Қазақстанда DOTS-стратегиясын енгізу туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдайды жақсартуға әкеліп соқтырды. Соған қарамастан елімізде туберкулезбен науқастану мен өлім көрсеткіші бойынша Орталық Азия елдерінен алдыңғы қатарда. Аталмыш жұмыста ҚР Алматы және Павлодар облыстары бойынша туберкулезден өлім нәтижесі дамуының факторлық талдауы жасалды. әлеуметтік-экономикалық (ішімдік пен баспанасыздық) пен медициналық факторлардың болуы (жалғаспалы ару-сырқаттар) және туберкулезбен шалдыққан науқастардың емделуде өліммен аяқталуының асындағы өзара байланысы анықталды. Өлімнің ең жоғары қауіп- қатері науқастардың туберкулездің созылмалы жағдайында (9 рет) және қайта емдеуде (4 рет). Медицина қызметкерінің статусы және туберкулезге шалдыққан науқаспен байланыстың болуы өліммен аяқталудың дамудың алдын алуда маңызды рөл атқарды.
ТБ әлем халықтарының өлімі мен аурулығының негізгі себептерінің бірі ретінде көптеген мемлекет елдерінің денсаулық сақтау жүйесінің негізгі мәселерінің бірі болып отыр. Орталық Азия Мемлекет (ОАМ) елдері, соның ішінде Қазақстанда ТБ-бен күресуде үлкен тәжірибесі бар, осының нәтижесінде ТБ инфекциясының біршама шектелуі байқалды. XX ғасырдың соңғы жылдарында, әлеуметтік- экономикалық дағдарыс кезінде, инфекциялық процестің құрамдас бөліктерінің арасындағы баланстың бұзылуынан 1991-1998 жылдармен салыстырғанда ТБ бойынша аурулық (1,9 есе) және өлім көрсеткіші (2,5 есе ) жоғарылап, Қазақстан үшін эпидемиялық өршу ретінде бағаланды. ТБ эпидемиясының дамуы, ТБ-ге қарсы бағдарламалардың әлсіз қаржыландырылуы, денсаулық сақтау саласының және әлеуметтік- экономикалық жағдайдың нашарлауы 1998 жылы ДДҰ кеңесімен ерекше ауыр жағдайдағы аурулық жағдайлары бар барлық мемлекеттер аумағына ДОТС стратегиясының енгізілуіне себеп болды. Енгізілген стратегия нәтижесінде өлім көрсеткіші 2 есе, аурулық көрсеткішінің әртүрлі бағытта дамуы фонында аурудың таралуы (46,9%) төмендеді. ДОТС стратегиясының бірінші алты жылдығында (1998-2002 ж.ж.) Аурулық көрсеткіші 39%
жоғарылап , 2002 жылы ең жоғары дәрежесіне жеткені (100 000 халыққа 165) және соңғы 7 жылда (2003-2009 ж.ж.) тұрақты төмендегені көрсетілді. 2009 жылы алғаш рет аурулық деңгейі 1998 жылмен салыстырғанда 6,9% төмендегені байқалды. ТБ бойынша жағдайды жақсартуға бағытталған шаралардың жетістігіне қарамастан Қазақстанда ТБ бойынша аурулық және өлім көрсеткіші ОАМ елдерімен салыстырғанда (2009 ж.100 000 тұрғынға 105,3 және 12,9) жоғары болып отыр.
Зерттеу мақсаты: Қазақстан, Павлодар және Алматы облыстарындағы ТБ-бен сырқаттанушыларда летальды нәтиженің дамуына қауіп факторларының әсерін зерттеу.
Зерттеу міндеттері: ТБ-дің өлім себептерін және оның құрылымын зерттеу, қауіп факторларын және ҚР Павлодар және Алматы облыстары мысалында екі бақылау мерзімінде (2000, 2006 ж.ж) ТБ-бен сырқаттанған науқастар арасындағы летальді нәтижеге негізделген факторлық талдауды анықтау.
