Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Перинаталды және балалар кардиологиялық хирургиясы орталығының медициналық қызметкерлерінің кәсіби даму бағыттарын талдау

Мақалада перинаталды және балалар кардиологиялық хирургиясы орталығының медициналық қызметкерлерінің кәсіби даму бағыттарына қатысты мәселелер қарастырылған. Дәрігерлік қауымдастық қатысушылардың көпшілігі кәсіби дамуға талпынады. Дәрігерлер дипломнан кейінгі білім беру жүйесін жақсарту қажет екендігін талап етеді.

Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі уақытта денсаулық сақтау жүйесін қалыптастырудың негізгі міндеті халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру болып табылады. Саланы дамытудың стратегиялық басымдықтарына сәйкес бұл процесте жоғары мамандандырылған медициналық қызметкерлерді дайындау маңызды рөл атқарады.

Көрсетілетін медициналық көмектің сапасы ұйымдармен және медициналық ұйымның материалдық-техникалық базасының жағдайымен ғана емес, сондай-ақ көп жағдайда заманауи мамандандырылған білімі мен кәсіби машығы бар білікті мамандардың болуымен де анықталады.

Көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсарту медициналық қызметкердің іскерлігі мен кәсіби білімін жетілдірумен тікелей байланыстылығы дәлелденді. Сондықтан медициналық қызметкерлердің кәсіби даму жүйесі тұрақтылық пен дұрыс дамудың кепілі бола отырып, жүйелі сипат алу қажет [1].

Қызметкердің кәсіби дамуын жүзеге асырудың негізгі жолы үздіксіз кәсіби білім алуында жатыр. Медициналық мекемелер мен жеке емханаларда өз қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мен дамытуға жұмсалатын барлықшығындарды қызметінің экономикалық тиімділігін арттыратын негізгі капиталда инвестиция ретінде қарастыру қажет [2].

Зерттеу материалдары және әдістері. Перинаталды және балалар кардиологиялық хирургиясы орталығының медициналық қызметкерлерінің сұхбат алу мен сауалнама жүргізу арқылы социологиялық зерттеу жүргізілді.

Сауалнама Алматы қаласының Перинаталды орталық базасында бірнеше кезеңде жүргізілді.

Жалпы саны 147 сауалнама парағы алынды. Алынған мәліметтер негізінде зерттеу сұрақтарының әрқайсысының жиілігі мен құрылымы анықталған, негізгі зерттелетін құбылыстың бірқатар белгілерге тәуелділігі дәлелденіп, сонымен қатар Стьюдент критерийі көмегімен салыстырмалы жиынтықтардағы көрстекіштердің айырмашылығы есептелді.

Зерттеу нәтижелері. Қолданыстағы дипломнан кейінгі медициналық білім беру жүйесі қаншалықты тиімділігі туралы сұрақты зерттеу кезінде сауалнамаға жауап берушілердің 70%-ы тиімді деп жауап берді, 20%-ы жауап беруге қиналды, тек 10%-ы тиімділігі жеткіліксіз деп санайды. Оқытудың практикалық бөліміне жеткілікті көңіл бөлмеуі және мамандардың инновациялық технологияларға білім беру шараларымен қамтамасыз ету жолымен біліктілігін арттыруға жағдайлар жасау қажеттілігі.

Сауалнамаға жауап берушілердің 60%-ы дерлігі келешектегі медициналық қызмет үшін оқу кезінде алған білімнің жеткіліктілігі туралы сұраққа «жоқ» деп жауап бере отырып, сонымен бірге барлық кәсіби қызмет кезінде колледжді аяқтағаннан кейін қосымша медициналық білім берудің маңыздылығын айтады.

Қазақстанда медициналық көмек көрсетудің сапасы мен медициналық категориялар байланысының мәселелерін көтере отырып, сауалнамаға жауап берушілердің 82%-дан асасы бұл тәуелділіктің бары туралы айтқандығын ескеру қажет. Орта медициналық қызметкер мен акушерлердің арасында категорияның болуы маманның кәсібилігімен дәлелденетіндігі анықталды.

Мамандардың көпшілігі категорияны жұмыс тәжірибесінің болуымен алуға болатынын растайды, соған сәйкес жұмыс тәжірибесі маманның біліктілігін арттыруға және қосымша машықтар алуға мүмкіндік береді.

Орта медициналық қызметкерлер мен акушерлер арасында өздігінен білім алу сұрағына қатысты 100 сағаттан аз уақытын сауалнамаға жауап берушілердің 37%-ы, 200 сағаттан аса уақытын сауалнамаға жауап берушілердің 8,93%-ы бөлуге дайын екендігі анықталды.

