Бұл еңбекте Оңтүстік Қазақстан облысы мен Шымкент қаласы тұрғын халықтарының арасында қалыптасқан тұрмыстық жарақаттардың әлеуметтік-гигиеналық сипатына көңіл бөлінген. Олардың арасындағы жарақаттанудан туындаған аурушандық көрсеткіштері жоғарылап, олардың асқыну дәрежесі артып, мүгедектік пен өлім оқиғалары жоғарылауда екендігі анықталды. Тұрмыстық жарақат алу жиілігі бойынша қауіпті топқа білім дәрежесі төмен (орта және орташа арнайы), отбасылық жағдайы толық емес, жұмыссыз және әйел азаматтарды жатқызуға болады. Алынған нәтижелер анықталған көрсеткіштерді төмендетуге бағытталған ұсыныстар жасауға және тәжірбиеге ұсынуға негіз болды.
Зерттеудің өзектілігі: Тұрмыстық жарақаттардың зардаптарынан туындаған өлім-жітім Қазақстан Республикасы тұрғындарының арасындағы жалпы өлімнің 11,9%-ын құрайды және өлімге алып келетін себептердің ішінде үшінші орынды қамтып тұр. Жыл сайын Республикамыздағы тұрғындар арасында тірек-қимыл жүйесімен жарақаттану деңгейі жалпы жарақаттардың шамамен 13%-ын құрайды, оның ішінде 1,7 мыңнан астам адам қайтыс болады, ал 3 мыңнан астам адам мүгедектер қатарына қосылады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 2003 жылы жариялаған мәліметтеріне қарағанда, жыл сайын жол-көлігі жарақатынан бүкіл әлемде 1,2 миллион адам қайтыс болса, 50 миллион адам мүгедек болып қалады екен.
Еуропа мемлекеттерінде соңғы 10 жылда жарақаттанғандарға көрсетілетін медициналық көмек сапасы айтарлықтай жоғарылап, жарақаттан туындайтын өлім деңгейі 30%-ға дейін төмендеді [1, 2, 3].
Тұрмыстық жарақат алған науқастарға барлық сатыда көмек көрсетуді оңтайландырудың ең басты жолы – ауруханаға дейінгі алғашқы медициналық-санитарлық көмектен бастап, науқастардың саулығы қалпына келгенше денсаулық сақтау ұйымындағы қызметкерлермен профилактикалық- реабилитациялық бағыттағы медициналық көмекті жүзеге асыру болып табылады. Жоғарыда аты аталған мәселелердің оңтайлы шешімдерін ғылыми тұрғыда негіздеу, осы еңбектің алдына қойылған мақсат пен міндеттердің негізі болып табылады.
Зерттеудің мақсаты ретінде әлеуметтік – медициналық зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, тұрмыстық жарақаттар алған Шымкент қаласы тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмекті оңтайландыруға бағытталған медициналық шаралардың ғылыми жүйесін жасау ісін алдық.
Қолданылған зерттеу әдістері мен материалдары. Зерттеу барысында, статистикалық материалдарды өңдеу және жинақтаудың кешендік әдістері қолданылды. Олардың қатарында медициналық-статистикалық, сараптамалық, социологиялық, дәлелді медицина әдістері ерекше орын алады.
Шымкент қаласының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан Шымкент қалалық Жедел Медициналық көмек көрсету орталығы зерттеудің негізгі базасы болып алынды.
Ауруханада 227 аурухана төсек – орны қарастырылған, олардың ішінде 40 төсек – орны ескі жарақаттанғандарды емдеу бөлімшелеріне қарасты болып шықты.
2012 жылы ауруханада жаңа бөлімшелер ашылды – науқастарға қарайтын 20 адамдық аурухана төсек-орны мен күндізгі стационарға арналған 10 адамдық аурухана төсек- орны ұйымдастырылды.
2010 жылы аурухананың жарақат бөлімінде – 3414 науқас емделген болса, 2013 жылы – 3732 науқастар емделіп шықты.
