Зерттеу мәліметтері бойынша 2015- 2016 жж Алматы қаласы тұрғындарының 60% жуығы аллергиялық реакцияның ішінде есекжемге байланысты жедел жәрдем көмегіне жүгінген. Жиілігі бойынша Квинке ісінуі мен аллергиялық контактты дерматит келесі кезекте.Сонымен қатар Лайелл синдромына байланысты шақыртулардың көбейгені анықталды. Өлім көрсеткіштері 2015 жылы ғана тіркелген.
Өзектілігі: Қазіргі уақытта аллергиялық аурулар кең таралған патологиялық ауру болып табылады. Осы аурумен жер шарындағы халықтың 40% зардап шегуде.Қазақстанда аллергиялық аурулармен ауыратын адамдардың нақты саны белгісіз болғанымен, мамандардың есептеуі бойынша 2 миллионнан асады екен. Аллергиялық аурулардың саны жыл сайын өсуде. Сол себепті уақтысында мамандарға жүгіну үшін, аллергияның не екенін, оның белгілері мен асқынуын білу өзекті мәселе болып отыр.
Аллергиялық реакциялар -жиі дәрілік заттардың әсерінен дамиды(7-30%науқастарда). Бұл заттарға антибиотиктер, қан плазмасының препараттары және оның белоктары,полипептидті заттар, антисептикалық, антиоксикалық сарысулар,новокаин, пероральды гипогликемиялық заттар, нейролептиктер, йод дәрілері жатады.
Шұғыл жағдайлар жиі аллергиялық реакцияның жылдам типі даму себебіне байланысты күтпеген жағдайда туады және анафилактикалық шок (дәрілік АШ), Лайелл синдромы, аллергиялық контактты дерматит, есекжем, Квинке ісінуі түрінде көрінеді.
Сонымен қатар аллергиялық реакциялар тағамдық аллергендер -балық, ет, жұмыртқа, сүт, шоколад, дәнді-дақылдар, томат, тағамдық қоспалар, антиқышқылдар, бояулар, иістендіргіштер және басқалардан болады.
Өндірістік аллергендер, инфекциялардан дамыған аллергендер, өсімдік, тұрмыстық (шаң, жәндік бөлшектері) және т.б. бар. Улы жәндіктер шаққанда жергілікті және жалпы ауыр аллергиялық реакцияларды туғызады.
Аллергиялық реакциялар үш сатыдан жүреді – иммунологиялық, патохимиялық, патофизиологиялық (немесе клиникалық).
Аллергиялық реакциялардың клиникалық сатысы әр-түрлі түрде көрінеді, «антиген-антидене» кешенінің мөлшеріне, таралу орнына,аллергеннің таралу орнына қайта енгеннен кейін 10-20 минут ішінде дамиды.
Анафилактикалық шок- бұл аллергиялық реакциялардың ішінде ең ауыр түрі.Ол жиі жоғарыда аталған дәрілік заттарды қолданғанда кездеседі, кейде дәрінің аз ғана мөлшерін қолданғанда, мысалы антибиотиктерге сезімталдықты анықтағанда болады.
Науқастарды емдеудің жалпы прициптері ағзада болып жатқан жіті тыныс жетіспеушілігі, жүрек- қан тамыр жетіспеушілігі сиякты және басқа да бұзылыстарды жоюға бағытталуы қажет.Дәрігер аллергиялық реакциялардың барлық III сатысының ағымына әсер етуге мүмкіндігі бар екендігін есте сақтуы қажет.
Жедел эпидермальды некролиз немесе Лайелл синдромы - өте ауыр аллергиялық реакция , АШ – қа ұқсас жалпы және жергілікті көріністермен көрінеді , тері және шырышты қабаттар зақымдалады.