Құрал және әдістер: ТБ-дің әртүрлі ауырлықтары мен өлім көрсеткіші бойынша зерттеу орны ретінде екі облыс алынды: салыстырмалы жоғары көрсеткішпен Павлодар облысы (100 000 тұрғынға 56,9 және 31,8) және төменгі көрсеткішпен Алматы облысы (100 000 тұрғынға 21,9 және 8,9). Зерттеу жұмысында ҚР Алматы және Павлодар облыстарындағы ТБ 01 картасына негізделген, ТБ жағдайлары бойынша электронды жүйеге бекітілген (TB ESCM) мәліметтер; осы облыстардағы ТБ-ден қаза болған науқастардың ауру тарихтары, өлім куәліктері негізінде құрастырылған ТБден өлім жағдайлары бойынша электронды база мәліметтері (TB MORT) мен статистика және демография бойынша Республика орталығының өлім жағдайлары туралы мәліметтері. Мәліметтерді өңдеу Epi info 6 нұсқа, Excel және SPSS бағдарламаларымен жүргізілді.
Қолданылған анықтамалар: ТБ-ден қаза тапты, ТБ- дің созылмалы формалары, аурудың жаңа жағдайы, қайталап ауру, сәтсіз ем, режим бұзылуы, ауыстырылған, басқалар. Қауіп факторлары бағаланды:
- -медициналық сипатта: қосымша ауру, белсенді формалы ТБ-бен сырқаттанушы науқастармен қарым-қатынаста болу;
- -әлеуметтік-экономикалық сипатта: жазасын
- өтегендер, тәртіпке келтіру орындарындағы қызметкерлер, үй-жайы жоқ тұлғалар, жұмыссыздар, спирттік өнім қолданушылар, мед.қызметкерлер.
Нәтижелер.
ҚР-ның 2000 жылы бақылау электронды жүйесінде 38756 ТБбен сырқаттанушы тіркелген, соның ішінде 58,3%-ы жаңа жағдайлар, 17,3%-ы созылмалы жағдайлар. Сол жылы Қазақстанда ТБ-ден өлім жағдайларының талдауы ТБ-ден қаза болғандар арасында ТБ-дің созылмалы жағдайларының басым түскенін анықтады (61,8 %), оның 1/3-ін TB ESCM-ге тіркелген тұлғалар құрайды. Олардың ішінде 2/3-і жаңа жағдайлар және ТБ-бен қайталап ауру, 1/3-нен кемі режим бұзғандар (2,95%), сәтсіз ем (2,49%), басқалар (2,34%) және ауыстырылған науқастар (0,84%).
Павлодар облысында да елдегідей даму анықталды, TB ESCM 2000 жылы 1987 ТБ-бен сырқаттанушы тіркелді, оның ішінде 76,8%-ын жаңа жағдайлармен тіркелген науқастар, 14,8%-ы созылмалы жағдайлар, 8%-ын басқа жағдайлар құрады. Сол жылы ТБ-ден қаза болғандар саны 289. Өлім-жітім құрылымында ТБ-дің созылмалы формаларымен сырқаттанғандар басым болды (66,4%) және ¼ бақылау бағдарламасында тіркелген тұлғалар, оның ішінде ТБ-ден болған жаңа жағдайлар (53%), сәтсіз ем (6%), ТБ-бен қайталап ауру (5%), басқалар (4%), режимі бұзылған науқастар (3%).
