Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Орта медициналық қызметкерлердің потенциалының актуалды мәселелері

Мақалада орта медициналық қызметкерлердің потенциалының әлемдік және отандық өзекті мәселелері, оның пайда болу тарихы, сонымен қатар,білім дәрежесі, жасы, жынысы және жұмыс ортасындағы стресстік жағдайға түсу жиілігін анықтау үшін 300 орта медициналық қызметкерлер мен 100 студентттерге жүргізілген сауалнаманың нәтижелері берілген. Зерттеу нәтижесінде алынған мәселелерді шешудің ғылыми негізделген тәжірибиелік ұсыныстары атап көрсетілген.

Тақырыптың өзектілігі.Әлемдік статистика бойынша, қазіргі таңда әлемдік мемлекеттердің барлығы орта медициналық қызметкерлердің жетіспеушілігінен зардап шегуде. Жылдар бойғы медициналық қызметкерлер дайындау мен білім беруге және жалақы жағдайы мен жұмыс жағдайын жақсартуға бағытталған инвестицияның,бағдарламалардың жеткіліксіздігінің негізінде, әлемнің барлық түкпірінде мейірбикелік қызметкерлердің шұғыл жетіспеушілігі пайда болды. (1) 1980 жылдың орта шегі мен 1990 жылдардағы экономикалық құлдырау әлемнің барлық мемлекеттерінің денсаулық сақтау секторындағы қайта құрылымдау мен әртүрлі реформаларға алып келді, ал ол өз кезегінде мейірбикелік қызметкерлер санының азаюы мен орта медициналық қызметкерлердің потенциалының төмендеуіне себеп болды. Әртүрлі мемлекеттерде жүргізілген реформалар әртүрлі болғанымен, олардың соңғы нәтижесі барлық мемлекеттерде бірдей болды, яғни, мейірбикелік қызметкерлердің күрт төмендеуіне алып келді. Мұндай жұмыстан шығарушылық саясаттың ең басты себебі экономикалық құлдырау жылдарында қаражатты үнемдеу болып табылды. Өйткені, орта медициналық қызметкерлер-денсаулық сақтаудағы саны жағынан ең көп қызметкерлер тобын құрайды және оларға кететін қаражат, ауруханалардың жалпы шығынының 20% құраған. [2] Бұл жылдары орта медициналық қызметкерлерге деген өте жоғарғы қажеттілікке қарамастан, тіпті Африка мемлекеттерінде жұмыстан шығарылған мейірбикелердің саны өте көп болды. Сонымен қатар, АҚШ және Канада мемлекеттерінде орта медициналық қызметкерлерге дегенжұмыс орындары күрт қысқартылған,соның негізінде мейірбике ісі мамандығы бойынша оқуға түскен жас мамандардың жұмыс тауып, күн көруінің қинындауы байқалған. Ақыр соңында көптеген мамандар басқа салаларға көшіп, өз мамандықтарынан бас тартуына мәжбүр болған [3,4,5,6,7].

Осы тенденция Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесінде әлі күнге дейін жалғасып, ең негізгі мәселелердің бірі болып отыр.

Сондықтан, денсаулық сақтау жүйесіндегі мейірбикелік қызметкерлердің потенциалын арттырып ондағы мәселелердің ғылыми негізделген шешімін табу мақсатында ғылыми-зерттеу жұмысы жүргізілді.

Зерттеудің мақсаты. Орта медициналық қызметкерлердің қазіргі жағдайдағы потенциалына комплексті талдау жүргізу және мейірбикелік қызметкерлердің ұзақ мерзімді қажеттілігін анықтауға бағытталды.

Зерттеу көлемі 300 орта медициналық қызметкерлер және 100 студентті құрады және анкеталық сұрау әдісі арқылы жүргізілді.

Зерттеу нәтижелері. Зерттеу нәтижесінде, мейірбикелік қызметкерлердің жетіспеушілігімен қатар, қартаю үрдісі бар екендігі анықталды. Зерттеуге барлығы 300 орта медицина қызметкерлері қатысса, оның 38% - 45 жастан асқандығы белгілі болды. Ал аға мейірбикелер бойынша бұл көрсеткіш 42% құрады.

