Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Climacoptera korshinskyi өсімдігіндегі май-, aмин қышқылдары және дәрумендер құрамы

Алабұта тұқымдас Climacoptera korshinskyi өсімдігінің гүлденген кезеңдегі Алматы облысы, Іле ауданынан жиналған жер үсті бөліктеріндегі химиялық құрамы зерттеліп, ГЖХ әдісімен шикізаттарда 10 май және 20 амин қышқылдары бары анықталды, соның ішінде олеин, линол, пальметин қышқылының мөлшері көп екені дәлелденді. Амин қышқылдарға сараптау жүргізгенде глютамат, аспарагат, цистин, аргинин, аланин қышқылдарының көп мөлшерде кездесетіндігі анықталды, және дәрумендердің құрамы белгілі болды.

Қазіргі таңда әртүрлі ауруларды емдеу үшін дәрілік өсімдіктерге ерекше көңіл бөліне бастады. Табиғаттан дәрілік шикізаттарды алумен бірге бағалы дәрілік өсімдіктерді жерсіндіріп мәденилендіру өте қажет. Дәрілік өсімдіктер мүшелерінің қалыптасу ерекшеліктерін білу, оларды фармацевтикалық өндірісте ғылыми тұрғыдан кеңірек қолдануға мүмкіндік береді [1].

Қазақстан аумағында өсімдіктердің сан алуан түрлері кездеседі, 100 түрлері анық белгілі, олар тек халықтық дәрілік зат ретінде ғана емес, сонымен қатар медицинада немесе жеке дәрілік заттар ретінде пайдаланылады. Дәрілік өсімдіктердің көптеген түрлері әлі жеткілікті зерттелген жоқ. Сондықтан осы саладағы зерттеу жұмыстары өсімдіктің жаңа түрлерін анықтау үшін және ресми нысандар ауқымын кеңейту бойынша көлемді зерттеу болып табылады [2].

Қазақстан флорасында дәрілік өсімдіктер саны өте көп, бұлардан жасалатын препараттар тиімді екені мәлім. Қазіргі таңда технологияның дамыған кезеңінде толығымен зерттелмеген және адам баласына белгісіз емдік өсімдіктер жетерлік. Осыған байланысты Қазақстанда кең таралған Chenopodiaceae тұқымдасына жататын Climaсoptera (Балықкөз – Климакоптера) өсімдіктері үлкен теориялық және практикалық қызығушылық көрсетеді, олардың кейбіреулері біздің елімізде ғана өсетін эндемик өсімдіктер болып табылады. Осы тұқымдастағы зерттелген өсімдіктер кең спектрлі биологиялық белсенділіктерге ие, қабынуға, бактерияға, тотығуға қарсы және басқа да әр түрлі ауруларды емдеу үшін пайдаланылады. Олардың көпшілігінің құрамына флавоноидтар, алкалоидтар және басқа да физиологиялық белсенді қосылыстар кіреді [3].

Climaсoptera – біржылдық, қарапайым, жемісті өсімдік. Бұл өсімдік тұқымдасы 23 түрден тұрады, оның 14 түрі Қазақстанда кездеседі.

Climaсoptera korshynskyi (Климакоптера коржинского) – тура бұтақты, жоғары бағытталған қиғаш бұталы, төменгі жағы жиі жетілмеген, сабағы бозалаң, қысқа, тұнбалы, жапырақтары реттелген, етжеңді, доғал; гүлжапырақтары жұмыртқа тәріздес, гүлдері едәуір тығыз тұқымдары көлбеу өсімдік. Тоғайда, шидің жағалық қопаларында және басқа да биік шөпті қопаларда, көл бойындағы сорларда өседі. Жалпы таралуы: Орта Азия, Батыс Қытай [2].

Май қышқылдары қатаң жағдайларда өсетін өсімдіктер үшін маңызды компонент, олар метаболиттер және энергия көзі ретінде қызмет атқарады, өсімдік жасушаларының құрамдас бөлігі болып табылады. Майлар көп немесе аз мөлшерде өсімдіктердің барлық жасушаларында дерлік түзіледі. Өсімдіктердің басым көпшілігі тұқымдастарының 88 пайыз қор ретінде май жинайды [4]. 1-суретте Climaсoptera korshynskyi өсімдігінің құрамынан анықталған май қышқылдар құрамы көрсетілген.

Нәтижесінде өсімдің құрамында қаныққан май қышқылдары 23%, ал қанықпаған 78% май қышқылдары бар екендігі белгілі болды. Май ағзаға қажеттілігіне қарай, эмульсия түрінде қан плазмасы арқылы бауырға жеткізіледі. Бауырдан әрі қарай басқа да ағзалар жеткізіліп, энергетикалық және пластикалық материал есебінде қолданылады.

Тіршілік үшін аса маңызды қосылыс – ақуыз молекуласы, ол аминқышқылдар қалдықтарынан құралғандықтан, олардың маңызы өте зор. Ақуыз молекуласына 20 шақты α-аминқышқылgары қатысады. Олардың біразы алмаспайтын аминқышқылдары. Зерттеліп отырған өсімдік құрамында 20 шақты аминқышқылдары бар екені анықталды [5]. Нәтижесі 2-суретте көрсетілген.