Алматы облысында 2000 жылы қайта тіркелген науқастар саны 1593-ті құрайды. Оның ішінде ТБ бойынша жаңа жағдайлар (55,7%), ТБбен қайталап ауру (7,8%), сәтсіз ем (3,3%), ауыстырылғандар (3.1%), режим бұзылғандар (1,7%), басқалар (4,6%)
құрады. 134 науқас ТБ-ден және оның асқынуларынан қаза болды. Өлім көрсеткіші 100 000 тұрғынға шаққанда 17,3-ті құрап, мемлекеттегі ең төменгі өлім көрсеткішін көрсетті. Өлім-жітім құрылымында 54,5% созылмалы формалы ТБ-бен сырқаттанған тұлғалар, 41% бақылау жүйесінде тіркелгендер, оның ішінде ТБ-дің жаңа жағдайлары (19,4%); ТБ-бен қайталап ауру (13,4%), режимін бұзғандар (4,5%), сәтсіз ем (6%), басқалары (3%) құрады.
ҚР-да ТБ-дің әртүрлі түрлерімен сырқаттанатын науқастарда летальді нәтиженің салыстырмалы даму қауіпі қайта ем курсын алушылар арасында жоғары болды, 1 кесте. ТБ-дің басқа түрлерімен салыстырғанда «өлім» нәтижесі созылмалы ТБ жағдайлары кезінде 9,5 есе жоғары, сәтсіз еммен науқастарда 2,9 есе, ал ТБ-бен қайталап ауру кезінде 2,7 есе жоғары болады; ал алғаш рет анықталған және “ауыстырылған” типтегі ТБ-бен сырқаттанушыларда салыстырмалы қауіптің теріс мәні анықталды.
Кесте 1- ҚР-да ТБ-дің әртүрлі түрлерімен сырқаттанатын науқастардағы өлім қауіпі (2000 ж.)
ҚР-да TB ESCM –де тіркелген тұлғаларда медициналық және әлеуметтік-медициналық сипаттағы факторлардың болуына дескриптивті талдау жүргізілді. Олардың 1/2-інде жұмысының жоқтығы, 11%-да қосымша ауруларының болуы, 10,3%-да ТБ-бен ауырғандармен қарым-қатынаста болғандығы, 9,1%-ның қамауда болғаны, 3,2%-ның маскүнемдікпен ауыратындығы, 2,4%-ның әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан болуы, 1,5%-ы үй-жайы жоқ тұлғалар, 1,8%-ы медициналық мекемелерде жұмыс атқаратындар және 0,5%-ы пенитенциарлық мекемелерде жұмыс жасайтындар екендігі анықталды. Созылмалы ТБ-бен сырқаттанатын науқастарда: жұмыссыздық (58%), қосымша ауруы барлар (24,6%), бас бостандығынан айыратын мекемелерде болғандар (10,2%), маскүнемдіктен зардап шегушілер (10,1%); «ТБ-бен сырқаттанатын науқаспен қарым-қатынаста болғандар» аз ғана мөлшерді алып отыр (4%), ал тұрақты тұрғылықты мекені жоқ (3,91%), «әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан» (0,97%) және медицина қызметкерлерінің үлесі (0,7%) екендігі анықталды.
ҚР-да қауіп факторы және летальды нәтиже арасындағы өзара қарым-қатынас зерттеуі маскүнемдіктің (OR 3,68,P<0,05), тұрақты мекен-жай болмауының (OR 2,88, P<0,05) және қосымша ауруларының (OR 2,80,P<0,05) бар болуының жоғары әсері бар екенін көрсетті, 2 кесте. Летальді нәтиженің дамуында ТБ-дің белсенді формасымен сырқаттанушылармен қарым-қатынастың болуы (OR 0,36, P<0,005) және медициналық мамандыққа тиістілік (OR 0,34, P<0,005) алдыңғы ролді алады.
№ |
ТБ жағдайлары |
Odds Ratio |
95% CI |
P |
|
Төменгі шекара |
Жоғарғы шекара |
||||
1 |
Созылмалы жағдайлар |
9,45 |
8,78 |
10,18 |
<0,001 |
2 |
Сәтсіз ем |
2,88 |
2,30 |
3,60 |
<0,001 |
3 |
Қайталап ауру |
2,74 |
2,37 |
3,16 |
<0,001 |
4 |
Режим бұзылуы |
1,96 |
1,60 |
2,40 |
<0,001 |
5 |
Басқалар |
1 |
1,25 |
10,80 |
<0,05 |
6 |
Ауыстырылғандар |
0,62 |
0,43 |
0,89 |
<0,05 |
7 |
Жаңа жағдайлар |
0,42 |
0,37 |
0,47 |
<0,001 |
Кесте 2 - ҚР ТБ-бен сырқаттанатын науқастардағы летальды нәтиже және қауіп факторлары (2000 ж.)
