Болашақ фармацевтердің ынталандыруды дамытудағы ең басты факторы оқыту процесінде пәнаралық байланыстың анықталуы болып табылады. Студенттер өз бетінше ішкі және пәнаралық байланыстар схемасын құрастырады, сондай-ақ тек қана пәндер арасындағы байланыстардан бөлек оның ішіндегі қамтамасыз етілетін және қамтамасыз етуші байланыстарға ескертпелер жасайды. Бұл жағдайда студенттерде тек жеке пәндердің байланысы емес ортақ жүйе ретінде көру қалыптасады. Бұл қызметкердің толықтай қалыптасуын қамтамасыз етеді.Химиялық пәндерді зерттеуде ең басты ынталандыру факторы, химияны оқытудағы пәрменді тәсілі - химиялық эксперименттер болып табылады. Химиялық эксперименттерді жүйелі қолдану көп ұзамай оң нәтижелерін беріп жатады: студенттер химиялық химиялық процестердің болмысын жақсы танып-біле алады, заттардың қасиеттерін дұрыс сипаттайды, жинаған практикалық тәжірибелерінің негізінде оның алдында зерттемеген заттарының жүріс-тұрысына алдын-ала болжаулар жасауға әрекет етеді. Химиялық эксперименттер жаңа материалдарды зерттеу мен бекіту, жинақтау кезінде қолданылады.
Осылайша жоғарыда аталған амал мен тәсілдер студенттерді белсенді әрі саналы түрде танымдық қызметке мақсатты тұрғыдан қатыстыруға көмек береді. Сонымен қатар студенттер өздерін педагогикалық процестін толыққанды қатысушысы ретінде: өз бетінше өздерінін қызметтерін жоспарлайды, өздерінің жұмыстарының мәселелері мен негізгі мақсатын көруге, өз күш-қуаттарын үлестіруді үйренеді. Толығымен бұл болашақ фармацевт маманын дайындау барысын жоғары сапаға көтеруге әкеледі.
Кәсіптік білімнің негізгі мақсаты- еңбек нарығындағы келестікке сай, әлемдік стандарттар деңгейінде тиімді жұмыс жасай алатын, кәсіптік деңгейде жоғары біліктерге төтеп беретін, белгілі деңгей мен профильге сай мамандарды даярлау екені бәрімізге мәлім. Көптеген анықтамаларда, педагогикалық әдебиеттерде көрсетілетін « кәсіптік құзыреттілік» ұғымы қазіргі таңда нақты тұлғаның сапасымен сипатталады. А.В. Хуторскийдың пайымдауынша, осындай қасиеттер - мағыналы мақсатты пайымдаумен( маған бұл құзыреттілік не үшін қажет), рефлексті- бағалау (өмірде бұл құзыреттілікті қаншалықты тиімді қолданам) сияқты сұрақтармен анықталады. [1]. Осыған сәйкес кәсіптік мамандарды даярлауда тұлғаның жеке модельін бағыттау, алға дұрыс мақсат қоя және оқудағы білім алушының тұлғалық қасиеттерімен қатар белсенділендіру маңызды. [2].
М.В.Кларин атап айтқандай, соңғы жылдардағы инновациялық дидактикалардың жалпы тәжірибиесі көрсеткендей, студенттердің мотивациясын «басты материалдарды өңдеудің негізгі бағыты» ретінде жеке көрсетеді. [3]. И.П. Подласый өз еңбектерінде білім алудың продуктивты әсер етуіне дидактиканың 40 негізгі факторлар әсер етеді, олардың ішінде білім алушылардың оқуға мотивациясы мен қажеттілігі бірінші орын алады.
Мотивацияны қалыптастырудың сұрақтарында және медицино- фармацевтикалық колледж студенттерінің мақсатты дауында химия дисциплиналық бағыттар бойынша тек қана ішкі емес сонымен қатар сыртқы пән аралық байланыстарды, болшақ маман бейнесі ұғымын, оқытудағы эмоциональды фактор мен өзіндік ғылыми жұмыстар мотивациясын жүйелі мақсат түрінде дамыту маңызды.
