Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Бас бостандығынан айырылған топтардың тамақтануын гигиеналық бағалау

Бұл мақалада бас бостандығынан айырылған, яғни оқшауланған топтардың тамақтануына гигиеналық тұрғыдан бағалау жүргізілді. Зерттеу обьектісіне Алматы облысындағы қайта жазасын өтеу колониясының дастархан мәзірі алынды. Тағамның химиялық құрамына компьютерлік бағдарлама көмегімен талдау жүргізілді.

Өзектілігі: Дені сау адам - кез-келген мемлекеттің қолайлылық негізі. Адамның денсаулық жағдайын анықтайтын маңызды факторлардың бірі - толыққұнды тамақтану болып табылады [1]. Тұрғындардың негізгі бөлігі сапалы түрде тамақтанатын мемлекеттерде өмір сүру көрсеткіші де жоғары, ал аурушаңдық пен өлім-жітім жағдайлары төмен.

Адамдардың энергия мен негізгі тағамдық заттектерге деген қажеттілік заманауи мәліметтерге негізделген азық- түлікті тұтынудың тиімді нормалары адекватты және толыққұнды тамақтану ұстанымдарына сәйкес келеді.

Қазіргі таңда әртүрлі аурулардың пайда болуы мен дамуына организмге әртүрлі макро-микронутриенттердің жеткіліксіздігі тікелей байланысты екендігін көптеген зерттеулер дәлелдеуде [2]. Ал оқшауланған адамдардың тамақтану жағдайы өз еркімен таңдау мүмкіндігі болмағандықтан, еркіндікте жүрген адамдарға қарағанда шектелген.

Ғылыми жұмыстың мақсаты: Бас бостандығынан айырылған адамдардың тамақтануын гигиеналық бағалау болып табылады. Зерттеу объектісіне Алматы облысындағы қайта жазасын өтеу колониясының жаз мезгіліндегі дастархан мәзірлері алынды. Сотталған адамдардың тамақтануы Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінің 02.09.2011 жылғы №82 қаулысы бойынша “Күдіктілерді, айыпталушыларды, сотталғандарды тамақтандыру нормаларын бекіту туралы” қаулысымен

жүзеге асады. Тамақтану нормалары сотталғандардың денсаулық жағдайына, жұмысқа тартылатындардың жұмысының ауырлығы мен сипатына байланысты бекітілген. Қамаудағылар мен барлық колониялар жалпы нормаға (Н-7) сәйкес тамақпен қамтамасыз етіледі.

Пайдаланылған материалдар мен әдістер: Алынған мәліметтер нутрициология кафедрасының доценті А.Б.Бердығалиевтың дайындаған «Азық-түліктің химиялық құрамын есептеу» компьютерлік бағдарламасы арқылы өңделді. Бағдарлама зерттеліп жатқан мекеменің 7 күндік мәзірі бойынша маңызды макро-микронутриенттерге талдау жасауға мүмкіндік береді.

Салыстыру мақсатында ересек еңбекке жарамды адамдардың тағамдық заттектер мен энергияға қажеттілігінің физиологиялық нормалары алынды [3].

Нәтижелер мен олардың талданымдары: №82 қаулы негізінде бір күндік азық-түлік жиынтығы 21 өнімді құрауы тиіс, зерттеу барысында жалпы жиынтық саны бойынша өзгеріс жоқ. Тағамдық заттектерге қажеттілік нормасы бойынша тәуліктік рационның энергетикалық құндылығының минималды көрсеткіші 2450 ккал болса, зерттеу нәтижесі бойынша ол 2608 ккал құрады. Бас бостандығынан айырылғандардың негізгі қоректік заттектермен қамтамасыз етілу көрсеткіші минимальды тұтыну көрсеткішімен салыстырмалы түрде төменде (1 сурет) көрсетілген.

Ересек еңбекке жарамды ерлердің нәруызға деген физиологиялық қажеттілігі орта есеппен тәулігіне 60-110 грамм, майлар 102-154 грамм, көмірсулар 250-400 г құрауы тиіс, ал нәруыз, май мен көмірсудың нақты тұтынылу мөлшері-75г, 50г, 384г сәйкес келді. Алынған нәтиже бойынша негізгі нутриенттер арасындағы айырмашылықты салыстыра келе, майлардың жетіспеушілігі және жануар мен өсімдік нәруызының арасындағы үйлесімсіздік байқалды. Бұны тағам құрамындағы көмірсуға бай жарма өнімдерінің көп тұтынылуымен түсіндіруге болады. Үйлесімділік концепциясы бойынша нәруыз, май, көмірсудың арақатынасы 1:1:4 болуы қажет, зерттеу бойынша ол 1:0,7:5 құрады.