Есекжем – кезінде науқастың жағдайы аса ауыр болмайды және аса шұғыл ем шараларды қажет етпейді.Есекжемнің ең бірінші элементі – үлбіреуік , ол емізікті қабаттың жедел ісігі нәтижесінде дамиды. Теріде қышыну, әлсіздік , бастың ауруы. Пайда болған үлбіреуіктер әр – түрлі сатыларда болады. Кейбір капиллярлар кең көлемді , кейбіреуі – қысылған болады , осыдан сыртқы полиморфизмды көруге болады. Үлбіреуіктер бір – біріне қосылған кезде терінің бір бөлігі қызарған , ал кейбір бөлігі ақшыл түсті.
Квинке ісігі - бұл есекжемнің ауыр түрі , ол кезде аллергиялық реакция терінің емізікті қабатында болады.Мұнда аллергиялық реакциялардың барлық тері қалыңдығына , тері асты клетчаткасына , тіпті бұлшық етке жайылуы. Үлкен боз, тығыз инфильтрат пайда болады , оны қолмен басқанда ойық қалмайды. Мақсаты: Алматы қаласы тұрғындарының әртүрлі аллергиялық реакцияларға байланысты жедел- жәрдем шақыртуларына сараптама жүргізу.
Зерттеу әдістері: Біз 2015-2016 жж Алматы қалалық жедел жәрдемінің № 3 қосалқы станциясына аллергиялық реакцияларға байланысты шақырту карталарын сараптадық. Осы уақыт аралығында барлығы-15886 шақырту болған. Оның ішінде аллергиялық контактты дерматит, есекжем, Лайелл синдромы,сонымен қатар қауіпті болып саналатын анафилактикалық шок және Квинке ісінуі бар.
Зерттеу нәтижелері және оны талдау: Барлық шақыртулардың саны 2015ж -8144 (сурет 1), ал 2016ж -7742 (сурет 2) құрады. Оның ішінде 2015 ж аллергиялық контактты дерматит 770 (9,5%), есекжем 4820 (59,1%), Лайелл синдромы 547 (6,7%), анафилактикалық шок 188 (2,3¿), Квинке ісінуі 1756 (21,6¿) ,тағамға патологиялық реакция нәтижесінде
Үй жағдайында қалдырылған науқастар саны 4508, жалпы көрсетілген көмектің 55,6¿ құрайды ( аллергиялық контактты дерматит 13,4¿, есекжем 64,6¿, Лайелл синдромы 7¿, анафилактикалық шок 0¿,Квинке ісінуі 14,9¿, тағамға патологиялық реакция нәтижесінде дамыған анафилактикалық шок 0,1%).
Стационарға жеткізілген науқастар саны 2043, ,жалпы көрсетілген көмектің 25¿ құрайды (аллергиялық контактты дерматит 3,9¿, есекжем 50,1 ¿,Лайелл синдромы 4,5¿, анафилактикалық шок 4,6¿,Квинке ісінуі 36,3¿, тағамға патологиялық реакция нәтижесінде дамыған анафилактикалық шок 0,6%).
Арнайы көмек көрсетілген науқастар саны 1299 жалпы көрсетілген көмектің 15,8¿ құрайды (Лайелл синдромы 6,8¿, анафилактикалық шок 37,3¿, Квинке ісінуі 54,2¿, тағамға патологиялық реакция нәтижесінде дамыған анафилактикалық шок 1,7¿) Өлім көрсеткіші: Жедел жәрдем бригадасы келмей тұрып өлім саны 87 (1¿) (Лайелл синдромы 25,3¿, дамыған анафилактикалық шок 63 (0,8¿) құрады. анафилактикалық шок 41,4¿, Квинке ісінуі 33,3¿, тағамға патологиялық реакция нәтижесінде дамыған анафилактикалық шок 0¿).
Бригададағы өлім саны 19 (0,2¿) (аллергиялық контактты дерматит 0¿, есекжем 0¿,Лайелл синдромы 47,4¿, анафилактикалық шок 36,8¿,Квинке ісінуі 15,8¿, тағамға патологиялық реакция нәтижесінде дамыған анафилактикалық шок 0%).
Басқа орын алған жағдайлар саны 190(2,3%құрайды)(аллергиялық контактты дерматит 19¿, есекжем 30 ¿,Лайелл синдромы 13,2%, анафилактикалық шок 7%,Квинке ісінуі 17,5%, тағамға патологиялық реакция нәтижесінде дамыған анафилактикалық шок 13%).