Қауіп факторлары |
Odds Ratio |
95% CI |
P |
|
1 |
Қосымша аурулар |
2,80 |
2,44-3,21 |
<0,05 |
2 |
Белсенді ТБ науқасымен қарым-қатынас |
0,36 |
0,27-0,48 |
<0,05 |
3 |
Маскүнемдік |
3,68 |
2,82-4,01 |
<0,05 |
4 |
Үй-жайдың болмауы |
2,88 |
2,05-3,55 |
<0,05 |
5 |
Мед.қызметкері |
0,34 |
0,18-0,70 |
<0,05 |
6 |
Жұмыссыздық |
1,08 |
0,96-1,28 |
>0,05 |
7 |
Пенитенциарлы жерде болу |
1,13 |
0,93-1,37 |
>0,05 |
ҚР-да летальді нәтиженің дамуында қауіп үй-жайдың болмауы (OR 2,45, P<0,05), қосымша маңызының факторлық талдауы ТБ-дік жағдайға аурулардың (OR 2,17, P<0,05) летальды нәтижеге байланысты маскүнемдік (OR 3,63, P<0,05), тұрақты және ТБ-дің жаңа жағдайларымен сырқаттанушыларда өлімнің дамуына алып келетінін анықтады. Қайта емделген науқастарда летальды нәтиженің дамуына көптеген әртүрлі қауіп факторларының әсері бар, ең жоғары қауіп мед.қызметкер мәртебесімен (OR 12,57, P<0,05), қосалқы аурулары барлармен (OR 5,56, P<0,05), маскүнемдікпен (OR 3,31, P<0,05) байланысты, 3 кесте. Ең алдыңғы ролді ТБ науқастарымен қарым- қатынаста болу (OR 0,99, P<0,05) алып отыр.
Қауіп факторлары |
Туберкулез |
||||||
Жаңа жағдайлар |
Қайта емделгеннен кейінгі жағдай |
||||||
OR |
95%Cl |
P |
OR |
95%Cl |
P |
||
1 |
Қосымша аурулар |
2,17 |
1,83-2,56 |
<0,001 |
5,56 |
3,44-9,06 |
<0,01 |
2 |
Белсенді формалы ТБ науқасымен қатынас |
0,26 |
0,18-0,39 |
<0,001 |
0,99 |
0,3-2,72 |
<0,01 |
3 |
Маскүнемдік |
3,63 |
2,75-4,80 |
<0,001 |
3,31 |
1,87-5,78 |
<0,01 |
4 |
Тұрақты үй-жайдың болмауы |
2,45 |
2,58-9,18 |
<0,001 |
3,12 |
1,82-5,55 |
<0,01 |
5 |
Мед.қызметкер |
0,16 |
0,04-0,51 |
<0,001 |
12,57 |
1,60-79.25 |
<0,01 |
6 |
Жұмыссыздық |
0,62 |
0,55-0,71 |
<0,001 |
- |
- |
- |
7 |
Бас бостандығынан айыратын мекемеде болу |
- |
- |
- |
2,53 |
1,63-3,93 |
<0,01 |
Кесте 3 - ҚР-да ТБ-дің әртүрлі формаларымен сырқаттанған науқастардағы летальды нәтиженің дамуы мен қауіп факторларының арасындағы өзара байланыс талдауы.
