:

  • Бала дүниеге келгеннен кейін алғашқы жарты жыл – дәл осы кезеңде физиологиялық процестердің дестабилизациясы жүреді.
  • 2,5 – 3 жас аралығы, мұнда гомеостатикалық үрдістердің тұрақтылығы қалыптасады, функционалды өзгерістер жасушалық және молекулярлық деңгейде жүреді.
  • Бейімділіктің тұрақтануы 12 – 15 жас аралығы.

Тұрақтылыққа әсер етуші жүйелердің жүктемелерінің қалыптасу кезеңі, биохимиялық үрдістер бірқалыпқа келіп, майда қан тамырларының өткізгіштігі өзгереді. Дәл осы кезеңде патологиялық үрдістер белең алады. Соның ішінде тыныс алу жүйесінің түрлі қабынулары, кілегейлі қабықтың жасушаларының зақымданулары әсерінен аллергиялық үрдістер қалыптасады.

Организмнің мүмкіндіктерінің резервті түрдегі өзгерісі. Бұл түрлі созылмалы аурулардың қалыптасу кезеңдері деп аталады: ас қорыту жүйесі, тыныс алу жүйесі, жүйке жүйесінде ауытқулар тұрақты түрде орын алады.

Осылайша организм ересек күйге өтіп, бейімделу, табиғи факторларға төтеп беретін терең резервті өзгерістер мен тұрақтылық қалыптасады. Егер организмде бейімделу үрдісі нашарласа, онда жасушалық –генетикальщ қоры әлсіреп, әлсіздік пайда болып, патологиялық созылмалы көріністер тұрақты түрде қалыптасады.

Организмге әсер етуші созылмалы патологиялық процестерді тудыратын тағы да бір қауіп факторы – вибрация. Тұрақты түрдегі үдемелі әсер «вибрациялық ауруды» тудырады. Бұл ауру пайда болғанда алғашында жүрек – қан тамыр жүйесін зақымдайды, анығырақ айтсақ, тіндердегі көмірқышқыл газының шығарылуы төмендеп, қанға оттегі түспейді, сондықтан майда қан тамырлар арнасы тарылып, алмасу процесстері жүрмейді. Дүние есігін жаңа ашқан нәрестелерде вибрация деңгейінің жергілікті әсерінен вестибулярлық аппарат зақымданады. Сол себепті бала жиі құсып, тәбетінен айырылып, бас ауыруының салдарынан жылауық, мазасыз күй кешеді. Вибрация әсерінен иммунитет нашарлап, эндокриндік бездердің функциясы әлсіреп, зат алмасу төмен түсіп кетеді. Ас қорыту жүйесінде үшектердің зақымдануының салдарынан метеоризм дамып, ішектің перистальтикасы нашарлап, ішектің өткізгіштігі төмендейді, өтте іркілу процестері туындайды. Ұзақ уақыт әсер еткен вибрация салдарынан вегетативті – сенсорлы полиневропатия дамиды. Вибрация әсерінен нәрестелер жаңа өмірге бейімделу процестері кезінде ауыру сезімін, дене температурасын және тактилді сезімталдықты нашар сезінетін болады. Бұл сезімталдықтардың жойылғанын бала денесін ұстағанда, аяқ – қолының мұздай болуы, бұлшық еттерінің қатаюынан және қимыл – қозғалысы шектелген енжарлық белгілерінің пайда болуынан түсінеміз.

Осылай организм созылмалы ауруларға душар болады екен. Ал енді тікелей жауын – шашынның ықпалына тоқталсақ. Ылғалдылықтың екі түрі бар: ауаның жоғарғы және ауаның төменгі ылғалдығы. Ауаның жоғарғы ылғалдығы географиялық аймақта жауын – шашынның көп түсуі кезінде байқалады, ал құрғақшылық болған аймақтарды ауа ылғалдылығытөмен деп саналады. Балалы отбасылар үшін үйде немесе паәтерде ауа алмасуын жақсартатын вентеляциялық құдықтар немесе ауа баптағыштарының болуы маңызды. Ұзақ уақыт ылғалдылығы төмен бөлмеде отырған балалар тез шаршағыштық және апатияға бейім, ылғалдылығы төмен ауа теріге өз әсерін тигізіп, терінің бозаруына, сезімтал аллергиялық реакциялар қалыптастырады. Мұрынның, ауыздың, кейде көздің щырыщты қабаттарының құрғауынан бала ауцызбен дем ала бастайды, сілекей бөлінуінің төмендеуі баланың тәбетінің төмендецуіне алып келеді. Жасы үлкенірек балаларда қарама – қарсы реакциялар көрінеді: тез қозғыштық, беттің гиперемиясы, кейде бастың ауыруы мен бастың айналуы. Ылғалдылығы төмен бөлмелерде ұзақ уақыт болу ауа – тамшылы жолмен берілетін респираторлы аурулардың өршуіне қолайлы жағдай болып табылады.

