Зерттеу 50 тексіз аталық ақ егеуқұйрықтарға жүргізілді. Жануарлар ағзасына тетраборат натриймен созылмалы интоксикация кезінде бауырдың салмақ индексінің төмендегені байқалды. Сонымен қатар орталық венаның қанға толғанын – қан іркілісі, синусоидальды капиллярлардың кеңігені, дегенерация байқалды, негізінен орталық венаның айналасында ашық гепатоциттер, фибробластар санының және бауыр триадасының айналасында коллаген талшықтарының өсуі, гепатоцит ядроларында амитоз анықталды, екі ядролы жасушалар (бақылауда 6,2±0,41%, тәжірибеде 12,7±0,75%) полиплоидты жасушалар санының (бақылауда 1,2±0,02%, тәжірибеде 4,3±0,27%) көбейгені байқалды.
Ксенобиотиктердің нысанасы болып табылатын мүшелердің бірі - бауыр, токсикалық заттардың әсерінен тін құрылымының айқын бұзылысы дамиды, дистрофиямен, қан тамыр арнасының кеңеюімен, гепатоциттердің регенерациясының бұзылуымен көрінеді [1]. Бауыр ағзадағы ең үлкен без болып табылады, тағамнан қоректік заттарды және метаболикалық субстраттарды алатын бірінші мүше бола отырып, қоректік заттарға қаныққан қақпа венасы және оттегіге қаныққан меншікті бауыр артериясы арқылы екі есе қанмен қамтамасыз етіледі. Сол себепті, бауыр токсикалық заттарды жұтып, бейтараптап және коньюгациялай отырып тұрақты әсерге ұшырайды [2]. Ластанған аймақтарда экзогенді улар ағзаға тұрақты түрде көп мөлшерде түседі [3]. Экзогенді улану химиялық гомеостаздың айқын бұзылуына, микроциркуляциялық арнаның гемодинамикасының өзгеруіне және паренхиматозды жасушалардың жаңадан түзілуіне әкеледі, эндогенді интоксикацияға соқтырады [4]. Токсикалық заттарға ағзаның бейімделу мүмкіндігі көптеген жағдайда бауырдың синтетикалық және детоксикалық жүйесіне байланысты [5]. Қазақстан Республикасының Ақтөбе облысы бор және хромнан биогеохимиялық аймақ болып табылады, сондықтан адам және жануарлар ағзасына осы химиялық қосылыстардың әсерін білу денсаулық сақтау саласында жұмыс жасайтындардың негізгі міндеттері. Әр түрлі дозадағы хром қосылыстарының әсері туралы жұмыстар кездеседі, ал бор ксенобиотик ретінде адам және жануарлар ағзасына әсері туралы зерттеулер бірең-сараң [6]. В.В.Добровольский бойынша [7] Қазақстанның солтүстік - батыс аймағында және Ақтөбе облысында беткей және жер асты суларының құрамында бор 1,8-ден 15,7 мг/л дейін кездеседі.
Құрамында бор 4-6 мг/л ауыз суын қолданғанда қарын сөлінің қышқылдығының және үлкен адамдар мен балалар нәжістерінде сілтілі фосфатаза және энтерокиназалар белсенділігінің азаюына әкеледі [8]. Құрамында бор 1 мг/л болатын ауыз суын 5 жыл бойына қолданғанда ер адамдардың жыныстық белсенділігін төмендеуіне әкеледі [9]. Көптеген қазіргі заманғы ғылыми зерттеулер беткей және жер асты суларын бордан тазартуға арналған [10,11,12].
Зерттеу мақсаты: бауыр морфологиясына тетраборат натрийдің әсерін зерттеу.
Зерттеу әдісі мен материалдары: Зерттеу 50 (10 интактылы, 20 бақылау, 20 тәжірибелік) тексіз аталық ақ егеуқұйрықтарға жүргізілді. Тәжірибелік жануарларға екі ай бойына тетраборат натрий ерітіндісін іш қуысына 150 мг/кг (1/30 LD50), 1-2 мл көлемде енгізілді. Бақылау жануарларына сол мерзімдерде іш қуысына 1-2 мл физиологиялық ерітінді енгізілді. Токсикалық заттардың дегенеративті әсерін бауыр гепатоциттерінің регенеративті мүмкіндігін анықтау мақсатында екі ай борат металымен созылмалы уланған егеуқұйрықтарға тәжірибе аяқталғаннан кейін декапитация әдістері жүргізілді. Жануарларға жүргізілген барлық манипуляциялар Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің этикалық комитетінің рұқсатымен жүргізілді (25 желтоқсан 2009 ж, хаттама №1). Зерттеу үшін бауырдың бір бөлігі, ірі сол жақ қаптал бөлігінен материал алынды. Гистологиялық өткізулерден кейін 7-8 мкм қалыңдықтағы парафинді кесінділер гематоксилин-эозинмен және ван-Гизонмен боялды. Бинокуллярлы микроскоппен жұмыс жасалды. Leica DM 1000 + камера цифр Leica DFC290, өндіруші ел Қытай, өндіруші завод Leica Microsystems Ltd. Shanghai, шыққан мерзімі 07.2008. 1000 рет ұлғайтумен 10 рет және әр нүктеде 10 гистологиялық препараттардан (орташа 100 нүктеден ) екі ядролы, полиплоидты және дегенерацияланған жасушаларды есептедік. Зерттеуден алынған статистикалық өңдеу Statistica 10 бағдарламасымен жүргізілді. Нәтижені талдауда орташа арифметика, орташа қате, Стьюдент критерийі қолданылды, орташа көрсеткіштер арасында айырмашылық P≤0.05 болғанда есепке алынды.
