Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Fact-b+4 модуль-сауалнама – лимфалық ісікпен сүт безі рагымен ауыратын науқастардың өмір сүру сапасын бағалау әдісі

Берілген мақалада лимфалық ісік секілді жиі және қатал қиындықтарды қоса алғанда FACT-B+4 ерекше модульін қолдану арқылы сүт безі рагымен ауыратын науқастардың өмір сүру сапасын зерттеуге қатысты заманауи мәліметтер берілген. Халықаралық стандарттарға сәйкес популяцияның этно-лингвистикалық ерекшеліктерін, құралдардың валидациясын есепке ала отырып тілдік және мәдени бейімделуі өткізілді және түпнұсқаға тең FACT-B+4 сауалнамасының қазақша түрі жасалды. Берілген нұсқа жоғары психометриялық құрамдармен мінезделеді.

Кіріспе. Сүт безі рагымен (СБР) ауыратын науқастардағы аяқтардың жоғары жағының лимфалық ісуі немесе лимфалық ісік осы патологияны хирургиялық, кешенді және құрама емдеудің жанама әсері болып табылады. Бұл қаһарлы асқынулар көбінесе постмастэктомикалық синдромды құраушы болып табылады. Лимфалық ісікті емдеу - қиын міндет. Емдеуді жоспарлау барысында (жедел араласу, лимфалық коллекторлардың аймақтарына сәулелі терапиялар, дәрі-дәрмекті терапиялар) лимфалық ісінудің алдыңғы кезеңін анықтауға және уақытылы емдік- профилактикалық іс-шараларды міндетті түрде бақылауға қажет. Берілген алгоритм лимфаның ауыр түрінің дамуына кедергі жасауға және аяқ-қолдың қалыпты жұмысын сақтауға мүмкіндік береді. Емделмеген жағдайда лимфалық ісік жаймендеп күшеюге бейімделе отырып өмір сүру сапасын (ӨСС) төмендетеді, соңында мүгедектікке әкеліп соғады [1,2,3].

FACT-G (Functional Assessment of Cancer Therapy-General) онкологиялық науқастардың ӨСС-ін бағалау сауалнамасының негізінде СБР-мен ауыратын науқастардың ӨСС-ін кешенді бақылауда лимфалық ісіктің көрінуін бағалау мақсатында жалпы ӨСС-ті, сонымен қатар лимфалық ісіктің көрінуін қоса алғанда СБР-мен ауыратын науқастардың ӨСС жеке көрсеткіштерін бағалауға мүмкіндік беретін FACT-B+4 ерекше модульі өңделді [4,5].

Халықаралық стандарттардың қағидаттары бойынша ӨСС- тің әрбір сауалнамасын дұрыс қолдану мақсатында ӨСС-ті бағалау құралын қолдану жоспарланған популяцияның этно-лингвистикалық ерекшеліктері ескерілген оның тілдік және мәдени бейімделуі қажет. Ары қарай сауалнаманың валидациясы жүргізіледі (сенімділіктің, валидациялық және сезімталдылықтың талдамасы), яғни, алынған нәтижелердің дұрыстығын шарттайтын оның психометриялық құрамдарын тексеру [6,7,8,9]. Мәдениетті және тілдік бейімделуді өткізудің сапасы соңғы қорытындыда құралдың психометриялық қасиетін анықтайды.

Көрсетілген мақсаттарды орындау үшін келесідегідей міндеттерді шешу қажет:

  1. сауалнаманың бірізділік аудармаларының рәсімдерін халықаралық стандарттарға сай жүзеге асыру;
  2. сауалнаманың түп нұсқасына сәйкестігімен және соңғы нұсқасынмен қамтамасыз ету;
  3. сауалнаманы популяцияның этнолингвистикалық ерекшеліктеріне бейімдеу.

Материал және әдістер. Сауалнаманың тілдік нұсқасының пайда болу рәсімі жалпы 3 бағытқа саяды:

  • бірізділік аударма;
  • аударманың сараптамасы;
  • аударманы жетілдіру.

Сауалнаманың тілдік нұсқасы тек халықаралық стандарттарға сай бейімдеу рәсімін орындау барысында ғана халықаралық зерттеулерде қолдануға құқық беретіні белгілі. Сауалнаманың нұсқасы бейімдеу мен валидацияның нәтижелерін көрсеткеннен кейін заңды болып мойындалады.

FACT-B+4 сауалнамасының тілдік және мәдени бейімделуі халықаралық стандарттарға сай бірнеше бірізді кезеңдерді қамтыды.

