Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Медицина колледж түлектерінің кәсіби дайындығы жөніндегі жұмыс беруші тараптың пікірлерін талдау

Бұл мақалада медицина колледжі түлектерінің кәсіби дайындығы жөніндегі жұмыс берушінің пікірлері қарастырылған. Бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау оқу орны мен емдеу-профилактикалық ұйымдардың жүйелі өзара әрекеттестік жағдайында және өзара әрекеттесуші тараптардың қанағаттанушылық бағыттарына байланысты.

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстандағы мейіргер ісінің дамуына 2004 ж. қабылданған ҚР медициналық және фармациялық білім концепциясы ықпал етті. Концепцияда жаңа мамандық түрлерінің пайда болуы, мамандарды дайындауды тереңдету негіздері мен дүниежүзілік стандарттарға сәйкестендіру көрсетілген болатын.

Тәжірибелік жағдайда студенттердің кәсіби тұрғыдан жетілуі көптеген факторларға тәуелді. Олардың ішінде мамандықты дұрыс таңдаудан кейінгі оқу үрдісін дұрыс ұйымдастыру, оқу-даму үдерісінің жеткілікті жабдықталуы, кәсіби құзыреттілік деңгейлерін меңгеру және кәсіби қызметпен қамтылу мүмкіндігімен қанағаттану маңызды [1,2].

Зерттеу материалдары мен әдістері. Колледж түлектерімен жұмыс жасау тәжірибесі бар жұмыс беруші тараптан, яғни № 1, 3, 6, 8, 15, 17, 20, 21 қалалық емхана және Облыстық көп салалы ауруханасы, №4 қалалық ауруханасы, орталық қалалық клиникалық ауруханасының 30 басқару қызметінің персоналы құрады. Бұл зерттеу тобындағы респонденттердің орташа жас мөлшері -31 жас.

Жоғарыда келтірілген фактілерге сәйкес, бақылау бірлігі болып колледж түлектерін жұмысқа қабылдаушы медициналық нысандардың басқару мамандары табылады. Мәліметтерді статистикалық және математикалық өңдеу. Компьютерлік өңдеу SPSS 8.0 Windows статистикалық өңдеу бағдарламасында жүргізілген.

Зерттеу нәтижелері. Медициналық колледж түлектерін жұмысқа қабылдаған Алматы қалалық бірқатар медициналық мекемелердің басшылық звенодағы қызметкерлеріне жүргізілген сауалнама нәтижелері келтірілген.

Әрине, кез-келген оқу орны үшін өздері дайындаған мамандардың қоғамдық-әлемеуметтік ортада өз қызметтік орнын тауып, алған кәсіби білімдерін сәйкес пайдалана білуі айтарлық жетістік. Таңдалған нысандардың басшылық звеносын анономді түрде сұрау арқылы бүгінгі колледж түлектерінің кәсіби портретін жасау мүмкіндігі туды.

«Емдеу ісі» бөлімінің түлектерінің маман ретіндегі жұмыс нәтижелерімен қанағаттанасыз ба?» – деген сұраққа, жұмыс берушілер тарапы «иә» деп 74,3% жауап берген.

Бұл мәлімет оңтайлы болғанымен, мамандардың біліктілік талаптарынан айтарлық сәйкес еместігіне басшылардың ширек үлесі (25,7%) нұсқаған.

Келесі кезекте, колледжді бітірген түлектердің маман ретіндегі біліктілігіне қатысты сиппаттар жеке зерделенген. Бұл сұрақта жұмыс беруші тараптан мамандардың дайындығына қатысты пысықтауға меңгейтін жауаптар таралған.

Мұны маман ретінде қабылданған түлектердің теориялық дайындығында олқылықтар бар деген респонденттердің 18,9% -ы растайды. Теориялық дайындық қажетті деңгейде жоқ деген 11,4% -дың пікірлері білім беру мекемесі үшін әбден маңызды, әрі осы бағытта мамандыр құрыретін қылыптастыруда дефекттерінің бар екендігінен хабар береді.

Есесіне, респонденттердің 2/3 -нен астамы (69,7%) осы білім ордасының мамандарының теориялық дайындығына ешбір шағым жоқ, яғни мамандардың тәжірибелік мүмкіндіктері теориялық базаларына сүйенген деп түйіндеген.

Орта медперсонал қызметіндегі түлектердің тәжірибелік дайындығын жұмыс берушілер тарапынан бағалау көрсеткіштерін көруге болады.

Мамандардың тәжірибелік дайындығы белгіленген талаптарды қанағаттандыруына қатысты қойылған сұраққа 80,0% басшы-респонденттердің түлектерді «ия, тәжірибелік дағдыларға машықтанған» деп сипаттауы қуантарлық. 17,3% респонденттер мамандардың тәжірибелік дайындығында олқылықтар бар екендігін нұсқаған. Мұндай мәліметті, жұмыс берушілердің, жаңа жұмысқа тұрған мамандарды қызмет орнында баулу жұмысында артық жүктеме алатындығын көрсетіп отыр деп түсінуімізге болады.

Сонымен қатар осы кестеде көрсетілгендей, бүтіннің айтарлықсыз үлесін құрайтын 2,7% респонденттер бітіріп жаңа жұмысқа тұрған мамандарда кәсіби жағдайда жұмыс жасауға дайындық жоқ деп белгілеген. Бұл мәлімет те білім беру мекемесі үшін маман дайындаудың белгілі бір бағыттары бойынша олқылықтарын толтыру үшін қажет ақпарат.

