Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Алматы қаласы бойынша балалар арасындағы пневмония ауыр түрлерінің жиі себептері және олардың алдын алу шаралары

ДДҰ мәліметі бойынша 2015ж бүкіл әлемде 5 жасқа дейінгі балалар арасындағы өлім себебінің 15% пневмонияға тиесілі. Пневмонияның негізгі қоздырғыштары балаларда бірінші кезекте вирустар, бактерия және саңырауқұлақтар. Бактериямен шақырылған пневмонияларды антибиотиктермен емдеуге болады, бірақ науқас балалардың 1/3 бөлігі ғана керекті, яғни қоздырғышқа сезімтал антибиотиктермен емделеді.

Алматы қаласында біршама қолайсыз экологиялық факторлар бар, олар: ауа циркуляциясының жоқтығы, яғни географиялық қолайсыз орналасуы (таудың етегінде орналасуы), өндіріс ошақтары мен жылу қазандықтар, көліктің көптігі және т.б., әлеуметтік фактор – халықтың көптігі және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларда балалардың жиі науқастануы.

Пневмонияның алдын алу шараларына бірінші кезекте иммунизациялау, дұрыс тамақтану, тұрғындардың сауаттылығын арттыру және ең маңыздысы қолайсыз экологиялық факторларды жою.

Соңғы жылдары 2000-2005 жылдармен салыстырғанда ерте жастағы балалар арасында тыныс жолдарының, соның ішінде өкпе қабыныуының ауыр түрлерінің өсу тенденциясы байқалады.

Зерттеу мақсаты: Алматы қаласының балалар арасындағы пневмония асқынуының негізгі себептерін анықтау.

Зерттеу әдісі мен қолданылған материал:

№2 БҚКА, пульмонология бөлімшесінде 2015 жылдың 1 жартысында ем қабылдаған науқас балалардың ауру тарихына ретроспективті талдау жүргізілді.

Жалпы Алматы қаласы географиялық тұрғыдан алып қарағанда бірқатар экологиялық қолайсыз орын тепкен, яғни таудың етегінде орналасқанымен ауа айналымының жоқтығы, көптеген өндіріс орындарымен жылу қазандықтары, күннен күнге биік ғимараттардың көбейуі және де жүздеген мың көліктің түтіні, халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту мақсатында жаппай қалаға көшуі жағдайды қиындата түседі. Әрине осы бірқатар себетер мегаполис тұрғындарының, оның ішінде 14 жасқа дейін балалар арасында тыныс жолдарының қабыну аурулары алғашқы орынға шығады.

Пневмония – өкпе тінінің жедел инфекциялық қабынуы, оның диагностикасында тыныс жолдарының зақымдану синдромы және физикалды тексергендегі жергілікті өзгерістермен, сонымен қатар кеуде қуысын рентгенологгиялық зерттеудегі инфильтративті өзгерістердің анықталуымен сипатталады. Пневмонияның тыныс жолдарының басқа жұқпалы ауруларынан (жедел бронхит, обструктивті бронхит, грипп және т.б.) ерекшелігі альвеоллалардың қабыну үрдісіне қатысуы және ағзадағы газ алмасуының бұзылысы. Жергілікті қабыну ощағында қан арқылы келген жасушалардың, оның ішінде көп жағдайда нейтрофилдердің жинақталуымен сипатталады. Пневмонияның жіктелуінде ең бастысы ауруханадан тыс және ауруханаішілік деп бөлу маңызды болып табылады. Себебі емдеу тактикасында айырмашылықтар бар.

Балаларда, әсресе ерте жастағы балалардың уаыр түрдегі пневмонияға жиі шалдығуы, олардың тыныс жолдарының анатомо-физиологиялық ерекшеліктеріне тікелей байланысты. Бронхтар өте жіңішке, бұлшықеті, эластикалық талшықтары жетілмеген, шырышты қабаттары қан тамырларына бай. Сәбилерде оқкпе тіні нашар ауаланған, қан тамырлары мен лимфа тамырларына бай (инфекция жылдам таралады), дәнекер тіні борпылдақ, бірыңғай бұлшықеттері және эластикалық тіні жетілмеген, әсіресе ацинус перделерінің маңайында, альвеоллалар саны аз, өмірінің 4 жасында ғана альвеоллалар саккулюстен бөлініп, жаңа альвеоллалар пайда болады. Ересектермен салыстырғанда, балаларда оттегіге қажеттілік жоғары болады, себебі зат алмасу үрдістері жоғары қарқынмен іске асады. Тыныс алудың салыстырмалы көлемі жаңа туған нәрестелер мен 6 жасқа дейінгі балаларда 3.5-6.2 мл/кг, ал ересектерде 6.4 мл/кг.