Өздігінен білім алуға 150-200 сағатын бөлетін 10,71%, сонымен қатар 100-150 сағатын бөлетін 14,29% сауалнамаға жауап берушілердің арасында айтарлықтай айырмашылық болмайды .

Қаржы құрайтын өздігінен білім алу туралы айтатын болсақ, келесідей деректер алынды, сауалнамаға жауап берушілердің 66,07%-ы төмен айлыққа негіздей отырып, өздігінен білім алуына ақы төлеуге дайын емес.

5%-дан кемі өздігінен білім алуына ақы төлеуге сауалнамаға жауап берушілердің 3,57%-ы дайын, сауалнамаға жауап берушілердің 8,93%-ы өздігінен білім алуына 5-10%-ын төлеуге дайын және 10-15%-ын сауалнамаға жауап берушілердің 12,50 %- ы ақы төлеуге дайын.

Сауалнамаға жауап берушілерді өздігінен білім алуына ынталандыратын факторларды білу үшін алынған нәтижелерді қарастырамыз.

Өздігінен білім алуға ынталандырушы факторлар, %. мұнда, 1-8 - бұл факторлар:

1- еңбекақының өсуі;

  1. - кейін жұмыс барысында қолдануға болатын жаңа білімдер алу;
  2. - басқа мекемелердегі әріптестермен бейресми қарым- қатынас (конференциялар, курстар);
  3. - жеке және кәсіби өсу;
  4. - өз мамандығы аясында кәсіби міндеттерінің кеңеюі;
  5. - жаңа міндеттер үшін жаңа білім мен машықтар үйрену;
  6. - әріптестерінің алдында өзінің біліктілігін көрсету;
  7. - өз біліктілігін іштей дәлелдеу (өзі үшін).

Аталған сауалнаманың аясында біз сауалнамаға жауап берушілер өте маңызды фактор деп еңбекақының өсуін 80,36% (45) есептейтінін анықтадық, екінші орында әріптестерінің алдында өзінің біліктілігін дәлелдеу 64,29% (36), үшінші орында кейін жұмыс барысында қолдануға болатын жаңа білімдер алу 58,93% (33), одан кейін жеке және кәсіби өсу 53,57% (30), өз мамандығы аясында кәсіби міндеттерінің кеңеюі 50% (28), жаңа міндеттер үшін жаңа білім мен машықтар үйрену 48,21% (27), өз біліктілігін іштей дәлелдеу 44,64% ( 25).

Мүлдем маңызды емес факторлардың арасында басқа мекемелердегі әріптестермен бейресми қарым-қатынас (конференциялар, курстар) 25 % (14) жасау, өз мамандығы аясында кәсіби міндеттерінің кеңеюі 12,50% (7) үздіктер қатарында, жаңа міндеттер үшін жаңа білім мен машықтар үйрену, әріптестерінің алдында өзінің біліктілігін көрсету, өз біліктілігін іштей дәлелдеу сауалнамаға жауап берушілердің бірдей пікірін жинады 10,71% (6), жеке және кәсіби өсу 8,93% (5), кейін жұмыс барысында қолдануға болатын жаңа білімдер алу 5,36% (3) және еңбекақының өсуі 3,57% (2).

Маңызды факторлар мыналар деп есептейді: жаңа міндеттер үшін жаңа білім мен машықтар үйрену 32,14% (18), басқа мекемелердегі әріптестермен бейресми қарым- қатынас (конференциялар, курстар) 30,36% (17), өз біліктілігін іштей дәлелдеу 26,79% (15), жеке және кәсіби өсу 25% (14), кейін жұмыс барысында қолдануға болатын жаңа білімдер алу 23,21% (13), әріптестерінің алдында өзінің біліктілігін көрсету және өз мамандығы аясында кәсіби міндеттерінің кеңеюі 17,86% (10), еңбекақының өсуі 12,50% (7).

Маңызды емес факторлар мыналар деп есептейді: еңбекақының өсуі 3,57% (2), кейін жұмыс барысында қолдануға болатын жаңа білімдер алу 12,50% (7), басқа мекемелердегі әріптестермен бейресми қарым-қатынас (конференциялар, курстар) - 7,14% (4), жеке және кәсіби өсу 12,50% (7), өз мамандығы аясында кәсіби міндеттерінің кеңеюі 19,64% (11), жаңа міндеттер үшін жаңа білім мен машықтар үйрену 8,93% (5,0), әріптестерінің алдында өзінің біліктілігін көрсету 7,14% (4), өз біліктілігін іштей дәлелдеу (өзі үшін)17,86% (10).