Алынған нәтижелер бойынша мынандай қорытынды жасауға болады: Climacoptera korshinskyi өсімдігінде глютамат 26,46%, аспарагат 11,98%, аланин 7,40% , аргинин 6,55%, пролин 6,18%, тирозин 5,46%, изолейцин 5,18%, серин 4,82%, валин 3,89%, треонин 3,67%, лизин 3,28%, гистидин 3,22%, глицин 2,96% бар. Нәтижелерін қорытындылай келе глютамин және аспарагин қышқылдары көп мөлшерде кездесетіні белгілі болды. Глютамин қышқылын (эпилепсия ми жарақаты, қан немесе қабыну ауруларға) орталық жүйке жүйесінің бұзылуына байланысты жағдайларда тұтынылады. Глютамин темекі тарту және ішімдік ішу күшін азайтады, ағзадағы қышқылдық-негіздік тепе-теңдікті орнатады. Аланин – ми мен орталық жүйке жүйесі

үшін энергияның негізгі көзі болып табылады. Ол антиденелерді өндіру арқылы иммундық жүйені нығайтады, қант және органикалық қышқылдар метаболизміне белсенді қатысады. Аспарагин қышқылының тұздары жүрек-қан тамырлары жүйесі ауруларын емдеуге, ал метионин бауыр циррозы және сусамырды емдеу мен алдын алуда қолданылады [6].

Дәрумен — адам мен жануарлардың тіршілігіне, олардың ағзасындағы зат алмасудың бірқалыпты болуы үшін аз мөлшерде өте қажетті биологиялық белсенді органикалық қоспалар. Өсімдік құрамынан А,Е және С дәрумендері бар екені анықталды Нәтижесі 3-кестеде көрсетілген.

Кесте 3 - Climacoptera korshynckyi өсімдігінің құрамындағы дәрумендер құрамы

Өсімдік түрі

А дәрумені

Е дәрумені

С дәрумені

Climacoptera korshynckyi

0,26 мг/100гр

4,0 мг/100гр

13 мг/100гр

Демек, өсімдік құрамынан 0,26 мг/100гр А дәрумені, 4,0 мг/100гр Е дәрумені және 13 мг/100гр С дәрумені анықталды.

А дәрумені (ретинол) ағзаның өсуіне, дамуына әсер етіп, түрлі ауруларға қарсы тұра алу әрекетін арттырады. Іңірде, түнде көруді жақсартады. А дәрумені шаштың, тырнақтың өсуі мен терідегі жасушалардың мүйізденуіне әсер етеді. Ол жетіспегенде тері құрғап жарылып, түсі күңгірттенеді. Май бездерінің құрамы өзгереді, көздің қасаң қабығы бұзылады.

Е дәрумені (токоферол) бұлшық еттердің және жыныс бездерінің қызметін жақсартады.

С дәрумені (аскорбин қышқылы). Ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұра алу әрекетін арттырады. Сүйекке және тіске беріктік қасиет береді. С дәрумені биологиялық тотығу кезінде зиянды заттардың түзілуін тежейді. Ол қарсы денелерді түзетін ферменттердің құрамына кіреді. Терідегі қантамырлардың қабырғасының бүлінуіне де кедергі жасайды. С дәрумені жетіспеген жағдайда ағза тез шаршайды, сілемейлі қабықшалар қабынады, қызылиек қанталайды. Бұл дәрумен ұзақ уақыт жетіспесе, адам кауіпті құрқұлақ (цинга)ауруына шалдығады [7].

Қорытынды.

  1. Алматы облысы Іле ауданынан 2014 жылы қыркүйек айында жиналған Chenopodeacea тұқымдасына жататын Climacoptera korshinskyi өсімдігіне сандық және сапалық сараптау жасалды. Сараптау барысында Climacoptera korshinskyi өсімідігінің ылғалдылығы 7,51 %, күлділігі 20,9 %, ал экстрактивті заттар мөлшері 37,53 %, екені анықталды. Сонымен қатар, сапалық сараптаудың нәтижесінде Climacoptera korshinskyi өсімдігінде флавоноидтар, сапониндер, моно-, және олигосахаридтер бар екені белгілі болды.
  2. Газ сұйықтық хроматография әдісімен зерттелген шикізаттарда 10 май қышқылының бары анықталды, соның ішінде олеин, линол, пальмитин қышқылдарының мөлшері көп екені анықталды.
  3. “CARLO-ERBA 420” газды хроматографта амин қышқылдарға сараптау жүргізілді, нәтижесінде глютамат, аспарагат, цистин, аргинин, аланин мөлшері көп екені белгілі болды.
  4. Алғаш рет Climacoptera korshinskyi өсімдігінен дәрумендердің құрамы анықталды.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Павлов Н.В. Флора Казахстана. - Алматы: Академия yаук Казахской ССР, 1960. - Т 3 - C. 179-226.
  2. Флора Казахстана. - Алма-Ата: АН Каз ССР, 1958. - Т 3. - С. 274-281.
  3. Комаров В.П. Флора СССР. - М.: Академия Наук СССР, 1936. - Т 6 - С. 350-354.
  4. Ескалиева Б.К., Бурашева Г.Ш., Чаудри И.М., Абилов Ж.А. Жирные кислоты и фармакологическая активность Климакоптеры // Фарм. бюлл. - 2003.- №11.- С.37-38.
  5. Якубке Х.Д., Ешкайт Х. Аминокислоты. Пептиды. Белки - М.: Мир, 1985. - 82с.
  6. Бубенчикова В.Н., Сухомлинов Ю.А., Гончаров Н.Ф. Аминокислотный состав некоторых представителей семейства розоцветных // Курский научн. практ. вестник «Человек и его здоровье». - 2009. - №3. - С. 135-138.
  7. Лифляндский В. Г. Витамины и минералы. От А до Я. - М.: Нева, 2006. - 631 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.