ҚР солтүстік-шығысында орналасқан, өнеркәсібі дамыған облыстардың бірі, қатаң климатты, қала тұрғындары басымырақ (5,5 адам/км2), халықтың орналасу тығыздығы төмен Павлодар облысы негізгі зерттеу нысаны ретінде алынды. Бұл облыста ҚР бойынша соңғы жылдары ТБ-ден қаза болғандардың саны елдік көрсеткіш дәрежесінен 35%-ға жоғары (100 000 адамға есептегенде 35,7 келеді, 2000) деңгейді көрсетті. Алғаш рет анықталған ТБ-бен сырқаттанатын науқастармен салыстырғанда созылмалы формалы ТБ-бен сырқаттанатын науқастардың салыстырмалы өлім көрсеткіші 8,5 есе, «сәтсіз ем» нәтижесімен аяқталған науқастарда 2,5 есе жоғары (4 кесте).
Кесте 4 - Павлодар облысында әр түрлі ТБ ауру науқастарда өлім тәуекелі (2000)
№ |
ТБ жағдайлары |
Odds Ratio |
P |
||
төменгі |
жоғарғы |
||||
1 |
Созылмалы |
8,53 |
6,49 |
11,23 |
<0,001 |
2 |
Сәтсіз ем |
2,51 |
0,95 |
6,29 |
<0,05 |
3 |
Режим бұзылысы |
1,94 |
0,47 |
6,71 |
>0,05 |
4 |
Қайталап ауру |
1,36 |
0,47 |
3,62 |
>0,05 |
5 |
Жаңа жағдай |
0,85 |
0,48 |
1,52 |
<0,05 |
6 |
Басқалар |
0,69 |
0,21 |
2,00 |
>0,05 |
Павлодар облысында ТБ-дің летальді нәтижеге OR 7,0, P<0,05, тұрақты үй-жайдың болмауы OR 4,84, алып келетін қауіп факторларына әлеуметтік- P<0,005) және аз мөлшерде қосымша аурулардың экономикалық факторлар әсер етеді: (маскүнемдік болуы. (OR 1,62, P<0,05), 5 кесте.
Павлодар облысында қауіп әсерінің факторлық талдауы статистикалық тұрғыда маскүнемдіктің (OR 6,39, P<0,05), тұрақты үй-жайдың болмауының (OR 3,75, P<0,05), қосымша аурудың болуының (0R 1,15, P<0,05) маңыздылығын және алғаш анықталған ТБ жағдайында өлімнің дамитынын анықтады.
Қайталап емделген жағдайда летальды нәтиже дамуына көптеген қауіптердің әсері анықталды, ең көп қауіп тұрақты үй-жайдың болмауы (OR 43,55, P<0,05) және маскүнемдік (OR 14,28, P<0,05) болып табылды, 6 кесте.
Кесте 5 - Павлодар облысындағы ТБ-дің летальды нәтижелері және қауіп факторлары
Қауіп факторлары |
Odds Ratio |
95%Cl |
P |
Медициналық: |
|||
Қосымша аурулар |
1,62 |
0,81-3,16 |
<0,01 |
ТБ науқасымен қатынас |
0,58 |
0,28-1,10 |
>0,05 |
Әлеуметтік: |
|||
Маскүнемдік |
7 |
3,36-14,36 |
<0,01 |
Үй-жайдың болмауы |
4,84 |
1,77-12,53 |
<0,05 |
Жұмыссыздық |
1,60 |
0,94-2,71 |
>0,05 |
Нашар отбасынан |
0,91 |
0,26-6,65 |
>0,05 |
Бейәлеуметтік отбасынан болу, жазасын өтеп келу, ТБ-бен сырқаттанатын науқаспен қатынаста болу сияқты медициналық факторлар және қосымша аурулардың болуы секілді әлеуметтік факторлардың байланысының талдауы өлім және әртүрлі типті ТБ науқастарының арасында нақты корреляциялық байланыс бар екенін көрсетпеді.
Алматы облысы климаты жайлы және ауыл шаруашылығы жақсы дамыған, халқы аса тығыз орналаспаған (9 адам/км2) облыс болып табылады.
