Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстанның Оңтүстік аймағындағы артық салмақ пен семіздік проблемасы

Семіздік - қазіргі таңда Қазақстан Республикасында орын алған аса маңызды мәселелердің бірі. Мысалы, елімізде 90-жылдары халықтың 15 жастан асқан топтары арасында дене салмағы индексі (ДСИ)>25 кг/м² шамасын құраған үлесі - 36,1%, оның ішінде, семіздікке шалдыққандар үлесі - 17,3 % болған. Ал 1999 жылы Қазақстан Профилактикалық медицина академиясы өткізген Медициналық-демографиялық зертеулер деректері бойынша бала өрбіту жасындағы әйелдер арасында (18-49 жас) ДСИ>25 кг/м2 шамасын құрған үлесі - 32,5%, семіздікке шалдыққандар -12,7%, болған*1+. Семіздік мүшелермен тіндерге түсетін жүктемені ұлғайтады, қызмет жүйелерінің жұмысын қиындатып, көптеген аурулардың даму қаупін арттырады. Олардың ішінде зат алмасу және жүрек- қантамыр аурулары, буын дерттері, тоқ ішек ісіктері, сүт және аналық без қатерлі ісігі бар. Әдетте, семіздік тері, шаш, тырнақтың жағдайына әсер етеді. Артық салмақ ағзаның тез қартаюына ықпал етеді. Семіздік заттектер алмасуының терең орын алған бұзылыстарымен байланысты дамитын созылмалы аурулар қатарына жатады, бұл орайда энергетикалық ықпалдармен қатар үйлесімді тамақтану ұстанымдары сақталмауының алатын ролі айқын.

Дүние жүзіндегі ең алпауыт ел - АҚШ-тағы ересектердің үштен екісі семіздіктен зардап шегуде. Көбінесе, семіздік үнемі артық тамақ ішкеннен болады. Сондай-ақ семіздікке дүрыс тамақтанбау, тәуліктік рационда сіңімді көмірсулар, қант, кондитерлік, тәтті тағамдар мен мал майларының (сары май, майлы ет) мөлшерден тыс көп болуы да себеп болады[2, 3, 4].

Әлем көлемінде қазіргі таңда артық салмақ пенен семіздік проблемаларының алдыңғы қатарға шығуына байланысты Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, Білім және ғылым министрліктерінің тапсырмасы бойынша Оңтүстік Қазақстан өңірі халқына семіздік мәселесі бойынша ғылыми-зерттеу жұмысы жүргізілді.

Зерттеу мақсаты Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі артық дене салмағы мен семіздіктаралу серпінінжәне оған әсер ететін факторлардыанықтау.

Материалдар мен әдістер. Таңдау кластерлік әдісібойынша жүргізілді. Статистикалық өңдеуге SPSS статистикалық бағдарламасы қолданылды. Зерттеу аймағына Оңтүстік Қазақстан өңірі, яғни Жамбыл облысы (4 кластер-120 үй қожалығы),Оңтүстік Қазақстан облысы (11 кластер-330 үй қожалығы), Қызылорда облысы(3 кластер-90 үй қожалығы) кірді. Сонымен Оңтүстік зерттеу аймағына барлығы 18 кластерді құрайтын540 үй қожалығында тұратын1191 он бес жастан асқан ерлер(459) мен әйелдер (732) адамдар қатысты. Зерттеу жұмысы барысында сауалнамалық сұхбаттасу арқылы олардың тамақтану сипаты және саламатты тамақтану туралы хабардарлығы анықталынды. Инструменталдық құралдар қолдану арқылы ерлер мен әйелдердің бойы, салмағы, белі мен бөксе шеңбері, қан қысымы өлшенді. Сонымен қатаркапиллярлық қандағы триглицирид, глюкоза, холестериннің мөлшері Multicare аппаратымен биохимиялық анализ жасау арқылы жүргізілді.

Зерттеу нәтижесі Қазақстанның Оңтүстік өңірінде жүргізілген зерттеулер барысында осы зерттеуге қатысқан респонденттер арасында артық салмақ пен семіздік проблемалаларының бар екендігін көрсетті. Зерттеуге қатысқан732 әйелдің 27,3 пайызында артық дене салмағы барлығы анықталынса, 24,3%-ының семіздіккешалдыққаны белгілі болды.Барлық ерлер арасында дене салмағының артықтығы38,2% кездесті, алсеміздік болса 15,1%-ды құрады. Төмендегі суреттен артық дене салмағы мен семіздік көрсеткішінің 50%-дан асып кеткендігі айқын білінді, ал гипотрофия көрсеткіші әйелдерде 2,6%құраса, ерлерде 2,4% болды (Сурет-1).

Респонденттердің қалыпты дене салмағы айқындалып, оның ішінде әйелдер арасында 45,8% болса, ерлерде 44,3%.

Қорытынды.

Сонымен, алынған мәліметтер нәтижесінде Қазақстанның Оңтүстік аймағында зерттеуге қатысқан ерлер (459) мен әйелдер (732) арасында орта есеппен алғанда артық дене салмағы мен семіздік 50%-дан жоғары екендігі байқалды. Осыған байланысты артық дене салмағы мен семіздіктің басты себептерінің бірі саламатты тамақтанумәселесін халық арасында үрдіс түрде насихаттау керек. Бүл шаралар халық арасында бүқаралық ақпарат қүралдарын өте тиімді қолдану арқылы жүзеге асырылуы қажет.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Шарманов Т.Ш., Тәжібаев Ш.С., Балғынбеков Ш.А.Артық дене салмағы мен семіздіктің алдын алу бойынша жетекші қүрал. // Алматы: 2012.- Б.4-5.
  2. Гинзбург М.М., Крюков Н.Н. Ожирение. Влияние на развитие метаболического синдрома. // Профилактика и лечение. - М.: Медпрактика, 2002.
  3. Серов В.Н., Кан Н.И., Богданова Е.А. и др. Ожирение и здоровье женщины. М.: ГУ Научный центр акушерства, гинекологии и перинатологии РАМН. - 2005.
  4. Ефимова Л.О. Прикладная диетология в эстетической медицине. // Эстетическая медицина. - № 4. - 2004 г.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.