Зерттеу тақырыбының өзектілігі Медициналық көмектің сапасысының жақсаруы мен қолжетімділігі - жыл сайынғы Президенттің Қазақстан халқына жолдауында және 2011-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламада бекітілген, ҚР азаматтарының денсаулық сақтау саласындағы, мемлекеттік саясаттың маңызды нышандарының бірі. Жаңа жағдайдағы реформалау мен қаржыландыру мақсатында, ҚР денсаулық сақтау саласының алдында:халыққа медициналық көмекті үйымдастыру, сапасын жақсарту және тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру сияқты күрделі мәселелер тұр [1].
Медицинадағы емдеу үрдісі барысындағы азаматтардың ерекше құқықтарының сақталуы керектігін және оның маңызды екендігін гуманистік тағлым ету дәлелдейді *2+. Әрбір пациенттің белгілі бір құқықтары мен міндеттерін бұзған жағдайда әкімшілік, тіпті заң жүзінде жауапқа тартылады *3+. Медициналық этика да, заң да негізінде бір сұрақты реттейді, олар: медқызметкерлердің, пациент пен қоғамның өзара қарым-қатынасындағы міндеттері мен құқықтары, медициналық көмек көрсету және алу шарттары, көрсетілетін көмек сапасы, еңбек мерзімі, көлемі және еңбек ақының реттілігі, т.б. *4+. Атап кететін жағдай, соңғы кездері мейірбике мен пациенттің өзара қарым қатынасының көрінісінде неғұрылым жылдам өзгерістер болуда *5+.
БМСК ке түсетін салмақтың ауырлығын есепке ала отырып, жалпы тәжірибелік дәрігерлер институтының кеңейе түсуімен қатар, жанұялық/участкелік мейірбикенің де ролі және өзіне тән қасиеттерінің ерекшеліктері артуда *6+. Қазақстан Республикасының қоғамдық денсаулық сақтау саласында этика-құқықтық нормалары ескерілген, медициналық қызметкерлер мен пациенттердің өзара қарым қатынасын зерттеу актуальды мәселе болып саналады *7+.
Зерттеудің мақсаты: Мейірбике мен пациенттің этика- құқықтық нормалармен қамтылған өзара қарым - қатынасын зерттеу және оларды толық жетілдіре отырып,мейірбике мен өзара іс-әрекетінің жақсарту жолдарын әзірлеу, нұсқауларды өңдеу.
Зерттеу әдістері:
- Ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге аналитикалық шолу
- Сауалнама
1) Мейірбикелерге әзірленген сауалнама этика-құқықтық ережелердің өте өзекті мәселелерін анықтау мақсатында жүргізілді. Мейірбикелердің сауалнамасы 23 сүрақтан түрады.
2) Пациенттерге әзірленген сауалнама этикалық өте өзекті мәселелерді анықтау үшін жүргізілді. Пациенттердің сауалнамасы 30 сұрақтан түрады.
- Сауалнама мәліметтерін статистикалық талдау. Стандартты компьютерлік бағдарлама «Анкетирование» және Windows арналған SPSS бағдарламасы қолданылды. Алынған мәліметтерді статистикалық өңдеу «Statistica-8,0» қолданбалы бағдарламалар пакетінің көмегімен жасалды.
Қорытынды.
Заманауи қоғамның дамуы кез-келген салаға өзгерістер енгізді.Бүл өзгерістер адамдар арасындағы қарым- қатынас талаптарының өзгеруімен түсіндіріледі. Медицина саласының дамуы, медицина қызметкерлері мен науқастар арасындағы қарым-қатынасқа жаңа талаптар қоя бастады.