  1. ші кезең - сауалнаманың түпнұсқа тілінен тікелей аудармасы (түпнұсқа-сынан 2 тәуелсіз аудармасы жүзеге асырылды). Осы кезеңде аудармашыларға белгілі талаптар қойылды, олар (2 адам):
  2. жоғары медициналық білімнің бар болуы;
  3. берілген сауалнамамен таныс болмауы;
  4. қазақ тілінде сөйлейтін адам.

Аудару барысында маңызды аспектілер қатары ескерілді:

  • сөзбе сөз аударудан аулақ болу;
  • сұрақтың мағынасын толық беруге ынталанды;
  • қарапайым және оңай тіл қолданылды.
  1. ші кезең - келісілу. 2 тікелей аударманың негізінде Сарапшы комитетпен сауалнаманың алдын ала нұсқасы жасалды. Осының барысында баламалы аударманың әдісін қолданумен барлық айырмашылықтар жойылды. Сарапшы комитетіне сонымен қатар келесідегідей талаптар қойылған аудармашы кірді:
  2. жоғары медициналық білімнің бар болуы;
  3. берілген сауалнамамен таныс болмауы және оның тікелей аударылуына қатысының жоқ болуы;
  4. қазақ тілінде сөйлейтін адам.
  5. ші кезең - кері аударма. Бұл кезеңдегі жұмыс құжаты алдын ала нұсқасы, ал нәтижесі - алдын ала нұсқасының 2 кері аудармасының жасалуы болып табылды.

Бұл кезеңде аудармашыларға (2 адам) келесідегідей талаптар қойылды:

  1. жоғары медициналық білімнің бар болуы;
  2. ағылшын тілінде сөйлейтін адам, қазақ тілінде тез сөйлейтін адам;
  3. алдыңғы кезеңдерде жұмысқа қатыспаған және берілген сауалнамадан хабары жоқ.

Аудармашыларға тәжірибелік нұсқаулықтар ретінде мынадай қажеттіліктер ескертілді:

  • сұрақтың мазмұнын беруге;
  • сұрақтың барлық мәнін атап өту;
  • қарапайым тілді қолдану.
  1. ші кезең - сараптама. 3 тәуелсіз сарапшы қатысты (1 лингвист, 1 медицина, психология және денсаулық сақтау саласындағы маман, 1 үйлестіруші). Әрбір сарапшы бұйырылған хаттама бойынша тәуелсіз бағалауды іске асырды. Бұл кезеңде сонымен қатар орфографиялық және грамматикалық жөндеулер жасалды. Нәтижесінде тест- нұсқасы жасалды.

Ары қарай пилоттық тестілеу немесе претестинг (5-ші кезең) өткзілді. Пилоттық зерттеудің нәтижелерін талдау сауалнама тұжырымдамасын популяцияның ерекшеліктеріне, мәдени және тілдік дәстүрлеріне барынша жақындатуға мүмкіндік береді.

Нәтижелері. Пилоттық зерттеуде 51 емделуші қатысты. Сонымен бірге таңдаудың сапалы репрезентаттылығы сақталды. Пилоттық зерттеу сауалнаманың децентерингі мен онкологиялық науқастардың сұхбаттасуымен қорытындыланды. Сұхбаттасуды - сұрақтар анықтылық, шайылық және тиімділік секілді көрсеткіштерге қаншалықты жауап беретіндігін анықтау үшін жүргізді. Сұхбаттасудан кейін децентеринг жүргізілді.

Валидацияны орындау барысында берілген ӨСС-ні бағалау құралының сезімталдығына, шынайылығына және сенімділігіне талдау жасалды. Сауалнаманың сенімділігін тексеру үшін Кронбахтың a-коэффициентін анықтау әдісімен сауалнаманың ішкі қалыптылығы есептелді [10]. FACT-B+4 сауалнамасының барлық шкалалары бойынша берілген көрсеткіштердің мөлшері 0,84-тен 0,94-ке дейін құрайтыны бекітілді. Сауалнаманың барлық шкалалары үшін Кронбахтың a-коэффициент мөлшерінің мәні 0,7-ден жоғары екенін ескерсек, бұл сауалнама шкалаларының және құралдың толығымен сенімділік деңгейіне қанағаттанушылық туралы куәландырды.

FACT-B+4 сауалнамасының сезімталдығын (респондент жағдайындағы өзгерістерге сәйкес ӨСС баллдарының дұрыс өзгерістерін беру қабілеті) және шынайылылығын (өлшеуге міндетті негізгі мінездемені дұрыс өлшеу қабілеті) кешенді бағалау барысында берілген сауалнаманың жасалған нұсқасы онкологиялық науқастардың ӨСС-ін бағалаудың шынайы және сезімтал құралы болып табылады.

