Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Сан артериясы қан тамырының бітелуі кезіндегі артқы аяқтың қан және лимфамен қамтамасыз етілуі

Эксперименттік жұмыс 125 егеуқұйрыққа жүргізілді. Сирақ бұлшықетінің лимфа ағысы мен микроциркуляция деңгейі қалыпты, сонымен қатар аяқтың созылмалы ишемия отасынан кейін 60 күн ішінде лазерлік допплерлік флоуметрия әдісі арқылы үлгілер жасалды. Сан артериясындағы қан тамырлардың бітелуі кезіндегі лимфа ағысының төмендеуі 14 тәуліктен кейін бастапқы көрсеткіштен -53%, 30 тәулікте - 50%, 60 тәулікте -43%-ға азайғанДығы байқалДы. Егеуқұйрықтың артқы аяқтарының ишемиясы кезінде сау аяғымен салыстарғанда, ишемиясы бар аяқта қан айналым төмен болды.

Тақырыптың өзектілігі. Артқы аяқтың ишемиясының диагностикасының өзектілігі, көбейіп келе жатқан артқы аяқ қан тамырларының бітелуімен тікелей байланысты [1]. Ауыр ишемия кезінде толық қанайналым декомпенсациясы 1 миллион халықтың ішінде 400-1000 адамда кездеседі немесе қан тамырдың бітелуімен ауыратын науқастардың 15-20% кездеседі [2]. Екі артқы аяқтың ишемия-реперфузия кезінде 3 сағат аралығында токсиколимфия, эндотоксикоз және қанайналым жүйесінде күшейтілген лимфа ағысы байқалды. Дренажды-детоксикалық функцияның және қышқылдық гомеостазды реттеуге қабілеттілігін сақталуы ишемиялық аяқтың тізе асты және мықын лимфа түйіндерінде көрінеді[3]. Құрсақ бөлімінің патологиялық үрдісі кезінде кеуде өзегінде лимфа қысымы және оның түсі бұзылды.

Патология ауырлығының артуына байланысты және кеуде өзегінде лимфа ағысындағы қысымның төмендеу ұзақтығы лимфа ағысының көлемді жылдамдығын көрсетеді[4]. Төменгі қуысты венаны байлау кезінде венозды қысымның жоғарлауы капиллярлық қысымның артуына әкеліп соғып, қанның сұйық бөлігінің ұлпа арасына сүзілуін күшейтіп,оның лимфа жүйесіне резорбциясы, лимфа ағынының артуына әкелді[5]. Посттромбофлебиттік синдром кезінде пайда болатын ісіктер веноздық гипертензиядан ғана емес, сонымен қатар лимфа ағысының қиындауынан, яғни магистральдік лимфа тамырлары және шеткі лимфа түйіндерінің өткізгіштігінің бұзылуымен байланысты. Аяқтың посттромбофлебит синдромы кезінде лимфостаз веноздық жетіспеушілікті одан әрі асқындырады. Ұлпалық сұйықтықта белок құрамы көбейген сайын, тіндерде су ұзақ сақталып, ісінудің көбеюне алып келеді. Ісік көп болған сайын лимфалық капиллярлардың насостық функциясы төмендейді, сонымен қатар қан капиллярларының резорбциялық қабілеттілігі төмендейді

Инвазивті емес әдістер қан тамырларының аурулары бар науқастарды емдеуде маңызды рөл атқарады. Ультрадыбыстық және плетизмографиялық аспаптар объективті тамыр бұзылуын бағалауға мүмкіндік береді, аяқтың артериялық қысымын өлшеуге, қан ағысын, аяқтың импульс сигналдарын талдауға мүмкіндік береді. Бұл аспаптар шеткі тамырлардың аурулары бар емделушілер үшін клиникада пайдаланылады.

Зерттеудің мақсаты - лазерлік допплерлік флоуметрияны пайдаланып, сан артериясының бітелуі кезінде лимфа ағысының және микроциркуляция жағдайын бағалау.

Қажетті құрал-жабдықтар және зерттеу әдістері: Тәжірибе эфирмен ұйықтатылған, салмағы 180-250грамм болатындай 125 аталық егеуқұйрыққа жүргізілді. Кейін егеуқұйрықтарды арнаулы вивариилерде стандартты рациондағы суға еркін қол жеткізетін жерде ұстайды. Он аяқтың ишемиясына шаттағы сан артериясындағы қан тамырын бітеу арқылы қол жеткізіп, 3 күнге, 14 және 30, 60 тәулікке диафрагмадан жоғары кеуде өзегінде лимфа ағысының келесі тіркелуі бақылады. Шеткі гемодинамиканың қан ағысының сигналын анықтау үшін допплерлік ультрадыбыстық анализатор Сономед 300 қолданылды. Артқы аяқтың магистральді артериясын зерттеу ультрадыбыстық зонд (8 МГц) тұрақты толқындық режимде сәулелендіру арқылы жүргізілді. Артқы аяқтың артериясының Гослингтің пульстік индексін (РІ), Пурселла резистенттік индексін (RI) есептеп шығарды. Перифериялық қарсылық индексі қан ағынының дистальді өлшемінің қарсылығын көрсетеді: RI=(S-D)/S. Пульсация индексі қан тамырының серпімділік қасиеттерін көрсетеді: PI=(S- D)/M^анмен қамтамасыз етуді см/c есептеді. Әрбір өлшеу кем дегенде 10минутта орындалды. Өлшеу нәтижелерін басып шығару, сондай-ақ алынған спектрлер принтерді пайдаланып жүзеге асырылды.

