Қазақстан өсімдік әлемі бай және алуан түрлі. Табиғи және антропогенді әсерге тұрақтылық қалыптастыратын, мемлекет аумағында өсетін дәрілік өсімдіктерді анықтау, оларды сақтау және ғылыми зертеулерді және Қазақстанның тірі табиғатын қорғауды қолға алу, біздің Республикамыздағы экономика жағынан тиімді іш-шара болып табылады.
Өзектілігі: 2015-2017 жж. фармацевтикалық өндірістің дамуында мемлекеттік бағдарламаның ең маңызды мақсаты фармацевтикалық фитоөндірістің іске асуы болып табылады. Олар жаңа дәрілік өсімдіктерді табуды талап етеді.
Дэрiлiк өсімдік шикізатының сұрыпталымы қазіргі уақытта жыл сайын өсуде және фитопрепараттар алынуда. Қазіргі кезде жылдан жылға дәрілік өсімдік шикізаттарынан алынатын фитопрепараттардың саны артуда, бірақ нормативті құжаттардың барлық параметіріне сәйкес келгенде толықтырылған болып саналады. Бұл сәйкестік фармакогностикалық және фармакопеялық анализ арқылы анықталып, өз алдына сапасын, тиімділігін және қауіпсіздігін анықтайтын әдістердің жиынтығынан да құралады. Қазақстан Республикасының приоритетті саясатының негізгі бағыты ретінде фармацевтикалық нарықта халықты қолжетімді, тиімді, сапалы дәрілік затпен қамту болып табылады.
Мақалада жазылған мамыр меруертгүліне бірнеше талдау жүргіздік.
Жүйелік талдау: Liliaceae тұқымдасына жататын Мамыр меруертгүлі құрамында жүрек гликозидтері бар, бұл дәрілік өсімдіктердің анатомиялық-морфологиялық танымын жүргізеді, фармакогностикалық талдау әдісін (диагностикалық белгілерін, түпнұсқалығын, тазалығын, сапалылығын, макроскопиялық, микроскопиялық талдау, фитохимиялық талдау, хроматографиялық талдау) қолдану, жаңа физикалық-химиялық әдістерді қолдану, биологиялық белсенділікті анықтауда фармакологиялық талдау жүргізу міндеттерін атқарады.Салыстырмалы талдау зерттеу барысында салыстырмалы ақпараттар өткізіледі, салада (сапалық көрсеткішін салыстыру) күткен нәтижеден бірегей ақпаратты алу. Фармакопеялық талдау Liliaceae тұқымдасына жататын Мамыр меруертгүлі өсімдіктерін субстанциялық сапасының көрсеткіші стандартизациясын қарастырады. Фармакологиялық талдау - Liliaceae тұқымдасына жататын Мамыр меруертгүлі. өсімдіктерін биоскрининг (өсімдіктің биологиялық белсенділігін анықтайтын әдіс) әдісін жүргізу.Физикалық-химиялық талдау - Liliaceae тұқымдасына жататын Мамыр меруертгүлі.өсімдіктерінің жңаа субстанция жасау үшін сапалық қажетті көрсеткіштері. Статистикалық талдау – Liliaceae тұқымдасына жататын Мамыр меруертгүлі өсімдіктер заттардың әрекет етуін құрамын анықтау.
Өндірілетін өсімдік- Мамыр меруертгүлі Planta productive- Convallariae majalis.
Меруертгүл шөбінің, гүлінің, жапырағының морфологиялық сипаттамасы:Сыртқы сипаттамасы: бүтін шикізат. Шөбі: бүтін және сынған жапырақтардың гүлтабандары, гүлсағағының және жеке гүлдерінің қоспасы. Жапырақтары төбесі үшкірленген, эллипс немесе ланцет тәрізді пішінді. Негізіне қарай тарылып, біртіндеп, бөлек немесе 2-3-тен бір- бірін алып жататын сағаққа ауысады. Жапырақ шеті тегіс, жүйкеленуі - доға тәрізді. Жапырақ- жіңішке, сынғыш, түксіз, жылтыр беті. Жапырақ ұзындығы - 20см, ені-8см; гүл шоғыры жай бір жақты; онда 3-12(20) сарғыштау түсті гүлдер орналасқан. Гүлсағағы- кедірлі-бұдырлы, ұзындығы - 20см, қалыңдығы-1,5мм. Гүлдері қос жынысты, қоңырау тәрізді гүл серігі бар, қосарланып өскен жапырқшалы;6 қысқа иілген тістері бар, олардың үстінде қысқа гүлтабандарында орналасқан пленкалы, түзу гүлсеріктері бар. Жапырақ түсі жасыл, сирек күрең жасыл; гүлдерінің түсі- сарғыштау; гүлсағағының түсі-ашық жасыл. Иісі әлсіз, дәмі анықталмайды.
Химиялық құрамына келетін болсақ, Меруертгүл гүл өсімдігінің химиялық құрамына әсер етуші заттар: карденолидтер, 20 түрлі гликозидтер, олардың негізінде К- строфантидин агликоны жатыр. Негізгі гликозидтері конваллотоксин және конваллозид. Сонымен қатар, конваллотоксол, локундьезид, глюконваллозид, дезглюкохейротоксин бар.