FACT-B+4 сауалнамасының тілдік және мәдени бейімделуін, сонымен қатар құралдың (валидациялар) психометриялық құрамын тексерістен өткізгеннен кейін берілген сауалнаманың ақырғы нұсқасы жасалды (кесте 1).

Сіздің ауруыңызбен ауыратын науқастардың айтуымен маңызды болып табылатын симптомдар мен жағдайлардың тізімі төменде көрсетілген. Өтініш, соңғы 7 күнде осы симптомды немесе жағдайды қалай өткергеніңіз туралы нақты көрсететін әрбір тармақтағы нөмірді дөңгелектеңіз:

Кесте 1 - FACT-B+4 сауалнамасы (қазақ тіліндегі нұсқасы)

ДЕНЕНІҢ ХАЛ-ЖАҒДАЙЫ:

Симптом

Жоқ

Кішкене (әлсіз)

Уақыт өткен сайын (күшті емес)

Қайта- қайта (жетерлік күшті)

Жиі (өте күшті)

GP1

Күшімнің жеткіліксіз болуы

0

1

2

3

4

GP2

Менің жүрегім айниды

0

1

2

3

4

GP3

Менің денемнің хал-жағдайы нашарлауына байланысты жанұяма көмектесу қиынға соғады

0

1

2

3

4

GP4

Ауыруды сеземін

0

1

2

3

4

GP5

Мені емделуден кейінгі жанама әсерлер мазалайды

0

1

2

3

4

GP6

Мен өзімді ауру сезінемін

0

1

2

3

4

GP7

Мен өз уақытымды төсекте өткізуге мәжбүрмін

0

1

2

3

4

ӘЛЕУМЕТТІК/ЖАНҰЯЛЫҚ САУЛЫҚ:

GS1

Мен достарыммен жақын қатынастамын

0

1

2

3

4

GS2

Менің жанұям мені эмоциялды қолдайды

0

1

2

3

4

GS3

Менің достарым мені қолдайды

0

1

2

3

4

GS4

Менің жанұям ауруымды қабылдады

0

1

2

3

4

GS5

Мен жанұямда менің ауруым туралы сөйлескенге қанағаттанамын

0

1

2

3

4

GS6

Біз жарымыз екеуміз жақынбыз (немесе менің негізгі тірегім болып табылатын адаммен)

0

1

2

3

4

Q1

СізДің сексуалды белсенділік деңгейіңізге қарамастан келесі сұраққа жауап беріңіз. Егер әлдеқалай жеке себептеріңізге байланысты сұраққа жауап бергіңіз келмесе, мына терезеге □ крест қойыңыз және келесі сұрақтар секциясына өтіңіз.

GS7

Мен өзімнің жыныстық өміріме қанағаттанамы н

0

1

2

3

4

ЭМОЦИЯЛЫҚ КҮЙ:

GE1

Көңіл-күйім түсіп кетеді

0

1

2

3

4

GE2

Мен өзімнің ауруымды емдеудегі шамама ризамын

0

1

2

3

4

GE3

Ауруыммен алысуға үмітімді үзіп жатырмын

0

1

2

3

4

GE4

Мен күйгелектенемін

0

1

2

3

4

GE5

Өлуден қорқамын

0

1

2

3

4

GE6

Жағдайым нашарлап кетеді ме деп қорқамын

0

1

2

3

4

ФУНКЦИОНАЛДЫ КҮЙ:

GF1

Жұмыс істеу халіндемін (соның ішінде үй бойынша)

0

1

2

3

4

GF2

Жұмысымды толығымен атқарып жатырмын (соның ішінде үй бойынша)

0

1

2

3

4

GF3

Өмірден нәр алу жағдайындамы н

0

1

2

3

4

GF4

Ауруымды қабылдадым

0

1

2

3

4

GF5

Жақсы ұйықтаймын

0

1

2

3

4

GF6

Өзімнің күнделікті сауықтарымнан ләззат аламын

0

1

2

3

4

GF7

Қазір өміріме ризамын

0

1

2

3

4

БАСҚА ДА СИМПТОМДАР:

B1

Мені демікпе азаптайды

0

1

2

3

4

B2

Киген киімімнен ұяламын

0

1

2

3

4

B3

Бір немесе екі қолым ісіп кетті немесе сезімтал болып кетті

0

1

2

3

4

B4

Өзімді сексуалды тартымды сезінемін

0

1

2

3

4

B5

Шашымның түскені мазалайды

0

1

2

3

4

B6

Бір күні жанұямдағы біреу менің ауруыммен ауырып қалады ма деп қорқамын

0

1

2

3

4

B7

Күйзеліс ауруыма әсер ететіні мазалайды

0

1

2

3

4

B8

Салмағымдағы өзгерістер мазалайды

0

1

2

3

4

B9

Өзімді толыққанды әйел ретінде сезінемін

0

1

2

3

4

P2

Денемнің кейбір бөлігінде ауруды сеземін

0

1

2

3

4

 

