Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Балалардағы жрви кезінде жөтелді емдеу тактикасы

Мақалада балаларда ЖРВИ кезінде жөтелді емдеу тактикасы көрсетілген. Жөтелді емдеуге арналған препараттардың жіктелуі және әсер ету механизімі туралы мәліметтер келтірілген .

Кіріспе. Жедел респираторлық вирустық инфекция (ЖРВИ) - бұл тыныс алу жолдарының қабынуымен жүретін (мұрын қуысы, жұтқыншақ, көмекей, кеңірдек, бронхылар), вирустар және бактериялардан туындайтын, балалар арасында ең көп тараған ауру. Балалардағы, әсіресе ерте жастағы балалардағы жедел респираторлық вирусты инфекциянының қоздырғышына тиімді әсер ететін, әрі қауіпсіз дәрілік препараттар санаулы ғана. Көбінесе дене қызуын басу, мұрыннан су ағуды тоқтату, жөтелге қарсы бағытталған симптоматикалық ем қолданылады. Ол үшін қызу түсіретін дәрілер, деконгестанттар, сонымен қатар «жөтелге қарсы» дәрілер қолданады.

Жедел респираторлық вирусты инфекция кезінде вирус төменгі тыныс алу жолдарының мерцательді эпителиальдық клеткаларын зақымдап, трахеобронхиалдық секреттің түзілуін бұзады және сапалық құрамын өзгертеді. Әсер ету механизіміне байланысты жөтелді емдеуге арналған барлық препараттар қақырық түсіретін, жөтелге қарсы және муколитиктер болып жіктеледі.

Негізгі бөлім. Қақырық түсіретін дәрілер құрамында дәрілік өсімдіктер экстрактысы (алтей, анис, душица, жолжелкен, шық шөп, мия, шегіргүл, тас шөп, термопсис), терпингидрат және йодидтер болады. Олар тыныс жолдарындағы бронхисекрециясының көлемін және гидратация дәрежесін ұлғайтып, тұтқырлығын төмендетіп, сыртқа бөлініп шығуын белсендіреді.

Өсімдік тектес экстрактілер жөтелге қарсы шәрбәт, тамшы және таблеткалар құрамына кіреді, кейбір бүркеуіш әсерлі препараттармен комбинацияланады. Тарихи тұрғыдан балалардағы жөтелді емдеуде өсімдік тектес дәрілерді (фитопрепараттар) қолдану педиатрияда ең тиімдірек деп саналды. Бірақ, бұл дәрілердің әсері қысқа мерзімді болғандықтан аз дозамен жиі қолдануды қажет етеді. Егер бір реткі дозасын ұлғайтқан жағдайда балаларда лоқсу, кейде құсу болуы мүмкін. Есте болуы керек, бұл топтың дәрілері бронх секрециясын едәуір ұлғайтады, бұл кішкентай балалар өздігінен қақырып шығара алмайтындықтан, өз кезегінде өкпенің дренаждық қызметінің бұзылуына және реинфекцияға әкеледі, екіншіден құсу және жөтел орталығын әсер етіп аспирация болуы мүмкін, әсіресе ОЖЖ-сі зақымдануы бар баларда жиі болады [1].

Жөтелге қарсы дәрі ретінде көбінесе орталық әсері бар наркотикалық емес дәрілер қолданылады, сонымен қатар құрамында жөтелге қарсы және қақырық түсіретін әсері бар комбинирленген дәрілік препараттар қолданылады. Бірақ ересектерде жөтелді емдеуде қолданылған комбинирленген дәрілік препараттарды қолдану тиімділігін бағалаған кезде, олардың қақырық шығаруды жақсартпайтындығы және сонымен қатар сыртқы тыныс алу көрсеткіштерін төмендетету мүмкіндігі бар екендігі байқалған [2].

