Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Дәрмене жусаны (artemisia cina berg.) дәрілік өсімдік шикізатын жинау, кептіру және сақтау технологиясын жасау

Мақалада дәрмене жусаны (Artemisia cina Berg.) дәрілік өсімдік шикізатын жинау, кептіру және сақтау технологиясының тиісті тәжірибесі келтірілген. Әртүрлі вегетативті фазада сантонин мен эфир майының белсенді заттарының жинақталу динамикасының зерттеу нәтижелері шикізатты жинаудың тиімді мерзімі шілденің соңы мен тамыздың басы екендігін, сол кездегі сантониннің мөлшері 2,5 % , ал эфир майының мөлшері 1,5 %- тен кем еместігін анықтауға мүмкіндік берді. Кептіруді ашық ауада (тікелей күн сәулесінен қорғалған орында), жұқа қабатпен жайып қою арқылы жүргізу ұсынылды.

Дәрмене жусаны дәрілік өсімдік шикізаты көп жылдық өсімдіктің жапырақтары мен гүлдері бар сабақтың кептірілген бүтін жер үсті бөліктері [1]. Дәрілік өсімдік шикізатының сапасын қамтамасыз ету үшін тиісті жинау, өңдеу, кептіру және сақтау шарттары қажет.

Зерттеу мақсаты фармакопеялық сападағы дәрмене жусаны шөбінің жинау, өңдеу технологиясын жасау, сақтау шарттарын құрастыру болып табылады. Дәрмене жусаны – тік тұратын күрделігүлділер тұқымдастығының жартылай бұтағы, биіктігі 3070 см, ашық-қоңыр түсті ағашты, жердің 2-3 м-ге дейін тереңдеген өсімдік. Жетілген өсімдік 25-50 ағаштанған сабақтар түзеді. Жеміссіз бұталары қысқа, ал генеративті өрлеулерінің жоғарғы бөлігінде күзге қарай сыпыртқы тәріздес бұталары жетіліп өседі [2]. Гүлдеу шілде-тамыз айларында болады. Бұл өсімдіктің ең ірі өсімдері оңтүстік Қазақстанда жиі кездеседі, Шымкент, Түркістан және Жамбыл аралығының үшбұрышында көптеп табылады, әсіресе Алғабас, Бүгін және Қызылқұм аудандарында. Әдебиеттік мәліметтер бойынша, дәрмене жусанның бұталары, жапырақтары, сондай-ақ ұсақ сабақтарында 2 %-ға дейін сантонин лактоны болады [4], ашылмаған гүл себеттерінде оның мөлшері 7 %-ға жетеді.

Материалдар мен әдістер

Дәрмене жусаны (Artemisia cina Berg.) дәрілік өсімдік шикізатының жинауы мен дайындауы 2015 жылдың жаз айларында оңтүстік Қазақстан облысының Дермене ауылында гүлдеуге дейін, гүлдеу кезінде және жеміс беру фазаларында Дәрілік заттарды жинаудың тиісті тәжірибесіне (GACP) сәйкес жүзеге асырылды. Өсімдіктің идентификациясы Қазақстан Республикасының РММ «Ботаника және фитониринг институтында» жүргізілді (анықтама №01-04/257 15 тамыз 2015 ж.) [5].

Шөпті (сабақтары, жапырақтары және гүлдері) дайындау шілде-тамыз айларында, бұтақтаудың басталу фазасында жүргізілді. Шөбін жерден 10-15 см биіктікте кесіп, қолмен жинау және тазалау әдісін қолданып, регламенттелген уақыт 7.00-ден 10.00 сағат аралығында жинақталды. Шөпті кептіру «ФитОлеум» ЖШС ұйымында, қоршаған ортаның 28Ã5ºC температурасында, 10-15 см қабаттап төсеп кептірілді, мерзімді түрде аударылып отырылды. Кептірілген шөптің дайындығы сындырғанда сыну сипатына қарай бағаланды. Жиналған шикізат топырақтың қатты бөлшектері, қоқыс, шаң, жәндіктерге тексерілді. Дәрілік өсімдік шикізатының идентификациясы макроскопиялық, микроскопиялық белгілері бойынша ҚР МФ сәйкес тексерілді. Шикізатты 10 кг-нан крафт-қағаздандар дайындалған қаптарға салынады, шикізат атын көрсетіп этикетка жабыстырып, дайындау орнын, жинау уақыты мен нетто салмағы көрсетіледі.