Осы екі бөлімшеде жатқан науқастардың 2010 – 2014 жылдар аралығында орташа емделу ұзақтығы біршама (307 күннен 290,5 күнге) төмендеді, ал аурухана төсегінің айналымы 24,4-тен 26,7 ретке дейін жоғарылады.
Аурухананың жарақат бөлімінде жатқан науқастардың орташа күндік емделу есебі (12,65-тен 10,95 күнге дейін) едәуір төмендесе, ал ота жасау бөлімшелерінде 9,2-ден 8,95 күнге дейін қысқарды.
Аурухананың жарақат бөлімшесінде өлім-жітімге ұшырау көрсеткіші 2011 жылы 1,1%-ды құраса, 2014 жылы – 1,02%- ды көрсетті.
Жарақаттың салдарынан және улау салдарынан өлетіндердің көрсеткіші 1,2%-ды құрайды, яғни бұл қалалық қала бойынша анықталған көрсеткіштен орташа есеп бойынша 3,5%-ға төмен.
Зерттеу нәтижелері мен оны талдау қортындылары. Оңтүстік Қазақстан облысының аудандары мен қалаларында жарақат алғандардың алғашқы аурушаңдығын ресми мәліметтер негізінде зерттедік. Аудан тұрғындарының алғашқы аурушаңдығының орташа көрсеткіші 1285,2‰00-ден 1489,3‰00 дейін жетті. Аудандар бойынша көрсеткіштік ең жоғарғы деңгейі Мақтарал (2716,3‰00), Арыс (2024,4‰00), Түлкібас (2154,6‰00) және Қазығұрт аудандарында (1874,6‰00) тіркелді. Осы аудандар ірі трассалардың бойында жайғасқан және автотранспорттың қозғалысы аса қауырт. Ал, жарақаттанудан туындайтын аурушаңдықтың ең төменгі деңгейі (577,5‰00-ден 1120,6‰00 дейін) Созақ, Шардара (1145,3‰00) аудандарында анықталып отыр. Осы екі аудандағы эпидемиологиялық жағдайдың саябыр болуы олардың орталық трассалардан шалғай орналасуы себеп болуында.
Математикалық модельдеу әдісінің көмегімен жарақаттанудан туындаған аурушаңдықтың даму бағытын сандық және сапалық тұрғыда анықтадық. Көрсеткіштің 2005 – 2014 жылдардағы динамикасындағы даму бағытын анықтау үшін аппроксимациялық қызметтің көмегіне жүгініп, тренд жасауға күш салдық. Облыс тұрғындарының 2005 – 2014 жылдардағы жарақаттанудан туындаған аурушаңдығы 2791,2‰00-ден 2694,0‰00-ге дейінгі аралықта орналасқандығы белгілі болды. Басқаша айтқанда алғашқы аурушаңдық көрсеткішінің біршама төмендегені байқалады. Осы жағдайдың қалыптасуына бірінші кезекте қала тұрғындары арасындағы жарақаттанудан туындаған аурушаңдығының 4127,7‰00 -ден 3239,4‰00 -ге дейін азаюы себеп болды.
Алайда, зерттелген жылдары жарақаттанудан туындаған аурушаңдық көрсеткішінің динамикасында жоғарылау үдерісі байқалады (1349,7‰00-ден 1491,9 ‰00-ге дейін). Бұл жағдай ауылды жердегі қауіп-қатердің жылдан жылға жарақаттар санының арттырып, тұрғындар денсаулығына тигізетін зияндылығының арта түскендігін көрсетеді. Осы тұрғыда Оңтүстік Қазақстан облысының аудандары мен қалаларында тұрмыстық жарақат алғандардың алғашқы аурушаңдығындағы динамика мен даму бағытын салыстыра зерттедік.
Негізгі нәтижелер. Облыс тұрғындарының 2005 – 2014 жылдардағы тұрмыстық жарақаттанудан туындаған аурушаңдығы 372,2‰00-ден 346,0‰00-ге дейінгі аралықта орналасқандығы белгілі болды. Осыған қарағанда тұрмыстық жарақаттануға байланысты қалыптасқан алғашқы аурушаңдық көрсеткішінің төмендегені байқалады. Осы жағдайдың қалыптасуына бірінші кезекте қала тұрғындары арасындағы тұрмыстық жарақаттанудан туындаған аурушаңдығының 528,0‰00 -ден 427,5‰00-ге дейін төмендегендігі себеп болды.
