Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Балалар церебралдық салдануы дискинетикалық түрінің қалыптасу кезеңдері

Берілген мақалада балалар церебралдық салдануы дискинетикалық (гиперкинетикалық) түрінің кезеңдерінің қалыптасуының ерекшеліктеріне талдау жасалған. Жұмыс «Ақсай» университеттік клиникасының неврология бөлімшесінде жүргізілді. Мақалада балалар церебралдық салдануы гиперкинетикалық түрінің ауырлығына байланысты қалыптасу кезеңдерінің клиникалық көрінісі сипатталған. Сондай-ақ берілген топтың ерте көріністері мен гиперкинездер қалыптасу жастары талданған.

Тақырыптың өзектілігі: Балалардың церебралдық салдануы (БЦС) – перинаталды кезеңде қолайсыз факторлардың әсерінен мидың дамуының бұзылысы нәтижесінде дамитын қимыл-қозғалыс, сөйлеу және психиканың үдемелі емес бұзылыстарымен сипатталатын ауру [2,4]. БЦС гиперкинетикалық түрі дамуының қауіп факторына жаңа туған нәрестенің гипербилирубинемиясы мен ұзақ уақытқа созылған сарғаю жатады [3]. Ядролық сарғаюға әкелетін себептерге: уақытынан ерте туылу, туылу кезіндегі жарақат пен гипоксия кіреді [1]. Тыныс алу бұзылыстары синдромы, миға қан құйылу, ауыр асфиксия, нейроинфекциялар, артериалдық гипотензия гематоэнцефалдық тосқауылдың төмендеуіне алып келеді. Тура емес билирубиннің улы әсеріне нейрондардың аса жоғары сезімталдығына шала туылу, гипотермия, ашығу, гипогликемия қолайлы жағдай туғызады. Шала туылу фонында дамыған гипоальбуминемия мен ацидоз билирубиннің альбуминге байланысуын төмендетеді. Жаңа туған нәрестелердің гипербилирубинемиясының салдары өте ауыр. Ол көбінесе жүйке жүйесі жағынан бұзылыстар, психомоторлық дамудың бұзылысы және кереңдік [4]. Экстрапирамидті гиперкинездер базальды ганглийлердің және солармен байланысты құрылымдардың зақымдануымен жүретін еріксіз қимылдар [3]. Бала өмірінің алғашқы жарты жылдығында вегето-тамырлық және вегето-висцералдық бұзылыстар фонында атетоз, торсионды дистония мен дистониялық шабуылдар ретінде гиперкинездер қалыптаса бастайды [5]. Экстрапирамидті гиперинездер науқастардың функционалдық мүмкіндіктерін шектеп, олардың әлеуметтік және психологиялық оқшаулануына алып келеді [6].

Зерттеу мақсаты балалар церебралдық салдануы (БЦС) дискинетикалық түрінің (G80.3) клиникалық көріністері мен орталық жүйке жүйесінің зақымдану ауырлығына байланысты даму кезеңдерін қалыптасуын анықтау болып табылады.

Материалдар мен зерттеу тәсілі. Осы мақсатта «БЦС дискинетикалық немесе гиперкинетикалық түрі» (G80.3) диагнозымен 500 науқас алынды. Жалпы науқастардың ішінде қыздар - 235 (47%), ұлдар - 265 (53%) құрады. «Ақсай» Университеттік клиникасының неврология бөлімшесінде ем қабылдаған 4 ай мен 14 жас аралығындағы балалар бақылауға алынды. Зерттеу кезеңі 2010 ж. мен 2015 ж. аралығында өтті. Клиникада ем алған науқастардың бәрінен анамнез жиналып, неврологиялық, нейровизуализациялық, офтальмологиялық, сурдологиялық, электроэнцефалография зерттеу әдістері мен қан анализін жатырішілік инфекцияларға иммуноферментті талдау жүргізілді. Неврологиялық зерттеу классикалық зерттеу әдісі бойынша өтті. Барлық науқастардың анамнезінде перинаталды патология анықталды. Аурудың анағурлым жиі кездесетеін себептері болып токсикалық фактор (неонатальды патологиялық сарғаю), церебралды депрессия, жатырішілік және интранаталды кезеңнің гипоксиясы әсер еткені анықталды. Ауруханаға түскендегі негізгі шағымдары: мазасыздық, ұйқының бұзылуы, еріксіз қимылдар, қимыл қызметінің бұзылыстары, моторлық және сөйлеу дамуының тежелуі.

Зерттеу нәтижелері мен оны талқылау.

Зерттеудің міндеті анамнез бен клиникалық көріністерге сүйене отырып, БЦС дискинетикалық түрінің ауырлығы мен даму кезеңіне байланысты негізгі клиникалық көріністерін анықтау болып табылады. Біздің бақылауымыз бойынша БЦС клиникалық белгілері зақымдану деңгейі мен даму кезеңдеріне байланысты көрініс береді. БЦС дамуының 3 негізгі кезеңдерін ажыратады: ерте кезең - туғаннан 4-5 айға дейін; бастапқы резидуалды кезең - 5-6 айдан бастап 3 жасқа дейін; кеш резидуалды кезең - 3 жастан кейін.