Шикізатты дайындау мен кептірудің технологиялық сызбасы 1 суретте келтірілген.

Нәтижелер мен талқылаулар.

Оңтүстік Қазақстан облысының Дермене ауылында жиналған Artemisia cina Berg. Өсімдігінің әртүрлі вегетациялық фазасында сесквитерпендік лактон-

сантонинінің жинақталу динамикасына зерттеу жүргізілді. Сандық мөлшері Waters 1525 HPLC маркалы ЖЭСХ әдісімен анықталды. Сантониннің мөлшерін анықтау нәтижесі 1-кестеде келтірілген.

Жинау

уақыты

Шөпті жинақтаудағы өсімдіктің вегетациялық фазасы

Сантониннің мөлшері, %

Эфир майының мөлшері, %

1

15.07.2015

Гүлдеуге дейін

1,5±2

1,53±2

2

27.07.2015

Гүлдеу уақыты

2,5±2

1,58±2

3

05.08.2015

Жеміс беру уақыты

1,9±2

1,47±2

Кесте 1 - Әртүрлі вегетациялық фазасындағы Artemisia cina Berg өсімдігі құрамындағы сантониннің мөлшері.

Кестеден көргендей, сантониннің 2,5¿, эфир майының 1,57¿ максималды шығу кезі гүлдеу кезінде жинақталған шикізаттан байқалды. Гүлдеуге дейін және жеміс беру уақытында сантонин мөлшері 1,5±2 ¿ және 1,9¿, ал эфир майының мөлшері сәйкесінше 1,33¿ және 1,43¿ көрсетті.

Алынған мәліметтер негізінде Оңтүстік Қазақстанның Дерменен ауылында жинақталған дәрмене жусаны шикізатын жинау мен өңдеудің тиімді мерзімі шілдеден - тамыз айына дейінгі уақыт аралығында екенін көруге болады.

19.03.15 СанПиН № 232 ережелеріне және ҚР ДСМ № 262 бұйрығына сәйкес 24.04.15 ДЗ, ММБ және МТ сақтау мен тасымалдау бойынша эфир майлы өсімдіктердің сақтау температурасы 18 0С-дан аспау керек.

Нәтижелер.

Сантониннің 2,5 ¿, эфир майының 1,58¿ болатын мөлшеріне негізделіп шикізатты жинаудың тиімді мерзімі белгіленді. Сантонин мен эфир майының жинақталу динамикасын зерттеу нәтижесі әртүрлі вегетация фазасындағы дәрмене жусаны дәрілік өсімдік шикізатын жинаудың оңтайлы уақыты вегетация уақыты (шілде-тамыз айлары) екендігін көрсетті, онда белсенді зат сантонин -2,5 ¿ , эфир майы 1,57¿.

Шикізатты кептіруді ашық ауада, күн сәулесінің тік түсуінен қорғалған жерде, қоршаған орта температурасы 28±5 кезінде кептіргіш рамаларға жұқа қабатпен жаю арқылы жүргізу ұсынылды. Дәрмене жусаны дәрілік өсімдік шикізатын сақтау 19.03.15 СанПиН № 232 ережелеріне сәйкес және ДЗ, ММБ және МТ сақтау, тасымалдау бойынша 24.04.15 ҚР ДСМ № 262 бұйрығына сәйкес 18 0С-ден аспайтын температурада жүргізу ұсынылады.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Государственная фармакопея Республики Казахстан. Том III. - Алматы: Издательский дом «Жибек жолы», 2014. - 872 с.
  2. Комарова В.Л. Флора СССР: В 30-ти томах. - М.-Л.: Изд-во АН ССР, 1954. - С. 386-404.
  3. Павлова Н.В. Флора Казахстана: В 9-ти томах. - Алма-Ата: Изд-во АН КазССР, 1964. - Т.7. - 434 с.
  4. Муравьева, Д.А. Фармакогнозия: Учебник для студентов фармацевтического. - М.: Медицина, 2007 . - 653 с.
  5. Справка №01-04/257 от 15 августа 2015 г.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.