Сауалнамаға жауап берушілердің 60%-ы дерлігі келешектегі медициналық қызмет үшін оқу кезінде алған білімнің жеткіліктілігі туралы сұраққа «жоқ» деп жауап бере отырып, сонымен бірге барлық кәсіби қызмет кезінде колледжді аяқтағаннан кейін қосымша медициналық білім берудің маңыздылығын айтады.

Қазақстанда медициналық көмек көрсетудің сапасы мен медициналық категориялар байланысының мәселелерін көтере отырып, сауалнамаға жауап берушілердің 82%-дан асасы бұл тәуелділіктің бары туралы айтқандығын ескеру қажет. Орта медициналық қызметкер мен акушерлердің арасында категорияның болуы маманның кәсібилігімен дәлелденетіндігі анықталды.

Мамандардың көпшілігі категорияны жұмыс тәжірибесінің болуымен алуға болатынын растайды, соған сәйкес жұмыс тәжірибесі маманның біліктілігін арттыруға және қосымша машықтар алуға мүмкіндік береді.

Орта медициналық қызметкерлер мен акушерлер арасында өздігінен білім алу сұрағына қатысты 100 сағаттан аз уақытын сауалнамаға жауап берушілердің 37%-ы, 200 сағаттан аса уақытын сауалнамаға жауап берушілердің 8,93%-ы бөлуге дайын екендігі анықталды.

Өздігінен білім алуға 150-200 сағатын бөлетін 10,71%, сонымен қатар 100-150 сағатын бөлетін 14,29% сауалнамаға жауап берушілердің арасында айтарлықтай айырмашылық болмайды .

Қаржы құрайтын өздігінен білім алу туралы айтатын болсақ, келесідей деректер алынды, сауалнамаға жауап берушілердің 66,07%-ы төмен айлыққа негіздей отырып, өздігінен білім алуына ақы төлеуге дайын емес.

Аталған сауалнаманың аясында біз сауалнамаға жауап берушілер өте маңызды фактор деп еңбекақының өсуін 80,36% (45) есептейтінін анықтадық, екінші орында әріптестерінің алдында өзінің біліктілігін дәлелдеу 64,29% (36), үшінші орында кейін жұмыс барысында қолдануға болатын жаңа білімдер алу 58,93% (33), одан кейін жеке және кәсіби өсу 53,57% (30), өз мамандығы аясында кәсіби міндеттерінің кеңеюі 50% (28), жаңа міндеттер үшін жаңа білім мен машықтар үйрену 48,21% (27), өз біліктілігін іштей дәлелдеу 44,64% ( 25).

Мүлдем маңызды емес факторлардың арасында басқа мекемелердегі әріптестермен бейресми қарым-қатынас (конференциялар, курстар) 25 % (14) жасау, өз мамандығы аясында кәсіби міндеттерінің кеңеюі 12,50% (7) үздіктер қатарында, жаңа міндеттер үшін жаңа білім мен машықтар үйрену, әріптестерінің алдында өзінің біліктілігін көрсету, өз біліктілігін іштей дәлелдеу сауалнамаға жауап берушілердің бірдей пікірін жинады 10,71% (6), жеке және кәсіби өсу 8,93% (5), кейін жұмыс барысында қолдануға болатын жаңа білімдер алу 5,36% (3) және еңбекақының өсуі 3,57% (2).

Маңызды факторлар мыналар деп есептейді: жаңа міндеттер үшін жаңа білім мен машықтар үйрену 32,14% (18), басқа мекемелердегі әріптестермен бейресми қарым- қатынас (конференциялар, курстар) 30,36% (17), өз біліктілігін іштей дәлелдеу 26,79% (15), жеке және кәсіби өсу 25% (14), кейін жұмыс барысында қолдануға болатын жаңа білімдер алу 23,21% (13), әріптестерінің алдында өзінің біліктілігін көрсету және өз мамандығы аясында кәсіби міндеттерінің кеңеюі 17,86% (10), еңбекақының өсуі 12,50% (7).

Маңызды емес факторлар мыналар деп есептейді: еңбекақының өсуі 3,57% (2), кейін жұмыс барысында қолдануға болатын жаңа білімдер алу 12,50% (7), басқа мекемелердегі әріптестермен бейресми қарым-қатынас (конференциялар, курстар) – 7,14% (4), жеке және кәсіби өсу 12,50% (7), өз мамандығы аясында кәсіби міндеттерінің кеңеюі 19,64% (11), жаңа міндеттер үшін жаңа білім мен машықтар үйрену 8,93% (5,0), әріптестерінің алдында өзінің біліктілігін көрсету 7,14% (4), өз біліктілігін іштей дәлелдеу (өзі үшін)17,86% (10).