Фармакологиялық әсері: жүрек ауруларына қарсы зат ретінде қолданылады. Жедел және созылмалы қанайналым жетіспеушілігінд, жүрек декомпенсациясында, пароксизмалды тахикардия ұстамаларын жинақтау үшін, тахиаритмияда, невроздар кезінде. Кардиотоникалық әсер көрсетеді.
Препараттары: коргликон препараты - тек жүрек гликозидтерінің қосындыларынан тұратын сұйық және егуге арналған түрінде шығарылатын дәрі, ішке қабылдауға арналған, флакондарда, ампулада шығарылады. Меруертгүл тұнбасы 70% спиртпен алынатын сұйық дәрілік зат.
Зерттеу мақсаты. Көп жылдар бойы құрамында жүрек гликозидтері бар дәрілік өсімдіктер түрлері зерттеліп келген, бірақ мамыр меруертгүлінен бір ғана препарат Корглюкон ерітіндісінен басқа да дәрі түрлерін алу мақсатында толық зерттеліп анықталды.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2015-2017 жылдарындағы «Индустриалды инновациялық жаңалықтар» туралы бұйрығы бойынша жоғарыда аталған құрамында жүрек гликозидтері бар дәрілік өсімдіктер түрлерін зерттеу маңызды. Бұл фармакогностикалық және фармакопеялық анализ арқылы анықталып, өз алдына сапасын, тиімділігін және қауыпсіздігін анықтайтын әдістердің жиынтығынан құралады. Қазақстан Республикасының приоритетті саясатының негізгі бағыты ретінде фармацевтикалық нарықта халықты қолжетімді, тиімді, сапалы дәрілік затпен қамту болып табылады.
Материалдар мен әдістер.Меруертгүл өсімдігінің химиялық құрамындағы ілеспелі заттары: фарнезол және ликопин - гүлдерінен алынған, флавоноидтар және кумариндер.
Қажетті зертханалық құралдар (колба,воронка. Келі мен келсап, сүзгіш қағаздар ,таразылар,өлшегіш тастар,пробиркалар,су моншасы,тазартылған су) таңдап алынады.Шикізатты келіде ұсақтайды да диаметрі 3 мм електен өткізеді.0,5 г салмақтағы ұсақталған шикізатты алып, көлемі 100 мл колбаға салады.Өлшенген шикізатқа 50 мл 80 % спирт құйып, 24 сағатқа тұндырады. Спиртті вакуум арасында ұшырады, сулы қалдықты бөлгіш воронкаға ауыстырып, липофильді заттарды төртхлорлы көміртекпен 10 мл 6 рет экстрагирлейді. Бөлгіш воронкада, қалған қалдықты хлороформмен 10 мл 4 рет өңдейді. Хороформды бөліктеді қосады, 2 г сусыз натрий сульфатын қосып, 3-5 минутқа қалдырады, қағаз фильтр арқылы фильтрлейді және сапалық реакцияға қолданылады.
Микроскопиясының жасалу әдістемесі. Меруертгүл жапырағын калий гидроксидінің 2,5% ерітіндісінде 5 минут қайнатады.Петри табақшасына ауыстырып, бірнеше рет
ағын сумен жуады. Препаровалдық иненің көмегімен нысан заттық шыныға көшіріледі. Жарықтандыру үшін хлоралгидрат ерітіндісінен 1 тамшы тамызылады, жабыды шынымен жабады. Меруертгүл жапырағының препаратының микроскопиясында келесідей
диагностикалық элементтерді табады: жапырақтарын үстінен қарағанда эпидермис жасушаларының тіке қабырғалары; устьицалары доғал; жапырақ ұзындығына бағытталған, эпидермистің 4 жасушасымен қоршалған( тетраперигенді тип). Жоғарғы эпидермис астында палисад тінінің жапырақ енімен орналасқан жасушалары көрінеді. Ерін тіні бос, жапырақ енімен таралған бірнеше бұтақталған жасушалардан тұрады. Мезофильдің жеке клеткаларында рафидтердің жіңішке шоқтары және кальций оксалатының ине тәрізді кристалдары стилоидтары бар. Меруертгүл гүлдерінің препаратының микроскопиясында келесідей диагностикалық элементтерді табады: тәжді жоғары
бетінен екі жағынан да қарағаанда ось бойынша созылыңқы жұқа тіке қабырғалары және төменгі қыртысты кутикуласы бар көпбұрышты эпидермис клеткалары көрінеді. Лептесігі домалақ, гүл маңында ұзыннан бойы орналасқан,4-5 эпидермис клеткаларымен қоршалған. Тісше эпидермисінің емізіктері көрінеді. Гүл маңы тінінде жұқа кальций оксалатының рафидтері, ірі ине тәрізді стилоидтар клеткалары көрінеді. Тозаңы шар тәрізді, беті тегіс.