Бұл көрсеткіштер болашақта орта мейірбикелік қызметкерлерге және аға мейірбикелерге деген сұраныстың жоғары болатындығының тағы бір себебі болып табылады. (1 сурет)

Мейірбикелердің білім деңгейіне анализ жасау арқылы, барлық орта медициналық қызметкерлердің тек 7% ал аға мейірбикелердің 13% ғана жоғарғы білімі бар екендігі анықталды. Медициналық білім беру ұйымдарында мейірбике мамандығы бойынша арнайы дайындалған мамандардың жоқтығы, болашақ мейірбикелердің санын, потенциалын арттыруда ең басты мәселелердің бірі болып

отыр. Сонымен қатар, білім беру стандарттарының қазіргі заманғы міндеттерге сай келмеуі мейірбикелердің білім деңгейін төмендетуде. Осының бәрінің нәтижесінде жоғарғы білімі бар медициналық мейірбикелер,медициналық ұйымдар тарапынан сұранысқа ие болмауда (2 сурет).

Мейірбикелердің тұрғын-үй жағдайы бойынша анализ жасалғанда барлық мейірбикелердің 166 (55,4%) пәтер жалдап тұратындығын айтқан. Жалақы жүйесіне көңілі толмайтын мейірбикелер 227(75,7%) құраған. Бұл материалдық-жағдайдың төмендігі, мейірбике ісі мамандығының тартымдылығының төмендеуіне және мейірбикелердің басқа салаларға кетуіне әсер етуде. Бұл өз кезегінде, басқа жерде қосымша жұмыс жасайтын мейірбикелердің 90 (30%) санын арттыруда (3 сурет).

Мейірбикелік қызметтің ең негізгі жетіспеушіліктерінің бірі жұмыстың ауырлығы екендігі анықталды. Орта медициналық қызметкерлердің жұмыс ортасына анализ жасау арқылы, мейірбикелер, пациенттер және дәрігерлермен коммуникативтік қатынас жасау барысында қиындықтар туындайтынын айтқан. Жұмыс орнындағы стресстік жағдайға барлық мейірбикелердің 75% түсетіндігі белгілі болды. Сонымен қатар барлық мейірбикелердің 45% қызмет уақытынан тыс уақытта жұмыс істегендіктерін айтқан.Бұл қорытындылар орта медициналық қызметкерлердің социалды статусының төмен екендігін және жұмыс уақытын нормалау қажет екендігін көрсетті (4 сурет).

 

Орта медициналық қызметкерлердің жұмысын реттейтін нормативтік-құқықтық актілерге анализ жасау барысында, бірнеше мәселелер анықталды. Мысалы,медициналық қызметкерлер номенклатурасында:

  1. Бас мейірбикенің лауазымы басшы болғанымен,міндетті білім деңгейі орта деп көрсетілген
  2. Аға мейірбикенің міндетті білім деңгейі орта кәсіптік білім, ал лауазымы техникалық және кәсіби білім бар маман делінген.

Жоғарғы білімі бар мейірбикелер және олардың лауазымдары мен қызметміндеттері жайлы сөз қозғалмаған. Осындай жетіспеушіліктердің

негізіндежоғарғы білімді мейірбикелердің денсаулық сақтаужүйесінде алатын орны және болашағы анық болмай отыр.

Денсаулық сақтауда шешімін таппай отырған тағы бір мәселе: орта медициналық қызметкерлердің диспрапорциясы. Зерттеу қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасындағы мейірбикелердің тығыздығы біркелкі емес. Мысалы, Мейірбикелер саны бойынша ең көп көрсеткіш Астана мен Қызылорда облысында болса еліміздің қалған облыстарында мейірбикелердің жетіспеушілігі бар екендігі айқын көрініп тұр. Сонымен қатар дәрігер мен мейірбикенің арақатынасы Еуропалық стандартты көрсеткіштен (1/4) әлдеқайда төмен. Батыс қазақстан және Қызылорда облыстарында 1 дәрігерге 3,5 мейірбикеден келсе Алматы қаласымен Астана қалаларында бұл көрсеткіш 2 де жетпейді.

ҚР региондарының амбулаториялары мен стационарларындағы ОМҚ қматамассыздарылығандығы бойынша салыстырмалы анализ, Қазақстанның барлық региондары бойынша БМСК дәрігер мен мейірбике арақатынасы стационардағы дәрігер/мейірбике арақатынасынан 1,1-1,6 есе төмен екендігі анықталды. БМСК ұйымдарындағы дәрігер мен мейірбикенің мұндай арақатынасы, учаскелік дәрігерлердің жүктемесін арттырып медициналық көмектің сапасын төмендететіні белгілі.