Зерттеу нәтижесі және талдау: Қалыпты жағдайда егеуқұйрықтардың бауыры қызыл-қоңыр түсті, консистенциясы эластикалы. Сол және оң қапталынан, сол және оң ішкі жақ және құйрық бөліктерінен тұрады. Ең ірі бөлігі сол жақ қаптал бөлігі болып табылады. Бауыр бөлікшелерінде гепатоциттер орталық венадан радиальды тарап, бауыр балкілерімен өзара анастомоз түрінде орналасады. Бауыр балкасының қалыңдығын екі гепатоцит құрайды, біздің зерттеуімізде 9 - дан 20 жасушаға дейін болды. Бауырдың салмақ индексі қалыпты жағдайда 41,7±2,17.
Бауыр бөліктерінде ашық және күңгірт гепатоциттер анық көрінеді. Негізінен бауыр бөліктерінің орталық аймағында ашық бауыр жасушалары орналасқан, ал перипортальды аймағында күңгірт гепатоциттер таралған (сурет 1). Егеуқұйрықтар бауырында екі ядролы жасушалар кездеседі. Екі ай тетраборат натриймен созылмалы уланғаннан кейін синусоидты капиллярлардың кеңігенін және орталық венада қан іркілісін көруге болады (сурет 2). Ашық гепатоциттер орталық вена айналасында орналасқан, негізінен дегенерацияланған (сурет 2). Созылмалы уланудан кейін екі ядролы жасушалар санының 12,7±0,73% ұлғайғаны байқалды (сурет 2). Қалыпты жағдайда полиплоидты жасушалар көру аймағында бірең - сараң болса, ал тәжірибеде олардың саны 4,3±0,27% дейін жоғарлаған (сурет 2). Перипортальды аймақта орналасқан триада маңайында фибробластардың жинақталғаны байқалды. Орталық вена қанмен толып, ал өт өзегінің айналасында кеңіген перитубулярлы кеңістік анықталды. Тетраборат натриймен екі ай ағзаны улағаннан кейін, егеуқұйрықтар бауырының салыстырмалы салмағы азайған, бауырдың салмақ индексі 36,3±2,53.
Қалыпты жағдайда бақыланған жануарлар бауырының морфологиясында ашық және күңгірт гепатоциттер құрамындағы айырмашылық негізгі жасуша органеллалар таралуымен түсіндіріледі. В.А.Шкрупий бойынша [13] күңгірт және ашық гепатоциттер айырмашылығы митохондрия санының көптігімен және түйіршікті эндоплазмалық тордың жақсы дамумен байланыстырады. Гепатоцит цитоплазмасында гликоген көп мөлшерде және оларда синтетикалық процесс басым [14]. Ашық және күңгірт гепатоциттердің морфологиялық айырмашылығы ксенобиотик метаболизміне, сонымен қатар липид және көмірсу алмасуы қатынасының гетерогендігіне байланысты болып келеді [15,16,17]. Бауыр бөлігінде гепатоциттің құрылым - қызмет гетерогендігі бауыр бөлігінің микроциркуляциясының ерекшелігімен көрінеді [18,19]. Т.П. Бекетова және С.М.Секамова есептегендей, ксенобиотик алмасуының кілттік ферменті ашық гепатоциттерде таралған [20]. Мысалы, токсикалық дозада төрт хлорлы көміртегіні енгізгенде егеуқұйрықтар бауырында ашық гепатоциттердің дистрофиялық өзгерістері дамымады. Сондықтан да бір жағынан жануарлар ағзасына тетраборат натриймен екі ай созылмалы әсері кезінде күңгірт гепатоциттер саны көбейген, негізінен ашық гепатоциттердің синтетикалық процесінің күшеюі ксенобиотиктің деструктивті әсеріне бейімделу реакциясы болып табылады.
Тетраборат натриймен созылмалы интоксикация кезінде бақыланған ашық гепатоциттер дегенерациясы, бауыр бөлігінің орталық вена айналасында орналасқан, осы жасушалардың қатысуы, негізінен, детоксикациялық процесте, түйіршіксіз эндоплазмалық тор санының көп мөлшерде болу есебінен түсіндіреді [18]. Ксенобиотиктердің созылмалы әсері бауыр жасушаларына екі ядролы және полиплоидты гепатоциттер санының ұлғаюы күш салу деңгейін көрсетеді [20]. Басқа жағынан екі ядролы жасушалар санының ұлғаюы мүшенің митотикалық белсенділігіне кесірін тигізеді және созылмалы интоксикацияға бейімделу механизмінің күшеюін көрсетеді. Екі айлық тетраборат натрий интоксикация нәтижесінде бауырдың қабыну процесі дамиды, орталық, бөлік аралық венада синусоидальды капиллярда қан іркілісі, гепатоциттер деструкциясы, сонымен қатар бауыр тінінің регенерациясы және стромасының жасушалық инфильтрациясымен сипатталады.