Алайда, зерттелген жылдары ауыл тұрғындарының тұрмыстық жарақаттанудан туындаған аурушаңдық көрсеткішінің динамикасында 172,8‰00-ден 188,8‰00-ге дейін жоғарылау үдерісі байқалады. Бұл жағдай ауылды жердегі тұрмыстық жарақаттар санының артып, тұрғындар денсаулығына тигізетін зияндылығының өсе түскендігін көрсетеді.
Қаскөйлікпен шабуыл жасаудан жарақат алған ер азаматтар саны бастапқы екі категорияға бөлінеді – жастар (40,0%) және еңбекке қабілетті ересек жастағылар (60,0%) құрайды. Қаскөйлікпен шабуыл жасап, жарақат алған әйел азаматтар саны, 40-59 жас аралығын қамтиды және (50,0%) құрайды, сонда біздің күтілетін нәтижеміз бойынша жас әйелдер арасында төрттен бір бөлігінде осындай жағдай кездеседі. Егерде шабуыл жасау нәтижесінде жарақат алған болса, онда айтарлықтай мақсатты арамы пиғылмен емес, оның мүлкіне шабуыл жасайтыны анықталды.
Келеңсіз немесе оқыс жағдай нәтижесінде жарақаттанған тұлғаларды ерте жастық, орта жастық және егде мен қарттық жастық топтарына бөледі, оның ішінде 15-29 жас аралығында 24,0% құрайды, 30-44 жас аралығында 29,3% құрайды, 45-59 жас аралығында – 28,0% құрайды, ал 60 жастан жоғарылары 18,7% құрайды. Демек, кең түрде тараған эизодтық бейнелердің келеңсіз жағдаймен тығыз байланысты екенін анықтайды. Ал, келеңсіз жағдайда еңбекке қабілетті жастағы 45-59 жас аралығындағы әйел азаматтар, егде жастағы әйелдер, ер азаматтардың көрсеткішімен бара-бар және тең дәрежеде үйде, сая жайда, арнайы демалыс орындарында, мәдени шараларда, сауда- саттық орырндарында тұрмыстық жарақат алады. Өндіріс орнында келеңсіз жағдайға тап болатындардың басым бөлігі орта жасатағылар болып шықты (66,7%). Ал олардың ішінде ер азаматтар мен әйел азаматтар тең дәрежеде жарақаттанатыны анықталды. Ауруханаға жатқызылған жарақаттандардың тең жартысы әртүрлі себептердің салдарынан жарақат алғандар. Олардың көпшілігі орта, жалпы және арнайы білімді тұлғалар (56,1%), санаты жоғары және аяқталмаған жоғары білімділер (36%) болып шықты. Бұл жерде жарақаттың салдарынан өлген адамдардың жағдайын заңды түрде бақылауға алуды атап өту керек: жол көлігі апатынан алған жарақаттар ғана емес, сонымен қатар жәбірленушіні зорлау деңгейіне байланысты жарақаттары да анықталды.