Тәжірибелік ұсыныстар. Алынған ақпараттар мен әлемдік тәжірибені анализдей келе, орта медициналыққызметкерлердің потенциалын арттыру мақсатында төмендегідей тәжірибелік ұсыныстар ждасалынды.

  1. Алғашқы медико-санитарлы көмектің сапасын арттыру мақсатында, жоғарғы оқу орнында оқитын бакалавр мейірбикелердің санын арттыру. Аға мейірбикелерге деген ұзақ мерзімді қажеттіліктің жоғары екендігін ескере отырып мейірбике-менеджерлерді дайындау және оларды аға мейірбикелік жұмысқа орнату ісін жетілдіру.
  2. Мейірбике ісі саласындағы ғылыми зерттеу бағдарламалары мен ғылыми зерттеу жұмыстарын арттыру. Жас мейірбикелерді ғылыми зерттеу жұмыстарына қатыстыру.
  3. Орта медициналық қызметкерлердің жалақы жүйесін қайта қарау. Мейірбикелердің дәрежесіне, біліміне және атқарған қызметіне негізделген жалақы жүйесін енгізу.Халықаралық тәжірибедегі озық жалақы жүйесінің үлгілерін Қазақстанда енгізу.
  4. Мейірбикелердің жұмысын реттейтін нормативтік құқықтық құжаттарға өзгерістер енгізу.Еуропалық стандарттарға сәйкестендіру арқылы мейірбикелердің болашақ мансаптық сатысын құру.Жоғарғы білімі бар мейірбикелердің құзыреттілігін арттыру. Ауруды емдеу протоколдарын дайындау арқылы, дәрігердің құзыреттіліктерінің біршамасын мейірбикеге делегирлеу.
  5. Орта медициналық қызметкерлерді ауылдық жерге тарту мақсатында , ауылдық жерден келетін студенттерге оқуға түсу жеңілдіктерін жасау. Дипломмен ауылға бағдарламасының іске асуын қадағалау. Денсаулық сақтау қызметкерлерінің жұмысқа орнату және тарату мекемелерін құрып, ауылдық жерлерге мейірбике қызметкерлерді тарту.
  6. Денсаулық сақтау қызметкерлерін жоспарлау жүйесінің эффектівтілігін арттыру мақсатында, Республикалық денсаулық сақтау қызметкерлерінің обсерваториясын құру. Мейірбикелік қызметкерлердің реестрын құру. Бұл өзгерістер мейірбике ісінің қажеттілігін болжамдауда сенімді ақпаратпен қамтамассыз етіп, орта медициналық қызметкерлерді жоспарлау саясатының сапасын арттыруға түседі.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Доклад о состояний здравоохранений в мире / Lincoln Chen, David Evans, Tim Evans, Ritu Sadana, Barbara Stilwell, Phyllida Travis, Wim Van Lerberghe и Pascal Zurn., Под ред. Leo Vita-Finzi и Barbara Campanini. - Женева: 2006. - 153 с.
  2. Liese, B., Blanchet, N., and Dussault, G. The Human Resource Crisis in Health Services in Sub-Saharan Africa. // The World Bank. - 2003. - №2. - Р. 45-48.
  3. Massey, L., Esain, A., Wallis M Managing the complexity of nurse shortages: A case study of bank and agency staffing in an acute care Trust in Wales // International Journal of Nursing Studies. - 2009. - №46. - С. 912-919.
  4. Wray,J., Aspland, J., Gibson, H., Stimpson, A., and Watson, R. A wealth of knowledge”: a survey of the employment experiences of older nurses and midwives in the NHS // International Journal of Nursing Studies. - 2009. - №46. - С. 977-985.
  5. Takase, M., Oba, K., and Yamashita, N. Generational differences in factors influencing job turnover among Japanese nurses: an exploratory comparative design // International Journal of Nursing Studies. - 2009. - №46. - С. 957-967.
  6. Gunnarsdóttir, S., Clarke, S.P., Rafferty, A.M., and Nutbeam, D. Front-line management, staffing and nurse-doctor relationships as predictors of nurse and patient outcomes. A survey of Icelandic hospital nurses // International Journal of Nursing Studies. - 2009. - №46. - С. 920-927.
  7. Gillespie, B.M., Chaboyer, W., and Wallis, M. The influence of personal characteristics on the resilience of operating room nurses: a predictor study // International Journal of Nursing Studies. - 2009. - №46. - С. 968-976.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.