Медициналық қарым-қатынас мәселелері өте өзекті мәселе, себебі денсаулығы мықты азаматтар ел болашағы. Емдеу үрдісінде науқаспен жақсы қарым қатынас орнату өте маңызды. Болашақта еліміздің сапалы және қарқынды дамуы үшін медициналық қызметкермен науқастардың арасындағы этикалық түрғыдан кездесетін мәселелерді шешу қажет. Соның ішінде әсіресе мейірбикелер мен науқастардың арасындағы, себебі жүмыс уақытының көбін науқастар мен өткізетін мейірбикелер болып саналады. Бүндай мәселелер медицина қызметкерлері тарапынан этикалық нормаларды сақтамау және өз міндеттерін дүрыс атқармау себептерінен болады.
Қалалық емханалардағы мейірбикелер мен пациенттердің өзара қарым-қатынасының этикалық- қүқықтық аспектілеріне әлеуметтік бағалау жүргізілді.Жүргізілген зерттеулер нәтижесі бізге төмендегідей қорытындылар жасауға мүмкіндік берді. Респонденттердің 42,9%- емхана мейірбикесінің жүмысына қанағаттанады. 28,6%- еңгізген дәрілер жайлы мағлүмат ала алмаған,17,0% - емдік-қорғау режимі жайлы,8,6% өзінің денсаулығы жайлы,2,9%-аурулардың профилактикалық Мейірбикелердің кезіндегі дәрі әдістері жайлы қателіктерінен 34,3%- дәрмектер жайлы хабарсыз. ем шара мағлүмат бермейтіндігін, 31,4%-Емдік шараларға алдын ала психологиялық дайындық жүргізбейтіндігіне шағымданады.
Мейірбикелермен өзара қарым-қатынасқа түскен кезіңдегі келеңсіз жағдай 65,7% болмаған.17,1%-қажетті анықтамалық қағаз алмаған. 8,6%-инъекциялық ем- шараларды ашумен,ауру сезімін тудыратындай етіп жүргізген.2,9%- мейірбике кабинеттен қуған, дәрі- дәрмектеді дөрекі берген.Респонденттердің 51,4%- дәрігердің мейірбикеге айқайлағанын жиі кездестірсе, 17,1%-пациенттің мейірбикеге айқайлауын,14,3%- дәрігердің пациентке айқайлауын кездестірген.
Пациенттермен жағымды оң қарым қатынас орнатуға, мейірбикеге әсер ететін кедергілерден (40,0%) -мейірбикелердің уақытының жеткіліксіздігін, 37,2%- Мейірбикенің жұмысының қанағаттанарлықсыз және дұрыс ұйымдастырылмауы, 11,4%-Пациенттердің сабырлық танытпауы және мейірбикелердің тәжірибелілігінің төмен дәрежесін айтты.
Респонденттеріміздің басым көпшілігі (60%) мейірбике мен пациенттің арасындағы этикалық-құқықтық аспектілері дүрыс сақталуы үшін -мейірбикенің айлығын көтеру, 20%-Ынталандыру жұмыстарын ұйымдастыру (мотивация), 14,3%-Қатаң тәртіп орнату керектгін айтса, 5,7%-Пациенттің өз құқығын білуі қажет деп есептейді. Біздің елімізде мейірбикенің ролін бағалауда сұхбаткерлердің басым көпшілігі (74,3%)-дәрігерден төмен деп бағалады.14,3%-айта алмады, 5,7%-
мейірбикенің орны жоғары,себебі ол уақытының 70% науқаспен өткізеді және дәрігермен тең деп есептесе, мейірбике өз алдына жеке маман дегенмен ешкім келіспепті.Сонымен қатар респонденттеріміз инъекциялық ем шара кезінде мейірбикелердің дәрілік заттардың тиімділігі мен сапасы туралы ақпарат бермейтіндігіне шағымданды (68,6%).