Өздігінен білім алуда орта медициналық қызметкерлер мен акушерлердің қазіргі белсенділігін анықтау үшін оқудың қандай да бір әдістерін пайдалану жиілігі туралы деректерді білу мақсатында сауалнама жүргізілді:

Осылайша, 73,21% (41) сауалнамаға жауап берушілердің арасында өздігінен білім алу ретінде медицинадағы ғаламдық үрдістер туралы ақпараттар оқу жиі қабылданатыны анықталды, айтарлықтай жиі 16,07% (9), сирек 7,14% (4), ешқашан 3,57 (2).

Сіздің мамандығыңызда немесе соған көршілес салаларында медицина ғылымдарының соңғы жетістіктерін оқу өздігінен білім алу ретінде – жиі 41,07% (23), айтарлықтай жиі 23,21% (13), сирек 17,86% (10) қолданады, ешқашан 17,86 (10).

Сіздің мамандығыңыздың шеңберінде медицина ғылымдарының соңғы жетістіктерін оқуға қатысты сауалнамаға жауап берушілердің арасында жиі 37,50% (21), айтарлықтай жиі 30,36% (17), сирек 7,14% (4), ешқашан 25% (14) екендігі анықталды.

Мамандандырылған мерзімді әдебиеттерді жиі оқу (кәсіби журналдар, газеттер, оның ішінде олардың онлайн нұсқалары) 37,50% (21), айтарлықтай жиі 25% (14), сирек 19,64% (11), ешқашан 17,86 (10).

Сауалнамаға жауап берушілердің арасында конференцияларға жиі қатынасу және араласу 32,14% (18), айтарлықтай жиі 17,86% (10), сирек 25% (14), ешқашан 25% (14).

Сауалнамаға жауап берушілердің арасында әріптестермен өзіңіздің кәсіби жұмыс мәселелерін жүйелі талдау жиі көрініс тапқаны 48,21% (27), айтарлықтай жиі 32,14% (18), сирек 8,93% (5), ешқашан 10,71% (6).

Осылайша, алынған деректердің негізінде өздігінен білім алу мен жаңа білімдер алудың ең кең тараған әдістері мыналар болып табылатындығымен қорытынды жасауға болады: медицинадағы ғаламдық үрдістер туралы ақпараттар оқу, әріптестермен өзіңіздің кәсіби жұмыс мәселелерін жүйелі талдау, сіздің мамандығыңызда немесе соған көршілес салаларында медицина ғылымдарының соңғы жетістіктерін оқу.

Сауалнамаға жауап берушілердің арасында 28,57%-ы кәсіби қауымдастықтар мен форумдардағы талқылауларды мүлдем немесе іс жүзінде мүлдем оқымайды және оларға қатыспайды, 25%-ы конференцияларға бармайды және қатыспайды.

Сауалнамаға қатысушылардың арасында конференцияларға қатыспайтындардың көпшілігі мынадай себептерді атады: қаржы мүмкіндігінің (түрлі түсіндірмелерде) болмауы, сонымен қатар өз кестесін өзгерте алмауы және осы сияқты шараларға уақыт болмау.

Осылайша, басқа факторлармен қатар дәрігерлердің медициналық конференцияларға қатысуында төлем факторы маңызды рөл атқарады.

Және сауалнамада жауап берушілерге ұсынылған соңғы сұрақ дәрігерлердің пікірімен медициналық ұйымдардың білім беру қызметтерін сатып алу мақсатында медициналық ұйымдарда (маман жұмыс істейтін) тікелей білім алуға қаржы беру мүмкіндігі туралы олардың ойларын білу мақсатында қойылды. Сұрақ қызу талқыланды, көптеген ескертулер, пікірлер, ұсыныстар жинады.

Тек 6%-ы аталған ұсынысқа қарсы пікір айтты, оның бірі бұл жағдайды келесідей амалдармен дәлел келтірді: «ешқандай да жақсы нәрсе шықпайды, жақсы ойлаймыз, бірақ алатынымыз әдеттегідей», мұндай жауап жағдайдың жақсаруына жай сенімсіздіктен дәлел келтірген болуы керек. Дипломнан кейінгі білім берудің тиімсіздік мәселелерін шешу мүмкіндігіне сауалнамаға жауап берушілердің 4%-ы өздерінің қарсы пікірлерін білдіруі маңызды.