Нәтижелер және оларды талқылау. Егеуқұйрықтың артқы аяқ ишемиясының пайда болғаннан кейінгі 14 тәулікте кеуделік лимфа ағысы төмендеді. Ол мынадай есеппен жүргізілді 100г салмақта 14,7±3,5мкл/мин/100 г дененің салмағы(бақылау тобы) 8,7±2,0,30 тәуліктен кейін 8,3±2,2, 7,9±1,3 мкл/мин 100г.д.с.60 тәуліктен кейін.

Интактілі жануарлардың тізе артериясындағы гемодинамикалық көрсеткіш мынадай болды: Vmax = 21,7±2,3 см/c, Vmin= 13,2±1,2 см/c, РI=0,63±0,02, RI=0.4±0.03. Бірінші суретте бақылау тобындағы және артқы аяқтың созылмалы ишемиясы бар егеуқұйрықтардың шеткі артериялық сандық допплерографиялық көрсеткіштерінің салыстырмалы бағасын көруге болады. (1-сурет)

Артқы аяқтың әр түрлі ұзақтықтағы ишемиясы кезінде допплерографиялық зерттеулер нәтижесі сан артериясы қанайналымының төмендеуін көрсетті. 14 тәуліктен кейін қан ағысы 7,38 ± 1,2 см/с дейін төмендеді. 1 айдан соң ишемияның пульсациялық индексі 1,63±0,01 дейін және 2 айдан соң 0,1±0.02 дейін жоғарылады. Пульсация индексінің жоғарлауы егеуқұйрықтың артқы аяқтарының артериялық зақымдануын көрсетеді. Мәліметтерде көрсеткендей ишемия дәрежесінің өсуі пульсациялық индекстің төмендеуімен сипатталады [7].

Сонымен, артқы аяқтың ишемия дәрежесінің өсуі максималды систолалық жылдамдықтың көрсеткіштері мен тіндік қан ағысының төмендеуімен, шеткі қан ағысының пульсациялық және резистивтік индексінің төмендеуімен бірге жүреді.

Егеуқұйрықтың артқы аяғының әр түрлі ұзақтықтағы ишемиясы кезінде ауру аяғында сау аяғына ишемиялық ауруына бейімделуі байқалады, ол артқы аяқтың ауыр ишемиясының 30-35 күннен кейін реваскулиризациясының сәтті болуына байланысты[8]. (2-сурет).

Мына суреттерден әр түрлі ұзақтықтағы ишемия кезінде ишемиялық аймақта микроциркуляция нашарлайды, пульсация индексі төмендейді, микротамырлардың құрылымы деформацияланады, нәтижесінде тонустың реттелу механизмі бұзылады. Артқы аяқтың ишемиясы қанмен қамтамасыз етілуі азаяды, оттегі жетіспеушілігі және сонымен қоса лимфа ағысының төмендеуіне әкеледі, лимфаның түзілу процесі , интерстициальді кеңістіктегі сұйықтықтың резорбция дәрежесі, тін қысымы және капиллярлық сүзілуі төмендейді.

Сонымен, егеуқұйрықтың артқы аяқтарының ишемия кезінде кеуде өзегінде лимфа ағысы төмендеді, себебі лимфа

түзілу ағысы азайды. Сонымен қатар шеткі қан ағысының пульсациясы және резистивтік индексі, максимальдық систолалық жылдамдықтың көрсеткіштерінің, тіндік қан ағысы төмендеді, микроциркуляцияда нашарланды. Ишемияға бірте-бірте бейімделудің жүруі реваскуляризацияға байланысты.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Савельев B.C., Кошкин В.М. Критическая ишемия нижних конечностей. - М.: Медицина, 1997.-160 с.
  2. Чупин А.В. Артериальные трофические язвы нижних конечностей // Хирургия. - 2002.- T2. - №6.- C.35-41.
  3. Т.А. Асташова, Ю.А. Анцырева, О.В. Казаков, С.В. Морозов Лимфатическая система в механизме окислительного гомеостаза при моделировании циркуляторных нарушений и их коррекции низкоэнергетическим лазерным излечением// Бюллетень СО РАМН. - 2005.- №1 (115). - С.74-78
  4. Стюрева Г.М. Муслов С.А.Анализ свойств лимфы при хирургических патологиях // Фундаментальные исследования. - 2007. - №11.-С.125-127.
  5. Wegris R., Zenert H., Waeter K. et al. Effect of systemic venous pressure on drainage of lymph from thoracic duct //Amer. J. Physiol. - 1963.- V. 204. - №1.-P. 284-288.
  6. Zaugg V. B., Dorffer M. J., Spiecel M. et al. Lymphatic capillary pressure in patients with primary lymphedema // Microvasc. Res. - 1993.- Sep. 46 (2). - P. 128 – 134.
  7. Бахритдинов Ф.Ш., Суюмов А.С. Ультразвуковые показатели периферической гемодинамики у пациентов с хронической ишемией нижних конечности // Патология кровообращения и кардиохирургии. - 2009. - №2. - С.54-58.
  8. Paul J. Gagne, Nikita Tihonov, Xialou Li, Qiao, etc..Temporal Exposure of Cryptic Collagen Epitopes within Ischemic Muscle during Hindlimb Reperfusion American Journal of Pathology. - 2005.-Vol.167. - №. 5.- P.1349–1359.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.