Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Шымкент қаласындағы жүкті әйелдерде гипертензиялық бұзылыстардың кездесу жиілігі

Шымкент қаласында жүкті әйелдер арасында гипертензиялық бұзылыстардың кездесу жиілігін анықтау мақсатында 1100 жүкті әйелдің медициналық құжаттарына ретроспективті талдау жасалынды. Зерттеу барысында анықталғаны: гипертензиялық бұзылыстардың кездесу жиілігі әйелдің жасына, босану санына, әлеуметтік жағдайына байланысты әртүрлі болды.

Жүкті әйелдердегі гипертензиялық бұзылыстар бүгінгі таңда медицина саласындағы өзекті мәселелердің ішінде ерекше орын алады. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау (ДДС) ұйымының мәліметтері бойынша жыл сайын дүние жүзінде шамамен 50 000 ана гипертензиялық бұзылыстардың асқынуларынан көз жұмады [1]. Жүкті әйелдерде гипертензиялық бұзылыстың болуы эклампсия, қанның шашыранды ұю синдромы, тромбоцитопения, жедел өкпе ісінуі, қалыпты орналасқан плацентаның уақытынан бұрын ажырауы, ми-қан айналым бұзылысы, торлы қабаттың ажырау қаупін жоғарылатады [2, 3].

ДДС ұйымының мәліметтері бойынша жүкті әйелдерде 4 - 8% гипертензиялық бұзылыстар кездеседі және ана өлімінің 20-30%-ы гипертензиялық бұзылыстар үлесіне тиеді [4, 5].

Зерттеу мақсаты. Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы аймағы бойынша жүкті әйелдер арасында гипертензиялық бұзылыстардың кездесу жиілігін анықтап, гипертнзиялық бұзылыстардың жиілігін әйелдің жасына, босану санына, әлеуметтік жағдайына байланысты талдау. Материалдар және зерттеу әдістері.

Жүкті әйелдер арасында гипертензиялық бұзылыстардың кездесу жиілігін анықтау мақсатында қарапайым кездейсоқ іріктеу әдісін қолдана отырып бір мезеттік көлденең зерттеу жүргізу жоспарланды. Зерттеу үшін 2014 жылы Шымкент қаласындағы №2 облыстық перинаталдық орталықта босанған 1100 жүкті әйелдің медициналық құжаттары алынды. Зерттеу барасында анамнез, антропометриялық параметрлер, зиянды әдеттері, босану саны, босану түрі, экстрагениталді патология (түрі, дәрежесі, асқынулары), гипертензиялық бұзылыстар, жүктілік асқынуларына талдау жасалынды. Гипертензиялық бұзылыстар түріне байланысты төмендегі көрсеткіштер бойынша жіктелді (АХЖ-10):

  1. Гестациялық гипертензия - жүктіліктің 20-ші аптасынан кейін пайда болатын, босанғаннан кейін 6 апта ішінде артериялық қысым (АҚ) қалыпты көрсеткішке келеді.
  2. Созылмалы артериялық гипертензия - жүктілікке дейін болған немесе осы жүктіліктің 20-ші аптасына дейінгі мерзімде анықталған, босанғаннан кейін де сақталған гипертензия.
  3. Преэклампсия (ПЭ) - жүктіліктің 20 аптасынан кейін пайда болатын гипертензия, протеинурия және ісіну қосылады, босанғаннан кейін кері даму жүреді.
  4. Эклампсия – преэклампсия көрінісі негізінде клонусты- тонусты құрысулар дамиды.

Преэклампсияға байланысты артериялық қысым (АҚ) деңгейі, ісіну, тәуліктік протеинурия мөлшері анықталып, ауырлық дәрежесі төмендегі көрсеткіштерді бағалай отырып қойылды:

  1. Ауырлығы орташа дәрежелі преэклампсия:
  • АҚ 140/90 мм.с.б.б. немесе одан жоғары, бірақ 160/110 мм.с.б. нан төмен;
  • бет пен қолдың ісінуі,
  • тәуліктік протнурия 0,3-5,0 г/тәулігіне.
  1. Ауыр дәрежелі преэклампсия:
  • АҚ 160/110 мм.с.б.б. немесе одан жоғары,
  • ісіну,
  • тәуліктік протеинурия 5,0 граммнан жоғары.

Іріктеу WinPepi бағдарламасы арқылы 95% аралық сеніммен алынды. Статистикалық талдаулар «Microsoft Office Excel 2007» бағдарламасы арқылы жасалынды.

Зерттеу нәтижелері.

Жинақталған мәліметтерге сүйене отырып жүкті әйелдер жасына, босану санына, босану түріне, әлеуметтік жағдайына, экстрагениталді патология түріне, дәрежесіне байланысты жіктеліп, төмендегі кесте толтырылды.

Зерттеуіміз барысында анықталғаны, жүкті әйелдердің басым бөлігін 20-29 жас аралығындағы әйелдер құрады (70%), босану санына байланысты айтар болсақ, қайта босанушы (босану саны 2-3) әйелдер жиі болды (48,3%), көпшілік әйелдер табиғи жолмен босанған (89,3%), әлеуметтік жағдайы орташа әйелдер басым болды (87%).

 

Жүкті әйелдерде жалпы экстрагениталді аурулар 65,2% кездесіп, оның ішінде гипертензиялық бұзылыстар кездесу жиілігі бойынша үшінші орында болды (анемия және пиелонефриттен кейін).

Жалпы гипертензиялық бұзылыстар және оның ішінде преэклампсия 16-19 жас арасында жиі кездесті (гипертензиялық бұзылыстар-20,5%, преэклампсия-18,2%) .

