Шырғанақтың медицина саласында маңызы әлемнің көптеген елдерінде жыл өткен сайын артуда. Биохимиялық құрамының бай болуы, түрдің полиморфизмі, жемісінің жылдам пісуі, өнімділігінің жоғары болуы, экологиялық бейімділігі оның кең таралуын медицина саласында, әсіресе онкологиялық ауруларды емдеуде және фармацияда, косметологияда пайдалануды қамтамасыз етеді.
Кіріспе. Дэрiлiк өсімдік шикізатының сұрыпталымы қазіргі уақытта жыл сайын өсуде және фитопрепараттар алынуда. Қазіргі кезде жылдан жылға дәрілік өсімдік шикізаттарынан Іалынатын фитопрепараттардың саны артуда, бірақ нормативті құжаттардың барлық параметіріне сәйкес келгенде толықтырылған болып саналады. Бұл сәйкестік фармакогностикалық және фармакопеялық анализ арқылы
анықталып, өз алдына сапасын, тиімділігін және қауыпсіздігін анықтайтын әдістердің жиынтығынан да құралады. Қазақстан Республикасының приоритетті саясатының негізгі бағыты ретінде фармацевтикалық нарықта халықты қолжетімді, тиімді, сапалы дәрілік затпен қамту болып табылады (сурет 1).
Elaeagnaceae тұқымдасына жататын Шырғанақ итшомырт дәрілік өсімдігіне жүйелік талдау жүргізілді: анатомиялық- морфологиялық танымын жүргіздік, скрининг әдісі, фармакогностикалық талдау әдісін (диагностикалық белгілерін, түпнұсқалығын, тазалығын, сапалылығын, макроскопиялық, микроскопиялық талдау, фитохимиялық талдау, хроматографиялық талдау) қолдану, жаңа физикалық-химиялық әдістерді қолдану, биологиялық белсенділікті анықтауда фармакологиялық талдау жүргізілді.
Дәрілік өсімдік шикізатының құрамының биологиялық белсенді зат каротиноидтарына байланысты онкологиялық ауруларда қолдану тиімділігі анықталды..Шырғанақ өсімдігін дәрумендер көп болғандықтан: дәнекер тіндерінің қатерлі ісігі, элих ісігін тоқтатуда, аш ішек, тоқ ішек қабыныуында, іш өтуде, подагра, ревматизм, қабынуға карсы, өкпе жеткіліксіздігі, жүрек жеткіліксіздігі, қан және
зат алмасу бұзылысында, асқазан, бөртпе, тері туберкулезі (волчанка), тері күйгенде және үсігенде қолданылады.Сол үшін өсімдіктің құрамындағы қоспалардың, олардың сандық көрсеткішін білу өзекті мәселелердің бірі болып отыр.Шырғанақ Қазақстанның орталық аудандырында едәуір алқаптарды алып жатыр. Ол құнды, көп дәрумендерді өсімдік болып табылады. Сонымен қатар, оның жемістерінен жоғары тиімді препарат-шырғанақ майы алынады. Жиделер тұқымдасына кіреді. Жемісі дәрілік ретінде маңызы зор.
Азықтандыру нормаларына сәйкес минералды заттар, дәрумендер, ынталандыратын және қорғаныш қасиеттері бар сорбенттермен араластырылған ашытқылар азықтық қоспалар рационына қолданылады. Мал азығына азықтық қоспаларды пайдаланғанда өнімділік артады, сапалы ет пен сүт алынады, жануарлардың иммунитеті жоғарылайды (кесте 1).
Көрсеткіштің аталуы |
Көрсеткіштің маңызы |
Сыртқы түрі |
Аморфты ұнтақ |
Макроскопия |
Ұнтақ - сарғыш жасыл түстен қоңыр түске дейінгі ұсақ кристаллды қосылыстары бар біртекті емес шикізат бөлшектерінің қоспасы |
Түсі |
Сарғыш жасыл түстен қоңыр түске дейін |
Дәмі мен иісі |
Осы өнімнің өзіне тән арнайы дәмі мен иісі, бөтен иіссіз, қышқыл дәмі бар |
Кесте 2- Ұнтақтың (органолептикалық) сипаттамасы
Көрсеткіштің аталуы |
Көрсеткіштің маңызы |
Ылғалдың салмақтық үлесі, % |
8,0±2,0 |
Липидтердің салмақтық үлесі, масса %, кем емес |
43,8±5,9 |
Ақуыз аминоқышқылдарының салмақтық үлесі, % |
21,2±2,0 |
Тағамдық талшықтардың салмақтық үлесі, масса %, артық емес |
27,0±4,4 |
Саңылау диаметрі 0,5 мм-лік електен өтуі |
Толық |
Бөгде қоспалардың болуы |
Жіберіледі |
Кесте 3- Шырғанақ ұнтағының физикалық-химиялық көрсеткіштері
№ |
шырғанақтың құрамы |
Көрсеткіштер |
1 |
Моносахаридтер |
глюкоза 3,6 |
фруктоза 1,2 |
||
сахароза 0,2 |
||
2 |
Дисахаридтер |
гемицеллюлоза 0,1 |
3 |
полисахаридтер |
жасұнық 4,7 |
пектин 0,4 |
||
4 |
Дәрумендер |
Е - 10,30 |
С - 200 |
||
В6 - 0,11 |
||
В1 - 0,03 |
||
В2 - 0,05 |
||
В9 - 9 |
||
5 |
ß - каротин, мг |
1,50 |
Кесте 4 - Шырғанақ ұнтағы құрамының химиялық көрсеткіштері
Зерттеу мақсаты. Қазақстан Республикасының приоритетті саясатының негізгі бағыты ретінде фармацевтикалық нарықта халықты қолжетімді, тиімді, сапалы дәрілік затпен қамту болып табылады.