Аталған жағдайларға байланысты нақты мәліметтерге сүйене отырып қалалық ауруханалардың арнайы жарақаттар бөліміне жатқызылғандардың сипаттарын нақты бөліп-жарып айтатын болсақ, онда жарақат алған тұрғын халық арасындағы жұмысшылардың білім деңгейін, әсіресе жоғары және аяқталмаған жоғары білім деңгейлеріне сұраныс бар. Ал, бастапқы және орта білімі толық емес респонденттер арасында кездесетін тұлғаларға – феномендік, детальдық талдау жүргізуді талап етеді. Жағдайларды зерттеу барысында көрсетілген жарақат нысаналарының тек жартысы ғана. Бірінші оқиғада, 15 жұмысшының жасына лайықты орта білімі болмаған; Екінші оқиғада, кәрілік жастағыларға қатысты болған; Ал, үшінші оқиғада, жұмысшының жасына байланысты бекіткен заңды талабымен орта білімді толық бітіргендерді ғана жұмысқа қабылдауды талап еткен. Келеңсіз жағдайда ауруханаға жатқызылған жарақаттанғандардың (білім деңгейлері жоғары, шыңдалғаны 48% құрады, ал жоғары білім бар респонденттер мен жоғары оқуды аяқтамағндар 45,3%) құрады, сол сияқты орта және арнайы орта білімділердің жағдайлары анықталды. Келеңсіз жағдайда жарақт алғандарды анығырақ айтқанда, жәбірленгендер көбінесе: демалыс, спортпен айналысуда, үйдің тұрмыстық жұмысымен және саяжайдың жұмысымен айналысқанда, сол сияқты дүкенге, мәдени сауық орталықтарына және іс- шараларға қатысқан кездерінде абайсызда жарақат алғандар.
Жұмысшылардың білім деңгейінің санаты (шабуыл кезінде жарақат алғандар, автокөлік оқиғасында жарақат алғандар және өндірістік орында жарақат алғандардың) жағдайы тәжірибе тұрғысында біркелкі: үшінші жұмысшының біреуінде жоғары немесе аяқталмаған жоғары білімді, екіден үшеуі – жалпы орта және арнайы орта білімді болғаны анықталды.
Жоғары білмділер арасындағы жұмысшылар (жоғары және аяқталмаған жоғары білімділердің пайыздық көрсеткіші ер азаматтар – 39,3%, ал әйел азаматтар 49,0%-ды құрады, сонымен бірге толық емес орта білім 6,6% құраса, бастапқы білімділер 4,1% құраған), осыған қатысты жарақат алған ерлер мен әйелдердің арасындағы себептері мен айырмашылықтары анықталып, олардың білім аясындағы қарым-қатынасы мен популяциялық заңдылықтары қарастырылды.
Сонымен, ер азаматтарға шабуыл жасап, нәтижесінде жарақат алғандардың саны, олардың білім деңгейінің төмендігін көрсетеді. Жоғары білімді ер азаматтар өз қауіпсіздігіне көп көңіл бөліп, сақтану шараларын жасайды, сондықтан олардың арасында қаскөйлік шабуылға ұшырағандар аса көп емес (16,1%), ал орта білімділер арасында олардың үлес салмағы 83,3% -ды құрады. Ал, ер азаматтарының арасында (14,9 және 85,1%) да осындай заңдылық байқалады, бірақ жалпы қаскөйлік шабуылға ұшырағандардың басым бөлігі әйелдер арасында қалыптасқан (93,8%).
Өндірістік жарақаттар – жоғарыда көрсетілген ер азаматтардың жоғары білімі жоқ сияқты, тек қана орта білімді әйелдер арасында кездеседі. Жұмыс орнында жүргізілген саулнамаларды талдау нәтижесінде, келеңсіз жағдайдағы жарақаттарға ұшырайтындардың көбісінің санаты (36,4%) – жұмыссыздар құрайды. Мұндағы, бастапқы жарақаттунышылардың көрсеткіші жұмысшылар мен егде жастағы зейнеткерлер, нақтырақ 55 жастан жоғары әйелдер мен 60 жастағы ер азаматтар болып саналады. Одан басқа, жартысынан көп жұмысшылар – еңбекке қабілетті жастағылар болды.
