Өзектілігі: Сүйек кемігінің дің жасушаларын аллогендік транспланттау технологиялары бірқатар ауруларды емдеуде елеулі рөл атқарады. Егер адам кіндік қаннан немесе сүйек кемігінен өз жасушаларын сақтауға тапсырмаған болса, онда оған көмекке донорлар келеді. Гемопоэздік дің жасушалары (бұдан әрі - ГДЖ) донорлығына, яғни ГДЖ әлеуетті донорлар тіркеліміне кірудің студенттер арасындағы уәждемені зерттеу осы әлеуметтік топ соматикалық түрғыдан дені сау болып табылады, ГДЖ әлеуетті донорларының тіркелімінде ұзақ мерзім бойы тұра алатыны түрғысынан маңызды *1+. Донорлықтың альтруистік бағытта дамуын қолдау және жастарды әлеуетті, ұзақ мерзімге еліктіруде донор болуын көздеу ғана емес, сонымен қатар салауатты өмір салтын ұстануына себепкер болады *2+.
Зерттеу мақсаты: Астаналық ЖОО студенттерінің арасында гемопоэздік дің жасушалары донорлығына уәждемені зерттеу.
Материалдар мен әдістер: Нысаналы аудитория ретінде респонденттердің үш тобы белгіленді: Астана медицина университетінің (АМУ), Аграрлық-техникалық университетінің (АТУ), Еуразия ұлттық университетінің (Е¥У) студенттері белгіленді.
Қаралған мәселелер:
- ГДЖ донорлығының алғы шарттары (қан донорлығы, ГДЖ транспланттауына мұқтаж жақындардың сырқаттануы);
- ГДЖ донорлығы туралы түсінік;
- ГДЖ донорлығының теріс және оң уәждемелерін зерттедік.
Зерттеуге Астана қаласындағы үш ЖОО-ның («Астана медицина университеті» АҚ, С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті және Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті) студенттері қатысты.
Нәтижелері:
Респонденттердің жас-ерекшелік құрылымы мынадай болды. 83 (27,7 %) ер адам, 217 (72,3 %) әйел адам болды. Сауалнамаға қатысқандардың жасы: 19 жасқа дейін – 203 адам (67,7 %), 20 жастан 24 жасқа дейін – 97 адам (32,3 %). Респондерттердің жалпы санынан 75 адам (25 %) қан доноры болды. Олардың ішінде бейтаныс адам үшін ГДЖ доноры болуды 29 респондент (38,7 %) шешті, 16 (21,3 %) – бас тартты, 30 (40 %) – жауап беруге қиналды. Біз Донор болу ниеті мен анамнезінде донорлықтың бар болуы арасындағы байланысты анықтадық (χ2=5,18; р=0,05).
Бұрын қан тапсырмаған студенттер саны (респонденттердің жалпы санының 63,7 %) 191 адамды құрады (от числа всех респондентов).Оның ішінде бейтаныс адам үшін ГДЖ доноры болу дайындығын 61 (31,9 %) көрсетті, 62 (32,5 %) – бас тартты, 64 студент (35,6 %) жауап беруге қиналды (1-кесте).
Кесте 1 - Респонденттерді бейтаныс адам үшін ГДЖ доноры болу ниеті бойынша бөлу
Бейтаныс адам үшін ГДЖ доноры болу ниеті |
Қан донорлығына қатысқандар |
Қан донорлығына қатыспағандар |
Қан тапсырамын деп, бірақ жіберілмегендердің саны |
|||
абс. |
% |
абс. |
% |
абс. |
% |
|
Иә |
29 ¯ |
38,7 |
60 |
31,6 |
10 |
28,6 |
Жоқ |
16 |
21,3 |
62 |
32,6 |
6 |
17,1 |
Жауап беруге қиналамын |
30 |
40 |
68 |
35,8 |
19 |
54,3 |
Барлығы |
75 |
100 |
190 |
100 |
35 |
100 |
Осылайша, қанды бұрын тапсырмаған тұлғалар тобына қарағанда, бейтаныс адам үшін ГДЖ доноры болу ниетін білдіргендердің саны қан донорлығына қатысқан респонденттердің арасында 6,8%-ға жоғары болды.
ГДЖ пайдаланатын жағдайды әлеуетті донордың достары немесе туыстары түскен жағдайлармен теңдестіру ГДЖ доноры болу шешімін қабылдау үшін өзге фактор болып табылады (2 кесте).