Сұраққа оң жауап бергендер аталған ұсыныстан қауіптенудің түрлісін көрсеткенін ескеру қажет: «Жұмыс берушілер әртүрлі, ал біз келіспей қалдық делік, сонда маған қызық емес жерге жібереді», «оң баға беремін, алайда басшылық бізді кейін оқытуға қарсы болатын жерге баруымызды міндеттейді», «жақсы идея, бірақ егер де жұмыс беруші бұған қызығатын болса, менің оған күмәнім бар», «қолдаймын, бірақ біздің басшылыққа сауатты мамандар қажет емес», «мен қолдаймын, алайда біздің басшылық қаражатты сауатты бөлетініне сенімсізбін».

Сауалнамаға жауап берушілердің бірі қаражатты дәрігерлердің тікелей өздеріне беру туралы идеясын айтты, алайда дәрігерлердің жұмыстарына расымен де қажет және өздігімен таңдаған жерде өзі таңдаған тақырып бойынша міндетті білім алу шарты қойылған жағдайда. Ақшаны дәрігерлердің тікелей өздеріне беру бастамасы басшылықтың сауатты шешімдер қабылдауына сенімсіздігімен түсіндірілді.

Жалпы тәжірбиелік дәрігерлердің сауалнамадағы жауаптары және жеке кездесулердің нәтижелерін өңдеуден кейін дәрігерлік ұйым қатысушыларының көпшілігі кәсіби дамуға талпынатындығы туралы қорытынды жасауға болады.

Зерттеу нәтижелерін қорытындылай келе, келесідей түйіндер жасадық:

  1. Оқу барысында симуляциялық технологияларды үздіксіз пайдалану шұғыл көмек көрсету кезінде өлім-жітімді, емдеудің ұзақтығын, дәрігерлік қателіктердің санын азайтады. Сапалы медициналық көмек көрсетуге ықпал етуші бағыт және дәрігердің жұмысын бағалауға арналған маңызды фактор ретінде дәлелді медицинаның дамуы.
  2. Сауалнаманың нәтижелері жалпы осы жүйенің қатысушыларының арасында 50%-ы дипломнан кейінгі білім беру жүйесіне көңілі толмаушылықтарын растайды, ал сауалнамаға жауап берушілердің 42%-ы Қазақстанда көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен медициналық категориялар байланысының тәуелділігінің жоқтығы туралы айтады.
  3. Дәрігерлік қауымдастық қатысушылардың көпшілігі кәсіби дамуға талпынады. Дәрігерлер дипломнан кейінгі білім беру жүйесін жақсартуға қалайды. Қазіргі уақытта жаңа білім және өздігінен білім алудың ең кең тараған тәсілдері келесілер болып табылады: өзіңіздің мамандығыңыздың шеңберінде медицина ғылымдарының соңғы жетістіктерін оқу, мамандандырылған мерзімді әдебиеттер оқу (кәсіби журналдар, газеттер, оның ішінде олардың онлайн нұсқалары), әріптестермен өзіңіздің кәсіби жұмыс мәселелерін жүйелі талдау.
  4. Орта медициналық қызметкерлер мен акушерлердің арасында біліктіліктерін арттыруға кедергі уақыттың жоқтығы, 100 сағаттан аз уақытын сауалнамаға жауап берушілердің 37%-ы, 200 сағаттан аса уақытын сауалнамаға жауап берушілердің 8,93%-ы бөлуге дайын екендігі анықталды. Қаржы құрайтын өздігінен білім алу туралы айтатын болсақ, сауалнамаға жауап берушілердің 66,07%-ы төмен айлыққа негіздей отырып, өздігінен білім алуына ақы төлеуге дайын емес. 5%-дан кемі алдағы уақытта медициналық көмектің сапасына ықпал ететін өздігінен білім алуына ақы төлеуге сауалнамаға жауап берушілердің 3,57%-ы дайын екендігі анықталды.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Аканов А.А., Мейманалиев Т.С. ҚР денсаулық сақтау жүйесі және халық денсаулығы. – Алматы: 2012. - 86 б.
  2. Биртанов Е.А., Ибрагимова И.В. Концессия и частное управление в здравоохранении // Международный семинар «Планирование, проектирование и менеджмент организаций здравоохранения. Государственно-частное партнерство, международный опыт», 6 мая 2008 года. – Алматы: 2008. – С. 3-5.
  • Жыл: 2016
  • Қала: Алматы
  • Категория: Медицина

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.