Осылайша, экономикалық белсенді топтағы тұрғын халықтар арасындағы жұмысшыларды ұсына отырып, олардың ауыр жарақат алып, ауруханаға жатқызылуы анықталды. Мемлекеттік мекемелерде, өндіріс орнындағы жұмысшылардың төрттен бір бөлігі (26,4%) құрады, сондай- ақ қаншама акционерлік және жеке меншік орындарындағы жұмысшылар саны- (28,1%)-ды құрады. Жеке меншік ұйымдарда жалдамалы жұмысшылар (6,4%) құрап, ондағы жеке кәсіпкерлік иесі (2,7%) қрады, Шымкент қаласындағы экономикалық белсенді топтағы жұмысшылардың үлес салмағы, сұраныстағы абсолюттік орташа минимум көрсеткіші – (2,7%) едәуір төмен екені анықталды. Осылайша, басқа жұмысшылардың санатына қарағанда, жұмысшылар арасындағы жарақтаттанғандардың көрсеткіші төмендеу. Жарақаттың түрлерін талдап, олардың әртүрлі себептерін бөлу барысында, жұмсшылардың мемлекеттік, акционерлік және жеке кәсіпкерлік қызметкерлерінің жарақат алу барысы бойынша анықталды.
Еңбек ету жасындағы жарақаттанғандар арасындағы отбасы мен бала-шағасы жоқ ер азаматтардың үлес саны – 55,71% және әйел азаматтар саны – 26,52% құрады, ал толық отбасы мен бала-шағасы бар ер азаматтар саны – 6,06% құраса, осындай әйел азаматтардың үлес саны 38,76% 623 болып шықты. Толық отбасы бола тұра бала-шағасы жоқтар арасындағы ер азаматтардың үлес салмағы 3,34%-құраса, осындай әйел азаматтардың үлес салмағы 8,24%-ды түзеп отыр. Ал жартылай отбасы бар немесе жұбайы қайтыс болған, бірақ бала-шағасы бар ер азаматтардың үлес салмағы 4,89% болса, ал ерінен айырылған әйел азаматтардың үлес салмағы 24,48%-ды құрайды.
Жарақаттың салдарынан ауруханаға жатқызылған ер азаматтарға қарағанда, әйел азаматтардың жасы жоғары және әйел азаматтардың басым бөлігінің отбасы толық болып шықты. Бірақ динамикалық тұрғыда жарақаттанып ауруханаға түскен және травматологиялық көмек алған әйел азаматтар арасында отбасы толық емес, ажырасқан және жесір әйелдер саны артты. Отбасының қауіпсіздігіне жауапты ер азаматтардың барлығында дерлік келеңсіз жағдайда жарақатқа дұшар болу ықтималдығы жоғары (98,2%). Жалғыз жүрген ер азаматтарға шаубыл жасаудың ең жоғары ықтималдығы нәтижесінде (83,3%) ер азаматтар жарақат алады, шабуыл жасайтындар көбінесе алкоголь ішімдігіне бейімделгендер. Ал, әйелдерге қаскөйлікпен шабуыл жасаудың жоғары ықтималдығы (75%) жартылай отбасы барларда жоғары. Толық отбасы, балалары және немерелері бар отбасылардың көбінесе ер азаматтарының (80%-зы) өндірістік жарақатқа жиі ұшырайды, ал әйелдері (100%) жарақат алады.
Келеңсіз жағдайға тап болатындар, көбінесе жалғызбасты ер азаматтар арасында (55%- ды) құраса, ал, толық отбасылы әйел азаматтары арасында (37,8%-ды) құрайды. Осы санатқа жататындардың арасында жол көлігі апатына ұшырайтын тәуекелі жоғары (42,8%), ал, отбысы құрмаған ер азаматтар арасында жол көлігі апатына жиі ұшырайтындар (60%) құрайды.