Биологиялық белсенді қосылыстардың, соның ішінде суда және майда еритін витаминдердің ағза үшін физиологиялық маңызы мен биологиялық ролі өте зор. Ағзадағы заттек алмасу үрдістерін реттеуде, иммундық жүйені ынталандыруда, оттегінің асқын тотығуынан сақтауда және т.б. үрдістерде алатын орны ерекше [4]. Осы тұрғыда тамақ рационында витаминдермен қамтамасыз етілуінің нақты

 

түрде бағаланды (2 және 3 сурет). көрсеткіші қалыпты тұтыну көрсеткішімен салыстырмалы

Талданған мәзірлер жаз мезгілінде болғанымен де, балауса көкөністер мүлде қолданылмаған. Балауса көкөністер, әсіресе аскорбин қышқылының, тағамдық талшықтардың, В тобының кейбір витаминдерінің көзі болып табылатыны белгілі. Соның нәтижесінде кейбір микронутриенттерге деген қажеттіліктің орны толтырылмайтыны анықталды.

Тамақ рационындағы суда еритін витаминдердің: тиамин (В1), рибофлавин (В2), пиридоксин (В6) мөлшері физиологиялық қажеттілікке жуықтайды. Ал ниацин (В3)- 2 есе, фолий қышқылы (В9)- 4 есе, цианокобаламин (В12) - 3 есе, аскорбин қышқылы (С)- 8 есе төмен екені анықталды.

Ал майда еритін витаминдердің қамтамасыз етілуіне тоқталсақ, қалыпты жағдайдан А витамині (ретинол) -2,3 есе, Е витамині (токоферол) -0,8 есе төмендігі байқалды. Тамақ құрамында сары май, жұмыртқа, бауыр, бұршақ өнімдері қарастырылмағандықтан, Д витамині (кальцеферол) мүлдем анықталмады. А,Д витаминдерінің жетіспеушілігін тамақ рационында жануар текті өнімдердің аз тұтынылуымен түсіндіруге болады.

Адам өміріне қажетті үрдістерді жүзеге асырып, ағзаның толыққанды дамуын қамтамасыз ететін тағами заттектерге макроэлементтер мен микроэлементтер жатады. Химиялық элементтердің жеткіліксіздігі ағзадағы қалыпты жағдайды бұзса, ал шамадан тыс болуы ауыр салдарға әкеліп соғуы мүмкін. Бірқатар ғалымдардың тұжырымдауы бойынша жұқпалы және жұқпалы емес ауқатқа тәуелді аурулардың алдын алуда, адамның денсаулығын сақтауда тағам құрамының макро-микронутриентті құрамының алатын орны ерекше [5]. Осы орайда күнделікті тамақ рационындағы макроэлементтер (4 сурет) мен микроэлементтердің мөлшері анықталды (5 сурет).

 

Макроэлементтерден кальций, фосфор, магнийдің көрсеткіштері талданды. Зерттеу нәтижесі бойынша тамақ рационында сүт өнімдері қарастырылмағандықтан, кальцийдің жетіспеушілігі (2,4 есе) байқалды. Ал фосфор мен магний көрсеткіштерінің жоғары болуын (0,8 есе) тағам құрамындағы жарма өнімдерімен байланыстырамыз.

Тамақ рационында темір, мырыш марганец қалыпты мөлшерде екені белгілі болды, ал йодтың жетіспеушілігі (3,8 есе) төмен, селеннің мүлдем жоқ екені анықталды. Аталмыш микроэлементтердің негізгі тағамдық көздеріне балық, теңіз өнімдері, сарымсақ, бидай кебегі, саңырауқұлақтар жатады. Селен мен йодтың жетіспеушілігі осы өнімдер зерттелген дастархан мәзірінде болмағандықтан туындауы мүмкін.

Қорытынды: Зерттеу нәтижелері бойынша бас бостандығынан айырылған адамдардың тамақтануы физиологиялық нормаға біршама сәйкес келмейтінін, тамақтанудың теңгерімсіздігі, күнделікті тамақ үлесіндегі азықтың біртекті өнімдерден тұратыны, жаз мезгіліне қарамастан көкөністер мен жемістер қажеттілігінің өтелмейтіндігі анықталды.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Т.Ш.Шарманов. Питание-важнейший фактор здоровья человека. - Алматы: Асем-систем, 2010. - 480 с.
  2. Скальная М.Г.Макро-микроэлементы питания современного человека: Эколого-физиологические и социальные аспекты. - М.: РОСМЭМ, 2004. - 310 c.
  3. Тетульян В.А. Справочник по диетологии. - М.: Медицина, 2002. - 210 с.
  4. Физиологические нормы потребление питательных веществ и в энергии. - Астана: 2012. - 60 с.
  5. Т.Ш.Шарманов О роли дефиците и профилактике важнейших микронутриентов. - Алматы: 2009. - 355 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.