Муколитиктер шырыштың құрамын өзгерту арқылы бронх секрециясын суйылтатын эфферентті перифериялық әсерлі дәрілік препарат. Қазіргі кезде балалардағы ЖРВИ кезіндегі жөтелді емдеуде муколитиктердің маңызы зор, себебі муколитиктер тыныс алу жолдарының жиналған бронх секретінен жылдам тазаруын қамтамасыз ету арқылы патологиялық жағдайдың тез қайтуына әсер етеді. Бес жасқа дейінгі балаларда, жөтелу рефлексі әлсіз болғандықтан, қақырық түсіретін дәрілер қолданбайды. Бала қақырықты шығаруына көмектесу үшін кинезиотерапия (тыныс алу гимнастикасы және кеуде қуысы массажы) қолдану бронхтар дренажын арттырады [3]. Бронхтың жоғары белсенділігі бар балаларға (гиперреактивность) муколитиктерді ингаляциялық жолмен беруге болмайды, себебі бронхтарылуын күшейтіп жіберуі мүмкін.

Педиатр ем тағайындауда жөтелдің сипатын анықтауы қажет: оның жиілігін, күшін, жөтелген кезде ауру сезімнің бар жоғын, қақырық бар ма және оның сипатын.

Егер жөтел құрғақ, азөнімді, аз қақырық сипаты жабысқақ емес болса қақырық түсіретін дәрілер тағайындалады. Теориялық тұрғыдан алып қарағанда құрғақ жөтел кезінде жөтелге қарсы дәрі тағайындалуы керек, бірақ салқын тию кезіндегі жөтел сипаты жылдам өзгеріп, ылғалды жөтелге айналатындықтан, мұндай жағдайда бұл дәрілік препаратты тағайындау қарсы көрсетілім болып табылады [2].

Құрғақ «үріген тәрізді» жөтелде ( ларингит) баланы тыныштандырып, бөлмеде жоғары ылғалдылықты қамтамасыз етіп, баланың аяғын жылы суға малып, жылы шәй, жылытылған минеральді су, суйықтықты жиі ішкізу,сілтілі ингалияция жасау қажет.

Құрғақ дөрекі жөтелді (көбінесе трахеитке тән) емдеуде сілтілі ингаляция жасаумен қатар қақырық суйылтатын дәрілік препарат (муколитик) тағайындаған жөн. Себебі балаларда азөнімді жөтелдің болуы бронх секретінің жабысқақтығының жоғары болуына байланысты болса, емдеудің мақсаты қақырықты сұйылтып, оның адгезивтілігін төмендету болып табылады.

Ылғалды жөтелді емдеуде қақырық түсіретін дәрілерді (бес жастан жоғары балаларда) тағайындайды, ингаляция жасау және муколитиктер беру қажет. Муколитиктер қақырық түсіретін дәрілерден айырмашылығы қақырық көлемін ұлғайтпайды. Муколитиктер қақырықтың жабысқақтығын төмендетіп ғана қоймай, мұрын қуыстарындағы бөлінділерді де сұйылтып, қақырық пен шырыштың шығуын жеңілдетіп, жөтелді азайтады[3-5].

Қою, жабысқақ, шығаруға қиын қақырықты жөтелді емдеуде де муколитиктер тағайындалады.

Қорытынды. Педиатриялық тәжірибеде қазіргі заманда муколитикалық препараттарды кеңінен қолданады. Сонымен балалардағы жөтелді заманауи муколитикалық дәрілермен емдеуде дәрігер патогенетикалық емді қатар жүргізеді.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Зайцева О.В. Рациональный выбор муколитической терапии в лечении болезней органов дыхания у детей // РМЖ. – 2009. - Т. 17. - № 19. - С. 1217-1222.
  2. Таточенко В.К. Дифференциальная диагностика кашля у детей и его лечение // Лечащий врач. – 2008. - № 3. – Т. 3. - С.15–19
  3. Симонова О.И. Особенности применения муколитиков прямого типа действия в практике педиатра // Вопросы современной педиатрии. – 2011. - Т. 10. - № 1. - C.153-159.
  4. Клячкина И. Л. Лечение кашля при ОРВИ и гриппе // РМЖ. – 2013. - № 8. - С. 278.
  5. Захарова И. Н., Дмитриева Ю. А. Кашель у детей: дифференциальная диагностика и тактика лечения // Consilium medicum. – 2010. - №1. - C. 17–20.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.