Созылмалы артериялық гипертензия ең жиі 40 жастан асқан аналарда кездессе (6,9%), гестациялық гипертензия 30-39 жас арасында жиі байқалды (9,3%).

Әйелдің босану санына байланысты гипертензиялық бұзылыстардың кедесу жиілігін салыстырмалы түрде талдасақ, алғаш босанған әйелдерде преэклампсия жиі кездесті (13,3%), көп балалы аналарда созылмалы артериялық гипертензия (2,1%) және гестациялық гипертензия (8,3%) жиі болды.

Әлеуметтік жағдайы

Жалпы экстрагенит алді аурулар

Гипертензи ялық бұзылыстар

Преэклампсия

Әлеуметтік жағдайы орташа

55,6

11,5

5,8

Әлеуметтік жағдайы төмен әйелдер

74,8

21,5

13,2

Кесте 2 - Әлеуметтік жағдайға байланысты гипертензиялық бұзылыстардың кездесу жиілігі

Әлеуметтік жағдайы төмен әйелдерде әлеуметтік жағдайы орташа әйелдер мен салыстырғанда гипертензиялық бұзылыстар екі есе жиі болып (21,5%), көбінесе преэклампсия түрінде өтті-13,2%.

Зерттеу нәтижелерін талқылау.

1. Жүкті әйелдердің орташа жасы 26,4±5,27 құрады.

2. Жүкті әйелдер арасында жалпы экстрагенитальді патологиялар 65,2% анықталып, оның ішінде 13,3%-ын гипертензиялық бұзылыстар құрады. Гипертензиялық бұзылыстары бар әйелдердің 73%-ында қосымша экстрагениталді патологиялар болды, басым бөлігінде анемия-51,4%, пиелонефрит-26,9%, семіздік-13,4%, аяқ

веналарының варикозды кеңеюі-7,7%. Анамнезінде семіздік бар жүкті әйелдерде гипертензиялық бұзылыстар ауыр дәрежеде өтті және асқынулар жиі дамыды.

  1. Гипертензиялық бұзылыстардың кездесу жиілігінің талдау нәтижесі: 16-19 жас аралығындағы әйелдердің ішінде жиі байқалып (20,5%), көбінесе преэклампсия түрінде өтті (18,2%). Жүкті әйелдің жасы ұлғайған сайын созылмалы артериялық гипертензияның кездесуі жиілеп, ең көп 40 жастан асқан әйелдерде кездесті (6,9%). Акушерлік анамнезге байланысты айтар болсақ, гипертензиялық бұзылыстар алғаш босанушылар мен көп балалы аналар арасында (босану саны 4≤) кездесуі жоғары болды, босану саны 2-3 аналар мен салыстырғанда (алғаш босанған әйелдерде – 18%, босану саны 2-3 әйелдерде – 8,3%, көп балалы аналарда – 15,6%). Преэклампсия алғаш босанушы әйлдерде қайта босанушы әйелдермен салыстырғанда үш есе жиі кездесті.
  2. Әлеуметтік жағдайға байланысты айтар болсақ, гипертензиялық бұзылыстар әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларда жиі кездесетіндігі анықталды (21,7%).
  3. Преэклампсияның жеңіл түрінде 18,2% жағдайда симптомдар үштігі кездесті (артериялық гипертензия (АГ), протеинурия, ісіну), 45,4% жағдайда АГ+протеинурия кездесті, ал 36,4% жағдайда АГ+ісіну байқалды. Преэклампсияның ауыр түрінде 83,3% жағдайда симптомдар үштігі (АГ, протеинурия, ісіну) тіркелді, ал 16,7% жағдайда АГ+протеинурия кездесті.
  4. Анамнезінде гипертензиялық бұзылыс бар жүкті әйелдердің 19,2%-ында асқынулар болды (уақытынан бұрын босану-12,3%, босанудан кейін қан кету-2,5%, қалыпты орналасқан плацентаның уақытынан бұрын ажырауы-1,4%, босану ағымының әлсіздігі-2,4% және т.б.). Қорытынды.

Гипертензиялық бұзылыстардың кездесуі әйелдің жасы, босану саны, әлеуметтік жағдайына байланысты әр категорияда әр түрлі болып, алғаш босанушы жас аналарда және әлеуметтік жағдайы төмен әйелдерде жиі кездесті. Қосымша экстрагениталді патологиясы бар әйелдерде гипертензиялық бұзылыстар ауыр түрде өтті және асқынулар жиі дамыды.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Верткин А.Л., Ткачева О.Н., Мурашко Л.Е. и др. Артериальная гипертония беременных: диагностика, тактика ведения и подходы к лечению // Лечащий врач. – 2006. – № 3. – С. 25-28.
  2. Манухин И.Б., Маркова Е.В., Маркова Л.И., Стрюк Р.И. Комбинированная низкодозовая антигипертензивная терапия у беременных с артериальной гипертонией и гестозом // Кардиология. – 2012. – № 1. – С.32–38.
  3. Clivaz Mariotti L., Saudan P. et all. Hypertension in pregnancy // Rev. Med. Suisse. – 2007. – Vol. 3(124). – P. 2015–2016.
  4. Преображенский Д.В., Вышинская И.Д. Медикаментозное лечение артериальной гипертензии при беременности // CONSILIUM MEDICUM UKRAINA. – 2010. - №6.- С.9-12.
  5. Айламазян Э.К., Мозговая Е.В. Гестоз: теория и практика. – М.: МЕДпресс-информ, 2008.- С. 7-9.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.