kaznmu.kz · KaзHМУ · №1-2016
Материалдар мен әдістер. Ғылыми медицинада толық зерттелінбеген. Алайда қазіргі таңда шырғанақ жемістерінің биохимиялық құрамы жеткілікті зерттелген. Сонымен қатар, оның жемісімен бірге, жапырақтары мен қабығының да биологиялық белсенділігі анықталып отыр. Шырғанақ- денсаулық қоры. Оның жемісінде дәрумендер кешені мол, микроэлементтер, минералдық заттар, қанттар, органикалық қышқылдар, пектиндер және басқа биологиялық белсенді заттар өте көп.
Зерттеудің басты мақсаты- Шырғанақ жемісінің сандық анықтау әдісі, каротиноидты анықтау.
Каротонидтарды анықтау. Саңылауларының диаметрі 1 мм ситодан аналитикалық шиікізат сынамасын ұсақтайды.
- грамм (дәл өлшенген) майдаланған шиікізатты сыйымдылығы 250 мл колбаға салып, 50 мл петролей эфирін құйып (40-70 0С), 30 минут бойы араластырдық. Бөліндіні 250 мл жалпақ түпті колбаға абайлап төгіп ,колбадағы қалдықты (20мл) сол ерітіндімен колбаға жаңа бөлігін құяды. Бөліндіні осы әдіспен еріткіш түссізденгенше
жалғастыра береді. Бөлініп алынған заттың қосындысын ерітінді лайлануы жоғалғанша сусыз натрий сульфатымен кептіреміз және сыйымдылығы 200 мл өлшегіш колбаға мақта арқылы фильтрлейміз. Бөліндіге қосатын натрий сульфатын тағы да 20 мл петролей эфирімен жуып алып шыныға ретпен белгілейміз.
Ерітінді көлемін белгіге дейін жеткіземді.
Қалыңдығы 10 мм қабатты кювета толқын ұзындығын 450 нм спектрофотометр және көк жарық фильтерімен фотоколиметрден алынған ерітіндінің оптикалық тығыздығын өлшейді. Петролей эфирін салыстырмалы ерітінді ретінде алады.
Тазартылған суды салыстырмалы ерітінді ретінде қолдана отырып,параллельді түрде стандартты үлгідегі калий дихроматының оптикалық тығыздығын өлшейді.
Шиікізат құрамындағы каротиноидтардың қосындысын қайта есептегенде абсолютті құрғақ шикізатты мына формула бойынша есептейді:
D × V × 0.00208 × 100 × 100
D × m(100 - W)
Мұндағы,
D-сынақтан өткізілетін ерітіндінің оптикалық тығыздығы;
D1-калий дихромат ерітідінің стандартты үлгісінің оптикалық тығыздығы;
- 00208- калий дихромат ерітіндісінің стандартты үлгісінің концентрациясы 1мл-ге сай келетін ерітінді каротиноид саны, милиметрде;
V-бөліп алу көлемі;
m-шиікізаттың салмағы, грамм;
W-кептіру кезіндегі шығын массасының проценттегі өлшемі;
_ P×Г×ü.üü2üS×1üü×1üü D1 ×M(1üü-W)
1г Шырғанақ жемісінен 0,0015% ^-каротин бар екенін анықтадық. 1г Шырғанақ жемісінде 0,0000150 г немесе 1,50 мкг мөлшерде табылды.