Бұл облыс ТБ бойынша эпидемиологиялық көрсеткіші төмен болуы себебінен салыстырмалы талдау жүргізу үшін алынды. ТБ-ден өлім көрсеткіші 100 000 халыққа 17,3 (2000 ж.). ТБ-ден өлім қауіптілігі режимі бұзылған науқастарда 5 есе, ТБ- бен қайталап ауырғандарда 4 есе, сәтсіз ем нәтижесімен науқастарда 3,8 есе, созылмалы ТБ жағдайларында 3,7 есе жоғары. ТБ-ден өлімнің болуында ТБ-дің жаңа жағдайына қатыстылығы (OR 0,23, P<0,05) алдыңғы роль алады, 7 кесте.
Кесте 6 -Павлодар облысындағы ТБ-дің әртүрлі типтерімен сырқаттанатын науқастардың летальді нәтижесі мен қауіп факторларының арасындағы өзара байланыс талдауы.
Қауіп факторлары |
Туберкулез |
||||||
Жаңа жағдайлар |
Қайта емделгеннен кейінгі жағдай |
||||||
Медицина лық |
OR |
95%Cl |
P |
OR |
95%Cl |
P |
|
Қосымша аурулар |
1,15 |
0,47-2,66 |
>0,05 |
3,12 |
0,45-18,9 |
>0,05 |
|
Белсенді формалы ТБ науқасымен қатынас |
0,50 |
0,24-1,11 |
>0,05 |
4,69 |
0,67-25,32 |
>0,05 |
|
Әлеуметтік |
Маскүнемдік |
6,39 |
2,77-14,35 |
<0,05 |
14,28 |
1,78-92,55 |
<0,01 |
Тұрақты үй-жайдың болмауы |
3,75 |
0,87-13,56 |
<0,05 |
43,55 |
5,81-379,16 |
<0,01 |
|
Жұмыссыздық |
1,42 |
0,85-2,35 |
>0,05 |
||||
Пенитенциарлы жерде болу |
1,48 |
0,36-5,08 |
>0,05 |
1,64 |
0,24-10,96 |
>0,05 |
|
Нашар отбасы |
0,99 |
0,25-3,95 |
>0,05 |
- |
- |
- |
Алматы облысында ТБ-бен сырқаттанатын науқастарда летальді нәтиженің дамуында жоғары мүмкіндікті қосымша аурудың болуы (OR 5,33, P<0,05), жұмыссыздық (OR 3,39, P<0,005), маскүнемдік (OR 3,33, P<0,05), үй-жайдың болмауы (OR 2,28, P<0,05) алады, 8 кесте.
Яғни, Алматы облысына қолайсыз нәтиже дамуында алдыңғы орынды алған ТБ-дің белсенді формасымен сырқаттанатын науқастармен қарым-қатынаста болудан басқа барлық қауіп факторларының әсері тән.
Кесте 7 - Алматы облысында ТБ-дің әртүрлі түр |
імен сырқаттанатын науқастардың өлім қауіпі (2000 ж.) |
|||
№ |
ТБ |
Odds Ratio |
95% Cl |
P |
1 |
Режим бұзылуы |
4,99 |
1,63-14,25 |
<0,01 |
2 |
Қайталап ауру |
4,10 |
2,13-7,80 |
<0,01 |
3 |
Сәтсіз ем |
3,77 |
1,57-8,74 |
<0,01 |
4 |
Созылмалы жағдайлар |
3,74 |
2,59-5,42 |
<0,001 |
5 |
Басқалар |
1,09 |
0,33-3,24 |
>0,05 |
6 |
Жаңа жағдайлар |
0,23 |
0,13-0,41 |
<0,01 |
Ке сте 8 - Алматы облысындағы ТБ-бен сырқаттанатын науқастардағы летальды нәтижелер мен қауіп факторлар ы
ТБ сырқаттанатын науқастардың типтеріне байланысты қауіп факторлары мен летальді нәтиженің өзара байланысының талдауы жаңа жағдайлары бар науқастарда қосымша аурулардың әсері бар екенін анықтады (OR 3,70, P<0,001). Қайта ем алу жағдайындағы науқастарда өлім дамуында барлық қауіп факторлары әсер етеді, соның ішінде үй-жайдың болмауы (17,33, P<0,05), қосымша аурулар (OR 15,18, P<0,05) және маскүнемдіктің (OR 14,38, P<0,05) жоғары әсері бар, 9 кесте.