Балалар организміне әсер етуші тағы бір метеорологиялық фактор – қышқылды жауын – шашын. Жаңбыр суының нормальдық реакциясы pH – 5, 6. Ауа құрамындағы көмірқышқыл газының еруінен әлсіз көмір қышқылы пайда болып, күкірт мен азод оксидтерінің мөлшері көбейеді. Оның салдарынан бала организмінің антропогендік өлшемдері ретсіз өзгеріске ұшырайды. Тері астты май қабаттары жойылып, құлақтың, мұрынның, өңештің, кеңірдектің кілегейлі қабатында түрлі дистрофиялық өзгерістер қалыптасып, жалпы иммунитет төмендеп, жауын құрамындағы түрлі қоспалардың әсерінен аллергиялық реакциялар қалыптасады. Қышқылды жауын – шашынның соңғы жылдары жиі түсуінің әсерінен балалар организмінде статистикалық зерттеулер бойынша басқа аурулармен салыстырғанда аллергиялық реакциялардың басымдылығы анықталған.

Келесі теріс фактор – магниттіка толқындарпдың әсері. Адам ағзасындағы магниттік толқындарға тәуелді, аса жоғары сезімталдық танытатын жүйе – жүйке жүйесі. Өйткені жүйке жасушалары нейрондар электр зарядын тасымалдаушылар, оның үстіне магниттік өрістерді тартып тұратын ішкі мүшелердің құрамындағы металдар иондарының қуатталған бөлшектері бар. Соның әсерінен бас ауруының ұстамалы түрлері өрши түседі, ойлау қабілеттілігі нашарлайды. Ұзын толқынды магнит ауқымы әсер еткенде онкологиялық аурулар өршіп, Альцгеймер, Паркинсон ауруларына әкеліп соқтырады. Магнитті толқындардың әсерінен көздің торлы қабатындағы сенсоэпителиоциттердің қызметі бұзылып, көз көруі нашарлайды. Кішкене жастағы балаларға магнитті өрісті толқындардың әсерінен сақтау үшін ұялы телефонды беруге болмайды., балалар тағамын микротолқынды пештерде жылытуға шектеу қою қажет. Биологиялық түрлі зерттеулер бойынша магнитті толқындар үздіксіз әсер еткендіктен адам ағзасында түрлі канцерогендер жинала бастайды екен, олар түбінде онкологиялық процестер тудырады. Қысқа магнитті толқындар бала компьютерде көп отырғанда, планшеттермен ойнағанда жүйкесін тоздырып, бастың тұрақты ауруына соқтырады, ұйқысы қанбай, шаршап, әлсіздік пайда болып, тәбетін төмендетеді. Қолдың білектерінде ісік пайда болып, омыртқасы қисайып (скалиоз, кифоз), дене салмағы артады. Сондықтан қазіргі кезеңде 60 ¿ балалар артық салмақтан зардап шегеді.

Балалар организміне әсер ететін тағы бір маңызды фактор – барометрлік қысым. Барометрлік қысым қысқа уақытта көрсеткен аз ғана әсерінен организмде кешенді түрде өзгерістер қалыптасады. Жоғары барометрлік қысымның әсері Кессондық ауруда, су асты тоннельдерде, суға сүңгумен байланысты жұмыстарда, барокамераларда, скуба кезінде байқалады, ал балаларда биік тауға шыққанда, жиі барокамераларға барғанда оттегінің жеткіліксіздігі туындайды, нәтижесінде бас ауырады. Сонымен қатар көз көруі нашарлап, аяқ-қолдары тартылып,әлсіреп,тер басып,дискомфорттық жағдайлар үдемелі түрде әсер етеді,ұйқысы бұзылады,ентігу пайда болады.2000 м биіктіктен жоғары көтерілгенде өкпеде,мида сулы ісіну дамыпқысымның шектен тыс жоғарылауынан мұрында,асқазан-ішек жолдарында қан құйылады.Балаларды биік тауларға алып шыққан кезде организмде жалпы компенсаторлық-бейімделу тетіктері іске қосылады.Ол тұрақты түрде гипервентиляция,қандағы эритроциттердің мөлшерінің көбеюін және тіндердегі түрлі зат алмасу үрдістерінің өзгерістерін туғызды.Қалыпты жағдайда қан мен тіндерде еріген күйде болатын газдар қан құрамында көпіршіктер түзіп,газды эмболияға әкелуі мүмкін.Буындарда,сүйектерде,аяқ-қол бұлшық еттерінде қатты ауыру сезімі пайда болады,парезтезиядан басталып,сал ауруының түрлі сатылары дамып,жүйке бұзылыстарына алып келеді.Өкпе ішілік тамырларда май тіні қалыптасып,ауқымды эмболия түзіледі. Мұндай ишемиялық жағдай барлық ішкі мүшелерде дамиды. Барометрлік қысымның қолайсыз әсерінің алдын-алу шаралары:

  • Бас ішілік қысымы жоғары балалардың биіктік деңгейге шықпауын қадағалау;
  • Қауіп-қатерлердің алдын-алу;
  • Декомпрессиялық ережелерді қатаң сақтау;
  • Жоғары биіктікке көтерілу немесе төменгі деңгейге түскен уақытта қауіпсіздік ережелерін бұлжытпай орындау;
  • Тыныс алу қоспаларын гелиймен алмастыру. 