Жарақаттың болу ықтимал күндер жұма және демалыс күндері және дүйсенбі күнімен де байланысы баршылық, бір жағына осы аталған апта күндері көлік қозғалысының көп болуы, сол сияқты қала, ауыл тұрғындардың арасында (демалыс, спортпен айналысу, мәдени-тынығу орталықтарына бару, дүкендерді аралау және т. б.) сияқты қозғалыстардың салдарынан және де алкоголь ішімдігінің кесірінен жол көлігі апатына ұшырап, жарақат алатындары анық. Зардап шеккендердің (30-40%) әртүрлі маскүнемдік дәрежеде екені түсіндіріледі және әлсіз алкоголдік ішімдігі бар сусынды қоғамдағы сананың қағидалары ретінде алкогольді пайдаланады. Осылардың нәтижесінде түрлі жарақаттарға алып келеді. Экономикасы дамыған елдерде жарақаттанудан туындаған аурушаңдық пен өлім оқиғалары жылдан жылға төмендесе, біздің республикамызда осы көрсеткіштер тоқтаусыз өсу үстінде. Орта есеппен алғанда Республика аумағындағы ер кісілердің жарақаттанудан өлімге ұшырау мүмкіндігі Европа одағының ер кісілері арасындағы осындай көрсеткішінен 4 есе жоғары. 2014 жылғы ресми статистикалық деректер бойынша Орталық Азия мемлекеттері мен Россия Федерациясындағы жарақаттанудан туындаған өлім көрсеткішінің деңгейі 100 000 тұрғынға балап есептегенде 279,2 оқиғаны құраса, Европа Одағында - 54,1%000 болып шықты. Экономикасы даму үстіндегі елдердегі жарақаттану оқиғалары мен одан туындайтын өлім көрсеткішінің тоқтаусыз жоғарылауына жол қозғалысы қауырттылығының артуы, алкогольдік ішімдіктің арзандығы және кез келген жастық топтарға қол жетімділігі (әсіресе жасөспірімдерге), тұрғындар өмірін қорғау саласындағы заңдардың босаңдығы, әлеуметтік капиталдың азайып, жұмыссыздықтың ұлғаюы, байлықты иеленудегі теңсіздікке алып келуде. Осыған байланысты балалар мен қарт адамдардың жарақаттанып, өлімге ұшырау қауптілігі арта түсуде. Жарақаттануға және одан туындайтын өлімге ұшырауға бейім топтарға үйсіз-күйсіз адамдар, шеттен келген жалдамалы жұмысшылар, жер ауып қашып келгендер, мүгедектер мен жұмыссыздар да жатады. Жарақаттарға ұшырауға бейім негізгі қауіптілік топтарын нақты анықтау, тұрғындар арасында осы науқастылықтың профилактикалық бағдарламасын жасап, оны тиімді және белсенді ұйымдастыру үшін қажет. Қазақстан Республикасы тұрғындары арасында қалыптасқан жарақаттану мен одан туындайтын өлім оқиғаларын төмендетуге бағытталған бірінші кезектегі шараларды негіздеу үшін жарақаттану оқиғаларына барлық тұрғындар бірдей ұшырай ма, әлде оған жиі ұшырайтын қауіп топтары бар ма, жарақатқа жиі ұшырайтын кезең бар ма, әлде жылдың барлық маусымдарында жарақаттану оқиғалары бірдей туындай ма деген сұрақтарға да дұрыс жауабын табу қажет. ОҚО еңбек ету жасындағы тұрғындарының жарақаттану мен уланудан туындаған өлім-жітімінің 100 000 адамға балап есептегендегі деңгейін зерттеу нәтижелері келтірілді.