2016 жылдың қазан айына дейінгі мәлімет бойынша аллергиялық контактты дерматит 724 (9,4%), есекжем 4690 (60,5 %),Лайелл синдромы 447(5,7%), анафилактикалық шок 202( 2,7%),Квинке ісінуі 1606 (20,8%), тағамға патологиялық реакция нәтижесінде дамыған анафилактикалық шок 73( 0,9%).
Үй жағдайында қалдырылған науқастар саны 4745, жалпы көрсетілген көмектің 48,5% құрайды ( аллергиялық контактты дерматит12,6%, есекжем 68,8%, Лайелл синдромы 4,7%, анафилактикалық шок
- 2¿,Квинке ісінуі 13,1¿, тағамға патологиялық реакция нәтижесінде дамыған анафилактикалық шок 0,6%).
Стационарға жеткізілген науқастар саны 2034, жалпы көрсетілген көмектің 33,8¿ құрайды (аллергиялық контактты дерматит а 4¿, есекжем 44,5¿,Лайелл синдромы 7¿, анафилактикалық шок 6,3¿,Квинке ісінуі 36,5 ¿, тағамға патологиялық реакция нәтижесінде дамыған анафилактикалық шок 1,7¿). Арнайы көмек көрсетілген науқастар саны 852 жалпы көрсетілген көмектің 9,5¿ құрайды (аллергиялық контактты дерматит 5,2¿, есекжем 59,8 ¿, Лайелл синдромы 7,8¿, анафилактикалық шок 1,5¿, Квинке ісінуі 25,3 ¿ , тағамға патологиялық реакция нәтижесінде дамыған анафилактикалық шок 0,4 ¿) Өлім көрсеткіші - жоқ Басқа орын алған жағдайлар саны 111 (8,2¿ құрайды) (аллергиялық контактты дерматит 0,9¿, есекжем 6,3¿ ,Лайелл синдромы 9,9¿, анафилактикалық шок 46¿,Квинке ісінуі 18,9¿, тағамға патологиялық реакция нәтижесінде дамыған анафилактикалық шок 18%).
Қорытынды: зерттеулеріміздің нәтижесінде анықталғаны, соңғы 2 жыл (2015-2016жж) аралығында Алматы қаласы тұрғындарының басым көпшілігі аллергиялық реакциялардың ішінде есекжемге (60¿ жуығы) байланысты жедел жәрдем көмегіне жүгінген, жағдай жақсаруына байланысты бұл науқастардың көбісі үй жағдайында қалдырылған. Жиілігі бойынша Квинке ісінуі мен аллергиялық контактты дерматит келесі кезекте, мұндай науқастар көп жағдайда ауруханаға жеткізілген. Сонымен қатар соңғы екі жылда Лайелл синдромына байланысты шақыртулардың көбейгені анықталды. 2015 жылғы аллергиялық реакциялардан болған өлім саны- 106, оның көпшілігі анафилактикалық шок, Квинке ісінуі және Лайелл синдромына байланысты, ал 2016 жылы жалпы аллергиялық реакциялармен өлім көрсеткіші тіркелмеген. Бұл аллергиялық реакцияларда көрсетілетін жедел жәрдемнің дер кезінде және нақты көрсетілетінін дәлелдейді.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Г. Лолор, Т. Фишер, Д. Адельман Клиническая иммунология и аллергология. - М.: Практика, 2000. - 806 с.
- И.И. Балаболкин, Соснина О.Б. Пищевая аллергия у детей и подростков // Рос. аллергологический журнал. - 2006. № 3. - С. 44-52.
- Г. Кеммерер Аллергические диатезы и аллергические заболеванияю. - М.: Биомедгиз, 1936. - 418 с.
- Л.А. ГорячкинА, К.П.Кашкин Клиническая аллергология и иммунология: руководство для практикующих врачей. М.: Миклош, 2009. - 432 с.
- Турланов К.М., Қалқабаева С.А. Жедел медициналық жәрдем. - Алматы: 2011. - 467 б.