Бұл ретте, таныстары немесе туыстары онкогематологиялық ауруларға ұшыраған респонденттердің барлығынан 4,8 % ғана ГДЖ доноры болу мүмкіндігіне тексерілді, 71,4 % тексеріп-қаралмады, ал 23,8 % жауап беруге қиналды (3-кесте)
Кесте 2 - Айналасында онкогематологиялық ауруларына үшыраған жақындары болған респонденттерді бөлу
Онкогематологиялық ауруларға үшыраған жақындардың бар болуы |
абс. |
% |
Иә, онкогематологиялық аурулары бар туыстар бар |
29 |
9,7 |
Жоқ, болған жоқ |
251 |
83,7 |
Жауап беруге қиналамын |
20 |
6,7 |
Барлығы |
300 |
100 |
Кесте 3 - Туыстары онкогематологиялық ауруларға үшыраған, донор ретінде тексеріп-қаралған респонденттердің сәйкестігі
Туыстары онкогематологиялык ауруларға үшырағандардың арасында донор ретінде тексерілгендердің саны . |
абс. |
% |
Иә, тексерілдім |
3 |
10,4 |
Жоқ, тексерілген жоқпын |
21 |
72,4 |
Жауап беруге қиналамын |
5 |
17,2 |
Барлығы |
29 |
100 |
Жакындары онкогематологиялык ауруларға үшырағандардың арасында респонденттердің осы тобы жакын адамы үшін ГДЖ доноры болуға келісімін 76,2 % берді, 14,3 % келісімін берген жок, 9,5 % жауап беруге киналды. Жоғарыда аталған топ арасында бейтаныс адам үшін донор болуды 33,3 % шешті, 47,6 % жауап беруге киналды, 19,0 % бас тартты (4-кесте).
Кесте 4 - Жакындары онкогематологиялык ауруларға үшырағандардың арасында респонденттердің туыскан немесе бейтаныс адам үшін ГДЖ доноры болу келісімі
Жақындары онкогематологиялық ауруларға үшырағандардың арасында респонденттердің ГДЖ доноры болу келісімі |
Туысқан үшін |
Бейтаныс адам үшін |
||
абс. |
% |
абс. |
% |
|
Иә |
22 |
75,9 ¯ |
9 |
31 ¯ |
Жоқ |
4 |
13,8 |
7 |
24,1 |
Жауап беруге қиналамын |
3 |
10,3 |
13 |
44,8 |
Барлығы |
29 |
100 |
29 |
100 |
Жоғарыда айтылғанның негізінде ГДЖ доноры болуға келісімін берген түлғалардың арасында 45 % өз көмегін наукас туыстарының емінде ГДЖ транспланттау көмектесе алатын жағдайлармен теңдестіретінін болжамдауға болады.
ГДЖ донорлығының теріс және оң уәждемелері
Сауалнама жүргізілген кезде студенттер ГДЖ зияны жөнінде баға берді және мынадай нәтижеге кол жеткізді, АМУ студенттері арасында донорлыкка деген күмәнділік 9,9 % студентте, 5 % студент оны зиянсыз деп есептейді, 4 балл 24%-да, 3 балл 43%-да, 2 балл - 18%-да белгіленген. Е¥У студенттері де осындай түсінікке ие, яғни 10,1 % күмәнді көзкарасты және 5,1 % донорлыктың зиянсыздығы туралы аныкталды, 3 балл - 55,6%-да, 2 балл - 16,2%-да, 4 балл - 13,1%-да белгіленген. ҚазАТУ студенттерінің арасындағы жағдай баскаша, 9,9% мүлдем зиянсыз, 7,9% аса зиянды деп есептейді, 3 балл - 40,6%-ды, 4 балл - 23,8%-ды, 2 балл - 17,8%-ды көрсетті. Теріс уәждемелердің, яғни өз денсаулығына күмәндану, канды тапсыру кезінде инфекция жүктырудан коркыныш тәрізді себептердің жоғары деңгейі, сондай-ак донорлыктың осы түрін зиянсыздан бүрын зиянды деп есептейтін студенттердің жалпы санынан 2,6 % артык болуы студенттердің денсаулык сактауға деген сенімсіздігін жанама түрде көрсетеді.
Кесте 5 - Студенттердің ГДЖ доноры болуға теріс уәждемелері
Теріс уәждемелері |
АМУ |
ҚазАТУ |
Е¥У |
|||
абс. |
% |
абс. |
% |
абс. |
% |
|
Өз денсаулығы үшін қорқу |
45 |
34,9 |
31 |
27,2 |
50 ~ |
36,7 |
Маңызды себептер жоқ |
24 |
18,6 |
31 |
27,2 |
25 |
18,4 |
Тапсырған кезде инфекцияны жұқтырып алу қорқынышы |
25 |
19,4 |
18 |
15,8 |
19 |
14,0 |
Тапсырудан кейінгі асқынулар қорқынышы |
¯¯19 |
14,7 |
"15 |
13,2 |
¯¯25 |
18,4 |
Тапсыру кезіндегі ауырсыну қорқынышы |
~П |
~5л |
"12 |
10,5 |
"14 |
10,3 |
Уақыт тапшылығы |
9 |
7,0 ~ |
7 |
6,1 ~ |
3 ¯¯ |
2,2 ¯¯ |
Барлығы |
129 |
100 |
114 |
100 |
136 |
100 |
Осылайша, барлық респонденттер үшін ГДЖ доноры болудың теріс уәждемесі жалпы алғанда бірдей. Өз денсаулығы үшін қорқынышты барлығы сезеді (34,9 % , 27,2 % және 36,7 %), бұл ретте ҚазАТУ студенттерінің дәл осындай бөлігі ГДЖ доноры болудың себебі жоқ деп жауап берді (27,2 %). Е¥У студенттері қан тапсырудан кейінгі асқынулар үшін қорқады (18,4%), сондай-ақ 18,4% студентте маңызды себеп жоқ. Барлық себептер ішінде қалғаны тапсыру барысында инфекция жұқтырып алу қорқынышы (19,4 % ,15,8 % және 14 %).