Осы орайда, колледж түлектерінің маман ретіндегі кәсіби дайындығын арттыру мақсатында жұмыс беруші тараптың ұсыныстарын білу маңызды болды. Бұл ретте, респонденттердің 22,4% -ы «тәжірибе теорияға сүйенеді» қағидасын ұстанып, мамандар теориялық білімі жағынан жеткілікті болуы тиіс десе, шамалас үлес салмағындағы 45,2% -ы – тәжірибелік дайындыққа ден қою мақсатқа орай деп санайды.

Жұмыс қабылдаушы басшылардың ендігі 1/5 -і (19,8%) мамандарға өз бетінше кәсіби әрекет ету дағдылары жетіспейді, оқыту жүйесінде сәйкес құзыреттілікті қалыптастыруды жөн көреді. 8,0% -ы - шешім қабылдау қабілетін арттыру қажет санаса, тағы 4,6% - жоғарғы білімді «мейірбике ісі» мамандарының санын арттырып, орта медперсонал жұмысын басқару звеносын толықтыруды ұсынады.

Дегенмен, тәжірибелік дағдыланған, кәсіби машықтанған мамандардың әркез қажет те бағалы екендігі. Екіншіден, бұл кестеде келтірілген мәліметтерді жұмыс берушілердің өз қызметкерлеріне, соның ішінде орта персоналға қоятын талаптары деп те зерделеуге болады.

Сонымен қатар, теориялық және тәжірибелік шыңдалудан басқа басшы-респонденттердің өз мамандарының коммуникативті біліктілігі болғандығын қалайтындықтары белгілі болды.

Келесі сұрақ арқылы респонденттерден жұмыс беруші ретінде алдағы уақытта да «Емдеу ісі» мамандығы түлектерін жұмысқа қабылдауға ықыласын білуді жөн көрдік.

«Әрине, осы білім ордасының түлектеріне әркез есік ашық» деген бүтіннің негізгі үлесі (89,7%) алдағы уақытта РМК «Емдеу ісі» мамандығы түлектерімен қажет болғанда персонал қатарын әрі қарай да толтыратындықтарына ықыласын білдірген.

Берілген сұрақ бойынша оңтайлы жайт болып басшылардың «жоқ» жауабына тоқталмау арқылы түлектерге мекеме есігінің ашық екендігін жариялауы табылады. Алайда, жауап беруге қиналатын респонденттердің 1/10 бөлігі (10,3%), бәлкім, тікелей жұмысқа қабылдау құзыреті өздеріне тиесілі болмағандықтан болуы ықтимал.

Төменде жұмыс беруші-респонденттердің практикада жұмыс жасап жүрген колледж түлектері-персоналдардың бірқатар еңбектегі кәсіби сапаттаулары келтірілген. «Практикалы түрде, аталған оқу мекемесін бітірген барлық мамандар санитарлық ағарту және СӨС насихаттау бойынша білім және дағдыларды игерген» деп 74% респонденттер толық айта алады.

41% басшылар мамандарының кәсіби мамандығының нормативтік-құқықтық базаларын білетіндіктеріне күмән келтірмейді.

Алайда 24% басшылық звено мамандардың ОЗМП арналған периодикалық басылымдармен таныс емес және оқымайтындықтарын жасырмады.

Сонымен қатар, жұмыс беруші-басшылық тарап, жалпы, «мейірбике ісінің» дамуы мәселелерін шешу үшін (67%) заңдылық базаны жетілдіру қажет санайды, соның ішінде ОЗМП функциональдық міндеттері мен құқықтарын бекіту. Респонденттер пікірінше, денсаулық сақтау сферасындағы заңдылық базаны медқызметкерлердің құқығын қорғау (42%), нормативтік жүктемені жетілдіру (22%), мейірбикелік қызметті стандарттау (22%), сонымен қатар медкөмек тұтынушыларының құқығын қорғау аймағында (14%) толықтыру қажет.

Респонденттер мамандардың мейірбикелік жеке тәжірибе аймағы: мейірбикелік науқасқа қарау (35,9%), емдік- диагностикалық манипуляциялар (18,4%), профилактика және денсаулықты нығайту (17,5%), АІЖ профилактикасы (13,4%), үй жағдайындағы мейірбикелік көмек (12,5%), тірек-қимыл функцияларының бұзылуындағы медкөмек (2,3%) бола алады деп есептейді.

Қортынды. Сонымен, мейірбике ісін дамыту проблемаларын шешу мақсатында жұмыс берушілер тарапынан келесі бағыттар ұсынылды: денсаулық сақтаудың заңдылық базасын жетілдіру (медқызметкерлерддің құқықтарын қорғау, нормативтік жүктемені жетілдіру, мейірбике ісін стандарттау, сонымен қатар медқызмет тұтынушыларының құқығын қорғау) және өз бетінше мейірбикелік практика аймағын белгілеу (мейірбикелік науқасқа қарау, емдік-диагностикалық манипуляциялар, профилактика және денсаулықты нығайту, АІЖ профилактикасы, үй жағдайындағы мейірбикелік көмек).

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Сраубаев Е.Н, Шинтаева Н.У., и др. Опыт и перспективы развития медицинского образования в странах Центральной Азии //Материалы международной практической конференции. - 2012. - С. 79.
  2. «2011-2015 жж. ҚР медициналық және фармацевтикалық білім беруді дамыту» концепиясы (жоба)
  • Жыл: 2016
  • Қала: Алматы
  • Категория: Медицина

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.