Еңбек ету жасындағы тұрғындардың жарақаттанудан туындайтын өлім-жітім көрсеткіштері ең бастысы жол-көлік оқиғаларынан туындайтын болып шықты. Ерлер арасындағы өлім-жітімнің құрамында жол-көлік оқиғасының үлес салмағы 20,0% құраса, (35,7‰00), әйелдер арасында 26,7% (11,6‰00) түзеп отыр. Екінші рангалық орынды себеп салдары нақты көрсетілмеген зақымдану иеленіп отыр (ерлерде 26,9‰00 немесе 15,0%, ал әйелдерде 6,1‰00 немесе 14,1%). Ер азаматтар арасында үшінші рангалық орында (25,1‰00 немесе 14,0%) абайсызда құлау орналасса, әйелдерде (6,1‰00 немесе 14,1%) өлтіру жағдайлары орын алған. Осы нозологиялардың орналасу реті тұрғындардың жынысы өзгергенде керісінше орналасады. Өзіне-өзі қол салу оқиғалары мен алкогольдік ішімдікке улану оқиғалары да тұрғындардың өліміне алып келетін негізгі себептердің қатарына жатып отыр. Жалпы тұрғындардың өліміне алып келетін басты себептердің қатарына кездейсоқ механикалық тұншығу, оттан туындаған қайғылы оқиғалар, суға тұншұғу, электр тоғынан туындаған қайғылы оқиғалар, емдеу барысындағы асқынулар, қаруды қолданудан туындаған қайғылы оқиғалар да жатады. Біздің зерттеуімізді одан ары тереңдету мақсатында жарақаттану мен оны туындататын себептер арасындағы корреляциялық тығыздықты анықтадық. Оның барысында жарақаттан туындайтын өлім мен әлеуметтік- гигиеналық себептердің арасындағы байланыстың өте жоғары екендігі дәлелденді. Сонымен, зерттеу барысында қол жеткізген ғылыми нәтижелер жарақаттану ауруының тұрғындар денсаулығына тигізетін зияндылығы өте үлкен екендігін көрсетіп отыр. Оңтүстік Қазақстан облысы мен Шымкент қаласында қалыптасқан жарақаттанудың деңгейі жылдан жылға арта түсуде және оның ауырлық дәрежесі жоғарылап, мүгедектік пен өлімнің өсім беруі байқалады.
Тұрмыстық жарақат алу жиілігі бойынша қауіпті топқа білім дәрежесі төмен (орта және орташа арнайы), отбасылық жағдайы толық емес, жұмыссыз және ішімдікке салынған және әлеуметтік дезадаптацияға ұшыраған тұлғаларға әйел азаматтары жатады.
Осы жағдайларды есепке ала отырып, тұрмыстық жарақаттар және оның негізгі себептері туралы тұрғындардың санитарлық білімін жоғарылату ісін белсендіру қажеттігін баса айтуымыз керек деп есептейміз.
Сонымен қатар, тұрғындардың өмір сүру салтын салауаттандыру және алкоголизм мен наркоманияның қауіптілігі туралы білімділігін арттыру керек. Тұрмыстық жарақат алған науқастардың өмірін сақтап қалу үшін барлық сатыда көмек көрсетуді оңтайландырудың ең басты жолы - ауруханаға дейінгі алғашқы медициналық-санитарлық көмектен бастап, науқастардың саулығы қалпына келгенше денсаулық сақтау ұйымындағы қызметкерлермен профилактикалық- реабилитациялық бағыттағы медициналық көмек көрсету болып табылады.
Тұжырым.
- Оңтүстік Қазақстан облысы мен Шымкент қаласы тұрғын халықтарының арасында қалыптасқан жарақаттанудан туындаған аурушаңдық көрсеткішінің деңгейі жылдан жылға арта түсуде және оның ауырлық дәрежесі жоғарылап, мүгедектік пен өлімнің өсім беруі байқалуда.
- Тұрмыстық жарақат алу жиілігі бойынша қауіпті топқа білім дәрежесі төмен (орта және орташа арнайы), отбасылық жағдайы толық емес, жұмыссыз және әйел азаматтарды жатқызуға болады. Тәжірибелік ұсыныстар.
- Тұрмыстық жарақаттар және оның негізгі себептері туралы тұрғындардың санитарлық білімін жоғарылату ісін белсендіру
- Тұрғындардың өмір сүру салтын салауаттандыру және алкоголизм мен наркоманияның қауіптілігі туралы білімділігін арттыру керек. қажет.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Калыгин А. Б. Социально-гигиеническая актуальность травматизма и проблемы лечения больных с травматической патологией в крупном городе // В сб. Актуальные проблемы практической медицины. - М.: 2000 - С. 43-45.
- Алимова Л. Б., Булешова А. М., Жанабаев Н. С., Бейсенбаев А. А. Социологическая оценка амбулаторной травматологической помощи населению крупного мегаполиса Южно-Казахстанской области. - 2013. - C. 34.
- Булешова А. М., Жанабаев Н. С., Алимова Л. Б., Бейсенбаев А. А. характеристика амбулаторной травматологической службы по данным социологического опроса пациентов траматологических пунктов города Шымкент. - 2013. - C. 37.