Болашақ маман бейнесі- бұл негізгі маман құзыреттілік базасының жиынтығы, біріңғай құрылым ретінде біріктірілген фрагменттер. Біздің пайымдауызымша, болашақ маман бейнесі- мотивациялық функцияларды басқара білетін, маманды жетік меңгерген тұлға. Болашақ маманның дамуы мен қалыптасуы кәсіптік мотивацияның жүйесінің даму әдісі. Әрбір сабақты жобалағанда, студенттердің таңдаған мамандыққа деген сүйіспеншілігі, оның қоғамдағы маңыздылығы мен спефицикалық мақсаттарын жетік түсінуіне жағдай жасау керек.
Медицина-фармацевтикалық колледжде білім алудың бірінші күнінен бастап болашақ маманның алғышқы бейнесі қалыптасады, еңбекті сүю, өзіндік даму, сүйіспеншілік т.б қасиеттерді бойына сіңіре бастайды. Бұл бейненің қалыптасуына- ақ халаттың өзі көп мотивация береді. Болашақ маманды даярлауда практикалық тәжірибие, жұмыс орынынн қалыптастыру, тәжірибиеліксабақтарды ғылыми- жұмыстарына қызығушылықтарын арттыру, химиялық тәжірибиені жасаудағы тиянақтылық, протоколдарды толтыру барысындағы нақтылық және т.б жұмыстарды басқарудағы ұқыптылық әсер етеді.
Болашақ маманды қалыптастырудың іске асуына оның өтетін пәндері де үлкен рөл атқарады. «Элементтер химиясы», «бейорганикалық химия», « сандық анализдың негіздері», «сапалық анализдың негіздері», « аналитикалық химия» дисциплиналарын оқу барысында құрамында оқылған элементер кіретін дәрілік заттар қарастырылады. Әрбір химиялық есептерді жаңа түрде, кәсіптік мағына беретін заманауи әдістерді қолдана әдістерді үйретуге болады. Мсалы төмендегідей есептерді қолдануға болады: [4]:
- жүрек гликозидтерімен уланған жағдайда ішке калий хлоридін 0.5-0.7 г тәулігіне 7 рет береді. Науқасқа ұнтақ берілді.
Rp: Kalii chloridi 0,5
DS. ¼-½ стақан сұтте ерітініңіз.
Күніне 3 рет тамақтан кейін қабылдаңыз.
Химик- аналитик қандай әдіспен дәрілік заттың сандық құрамын анықтады? Осы дәрілік затты анықтау барысында мөлшермен қанша титрленген ерітінді кетті, оның көлемін анықтаңыз.
- күміс нитраты (ляпис) өзінің ақуыздарды ұйылтуы
арқылы оларды ерімейтін қосылысқа айналдыру қасиетіне сай қолданылады. Оны жаралар, ойықтарды күйдіруге 1 немесе 2 ¿ жақпа май, яки 2- 10¿ сулы ерітінді ретінде қолданылады. Ішке асқазанның және он екі елі ішектің ойық жарасында пайдаланады. Осы аталған тұздың индентификациялау әдісін ұсыныңыз. сутегі тотығы 3 ¿ ерітінді
залалсыздандырылаьтын және қан тоқтататын дәрілік зат ретінде қолданылады. Бұл ерітінді ауызқуысы мен тамақтың сілемейлі қабаттарының қабыну процестерінде, ірің мен зақымдалған жараларды өңдеуге, мұрын қуысынан қан кетуде пайдалынады. Сутегі тотығының тотыңғу- тотықсыздану реакцияларында қандай рөл атқаратынын анықтаңыз, мысал келтіріңіз.
Болашақ фармацевтердің пәнге деген қызығушылығын арттыруда оқыту процесінде пәнаралық байланыстың рөлі зор. Студенттер өздері пәнаралық байланысты анықтап, сонымен қатар тек қана байланысты анықтап қана қоймай, олардың қамтамасыз ететін байланыстарын түсіндіреді. Осы жағдайда студенттерде пәндік байланыстың ұғынып қана қоймай, маман болып қалыптасуна қажетті жүйені түсінеді.