Q6

Сіздің қайсы емшегіңізге ота жасалды? (өтініш, бір жауапты дөңгелектеңіз)

Сол жағындағы

Оң жағындағы

B10

Ота жасалған жақтағы қолымды қозғалту ауыр соғады

0

1

2

3

4

B11

Осы қолымды толығымен еркін қозғалта алмаймын

0

1

2

3

4

B12

Осы қолым ұйып қалады

0

1

2

3

4

B13

Осы қолымды қозғалта алмаймын

0

1

2

3

4

Қорытынды. СБР-мен ауыратын науқастардың әлеуметтік ахуалы және ӨСС-тің шарасыз өзгерістері пациенттердің өмірлік күйіне жүргізілген емдік шараларының әсерін мінездейтін параметрлерді объективті бағалау қажеттігіне мәжбүрлейді. Қазіргі таңда ӨСС-ті ерекше құралдардың көмегімен бағалау науқастың халін бағалауға, ауруды болжауға және бақылаудың, емдеудің жеке тәсілін жасауға мүмкіндік беретін онкологиялық науқастарды кешенді оңтайландырудың маңызды компоненттері болып табылады. СБР науқастары үшін тек қана жалпы ӨСС-ті, FACT-B модуль-сауалнамасына мінезделетін ерекше сұрақтарды бағалауға, сонымен қатар лимфалық ісіктің қабынуының салдарынан болатын мүгедектікке жиі әкелетін деңгейін сипаттауға мүмкіндік беретін FACT-B+4 сауалнамасы болып табылады. Зерттеу популяцияның этно-лингвистикалық ерекшеліктерін, оның психометриялық құрамдарын бағалауды ескере отырып FACT-B+4 модулінің тілдік және мәдени бейімделуін өткізумен және түпнұсқаға пара-пар келетін сауалнаманың қазақ тіліндегі нұсқасын жасаумен байланысты болып табылады.

 

СПИСОК ЛИТЕРАТУРЫ

  1. Andrea L. Pusic, Yeliz Cemal, Claudia Albornoz et al. Quality of life among breast cancer patients with lymphedema: a systematic review of patient-reported outcome instruments and outcomes // Journal of Cancer Survivorship. - 2013. - Vol. 7, Issue 1. - P. 83-92.
  2. Sibel Eyigör, Ece Cinar, Ismail Caramat et al. Factors influencing response to lymphedema treatment in patients with breast cancer- related lymphedema // Supportive Care in Cancer. - 2015. - Vol. 23, Issue 9. - P. 2705-2710.
  3. Michelle Coriddi, Ibrahim Khansa, Julie Stephens et al. Analysis of factors contributing to severity of breast cancer related lymphedema // Ann. Plast. Surg. - 2015. - Vol. 74, Issue 1. - P. 22-25.
  4. Bulley C., Coutts F., Blyth C. et al. A morbidity screening tool for identifying fatigue, pain, upper limb dysfunction and lymphedema after breast cancer treatment: a validity study // Eur. J. Oncol. Nurs. - 2014. - Vol. 18, Issue 2. - P. 218-227.
  5. Belmonte R., Tejero M., Ferrer M. et al. Efficacy of low-frequency low-intensity electrotherapy in the treatment of breast cancer-related lymphoedema: a cross-over randomized trial // Clin. Rehabil. - 2012. - Vol. 26, Issue 7. - P. 607-618.
  6. Oliveira I.S., Costa L.C., Manzoni A.C. et al. Assessment of the measurement properties of quality of life questionnaires in Brazilian women with breast cancer // Braz. J. Phys. Ther. - 2014. - Vol. 18, Issue 4. - P. 372-383.
  7. Belmonte Martinez R., Garin Boronat O., Segura Badia M. et al. Functional Assessment of Cancer Therapy Questionnaire for Breast Cancer (FACT-B+4). Spanish version validation // Med. Clin. (Barc). - 2011. - Vol. 137. - P. 685-688.
  8. DiSipio T., Hayes S., Battistutta D. et al. Patterns, correlates, and prognostic significance of quality of life following breast cancer // Psychooncology. - 2011. - Vol. 20, Issue 10. - P. 1084-1091.
  9. Mak S.S., Mo K.F., Suen J.J. et al. Lymphedema and quality of life in Chinese women after treatment for breast cancer // Eur. J. Oncol. Nurs. - 2009. - Vol. 13, Issue 2. - P. 110-115.
  10. Cronbach L.J. Coefficient alpha and the internal structure of tests // Psychometrica. - 1951. - Vol. 16, N 3. - P. 297-334.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.