Шырғанақ жемістері құрамындағы аскорбин
қышқылын анықтау әдістемесі.Ірі ұнтақталған
жемістердің аналитикалық сынамасынан массасы 20 г өлшенді алады, фарфор келіге салады және 300мл суды аз- аздан құйып отырып, шыны ұнтақпен (шамамен 5 г) жақсылап езеді, 10 минут тұндырады. Кейін қоспаны араластырады және фильтрлейді. Сыйымдылығы 100 мл конустық колбаға 1 мл алынған фильтратты, 1 мл 2%
450×0,00208×100×100
= O,OO15%
442×500(100-71,76
хлорсутек қышқылының ерітіндісін, 13 мл су құяды, араластырады және микробюретка арқылы натрий 2,6- дихлорфенолиндофенолят ( 0001 моль/л) ерітіндісімен 3060 с бойы кетпейтін қызғылт бояу пайда болғанша титрлейді. Титрлеуді жүргізу уақыты 2 мин-тан аспау керек. Егер бірінші титрлеуде титрант шығыны 2 мл-ден көп болса, бұл фильтратта аскорбин қышқылының көп мөлшерде екенін көрсетеді, сондықтан бастапқы бөліндіні 2 есе немесе одан да көп мөлшердегі сумен сұйылтады.
Абсолютті құрғақ шикізатқа қайта есептегенде аскорбин қышқылының пайыздық (Х) мөлшерін есептеу формуласы:
v V × 0.000088 × 30ü × 10ü × 10ü
Х = т× (10ü - W)
мұндағы: V - титрлеуге жұмсалған н натрий 2,6-дихлорфенолиндофенолят ерітіндісінің көлемі,мл; т- өлшендісінің массасы,г; W- шикізатты кептіргендегі массасын жоғалуы,%.
- мл 0,001 н натрий 2,6- дихлорфенолиндофенолят ерітіндісі 0.000088 г аскорбин қышқылына сәйкес келеді.
Нәтижелері. Шырғанақ жемістерінде және сүйегінде каротиноид жиынтығынан және Е дәруменінен тұратын май болады. Өсімдік жемісінің жұмсағы дәрумендердің В топтарынан,С,Е,К,Р дәрумендерінен және фолий қышқылынан,холин,бетаин,кумариндер, фосфолипидтер, тритерпендер, илік заттар табылды, ал жапырағы аскорбин қышқылына (370мг%-ға дейін)бай.Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, шырғанақтың жидектеріндегі майдың салыстырмалы мөлшері піскен уақытынан қазанның соңына дейін шамамен 20-25%-ға ұлғаяды. Шырғанақ майын терінің сәулелі зақымдануында,термиялық және химиялық күйіктерде,ойықтарда,трофикалық жараларда қолданады. Көз практикасында сәулелі зақымдану мен көз күйігінде, А авитаминозында тамшы немесе 10-20% көз майы ретінде қолданады.
Глосситте,глоссалгияда,асқазанның жара ауруларында,ас қорыту отасынан кейін рак кезінде,күніне 2-3 реттен 1 шәй қасықтан тағайындайды.Шырғанақтың майы онкологиялық аурудың барлық түріне әсер ететін болғандықтан,болашақ фармацевтердің алдына үлкен міндет қойып отырмыз,ол әсері кең ауқымды, жанама әсері аз, онкологиялық ауруларға қолданатын дәрілік қалыптар ойлап табу.
Қорытынды. Шетел аналогтарынан кем түспейтін, ал кейбір көрсеткіштер бойынша артықшылығы бар қолжетімді, экологиялық таза жергілікті шикізаттардан жасалған отандық биологиялық белсенді ақуызды азықтық қоспалар елімізде өндіруді қамтамасыз етеді. Шырғанақты өңдегенде өзінің химиялық құрамын сақтайды, себебі оның биохимиялық құрамы өте бай.
100 грамм шырғанақтың жемісінде дәрумендерден: С (аскорбин қышқылы) 54-316 мг %, Р (биофлавоноидтер) 75100 мг %, В1 (тиамин) 0,016-0,085 мг %, В2 (рибофлавин) 0,030-0,056 мг %, В9 (фолий қышқылы) 0,79 мг %, А продәрумені (каротин) 0,9-10,9 мг %, Е (токоферол) 8-18 мг %, К дәруменінің тобы (филлохинондар) 0,9-1,5 мг %, Р дәрумендері тобы (қаныққан майлы қышқылдар) 77 %-ға дейін болады.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Чмыр А.Ф., Бессчетнов В.П. Экология и культура облепихи. - СПб.: СПб - НИИЛХ, 1998. - 277 с.
- Гатин Ж.И. Облепиха. - М.: Сельхозиздат, 1963. - 159 с.
- Кошелев Ю.А. Облепиха. - Бийск: 2004. - 249 с.
- Дычко, К.А. Состав и фармакологическая активность водного экстракта шрота облепихи / Е.В. Кулагина, В.В. Хаснов и др. / Хим.-фарм.ж. - 1998. - №4. - С. 32 - 34.
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Фармакопеясы. - Алматы: Жибек жолы, 2008. - Т. 1. - Б. 557-564.