Бесінші аналитикалық топтың катиондарын оқу барысында студенттер бейорганикалық химиямен байланыс орнатып, « бейорганкалық химияның кластары», «тотығу- тотықсыздану реакциялары», « ионнық алмасу реакциясы», « комплекстік қосылыстар», «бейметаллдардың химиясы» т.б тақырыптарды қайталайды. Осылайша оқытушымен бірге фармацевтикалық химиямен байланыс орнатып, аталған топтың тұздарының медицинада қолданылуы, реакция теңдеулерін жазып, дәрілік заттың сапалық құрамын анықтайды. «Сандық анализ» жүргізген сәтте «фармацевтикалық технология» мен « аналитикалық химияның» пәнаралық байланысын тәжірибие барысында көреді. «Фармацевтикалық технология» дисциплинасынан тәжірибелік сабақтар барысында студенттер дәрілік формалардың барлық түрлерін дайындайды, ал аналитикалық тәжірибиеде- сапалық пен сандық анализ жүргізеді. Бұл жерде проблемалық ситуация туындайды (аталған дәрілік заттың сапалық анализін қандай әдіспен анықталады), осылайша пәнге деген қызығушылық артып, дәрілік зат дұрыс даындалғандығын тесереді. Бұлардың брлығы студенттердің оқуға деген мағынасын, мамандықты игеруге қатысты сұрақтар туындайды: егер мен бейорганикалық химияны білсем маған аналитикалық химияны үйрену жеңіл болама, ал бұл фармацевтикалық химияны үйренуде негіз болама деген сұрақтарға жауап таба алады. Осылайша, бірінші орынға профессиональды- оқу әдсінің ішкі мотивациясы оқылатын материалдарды қарастыру барысында алға шығады.
Оқу барысында студенттің мотивациясын мақсат жүйесі арқылы дамыту керек. Мақсат қою- бұл адам әрекетінің сипаты. Бізге белгілідей, мақсатты тиғылықты қоя білу тұлғаның мотивациялық сферасының жетілу көрсеткіші болып табылады. Мақсатты қою жұмысты аяғна дейін жеткізу, өзіндік мақсат қою, перспективті мақсат, оқу процесстерін қиындықтар арқылы шегіне дейін жеткізу арқылы көрінеді.
Мақсаттың тиімділігін оқу нәтижесіне бағытталған көрсеткіштермен бағалаймыз. Мақсаттың құрамында студенттердің мінезін көрсететін, осы әдістің және сабақ мақсатының нәтижесі, аталған мақсатқа жетуге деген құлшыныстың ашық логикасы жәәне студенттің өзіне қойған талаптарды толық орындауы жатады.
Химиялық дисциплиналарды оқыту барысында негізгі мотивациялық фактор ретінде химиялық эксперименттің күшті әдісі химияны оқыту құралы болып табылады. Химиялық эскпериментті жүйелі қолдану тиімді нәтижелерге әкеледі: студенттер химиялық процесстердің табиғатын жақсы елестетеді, заттардың қасиетін дұрыс сипаттайды, жиналған тәжірибие бойынша бұған дейін оқытылған заттардың қосылыстарын анықтай алады. Химиялық эксперимент- жаңа материалдарды оқу барысында, оны бекіту мен жинақтауға қолданылады.
Жоғарыда аталған әдістер мен әдіснамалар студенттерді мақсатты және жоспарлы ғылыми- тәжірибиелік жұмыстарға араластыруға мүмкіндік береді. Студенттер өздерін педагогикалық процесстің толыққанды мүшесі ретінде сезінуге мүмкіндік туады: өзінің жұмыстарын жоспарлай алады, жұмысының мақсаты мен соңғы нәтижесін көре алады, күштені саралап дұрыс жұмсауды үйренеді. Жалпылай айтқанда жоғарыда аталған барлық әдістер болашақ фармацевтің қалыптасуына үлкен үлес қосады, олардың ғылыми- зерттеу жұмысына деген қызығушылықтарын арттырады.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Демченко, З.А. Научно-исследовательская школа студента исследователя // Высшее образование в России. - 2010. – № 12. – С. 155-158.
- Труувяли Э.Ю.В. Студенческая научная работа и ее исследование. — Материалы научно-методич. конференции «Проблемы педагогики высшей школы.». – Тарту: ТГУ, 1972. – 382 с.
- Шаталов М.А., Кузнецова Н.Е. Обучение химии. Решение интегративных учебных проблем: метод. пособие. - М.: Вентана-Граф, 2009. – 217 с.