БЦС ерте кезеңі 4-5 айға дейін созылады. Біздің бақылауымыз бойынша клиникалық көріністер орталық жүйке жүйесінің зақымдануының ауырлығына байланысты ерекшеленеді. БЦС ауыр түрімен ауырған балаларда ерте кезең нәресте жағдайының ауырлығымен, шартсыз рефлекстердің тежелуімен, гипотония немесе дистония тәрізді тонустың өзгеруімен, патологиялық рефлекстердің пайда болуымен, жүректің жиі немесе сирек соғуымен, тыныс алудың өзгерістерімен сипатталады. Берілген топтың көпшілігінде осы кезеңге айқын мазасыздық, ұйқының бұзылысы немесе керісінше тежелу синдромы (ұйқышылдық, адинамия, гипотония, гипорефлексия) тән. Постнаталды кезеңде негізгі физиологиялық постуралды дағдылардың қалыптасуының кешігуі, бұлшық ет тонусының дистония түрінде өзгеруі, гиперкинез ретінде еріксіз қимылдардың пайда болуымен көрінеді. Осы топ балаларының 2-4 айлығында неврологиялық статусы қимыл белсенділігінің төмендеуі және дене қызуының тұрақсыздығы, тері түсінің өзгеруі, дене салмағын нашар қосу және құсумен өтетін вегетативті бұзылыстармен қатар жүреді. Кейбір жағдайларда нәрестенің ауыр халі 2—3 айға дейін созылады. Гиперкинездер 10,2% баланың 3-4- айлығында пайда болған. Балалардың 3,1% дене қызуы көтерілген; дистониялық шабуылдар мен белок- энергетикалық тапшылық 15% жағдайда; вегетативті- висцералды өзгерістер анықталды. БЦС ауыр түрі диагнозы нәресте өмірінің 1—4 айлығында 10—12 % қойылған.

БЦС орташа дәрежесінің (75-80%) көпшілігінде ерте кезеңде мазасыздық, ұйқы және қимыл-қозғалыс бұзылыстары мен моторлық дамудың тежелуі анықталды. БЦС қалыптасуының ерте кезеңінде науқас балалардың 40% айқын мазасыздық; 22% балаларда - ұйқы бұзылыстары; 1,6% балаларда - әлсіздік орын алды. Анамнез деректеріне сай орташа дәрежедегі БЦС ерте кезеңінде гиперкинездер анықталмаған. БЦС қалыптасу кезеңінде қимыл белсенділігі мен сыртқы тітіркендіргіштерге жауаптың төмендеуі (көру, есту), бұлшық ет дистониясы анықталды.

БЦС жеңіл түрімен ауырған балалар (10-15%) тобында ерте кезең жүйке-рефлекторлық қозғыштық синдромымен (ұйқы бұзылысы, мазасыздық) сипатталды. Гиперкинездер тек бастапқы резидуалды кезеңде, көпшілігінде 7-10 айдан кейін пайда болды. Бұл кезеңде сырқат балада қимыл бұзылыстары көрінбейді. Сол себепті БЦС жеңіл дәрежесі диагнозы ауыр және орташамен салыстырғанда кеш қойылады.

Бастапқы резидуалды кезең 5 айдан бастап 3 жасқа дейін созылады. Бұл кезеңде моторлық дамудың тежелуімен қатар БЦС дискинетикалық түріне сәйкес арнайы өзгерістер: бұлшық еттің патологиялық тонусы мен гиперкинездерге байланысты қимыл бұзылыстары дамиды. Гиперкинездер жиі 5 пен 7 ай аралығында пайда болады. Гиперкинездер 7-12 айға дейін өрши түседі. БЦС гиперкинездер атетоз, хореоатетоз, торсионды дистония түрінде көрінеді. Гиперкинездер алғашында тіл мен ерін бұлшық еттерінде, кейін мойын, қол-аяқ және дене бұлшық еттеріне тарайды. Біздің зерттеуіміз бойынша гиперкинездердің қалыптасуындағы жас мерзімі жүйке жүйесінің зақымдануының ауырлық дәрежесімен байланысты. Яғни БЦС неғурлым ауыр дәрежесі болса, соғурлым гиперкинездер ерте қалыптасады. Бұл кезеңде сондай-ақ вегетативті жүйке жүйесінің: 20% жағдайда жоғары тершеңдік, вегетативті-қантамырлық бұзылыстары анықталды. БЦС дискинетикалық түрінің 5% аффективті-респираторлық пароксизмдермен қатар жүреді. Осы кезеңде негізгі физиологиялық постуралдық дағдылардың қалыптасуы да кешіге түседі: басын ұстау, қолмен мақсатты іс-әрекеттерді орындау, отыру, еңбектеу, тұру, жүру.

