Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Еуропа мен қазақстандағы денсаулық сақтау саласының кадр ресурстары: мәселелері және шешу тәсілдері

Мақалада ДДҰЕуропа аймағындағы және Қазақстандағы кадрлық ресурстардың жағдайына салыстырмалы талдау нәтижелері көрсетілген. Денсаулық сақтаудағы кадрлық ресурстар тапшылығына әсер ететін факторлар анықталды, сонымен қатар кадрлардың қартаюы, еңбекресурстарының миграциясы.

Өзектілігі. Көптеген зерттеулердің нәтижелері денсаулық сақтау қызметкерлерін дайындаудың сапасы мен санының, олардың таралу тығыздығының халық денсаулығы нәтижесіне және денсаулық сақтау саласындағы реформалардың жетістіктеріне оң әсерін растайды. Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық аймақтық 57 сессиясында қабылданған Еуропа аймағындағыденсаулық сақтау кадрларын дамыту стратегиясы денсаулық сақтау жүйесін нығайтудың анағұрлым маңызды құрамының бірі - кадрлық ресуртарды дамыту стратегиясы [1].

Денсаулық сақтау жүйесіндегі кадрлық ресурстың маңыздылығы келесі себептермен негізделеді:

  1. денсаулық сақтау секторының 80¿ бюджеті кадрлық ресурсқа тиесілі;
  2. медициналық көмектің сапасы, жетімділігі мен тиімділігі кадрлық ресурстардың тиімділігі мен сапасына байланысты;
  3. технологиялық, ұйымдастырушылық, сондай-ақ демографиялық және эпидемиологиялық өзгерістер (халықтың қартаюы, созылмалы паталогиялардың өсуі) саяси және экономикалық өзгерістер жиынтығы медициналық кадрлардың қажеттігінің өсуіне әкеледі.

Әлемдегі кадрлық ресурстардың жағдайы туралы баяндамада (2000 ж.) денсаулық сақтау жүйесін кадрлармен қамтамасыз етудің негізгі мәселелері ретінде, сондай-ақ кадрлардыбөлудің әркелкілігі, үдемелі және басқарылмайтын көшіп-қону, кадрлар тапшылығы, нашар еңбек жағдайлары және денсаулық сақтау саласының кадрлық ресурстар бойынша деректер базасының әлсіз болуыаталды. Мақаланың мақсаты ДДҰ Еуропалық аймағының және Қазақстандағы денсаулық сақтаудағы кадрлық ресурстардың жағдайын салыстырмалы бағалау болып табылады.

Зерттеу әдісі. Анализ жасауда ДДҰ және ЕК жариялаған кадрлық ресурстардың статистикалық көрсеткіштері, ҚР ДС және ӘЖМ ресми статистика мәліметтері қолданылды.

Нәтижелері. №1кестеде Еуропа аймағының және Қазақстандағы денсаулық сақтау кадрларымен халықтың қамтамасыз етілу көрсеткіштері көрсетілген.

Кесте 1 -100 мың халықтың денсаулық сақтау кадрларымен қамтамасыз етілуі, ДДҰ 2014

 

Дәрігерлер

Жәлпы тәжірибелік дәрігерлер

Акушерлер

Мейірбикелер

Фармацевтер

Еуропа аймағы

334,0

61,0

43,5

766,0

39,6

Еуропалық Кеңес

345,8

79,7

33,1

835,9

74,0

ТМД

372,2

31,9

51,4

742,9

16,6

Қазақстан

349,5

31,2

57,7

804,5

80,6

Өте төмен

114,5(Албани

я)

20,1 (Польша)

5,2 (Словения)

238,3 (Турция)

3,8 (Өзбекстан)

Өте жоғары

614,5(Греция

)

159,2

(Франция)

86,9

(Өзбекстан)

1737,5

(Швейцария)

119,6

(Бельгия)

Сонымен, Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесіндегі кадрлық ресурстардың ерекешелігі әлемдік мәліметтермен салыстырғанда медицина кадрларымен қамтамасыз етілу көрсеткіштері жоғары.Алайда, Қазақстан территориясыда медицина кадрларының таралуы біркелкі емес: 100мың халыққа 290-нан 850-ге дейін және дәрігерлік кадрлар көбіне ірі қалаларда жинақталған.Қала халқының дәрігерлік кадрлармен қамтамасыз етілуінің орташа көрсеткіші ауылды аймақтардан 3 есе жоғары.

Халықтың дәрігерлер және мейірбикелермен қамтамасыз етілу қатынасы көрсеткішін талдағанда Батыс Еуропа елдерінде бір дәрігерге орташа 3-4 білікті мейірбике келетіні анықталды. Қазақстанда бұл көрсеткіш 2014 жылы 2,3 құрайды, бұл дәрігерлер, мейірбикелер және акушерлер санының анық дисбалансын көрсетеді. Соңғы жылдары көптеген елдерде 50 жастан жоғары медициналық мамандардың үлесінің тұрақты жоғарылау тенденциясы байқалады - 1,2 сурет.

Сурет 1 - 35 жасқа дейінгі және 59 жастан жоғары дәрігерлер - Германиядағы белсенді жұмыс істейтін дәрігерлердің
жалпы санының қатынасының өзгеруі German Medical Association (Bundesarztekammer)

Қазақстанда денсаулық сақтау саласына жас мамандардың ағымының төмендеуін атауға болады (жас мамандардың үлесі 5¿ құрайды) және дәрігерлік кадрлардың «қартаюы»(зейнеткер алды және зейнеткер үлесі 22,7¿), бұл болашақ онжылдықта кадрлар тапшылығының өсу қаупін тудырады.

