Көптеген елдерде әсіресе, Швеция, Англия және Нидерландияда мейірбикелердің қызмет көрсетуі Денсаулық сақтау саласында кең етек жайған. Мысалы, Финляндияда науқастарға көрсетілетін барлық медициналық қызметтің 80%-ы мейірбикелерге тиесілі. Аса қажетті жағдайларда ғана 20%-ы дәрігерлерге бағытталады. Швецияның медициналық
орталықтарында науқастарға алдымен мейірбикелер, соңынан дәрігерлік көмек көрсетілуі кең жолға қойылғаны да жүйелі түрде бүгінгі күн талабына сай атқарылуда *1+.
Денсаулық сақтау саласындағы жаңғыртулардың өзі медициналық қызмет көрсету сапасын барынша жақсартуға бағытталып, мейірбикелік қызмет көрсетудегі орасан зор кәсіби мамандар ролінің басымдылықтарын паш етуде.
Саны жағынан басым орта буын қызметкерлерінің жұмысын басқаруды оңтайландыру мақсатында жоғары білімді мейірбикелерді даярлау – соңғы жылдардағы жүйелі де жемісті еңбектердің нәтижесі *2+.
Зерттеулер мәліметтеріне жүгінсек:
16,4-35% - кәсіби білімін көтеруге талпынбайды; 25% - құжаттама толтыруға ықтиярсыз;
9,6 % - асептика мен антисептиканы қамтамасыз еткенді ғана біледі;
5% - дәрігердің нұсқауын ғана орындайды;
4-10,8% - басшылар тарапынан жұмыс сапасын тексеруді жақтырмайды.
Бұл нәтижелер негізінен мейірбикелердің материалдық түрғыдан қызығушылықтарының болмауы мен енжарлық танытуынан болып отырғаны да анық [3].
Денсаулық сақтау және мейірбикелік істерді ұйымдастырушыларға тән бүгінгі таңдағы негізгі өзекті мәселелер:
- жоғары білімді мейірбикелердің жұмысқа орналасуы;
- жоғары білімді мейірбикелердің мүмкіндігі шектеулі, өйткені басымдылығы заңды түрде рәсімделмеген;
- кәсіби білімі мен дағдыларын көтеруге деген қызығушылық моральдық түрғыда төмен;
- эмоциялық және дене еңбегі тез қажытады;
- мейірбикелік кәсіптің еңбегі мен ролін бағалау деңгейі жеткіліксіз;
- жас мамандардың тұрақталмауы;
- бірізділіктен шыға алмау;
- жүктемелік нормативтер мен сапалық стандарттардың қалыптаспауы.
Елімізде сонŗы жылдары бұл мәселелерге деген қызығушылықтар танытыла бастады. Медициналық көмек көрсету мен аурудың алдын алу істерін сапалы да саналы түрде жүргізу – жаңа бағдарламаға сай атқарылатын жаңғыртуларды қажет ететін үрдіс *4+.
2005-2010 жылдардағы мемлекеттік бағдарламада Денсаулық сақтау саласы бойынша, жүргізіліп отырған реформалауда сапалы мейірбикелік көмекті барынша жақсартуға бағытталған.
Жаңа нарықтық экономикалық талаптарды орындай алатын, әлемдік стандарттарға сай медициналық көмек көрсете алатын мамандарды даярлауда, соңғы кездері мейірбикелік істердегі қызметкерлердің ролін көтеру кең жолға қойыла бастады. Халықтың игілігіне тән кәсіби мейірбике қызметшілерін әзірлеу – ертеңгі күндердің елеулі істерінің бірі. Сол себепті де орта және төменгі буындағы қызметкерлер ескіше көзқарастан арылып, инициативті түрғыда өз білімдерін ұдайы түрде көтеріп, шеберліктерін ұштап отыруға парыз.
Медициналық көмек көрсетудегі мейірбикелік қызмет сапасын ұдайы жақсарту ғылыми түрғыда сабақтасып, материалдық-техникалық түрғыда жарақталып, кез келген бөлімдерде де кешенді түрде жүргізілуі тиіс *5+. Қазіргі заманауи технологияларды енгізу, төлемақы жүйесін үйлестіру және тиімді мейірбикелік көмек көрсетуді жетілдіру ісі мен әдістерін өркендету ертеңгі күннің тірлігі деп қарамай, үнемі ғылыми жетістіктерді енгізе отырып, ізденістер мен жетістіктердің жемісін көрудің өзі де өзгенікі емес екенін дәлелдейтін кез келді. Орта буындағы мейірбикелік медициналық көмек көрсету шараларын басқаруды оңтайландыру және оның сапасын көтерудің әдістемесі мен зерттеулері елеулі түрде жүргізілмей көштен кеш қалып келеді. Сол себепті де медициналық қызметкерлердің жұмысын бағалау, оларды оңтайландыру жөніндегі құқықтық құжаттар жөніндегі мәліметтер көрінбейді.
Cондықтан да мейірбикелік істерді оңтайлы басқару – медицина саласының барлық бөлігі мен деңгейлерінде де заманауи талаптарға сай жаңғыртылуға лайықты. Яғни қоғамдық Денсаулық сақтау саласындағы маңызды міндеттерге тән өзекті мәселелердің бірі – ғылыми зерттеулерді қажет ететін халыққа медициналық көмек көрсетудегі мейірбикелік істерді оңтайлы басқару *6+.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Семина Т.В., Бурцева Е.М. Кадровая политика учреждения здравоохранения и высшее сестринское образование //Главн.мед.сестра. - 2003. - №4. - С.59-61.
- Медсестринская практика. Доклад комитета экспертов ВОЗ //Всемирная организация здравоохранения, Женева: 1996. – 51 с.
- Постоялко Л.А. Состояние и перспективы развития здравоохранении // Здравоохранение. – 2004. - №9. – С. 14-19.
- Руденко В.П. Реформирование здравоохранения – насущная потребность и медиков и всего населения //Медицина- 2003.-№1(40).-С.4-5.
- Секун В.И., Соколова Э.А. Психологические проблемы медицинских работников // Здравоохранение.-1999.-№ 11. – С .25-27
- Семина Т.В., Бурцева Е.М. Кадровая политика учреждения здравоохранения и высшее сестринское образование //Главн.мед.сестра. - 2003.-№4. - С.59-61.