Кесте 6 - ГДЖ донорлығының оң уәждемелері
Уәждемелер |
АМУ |
ҚазАТУ |
Е¥У |
|||
абс. |
% |
абс. |
% |
абс. |
% |
|
Жақынына көмектесу |
86 ~ |
83,5 |
72 ~ |
70 |
82 ¯¯ |
81,2 |
Демалыс, жеңілдіктер |
6 |
5,8 |
13 |
12,6 |
8 |
7,9 |
Қоғамдық жақтау |
9 |
8,7 |
13 |
12,6 |
9 |
8,9 |
Басқа |
2 |
1,9 |
5 |
4,9 |
2 |
2,0 |
Барлығы |
103 |
100 |
103 |
100 |
101 |
100 |
Студенттер арасында ГДЖ донорлығына оң уәждемені зерттеу мынаны көрсетті:
- АМУ респонденттерінің арасында 83,5 % жақынына көмектесуді оң уәждеме деп атады. Екінші орында қоғамдық жақтау ГДЖ донорлығына оң уәждеме (8,7%) болып табылады. Демалыс пен жеңілдіктер 5,8%. Үшінші орында басқа уәждемелер (респонденттердің 5,8%)
- ҚазАТУ студенттері 70 % жағдайда АМУ студенттері сияқты жақынына көмектесуді ГДЖ донорлығына негізгі уәждеме деп есептейді. Алайда қоғамдық жақтау, демалыс пен жеңілдіктер ҚазАТУ респонденттері үшін бірдей маңыздылыққа ие 12,6 %; 4,9 % респонденті басқа себептерді атады - (5-кесте).
- Е¥У студенттердің басым бөлігі (81,2 %) альтруистік бағытта, яғни жақынына көмектесуді оң уәждеме деп көрсетті. Е¥У студенттер арасында 8,9 % қоғамдық жақтауды қарастырса, сол шамада 7,9 % демалыс пен жеңілдіктерді оң уәждеме деп карастырды. Баска себептерді атағандар - 2 %.
Донорлыкка оң уәждемені талдау зерттелетін барлык топта да альтруистік көзкарастың жалпы тенденциясын көрсетеді. Бүл туралы студенттер арасында «жакынына көмектесу» 83,5 %, 70 % және 81,2% себебі басым болғанын айғактайды. Осы ретте, демалыс пен жеңілдік түріндегі косымша пайданы іздеу әлеуетті ГДЖ донорының тиісті ниеті болып табылады, бірак Дүниежүзілік денсаулык сактау үйымы тірі донор жасушаларын, тіндерді және мүшелерін ешбір төлемсіз немесе акшалай баламасындағы баска сыйакысыз тегін үсынылуы тиіс деп есептейді.
Қорытынды:
Осы зерттеуді түйіндей келіп, мынадай корытынды жасауға болады.
- Қан донорлығына катысу тәжірибесі ГДЖ донорлығына деген көзкарасына оң әсерін тигізеді, сондай-ак денсаулык сактауға сенімсіздік деңгейін төмендетеді.
- ГДЖ аркылы емдеуді кажет етіп отырған жакын адамға көмектесу ниеті маңызды уәждемелік фактор болып табылады.
3. Теледидарда, интернет пен БАҚ басылымдарда әлеуметтік жарнаманы дамыту, транспланттаудың және ГДЖ донорлығының проблемалары туралы акпараттың колжетімділігі ГДЖ донорлығына оң көзкараспен карайтын студенттердің санын жоғарылатады.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Раисов С.Д., Буркитбаев Ж.К., Карп Л.Л. К вопросу о мотивации донорства гемопоэтических стволовых клеток среди студентов вузов г. Астана. // Вестник Службы Крови России. - № 1. - Март 2012. - C. 14-20
- Zito E., Sara , Marconi A.M., Saturni V., Cremonesi G. Adolescents and blood donation: motivations, hurdles and possible recruitment strategies.// Blood Transfus. - 2012 January. - 10(1). -P. 45-58.