Аурудың кеш резидуальды кезеңінде қимыл бұзылыстары басымырақ көріне түседі, тік тұру реакциясының тежелуімен, бұлшық ет тонусының өзгеруімен, БЦС аурлығына байланысты еріксіз қимылдардың әсерінен мақсатты іс-әрекеттердің мүмкін еместігімен көрінеді. Клиникалық көрініс орталық жүйке жүйесінің қаншалықты ауыр зақымданғанына тәуелді. 3 жастан кейін басталатын бұл кезеңде қимыл бұзылыстары тұрақталады (қол мен аяқтың, саусақтардың, бастың еріксіз қимылдарының әсерінен мәжбүрлі жағдай). Бұл кезең тек қимыл бұзылыстары, бет пен қол-аяқ бұлшық еттерінің гиперкинезі, бұлшық ет тонусының өзгеруімен ғана емес, сонымен қатар гиперкинетикалық дизартрия түріндегі сөйлеу бұзылыстарымен (сөздері анық емес, баяуланған) қатар жүреді. Қөптеген балаларда айқын гипотоно- гиперкинетикалық синдром мен «тіл-көз» феномені оң болады. БЦС гиперкинетикалық түрімен ауырған балалардың ақыл-ойы сақталған. Барлық балаларда моторлық дамудың тежелуі болды: басын кеш ұстады, кеш аунай бастады, кеш ойыншықтарға ұмтылып, отырып, тұрып, кеш жүре бастады. Алайда бұл кезеңде моторлы даму үдей бастады, гиперкинездер азайып, балалар анағурлым қозғалмалы болып, жалпы қимыл белсенділігі көбееді. БЦС дискинетикалық түрі спастикалық түрімен салыстырғанда псевдобульбарлы синдром мен контрактуралардың болмауымен ерекшеленеді. Құрысу ұстамалары басқа БЦС- мен салыстырғанда сирек кездеседі.

Қортынды:

  1. БЦС дискинетикалық түрінің кезеңдерінің қалыптасуы мен клиникалық көріністерінің басқа БЦС түрлерімен салыстырғанда өзіндік ерекшеліктері бар және ол аурудың ауырлық дәрежесіне байланысты.
  2. БЦС дискинетикалық түрінің алғашқы белгілері (айқын мазасыздық, ұйқы бұзылысы, моторлық дамудың тежелуі) бала өмірінің бірінші жылында пайда болады.
  3. БЦС гиперкинездер балалардың көпшілігінде 5—8 айдан кейін қалыптасады, 2 жасқа дейін толық қалыптасып бітеді. Тек ауыр жағдайларда ғана 10% балаларда гиперкинездер 3 айға дейін қалыптасады.
  4. БЦС жеңіл түрімен балаларда ерте кезең аз симптомдармен өтеді, сондықтан да перинаталдық патологиясы бар сәбилер невропатологтың бақылауында болуы тиіс. Перинаталдық патологиясы бар балаларға алдын алу екпелерін диагноз анықталғанша екпеген дұрыс.
  5. БЦС ерте кезеңінде шартсыз рефлекстер тежеліп, вегетативті-висцералдық бұзылыстар байқалады.
  6. БЦС дискинетикалық түрінің бастапқы және кеш резидуалды кезеңінің жүйке жүйесі жағынан арнайы өзгерістеріне гипотоно-гиперкинетикалық синдром жатады.
  7. Егер перинаталдық анамнезі шектелген бала физикалық, қимыл-қозғалыс және психикалық дамуы жағынан артта қалып келе жатса, педиатр мен жалпы тәжірибелік дәрігерлер сақ болғаны жөн.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Дементьева Г.М., Вельтищев Ю.Е. Профилактика нарушения адаптации и болезней новорожденных. // Российский Вестник перинатологии и педиатрии – 1988. – №2. – 84 с.
  2. Бадалян Л.О., Журба Л.Т., Тимонина О.В. Детские церебральные параличи – Киев: 1988. – 323 с.
  3. Шток В.Н., Иванова-Смоленская И.А., Левин О.С. Экстрапирамидные расстройства: Руководство по диагностике и лечению. – М.: Медпресс информ, 2002. – 700 с.
  4. Семенова К.А., Мастюкова Е.М., Смуглиян М.Я. Клиника и реабилитационная терапия детских церебральных параличей. – М.: Медицина, 1972. – 287 с.
  5. Барашнев Ю.И. «Перинатальная неврология». – М.: Триада- Х, 2001. – 640 с.
  6. Michael J. Vincer et al. Increasing Prevalence of cerebral Palsy Among Very Preterm Infants: A Population-Based Study. Pediatrics. – 2006. - №118. – Р. 1621-1626.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.