Қауіп факторлары |
Odds Ratio |
95% Cl |
P |
Медициналық: |
|||
Қосымша аурулар |
5,33 |
2,55-10,98 |
<0,05 |
ТБ науқасымен қатынас |
0,10 |
0,01-0,69 |
<0,05 |
Әлеуметтік: |
|||
Жұмыссыздық |
3,39 |
1,77-6,58 |
<0,05 |
Маскүнемдік |
3,33 |
0,78-12,06 |
<0,05 |
Үй-жайдың болмауы |
2,28 |
0,68 |
>0,05 |
Қорытынды.
ТБ бойынша әртүрлі эпидемиологиялық жағдайлары бар екі облыста өлім көрсеткішің қаза болған адамдардың арасында анықталды. Летальді нәтижеге алып келетін қауіп факторларын анықтаумен TBESM және ҚР ТБге қарсы диспансерлерінде тіркелген адамдар контингентінің когорттық зерттеуіде созылмалы және қайталап емдеу жағдайлары бар науқастар арасында өлім көрсеткішінің жоғарғы дәрежесі анықталды. Факторлық талдау ҚР өлім нәтижесі дамуында маскүнемдік, тұрақты үй-жайдың болмауы, қосымша ауруларының болуы факторлар әсеп етті. Созылмалы және қайта емдеу (қайталап ауру, сәтсіз ем, режимнің бұзылуы) жағдайлары бар науқастардың арасында осы факторлардың жоғары әсері бар екенін анықтады. ҚР-да созылмалы жағдайлары бар науқастарда өлім қаупі 9,5 есе, сәтсіз емі барларда 3 есе, қайталап ауырған науқастарда 2,7 есеге жоғары. Павлодар облысында ең жоғарғы өлім қаупінің дамуы созылмалы ТБ жағдайы бар науқастарда кездесті (8,5 есе көп). Қауіп дәрежесі 2 және 10-нан жоғары жаңа және қайталама жағдайы бар науқастарда маскүнемдіктің болуы және тұрақты үй-жайының жоқтығының арасында статистикалық маңызы бар тәуелділік анықталды. Алматы облысында летальді нәтиже көбінесе қайта емдеу жағдайымен байланысты, режим бұзылуы және қайталап ауырған науқастарда летальді нәтиже дамуы басқа жағдайлармен салыстырғанда 4 есе көп. Осы облыста өлім нәтижесі дамуына әсер ететін қауіп факторларының арасында қосымша ауруларының болуы, маскүнемдік және жұмыссыздық маңызды орын алады. Қазақстанда, Павлодар және Алматы облыстарында жаңа жағдайлармен науқастарда медқызметкер мәртебесіне тиістілік және “ТБ ауырған науқаспен қарым-қатынас” факторының теріс байланысы анықталды. Бұл ТБ қарсы қызметтің алдын алу шараларының тиімділігін көрсетеді.
Сондықтан, ТБ қарсы бағдарламалардың тиімділігін көтеруде жаңа ізденістер мен оларға деген жаңа тәсілдер талап етіледі. Соның ішінде аналитикалық және прогностикалық әдістер және теріс өзгерістерді оперативті түрде қабылдауды қолдану керек. Төмен әлеуметтік-экономикалық мәртебесі бар науқастар контингенттеріне эпидемиологиялық қадағалау тәртібін күшейту керек; емнің тиімділігі үшін ем режимін қатаң түрде қадағалау керек; режимнің бұзылуының алдын алу үшін профилактикалық іс-шаралар жүргізу қажет (емге берілудің жоғарылауы, ТБ сырқаттанатын науқастарға материалдық және психологиялық көмек көрсету).