№2 ҚБКА, пульмонология бөлімшесінде 2015 ж 1 жарты жылдығында ем қабылдаған науқас балалардың ауру тарихына ретроспективті талдау жүргізілді. Аталмыш бөлімшеде 263 бала ем қабылдаған, оның ішінде 130 балада пневмонияның асқынған түрі анықталған, 90 балада –екí жақты, 37-де біржақты өкпе бануы болған. Бір жақты өкпе қабынуынының 31- де оң жақты, ал 6-да сол жақты пневмония, 3-де оң жақты сегментарлы пневмония анықталған. Олардың ішінде пневмонияның асқынған түрі 4 жасқа дейін балаларда 76% , 4 жастан жоғары балаларда 25 %асқынған түрі кездескен. 115 бала ай-күні жетіп туылған, 15 шала туылған. Аурудың алғашқы белгілері басталғанда 57% бөлімшелік дәрігердің көмегіне жүгінген, 33% үйде өз бетімен ем қабылдаған, 10% мүлдем ем қабылдамаған. 48% балалар жиі ЖРВИ ауырған. 67% әкелерінің зиянды әдеттері болған, яғни шылым шегу. Балалардың 57% тұрмыс-жағдайы қанағаттанарлық, 43 % тұрмыс жағдайы төмен отбасылар, яғни үй бөлмері аса жоғары ылғалдылықта, бөлме қабырғаларының зеңі және т.б. Клиникаға жатқызылғандардың басым көпшілігі Алатау және Әуезов аудандарының тұрғындары.

Алдын алу шараларына келетін болсақ, педиатр ретінде ең алдымен балаларды иммунизациялау, баланың рационалды тамақтануы мен тәуліктік су мөлшерін сақтау, күн тәртібінің сақталуы, яғни баланы таза ауада кем дегенде 3 сағат серуендету, бөлме температурасының 200 С аспауы, бөлменің санитарлық-гигиена талаптарына сай болуы, тұрғындардың сауаттылығын арттыру, яғни бөлімшелік дәрігердің ата-аналармен санитарлы-ағарту жұмыстарын жүргізу маңызды роль атқарады. Сондай-ақ жанұялық дәрігерлермен жоғары мамандармен кеңесік жұмыстарды жиірек атқару.

Қортынды: Сонымен пневмонияның асқынған түрлері 4 жасқа дейінгі балаларда жиі тіркелген, бұл олардың тыныс жолдарының анатомо-физиологиялық жетілмеуіне байланысты. Жиі ЖРВИ пневмонияның дамуына өз ықпалын тигізген. Сонымен қатар тұрғындардың медициналық көмекке жүгінбеуі, өз бетімен үй жағдайында ем жүргізулері антибиотиктерді ретсіз қолдану және де халықтық ем жүргізу (кеуде қуысын қой майымен сылау және т.б.), ата-анасының зиянды әдеттері, тұрмыс жағдайының төмен болуы пневмонияның асқынған түрлерінің жиі кезедесетін себептері болып табылады.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. http://www.who.int/ru/ - ақпараттық бөлім.
  2. С.Х. Аюпова «Клиникалық педиатрия».- Алматы: 2008. - Т-1. - С-142-161.
  3. В. К. Котлуков, Б. М. Блохин, А. Г. Румянцев Ерте жастағы балалардағы әр этиологиялы респираторлы инфекциялар: клиникалық көріністерінің ерекшеліктері және иммунды жауап// Педиатрия. - М.: 2006. - № 3. - С. 14-21.
  4. И.Ю.Мельникова Балалар аурулары. - М.: ГЭОТАР-Медиа, 2009. - Т.2. - С 78-85.
  5. Е.О. Комаровский Бала денсаулығы. - М.: Баспа Айрис-пресс, 2007. - №1. -С-28-37.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.