Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Плацентаның бекітілу ақауы кезіндегі акушерлік және перинаталдық нәтижелерді бағалау

Мақалада жүктілік барысында айтарлықтай дәрежеде қауіп төндіретін плацентаның бекітілу ақауы жайлы мәселе қарастырылады. Бұл патологиялық жағдайдың ана мен нәресте денсаулығына тигізетін әсері мен қорытынды нәтижесін тақырыптың басты мәселесі болып табылады.

Тақырыптың өзектілігі: Ана және нәресте өлімін жоғарлататын себептердің ішінде жетекші орынды плацентаның орналасу ақауы (ПОА)-плацентаның жатуы (ПЖ) және оның төмен орналасуы (ТО) алады.

Плацентаның жатуының кездесу жиілігі 0,3 ¿ дан 1,04 ¿ аралығында, ал плацентаның төмен орналасуы 9,1¿ кездеседі.[1] Бұл патологиялық жағдай себебінен туындайтын ана және нәресте өлімі 0,9¿ және 26¿ құрайды. Негізгі себептерінің бірі акушерлік қан кету болып табылады. Плацентаның жатуының дамуында анамнезінде жатыр ішілік манипуляциялар және оперативті босану әсерінен ақаулы имплантация пайда болуымен болжам жасалынады. Мүмкін болатын қауіп факторларына жасының 30-35 тен жоғары болуы, темекі шегу, нашақорлық, децидуалды қабықшаның васкуляризациясының бұзылысы және көпұрықты жүктілік жатады.(Насонов Е.Л.,2003., Манухин И.Б., 2005)

Мақсаты: Плацентаның бекітілу ақауы бар жүкті әйелдердегі акушерлік және перинаталдық нәтижелерді бағалау, негізгі себептерін анықтап, жүктілікті дәлелді медицина тұрғысынан жүргізу.

Зерттеу материалы және әдістері: 2015 жылдың қаңтар және қыркүйек айы аралығында плацентаның бекітілу ақауы бойынша Алматы қаласы «Акушерлік гинекология және перинатология ғылыми орталығында» оперативті ем жүргізілген 54 босану тарихына ретроспективті анализ жасалынды. Анализ жүргізу барысында статистикалық, аналитикалық және клиникалық әдістер қолданылды.

Зерттеудің тапсырмасы:

  1. Асқынған акушерлік анамнезі бар әйелдердегі жүктіліктің мерзіміне сәйкес плацентаның бекітілу ақауының кездесу жиілігін, бағалау
  2. Жүктілік ағымының ерекшеліктерін анықтау және акушерлік, перинаталдық нәтижені бағалау мақсатында ретроспективті анализ жүргізу.

Зерттеудің нәтижесі: Жоғарыда көрсетілген мақсатқа сай тапсырмалардың жауабын шешу үшін 9 ай аралығындағы плацентаның бекітілу ақауы бойынша оперативті ем жүргізілген 34 босану тарихына ретроспективті анализ жасалды. Жүкті әйелдердің орташа жас көрсеткіші 32,5 ∣ 1,1 құрайды. Барлық жүкті әйелдер әйелдер кеңесінде тіркелген. Қаңтар және қыркүйек аралығында оперативті жолмен босандыру жүргізілгендерің ішінде плацентаның бекітілу ақауы 34 әйелдерде анықталса, олар барлығының 4 %(барлығы 883) құрайды.

Акушерлік гинекологиялық анамнезі бойынша: 1. Жүктілік паритеті: 1-6(17,6%), 2-4-21(64,7%), 5-7-7(20,5%). 2. Босану паритеті: 1-7(20,5%), 2-4-18(73,5%), 5-7-3(8,8%). Жүктілік арасындағы интервал бойынша: 1 жылға дейін-12(35,2%), 3 жылға дейін-16(47%).

Талдау жасалынған әйелдердің көпшілігінде асқынған акушерлік гинекологиялық анамнездері бар екені анықталды: жатыр миомасы-5(14,7%), аденомиоз-2(5,8%), жатыр мойынының эктопиясы-3(8,8%), медициналық түсіктер-19(55,8%), жатыр тыртығы-16(47%), түсіктен кейінгі эндометрит-6(17,6%), бедеулік-3(8,8%).