Қауіп факторлары |
ТБ жағдайлары |
||||||
Жаңа жағдайлар |
Қайта емделгеннен кейінгі жағдай |
||||||
OR |
95%Cl |
P |
OR |
95%Cl |
P |
||
Медициналы қ |
Қосалқы аурулары |
3,70 |
1,35-9,53 |
0,002 |
15,18 |
4,33-50,68 |
<0,05 |
Белсенді формалы ТБ науқасымен қатынас |
0,11 |
0,01-0,76 |
<0,001 |
- |
- |
- |
|
Әлеуметтік |
Маскүнемдік |
2,16 |
0,91-13,97 |
>0,05 |
14,38 |
1,79-93,88 |
<0,05 |
Тұрақты үй-жайдың болмауы |
- |
- |
- |
17,33 |
2,68-76,93 |
<0,05 |
|
Жұмыссыздық |
0,44 |
0,22-0,86 |
<0,005 |
5,69 |
2,31-14,42 |
<0,001 |
|
Пенитенциарлы жерде болу |
0,70 |
0,18-2,86 |
>0,05 |
6,49 |
3,01-28,45 |
<0,05 |
Кесте 9 - Алматы облысында ТБдің әр түрлі түрлерімен сырқаттанатын науқастарда летальді нәтиженің дамуы мен қауіп факторларының өзара байланысының талдауы.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Ридер Г.Л. Эпидемиологические основы борьбы с туберкулезом. – М.: 2001.- 240 с.
- Литвинов В.И., Сельцовский П.П., и др. Туберкулез в Москве. - М.: 1999. - 63 с.
- Конкаева Ш.А. Характеристика умерших больных туберкулезом в эпидемиологически неблагополучной территории: Автореф. дисс. ... канд.мед. наук – Алматы, 1987. - 21 с.
- Жамборов О.Д. Смертность от туберкулеза в условиях Восточной Сибири: Автореф. дисс. ... канд.мед.наук – Новосибирск, 1988. - 27 с.
- Бородулина Е.А. Анализ смерти пациентов в противотуберкулезном стационаре // Cб.тез. 4 съезда фтизиатров России. - 2003. - С.7-12.
- Нечаева О.Б. Влияние мест лишения свободы на эпидемическую ситуацию по туберкулезу в Свердловской области Туберкулез сегодня // Материалы VII Российского съезда фтизиатров. - М.: 2003. - С. 22-28.
- Сельцовский П.П,, Литвинов В.И. Социально-экономические аспекты туберкулеза Туберкулез сегодня // Материалы VII Российского съезда фтизиатров. - М.: 2003. - С. 26-31.
- Статистический обзор по туберкулезу в РК.- Алматы: 2002. – 167 с.
- Ерохин В.В., Пунга В.В. Туберкулез в России // Фтизиопульмонология.- №1.- 2002.- С.14-16.
- Ракишев Г.Б., Исмаилов Ш.Ш., Баймуханова К.Х., Лаврентьева В.И., Ахметгалиева С.С., Даметов У.С., Нугуманов Т.К., Шубина С.В. Особенности технологии внедрения национального регистра больных туберкулезом в РК // Фтизиопульмонология.- №1(5).- 2004.- С. 6-8.
- Фролова И.А. Медико-социальные факторы, влияющие на смертность больных туберкулезом // Cб.тез. 4 съезда фтизиатров России.- 2003.- С.85-87.
- Богородская Е.М. Пути совершенствования организации лечения больных туберкулезом: Автореф. дисс. ... д-р. мед. Наук – М., 2009.- 22 с.
- Статистический обзор по туберкулезу в Республике Казахстан. – Алматы: 2010. - 70 с.