Өздерінің құқықтарынан пациенттеріміздің:54,3%- қандайда бір кемсітушісіз кезектілікпен медициналық көмек алуға құқылы екендерін, 22,9% - өз денсаулығын сақтаудың қамын жасауға, 14,3%- медициналық технологиялардың қазіргі деңгейі қандай мүмкіндік берсе, сондай шамада дерт зардабының жеңілдетілуіне, 8,6%-диагностика, емдеу және күтім жасау процесінде өзіне лайықты ілтипат жасалып, өзінің мәдени және жеке басының құндылықтарына құрмет көрсетілуіне құқылы екендерін айтты.Мейірбикелердің 90% пікірінше - мейірбике мен дәрігерлердің қарым-қатынасында этикалық мәселелер жиірек туындайдығы қынжылтады. Мейірбикелердің басым көпшілігі (80,0%)-науқас айтқанын орындамаса, қарсы келсе, науқаспен этика-
құқықтық аспектілерін сақтай отырып,әңгімелесетіні қуантады.Соңғы 5 жылда қызметтерінде кездескен қиыншылықтардан (60,0%), пациенттің этика-құқықтық аспектілері жайында білімінің жеткіліксіздігін атап көрсетті.Мейірбикелердің сыбайлас жемқорлыққа жол берген кездері болмағандығы бізді қуантады ( 60% ). Қорыта келе, еліміздегі мейірбикелер мен науқастардың арасындағы қарым-қатынастарды әлі де шешуді қажет ететін бірнеше мәселелер бар. Солардың ең негізгісі екі жақтың да құқықтыры мен міндеттірі жайында білімінің төмендігі.Осыған байланысты елімізде білімді және біліктілігі жоғары медицина қызметкерлерін дайындау және сол арқылы медициналық қызмет көрсету мәдениетін жоғарылату қажет. Аталған мәселелерді тиімді шешіп, медициналық қызметкерлердің білімін жоғарылатсақ, медициналық қызмет сапасы жоғарылап,еліміздің дамуы нәтижелі болады деген сенім бар. Мейірбикелер мен науқастардың арасындағы этика-құқықтық нормалардың сақталуы медицина саласының дамуына себеп болады. Аталған мәселелерді шешу мейірбикелер мен науқастар тарапынан келесідей мәдени және әлеуметтік ерекшеліктерді сақтау арқылы нәтижелі болмақ:әлеуметтік және медициналық этика бойынша денсаулық сақтау кәсіби мамандарын дайындау және оқыту,медициналық қызметкерлер және қоғамның ақпаратпен қамтамасыз етілуін жоғарылатуға бағытталған іс-шаралар жүргізу, құқық саласында тұрғындарды ақпараттандыру жұмыстарын күшейту.
Бұл зерттеу жұмысы медициналық қызметкерлер мен пациенттердің этикалық-құқықтық білімін, денсаулық сақтау саласының дамуымен сәйкес жетілдіріп отыруды қажет ететіндігін айқындайды.Медициналық қызметкерлер мен пациенттер арасындағы өзара этика- құқықтық қарым-қатынас пациенттің құқығының сақталуы мен сыйластыққа негізделуі тиіс.Этикалық ережелер мен нормалардың қарапайым түрінің сақталуының өзі де кәсіби мамандар жұмысының ,пациенттердің шағым жасауының алдын алуға бірден бір кепіл.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Конституция Республики Казахстан.
- Биомедицинская этика, учебное пособие/под ред. Мишаткиной Т.В., С.Д. Денисова, Я.С. Яскевич/ - Минск.: ТетраСистемс, 2003. - C.136-166.
- Уголовный кодекс Республики Казахстан, 1997.
- Отношение населения к своему здоровью и системе здравоохранения: Результаты социолог. исслед. / *Под ред. Г. Нокиной, В. Гуревич+.- Алматы: *Фонд XXI век+, 2002.- C. 15-41.
- Иванюшкин А.Я., Курило Л.Ф., Лопухин Ю.М., Седова Н.Н., Тищенко П.Д., Юдин Б.Г. Биоэтика: вопросы и ответы. – М.: Прогресс-Традиция, 2005. – C. 8-9, 48-59.
- Зыятдинов К.Ш. Некоторые этико-правовые проблемы взаимоотношений врача и пациента // Проблемы социальной гигиены, здравоохранения и истории медицины. – 2000. - № 2. – С. 22-25.
- Закон Республики Казахстан «Об охране здоровья граждан», 2006.