Плацентаның жатуы бар жүкті әйелдердегі қосалқы экстрагениталды аурулардан жиі анықталғандары: созылмалы пиелонефрит 13,9%, жүрек ақауы және артериалды гипертензия- 5,9¿, варикозды ауру-13,7%, анемия-6,7¿. Осы жүктіліктің ағымы мынадай аурулар фонында өтті: жүктілік үзілу қауnі-67,2¿, жыныс жолдарынан жиі қанды бөлінділердің болуы- 43,1%, фетоплацентарлық жетіспеушілік 59,3¿, жеңіл дәрежелі преэклампсия-3,6¿, анемия-19 .

Босану алдында болған асқынулар: ұрық жапырақшаларының мерзімінен бұрын жарылуы, төмен орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын сылынуы есебінен жыныс жолдарынан қан кетудің дамуы. Жүкті

 

әйелдердің басым көпшілігі жыныс жолдарынан басталған қан кету себебіне байланысты 47¿ жүктіліктің 34 аптасына дейін жедел тәртіпте оперативті жолмен босандырылды. Оперативті босандырудан кейін плацентаның тығыз өсуіне байланысты жатыр қосалқыларынсыз жатыр экстирпациясы-2, консервативті миомэктомия- 3, жатыр түтіктерінің стерилизациясы-4 науқасқа жүргізілді.

Босандыру мерзімдерінің орташа көрсеткіші 34,3Ã0,3 құрайды.

Нәрестелердің басым көпшілігі-82,7% жетілмеген болып дүниеге келді. 16,8 ¿ дамудың құрсақішілік кідіруі, босану барысында нәрестелердің 28,3% жедел гипоксияны басынан өткерді, неонаталды кезеңде 5,3% ОЖЖ бұзылысы дамыды. Апгар шкаласы бойынша 7-8 балл-18, 6-7 балл-16.

Қорытынды: ретроспективті анализ нәтижесін қорытындылай келе мынадай тұжырым жасауға болады:

  1. Плацентаның орналасуының ақауының негізгі қауіп факторларына: жүкті әйелдің басынан өткерген гинекологиялық ауруларының тікелей әсері бар екені анықталды, яғни эндометритпен асқынған артифициалды түсіктер, гениталийдің созылмалы қабыну аурулары, жатыр тыртығы, жатыр миомасы, аденомиоз тәрізді жатырдың патологиялық жағдайлары.
  2. Сонымен қатар бұл патологиялық ақаудың дамуына экстрагениталды аурулардың рөлінде атап өту қажет. Басым жағдайда алдыңғы орындарда жүрек-қан тамыр жүйесінің, бүйректің созылмалы қабыну аурулары алатыны анықталды.
  3. Жүктіліктің ағымы бұл патологиялық жағдайдың жыныс жолдарынан қан кетумен көрінетін жүктіліктің үзілу қаупі, фетоплацентарлық жетіспеушілікпен қатар дамитыны және нәрестелерде құрсақішілік дамудың кідіруі мен неонаталды кезеңде ОЖЖ бұзылыстары басым көрінетіні көптеген ғылыми зерттеу жұмыстары және әдебиетке сәйкес келіп отыр.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Основные клинические протоколы и приказы МЗ РК по акушерству и неонатологии. - Алматы: 2010. - С. 202-205.
  2. Энкин М. Руководство по эффективной помощи при беременности и рождении ребенка.- СПб.:Питер, 2003. - 429 с.
  3. Мамедалиева Н.М., «Плацентарная недостаточность в клинике привычного невынашивания беременности» /Избранные клинические лекции по акуш. и гин. - Алматы: 2000. - Т.2. - С. 101-102.
  4. Каюпова Н.А., Каюпова Л.С., Современные проблемы перинатологии // Избранные клинические лекции по акуш. и гин. - Алматы: 2000. - Т.2. - С. 6-26.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.