Жүрек гликозидтеріне төмендегідей реакциялар жасап, сапалық анықтау жүргіздік:
- кардиогликозидтердің стероидті бөлігіне реакция:
- Либерман- Бурхард реакциясы. Құрғақ қалдықты мұзды сірке қышқылында ерітіп, сірке ангидрінің және концентрлі күкірт қышқылының (50:1) ерітіндісін қосады.Біраз уақыттан кейін ерітінді түсі қызғылттан жасыл не көкке өтеді.
-лактон сақинасына реакциялар:
- Кедде реакциясы- 3,5 динитробензой қышқылы сілтілі ортада карденолидтерді көгілдір-қызыл немесе күлгін түске бояйды.
- Легаль реакциясы- натрий нитропруссиді сілтілі ортада карденолидтер қызыл түске бояйды.
- Раймонд реакциясы- м.динитробензол сілтілі ортада карденолидтерді көк немесе күлгін түске бояйды.
- Пикрин қышқылымен реакция- карденолидтерді сары түске бояйды.
- жүрек гликозидтерінің қант бөлігіне реакциясы:
- Келлер-Килиани реакциясы. Екі ерітінді дайындайды: 1- Fe2 (SO4 )3 іздері бар мұзды сірке қышқылы;2- Fe2 (SO4 )3іздері бар концентрлі күкірт қышқылы; 1 ерітіндіде құрғақ тазартылған гликозидтер бөліндісін ерітеді және абайлап пробирка қабырғасымен 2 ерітіндіні қосады. Дезоксиқанттар болған жағдайда жоғарғы қабаты бірнеше уақытқа көк түске боялады.
Сандық анықтау. Меруертгүл гүлдерінің, шөбінің және жапырағының әсерін бақалар мен мысықтарда биологиялық әдіспен Мемлекеттік стандартты үлгі меруертгүл экстрактімен салыстырып анықтайды.
Бақаларда сынау. Сынауды шөп бақаларында жүргізеді. Ерітінділерде лимфатикалық сан қапшықтарына(тері астына) немесе жүрекке(қарыншасына) немесе сулы бақаларға да жүргізуге болады. Бақалардың көпшілігінде жүректің систолалық тоқтауын туғызатын стандартты және зерттелетін үлгілердің ең аз дозаларын анықтап, шөп бақасының массасына мл-де немесе мл-де су бақасының 1г массасына 1 г меруертгүл шикізатындағы БӘБ-ті есептейді. Мысықтарда сынау.Ұсақталған және кептірілген меруертгүл шикізатынан 1:250 (жапырақтары), 1:300 (шөбі), 1:500 (гүлдері) қатынаста тұрынды дайындайды.
Тәжірибе күні меруертгүлінің стандартты үлгідегі экстрактін 0,9% натрий хлориді ерітіндісімен 1:35 қатыната араластырады.
Мысықтың 1 кг массасына сәйкес келетін өнімге әкелетін тұрынды дозасын мл-де анықтап (әр жануарға жеке), тұрындының активтілігін меруертгүлінің стандартты МӘБ құрамын есептейді.
Нәтижелері. Сан көрсеткіштері -шөбі 1 г биологиялық активтілігі 120 БӘБ -тен кем емес, ылғалдылығы -14% -дан көп емес; гүл шоғыры 5 % -дан көп емес; диаметрі 3 мм сүзгіден өтетін бөлшектер 3% -дан көп емес; табиғи түсін жойған шикізат -сарғайған, қарайған, қоңырданып кеткен 5 % -дан көп емес; органикалық қоспалар -1% -дан көп емес; минералды қоспалар 0,5% -дан көп емес.
Гүлі - 1г биологиялық активтілігі 200 БӘБ -тен кем емес, ылғалдығы - 12% -дан көп емес; гүлшоғырындағы қарайған гүлдері 5 % -дан көп емес; гүлі жоқ немесе уатылған, сынбаған гүл сағақтарының мөлшері 1% -дан көп емес; органикалық қоспалар - 0,5 % -дан көп емес; минеральды қоспалар 0,3% -көп емес.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Справочник по ботанической микротехнике. Основы и методы / Р.П. Барыкина, Т.Д. Веселова. - М.: Изд-во МГУ. - 2004. - 321 с.
- Дослщження критер1ув стандартизащу лжарськоу рослинноу за фармакопеями СРСР для розробки монографш державноу фармакопеу Украуни / H.I. Тихоненко, О.Г. Вовк, А.Г. Котов, Е.Е. Котова, Т.М. Тихоненко // Управлшня, економпса та забезпечення якост1 в фармащу. - 2010. - № 5 (13). - С. 4-15.
- Котов А.Г. Правила викладання та порядок розробки монографш на лкарську рослинну сировину // Управлшня, економша та забезпечення якост1 в фармащу. Частина 1. - 2011. - № 6 (20). - С. 16-22.
- Проблемы введения монографий на лекарственное растительное сырье в Государственную Фармакопею Украины / А.И. Гризодуб, Г.В. Георгиевский, Т.М. Тихоненко, В.П. Георгиевский // Фармаком. - 2004. - № 4 . - С . 3-17.
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Фармакопеясы I том, «Жибек жолы», - 2008. - Б. 557-564.