Қорытынды: Тетраборат натриймен ағзаның созылмалы интоксикациясы: 1) бауыр бөліктерінің венозды тамырларында қан іркілісіне, 2) гепатоциттердің дегенерациясына, полиплоидты және екі ядролы гепатоциттердің өсуіне алып келеді.
СПИСОК ЛИТЕРАТУРЫ
- Сериков В.С., Ляшев Ю.Д. Влияние мелатонина на стрессиндуцированные изменения в печени крыс с различной устойчивостью к стрессу // Бюллетень экспериментальной биологии и медицины. -2015. -Т.159. -№3. -С.290-294.
- Bustos - Obregon, E., Hartley, B.R., Catria - Galvez, R. Histopathological effects of boron on mouse liver // Int.J. Morphology. -2008. -№26 (1). -P.155-164.
- Марупов, А.М., Лужников Е.Ж., Гольдфарб Ю.С. Эндотоксикоз при острых экзогенных отравлениях (обзор литературы) // Токсикологический вестник. -2004. -№2. -С.2-8.
- Попп, Е.А. Морфофункциональная характеристика печени матери при эндогенной интоксикации и протекции цеолитами // Морфология, лимфология, клиника (Сборник научных работ посвященных 80-летию академика Ю.И.Бородин) - Новосибирск: 2009. - С.294-296.
- Немывако Е.Е., Доровских В.А., Коршунова Н.В., Шаповаленко Н.С. Влияние пищевых добавок из биологически активного сырья на морфологическую организацию миокарда и печени крыс в условиях теплового стресса // Морфология. -2011. -Т.140. -№5. - С.103.
- Палаичева, В. Один дома // Эксперт Казахстана. -2006. -№ 44.(100). -С.49-53.
- Добровольский, В.В. География микроэлементов. Глобальное рассеяние. - М.: Мысль. 1983. - 272 с.
- Вербицкая, Г.В. Актуальные вопросы гигиены населенных мест // Гигиена и санитария. - М.: 1975. - №7. - С.11-16.
- Борисов, А.И. Гигиенические аспекты охраны окружающей среды // Гигиена и санитария. -1976. -№1. - С.11-16.
- Taniguchi M., Fusaoka Y., Nishikowa T., Kurihara M. Boron removal in RO seawater desalination // Desalination. -2004. -V.167. - P.419426.
- Parschova H., Mistova E., Jelinek L., Kabay N., Kauppinen P. Comparison of several polymetic sorbents for selective boron removal from reverse osmosis permete // React.Funct.Polym. -2007. -V.67. - №12. - P. 1622-1627.
- Jpek J. Yilmaz, Kabay N., Yuksel M., Kizmizisakal O., Bryjak M. Removal of boron from Balcova geothermal water by ion exchange microfiltration hybrid process // Desalination. -2009. -V.241. -P. 167-173.
- Шкрупий В.А. Количественное исследование ультраструктурной организации гепатоцитов интактных мышей в условиях острого отравления CCL4 // Бюллетень экспериментальной биологии. 1973. - №2. - С.110-113.
- Miller L., Lanolli C., Gumucio J. Quantitave morphology of theтsinusoids of the hepatic acinus. Quantiment analysis of rat liver// Gastroenterlogy. -1979. - Vol.76. - P.965-969.
- Novikoff P. Intracellular organells and lipoprotein metabolism in normal and futty livers // The liver: biology and pathology. -New York: 1982. - P.143-168.
- Iwamasa T., Ninomiya N., Hanvada T., Fukuda S. Immunohistochemical localization of Acid a-glucosidase in rat liver // J. Histochem. Cytochem. - 1982. - Vol.30. - №4. - P.378-384.
- Pigkal E., Maurice M., Feldmann G. Immunoperoxidase localization of albumen and fibrinogen in rat liver fixed by perfusion of immersion: effect of saponin on the infracellular penerution of labeled antilodies // J. Histochem. Cytochem. -1982. -Vol.30. -№10. - P.1004-1014.
- Gumicio J., Miller D. Liver cell heterogeneity // The liver biology and pathology. - New York: 1982. -P.647-661.
- Афанасьев Ю.И. Юрина Н.А. Печень // Гистология, цитология, эмбриология (учебник). - М.: 2012. - С. 595-606.
- Бекетова Т.П., Секамова С.М. К вопросу структурной гетерогенности гепатоцитов // III Всесоюзная Конференция по патологии клетки. (Тез. докл). -1982. - С.101-102.