Қорытынды:

Организм балалық кезеңнен жасөспірім кезеңіне ауысқанда түрлі метеорологиялық факторлардың әсерінен жүрек-қан тамырлар,сезім мүшелері,әсіресе тірек-қимыл жүйелерінің әлсіздігі байқалады екен.Осылайша әр түрлі табиғи факторлардың әсеріне организм түрліше жауап береді,дегенмен біз өз зерттеулерімізде бейімделу факторларын осылай тұжырымдадық.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Агаджанян И.А. Эколого-физиологические аспекты адаптаций организма к экстремальным условиям // Тезисы доклада хv сьезде Всесоюзного Физиологического общества им. Павлова. – Кишинев: 1987. – Т-1. – С. 38-39.
  2. Колесов Д.В, Тупицин И.О. Адаптационные возмажности организма детей и подростков // Тезисы доклада на хv сьезде Всес. Физиологического общества им. Павлова. – Кишинев. – 1987. – Т-1. – С. 76-78.
  3. Хрипкова А.Г, Фарбер Д.А. Физиологические особенности растущего организма // Тезисы доклада хv сьезде Всес. Физиологического общества им. Павлова. – Кишинев. – 1987. – Т-1. С. 76-78.
  4. Москальцова б.Г. Общефизическая подготовленность детей – школьников младших классов г. Бишкек // Тезисы докл. Межд. Конференц. –Бишкек: 1998. –ч-1. – С. 112-113.
  5. Соколов А.Д, Абишева З.С. Валеология – наука о здоровье. – Алматы: Гылым, 1999. - 139 б.
  6. Чумаков В.Н. Валеология. – М.: 1997. – 245 б.
  7. Увалиева Г.К. Естественные-научные аспекты изучения взаимоотношения «человек-природа» // Вестник КазНПУ им Абая. – 2004. - № 1(5). - С. 52-57.
  8. Усенов С.М. Здоровья нефтяников и населения региона Тенгизского нефтегазового комплекса // Медикосоциальное аспекты здоровья населения регионов экологического бедствия: сб. Научных трудов. – Алматы: 1994 – С. 184-188.
  9. Каламкарова Л.И, Багрянцева О.В. Международный опыт применения БАД для детей с алиментарной недастаточностью // Материалы международной научной практической конференций «Биологически активные добавки к пище и функциональные продукты питания –искорение микронутриентной недастаточности». – Алматы: 2005. – С. 99-102.
  10. Шандала М.Г, Звиняцковский Я.И.Гигиенические аспекты экологии человека в городе // Урбоэкология: сборник научных трудов. –М.: Наука, 2008. – С. 149-158.
  11. Намазбаева З.И. Некоторые биохимические аспекты биологического действия факторов малой интенсивности. // Проблемы медицинской экологии: сборник статей. – Караганда: 1995. – Т. 2. – С. 63-66.
  12. Дмитриев П.С, Смагулов Н.К, Канжугина К.М.Состояние и оценка физического развития учащихся 5-6 классов города Петропавловска // Материалы IVсьезда физиологов Казахстана. - Астана-Караганда: 1999. – С. 361-363.
  13. Агаджанян А, Руженков В, Руженкова И. Цивилизация и здоровье. – Стваврополь: 1990. - 94 с.
  14. Мукашева М.А.Формирование групп повышенного риска среди детей при воздействии антропогенных факторов малой интенсивности // Проблемы медицинской экологии: сборник статей. – Караганда: 1995. – Т.2. – С. 133-136.
  15. Байтулин И.О, Рубашек В.Г, Рахимбаев И.Р, Ситникова А.С. Зеленая «фабрика» чистого воздуха. – Алматы: Наука,1979. – 118 с.
  16. Смагулов Н.К, Нугуманова Ш.М. Состояние школьников в прцессе адаптации организма к неблагоприятному воздействию внешней среды // Материалы IVсьезда физиологов Казахстана. - Астана-Караганда: 1999. – С. 438440.
  17. Намазбаева З.Н. Медико-биологический моноторинг в качестве адаптационных возможностей организма при хроническом воздействии антропотехногенных факторов // Материалы Vсьезда физиологов Казахстана. «Физиология, адаптация, стресс». – Караганда: 2003. – С. 236-239.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.