Ғылыми жұмыстың өзектілігі. Қазіргі уақытта көз ауыруларымен ауыратын адамдардың саны артуда. Офтальмологиялық аурулардың жас талғамайтындығы соншалық, көз аурулары кішкентай бүлдіршіндерде де кездеседі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне сәйкес бүкіл әлем бойынша шамамен 200 млн. адамдар көрудің нашарлауымен және 40 млн. адам көздің соқырлығынан зардап шегеді [1].
Көз аурулары - көздің көруінің нашарлауынан, оның сәуле сындыру күшінің ақауларынан пайда болатын немесе іштен туа біткен аурулар. Қазіргі кезде көп кездесетін аурулар: глаукома (көздің ішкі қысымының жоғары көтерілуінен болатын созылмалы көз ауруы), бленнорея (іріңді коньюктивит), катаракта (көз бұршағының бұлдырап, қарауытып, ағаруымен сипатталатын көз ауруы.), пресбиопия (көз аккомодациясының кәріліктен әлсіреуі ), көз нұрлы қабатының дистрофиясы (көз алма тіндерінің өлуімен сипатталатын ауру), коньюктивит (көздің дәнекер қабығының қабынуы), көзге ақ түсу (лейкома) және т.б .
Қазақстанда көп кездесетін аурулар:оқушыларда- коньюктивит, жасы үлкен адамдарда-катаракта, 40 жастан өткен адамдарда-физиологиялық пресбиопия, 60 жастан өткен адамдарда-глаукома, молекулярлы жастық дистрофия.
Ғылыми жұмыстың мақсаты. Офтальмалогиялық тәжірибеде көз тамшылары, көз жақпа майлары мен гельдер, көз пленкалары қолданылады. Қазіргі кезде офтальмалогиялық саласында, дәрілік қалып ретінде көз тамшылары (83,2%) көп қолданылады. Көз тамшыларына ерітінділер, суспензия, спреилер, жанаспалы линзаларға арналған сұйықтықтар жатады. Келесі орындарда дәрілік қалыптардың қолданылуы бойынша көз жақпа майлары (8,37%), көз суспензиялары (3,66%), көз гельдері (2,09%) және т.б. қолданылады (сурет 1). Осы дәрілік қалыптардың артықшылықтары мен кемшіліктері төмендегі 1-кестеде келтірілген [2].
Бұл мақалаДа офтальмологиялық Дәрілік қалыптарДың түрлері, оларДы емДеуДе қолДанылатын Дәрілік қалыптарДың артықшылықтары мен кемшіліктері, ҚР нарығынДағы офтальмологилық Дәрілік қалыптарДың үлестік мөлшері туралы ақпарат берілеДі. Ішке және сыртқа қолДануға арналған активті заттармен бірге импорттық және отанДық өнДірілетін Дәрілік препараттарДың тізімі көрсетілген.
Кесте 1 - Офтальмологиялық дәрілік заттардың дәрілік қалпы бойынша артықшылықтары мен кемшіліктері
Дәрілік түр |
Артықшылықтары (+) |
Кемшіліктері (-) |
Көз тамшылары |
Қолдануға онай,науқастын өзі тамшыны қолдана алады |
Био жетімделігі төмен,тамшы түрінде енгізудің тиімсіздігі,коз линзаларын таққан кезде көз тамшыларын қолдана алмауы |
көз спреилері |
көзге контактісіз себілетін ерітінді |
Ынғайсыз,көзге тітіркендіргіш әсер |
Көзге қойылатын құралдар |
дәрілік препаратпен коньюнктивтін жанасу әсерін ұзартады |
коньюнктивти мешокка қоюға арналған,ыңғайсыз |
Көз жақпа майлары мен гельдер |
Көзішілік қысымды және кызару реакциялаарын төмендетедіі.Гельдерді “құрғақ көз”синдромында қолданылады. |
коз линзаларын таққан кезде көз жақпа майларын қолдана алмауы,қолдануға ыңғайсыз |
Көз арналған примочкалар |
стерильді сулы ерітінді,қолдануға тиімді |
Емдік әсері төмен |
Көз пленкалары |
Дәрілік заттың әсерін ұзартады |
Қазақстанда көз поленкалары тіркелмеген |
Жанаспалы линзаларға арналған сұйықтық |
Стерильді,ылғалдандырғыш, дезинфекциялаушы сулы ерітіндіні |
Ұзақ уақыт қолдануға болмайды. |
Ғылыми жұмысты зеттеу.Клиникалық тәжірибеде қабат терісінің инфекциялары, көз коньюнктивиті жиі кездеседі, көздің инфекциялық ауыруларында микробқа қарсы (S01А) дәрілік препараттар кеңінен қолданылады. ҚР Реестрінде 27,27% микробқа қарсы (S01А) дәрілік препараттар тіркелген.
Қазіргі уақытта көз ауруларын емдеуге арналған дәрілік заттар бойынша ҚР Мемлекеттік Реестрінде 198 дәрілік препараттардың тізімі тіркелген.Ол 22 мемлекеттегі 50 фармацевтикалық компанияда өндіріледі. Қазақстанда тіркелген офтальмологиялық дәрілік заттардың көп бөлігі импорттық (сурет 3). Ең алда келе жатқан “Alcon -Couvreur”, Бельгия көп профильді корпорация (11,6%). Бұл фармацевтикалық компания тек офтальмологиялық дәрілік препаратты ғана емес, сонымен қатар жанаспалы линзаларды, көз инфекциялар мен глаукомада қолданылатын әр түрлі ерітінділер және офтальмологиялық құралдар өндіреді. Екінші орында“ Ромфарм Компаниясы С.Р.Л.” Румыния 8,08% дәрілік препараты тіркелген (кесте 2) [1].
Отандық өндірушілер өндірген (Медоптик, ЛеКос, DOSFARM) ҚР мемл. Реестріне тіркелген офтальмологиялық дәрілік заттарының 13,6% құрайды (сурет 3).
Қорытындылай келе, жүргізілген маркетингтік талдау нәтижесінде байқағандай, офтальмологиялық препараттардың импорт-ығыстыру мақсатында отандық өндірісін күшейту, химиялық құрамды препараттарды өсімдіктекті шикізаттармен ауыстыру, сондай-ақ ақпараттың 90%-дан артық үлесін қабылдайтын мүше - көзге оптималды дәрілік қалып түрін арттыру мақсатында фармацевтикалық технологияны жетілдіру бүгінгі күннің өзекті мәселесі саналады.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- 1 О. В. Сахатарова, Н. П. Левченко Диагностика в оториноларингологии и офтальмологии. - Ростов-на-Дону: "Феникс", 2015. - 206 с.
- 2 Онищенко А.Л Лекарственные средства в практике офтальмолога. – М.: 2012. - 64 с.
- 3 ҚР ДСМ Мем Реестрі URL: www.dari.kz (дата обращения: 14.12.2015).
- 4 Астахов Ю.С., Николаенко В.П Офтальмология. Фармакотерапия без ошибок. Руководство для врачей. - Подольск: Е-ното , 2016.- 648 с.