Сондықтан, денсаулық сақтау бойынша Еуропалық Комиссияның мәліметтері бойынша 2020 ж Еуропалық Кеңес елдерінде денсаулық сақтау саласындағы кәсіби кадрлардың тапшылығы 1 миллионды құрайды деп күтілуде, соның ішінде:

  • 590.000 мейірбикелер;
  • 230.000 дәрігерлер;

-150.000 басқада категориядағы кәсіби қызметкерлер. Салдары ретінде - 2010 жылмен салыстырғанда халыққа көрсетілетін қызметтің күтілетін тапшылығы 15¿.

Айта кету керек, тіпті экономикалық дағдарыс жағдайында денсаулық сақтау секторы экономиканың барлық секторлары арасында лауазымдармен қамту саны бойынша көш бастап келеді. 2010 ж Еуропа Кеңесіндегі (ЕК) денсаулық сақтау секторында 17, 1 млн.лауазымды орын қамтылған немесе барлық лауазымдардың 8¿ құрайды.2000 - 2010 жылдар аралығында жұмыспен қамту 21%өсті, 4 млн. жаңа лауазымдар енгізілді.2008-2010 жылдар аралығында 770.000 жаңа лауазымдар енгізілді; сонымен бірге жалпы барлық секторлар бойынша 5 млн. лауазымдар қысқартылды [2].

Халықтың қартаюы, ұзақ уақытты көмекке мұқтаждықтың болуы қызмет пен кадрлардың қажеттілігінің өсуіне әкеледі.Сонымен, 2010-2020 ж аралығында ЕК болжамы бойынша 8 млн. лауазымды орынды толтыру қажет, соның ішінде 1 млн. жаңа және 7 млн. лауазымды орындарды толтыру қажет. Соның ішінде 8 млн. лауазымдардың 5 млн. жоғарысы - жоғары білікті кадрлар, 3 млн. жуығы орта білікті және 200 000 жуығы төмен білікті [2].

Еуропа мигранттар үшін тартымды аймақ болып табылады, олда медицина

кадрларыныңтапшылығына әкеледі. 3 суретте кейбір елдердің денсаулық сақтау секторында шетелдік мамандардың саны жайлы мәліметтер көрсетілген. 2010 ж. ЕК елдерінде 40 млн. аса мигранттар тіркелген, ол барлық халықтың 8% құрайды. Миграциялық ағымда денсаулық сақтау саласындағы білікті кадрлар үлесі де өсуде.Еуропа комиссиясының мәліметтері бойынша жұмыс істейтін мейірбикелердің11% және дәрігерлер арасында - 18% мигранттар үлесі[2,3].Мысалы, Ирландияда 2010 жылы дәрігерлер арасындағы шет ел мамандарының үлесі 35%, ал білікті мейірбикелер арасында - 50% құрады,соның ішінде 25% миграциялар кадрлар тапшылығы бар елдер.

Сонымен, денсаулық сақтаудағы кадрлық ықпал мәселелері болып кадрлық ресурстарды дұрыс жоспарлау, олардың саны, білікті мамандардың таралау құрылымындағы диспропорцияны жою сұрақтары табылады. Ұзаққа созылған еңбек ресурстарының сандық және сапалы дағдарысы Еуропадағы денсаулық сақтаудағы кадрларды болжау және жоспарлау саласында Бірлескен іс қимыл Бағдарламасын (JA EUHWF)жасау қажеттігін шақырды.

Денсаулық сақтаудың кадрлар резервін (WISN әдісі) жоспарлау және болжамдау үшін ДДҰ құрал жасады, оның негізінде келесі қағидалар жатыр:

  • кадрлық ресурстарға мұқтаждықты бағалау жұмыс күштемесінің көрсеткіштеріне және орындалатын қызмет уақытының нормасына негізделген;
  • емдеу мекемелеріндегі кадрлық ресурстарға қатысы бар мәліметтерді тарату, талдау және тіркеу үшін арнайы бағдарламаларды қолдану.

ДДҰ денсаулық сақтаудағы кадрлық ресуртар саласында елдер алдында тұрған міндеттер тізімін анықтады:

  1. кадрлар бойынша ақпараттық мәліметтер базасын дамыту, ғылыми зерттеулерді ынталандыру;
  2. елдің мұқтаждықтарына бейімделіп және олардың таралуын теңдестіруді қарастыру, адам ресурстарын дамыту стратегиясын және жоспарын жасау және іске асыруды ұлғайтуды күшейту;
  3. кадрлар миграциясына мониторинг жүргізу және талдау тенденциясын миграциялық үрдісті басқару бойынша тиімді стратегиялық шараларды жасау және қабылдау үшін;
  4. халық мұқтаждығына сәйкес БМСК кадрлық жоспарлау, бірінші кезектегі міндет;
  5. сектораралық ынтымақтастық және серіктестікті дамыту;
  6. денсаулық сақтау секторында жұмыс істеу үшін білікті басқарушылық кадрларын дайындау [3].

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Стратегия развития кадров здравоохранения в Европейском регионе,
  2. Перфильева Г.М. Кадровые ресурсы здравоохранения в Европе: проблемы и подходы к решению: www.mednet.ru/images/stories/files
  3. Европейский план действий по укреплению потенциала и услуг общественного здравоохранения // ЕРБ. ВОЗ. – Женева: 2012. – С. 18-22.
  4. Концепция развития кадров здравоохранения РК на 2012-2020 годы, МЗ и СР РК
  5. Государственная программа развития здравоохранения РК «Денсаулык» на 2016-2020 годы
  6. Инструкция по планированию и прогнозированию кадровых ресурсов здравоохранения.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.