Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Бауыр циррозы және асциті бар науқастардың емінде инешаншу әдісін қолдану тәжірибесі

Қытай мен батыс медицинасының интеграциясы заманауи медициналық ғылымның перспективті бағыты болып табылады. Бұл интеграциялардың мақсаты тек жай ғана білім мен біліктіліктің бірігуі емес,сонымен қатар емдеудің жаңа тиімді әдісін таңдап жүзеге асыру ме алдын алу, әлемдік медицинаны жаңарту мен байыту.

Бауыр циррозы, асцит ҚР-да ғана емес, сонымен бірге бүкіл әлемдегі мәселелердің бірі болып табылады. ДДҰ мәліметтеріне сүйенсек жыл сайын 300 000-ға жуық халық бауыр циррозынан қайтыс болады. Бұл мақалада бауыр ауруларында ине шаншу денелік әдісін(акупунутураны) қолдану мәселесі қарастырылған.

Өзектілігі: Статистика бойынша жер шарында 30¿ халық ДДҰ мәліметтеріне сүйенсек , бұл пайыздық көрсеткіш 2 созылмалы диффузды бауыр ауруларынан зардап шегеді. млрд адамды құрайды екен. Бауыр аурулары медициналық- қоғамдық маңызды мәселе және осындай бұзылыстармен зардап шегетін 60¿ науқастар еңбекке қабілетті жастағылар болып табылады. Ерлерде жиі байқалады. Ерлер мен әйелдер арсындағы арақатынасы 3:1-ді құрайды. Біздің тәжірибеміздің негізгі мақсаты:бауыр циррозы мен асқынған асциттің ағымы бар науқастарда инемен емдеу әдісін қолданудың тиімділігін анықтау.

Бауыр — қанды тазартуға және удан арылтуға көмектесетін, дененің құрсақ бөлігіндегі оң жақ қабырғалардың астына орналасқан ішкі ағза. Бауыр — адам ағзасының химиялық зертханасы. 300 миллиардқа жуық бауырдағы жасушалар қаннан ағзаға қажетті қышқылдар мен қоректік өнімдерді бөліп алады. Оларды сүзіп, қажетт імүшеге жеткізіп отырады. Ішімдіктер, вирустар мен майлы тағамдар бауырдың қызметін төмендетеді.

Бауырдың атқаратын қызметтері:

  • ас қорту кезінде мүшелердің қажетті энергиямен, атап айтқанда, глюкозамен қаматамасыз ету және әр түрлі энергия көздерін глюкозаға түрлендіру (айналдыру);
  • ағзадағы қажетсіз химиялық қалдықтарды ағзадану;
  • ағзадағы қан жасау немесе жаңарту кезінде қан

плазмасындағы ақуыздарды синтездеу;

  • холестерин мен оның эфирін синтездеу, липидтер мен фосфолипидтерді синтездеу және ағзадағы липид алмасуын реттеу;
  • он екі елі ішек пен аш ішектің кейбір бөлігіндегі ас қорту үрдісіне қатысатын гормондар мен ферменттерді синтездеу;
  • Өт қышқылы мен пигменттерін синтездеу;
  • Кейбір дәрумендердің қорын толтырып отыру және сақтау. Мысалы, майларды ерітетін А және Д дәрумендерін, суды ерітетін В12 дәрумендерін сақтап, қорын арттыру. Сондай-ақ, катиондардың қоры да бауырда болады.

Бауыр циррозы( БЦ) - бауыр паренхимасының фиброзды дәнекер ұлпамен қайтымсыз алмасуымен сипатталатын бауыр ауруы.

Бауыр циррозының клиникалық көрінісі бауыр жасушаларының зақымдануының дәрежесіне байланысты болады. Бауыр аймағында ауыру сезімінің пайда болуы оң жақ қабырға астынан бүкіл ішке ауыру сезімінің жайылуы, сыздаған ауыру сезімі физикалық жүктемеден кейін немесе қою майлы тағамнан кейін сезіледі. Ауыру сезімі бауырдың сыртқы қабығының керілуімен ұлғаюынан немесе өлі еттену ошақтарының бауыр қабығына жақын орналасуынан сипатталады. Диспепсиялық көріністер тәбетінің төмендеуінен немесе жойылуынан, оң жақ қабырға астында тамақтанғаннан кейін ауыру сезімінің пайда болуымен, жүрек айнуы, құсу, іштің кебуі (әсіресе майлы тағам қабылддағаннан кейін), негізінен өттің бөлінуінің бұзылуы асқорытудың бұзылуына әкеліп соғады. Науқастың жұмысқа қабілетінің төмендеуі, жалпы әлсіздік, тез шаршағыштық, ұйқысының бұзылуы бауыр циррозы кезінде жиі байқалады. Тексергенде БЦ мынандай белгілерді байқауға болады: жүдеу - бауырдың қақпалық циррозымен ауыратын науқастарға тән, ауырудың қатты ұлғайған кезінде, науқастардың тері асты май қабатының жоғалуы ғана емес, бұлшықеттердің де семуі болады, әсіресе иық бұлшықеттерінің семуін бірден байқауға борлады. Мұндай науқастарға тән көрініс: бет әлпеті жүдеу, терісі бозарған, сарғыш, тілі мен ерні ашық қызыл түсті, теріде эритемалар, аяқтары жіңішкеріп, іші ұлғайған, аяқтары ісінген, құрсақ қабырғаларында, тері асты көктамырларының үлкейіп көрінуі байқалады. Сарғаю билиарлы цирроз ауруынан басқа жағдайларда да кездеседі, ол бауырлық тіндердің некрозына байланысты, гепатоцеллюлярлы жеткіліксіздігімен көрінеді. Сарғаюға тән белгі нәжістің түссізденуі, ұлтабардың ішіндегі сұйықтықтың құрамында оттегінің болуымен сипатталады, кейде теріде қышыну белгілері болады. Цирроздың «кіші» белгілері:

  1. қан тамырлық «жұлдызшалар», олардың көбеюі аурудың өршуін көрсетеді
  2. алақандағы эритемалар («бауырлық алақан») ;
  3. қызыл, жалтыраған ерін, ауыз қуысы шырышты қабаты қызарған, тілі жылтыр, тегістелген, қызыл;
  4. ерлерде гинекомастия, әйелдерде аменорея;
  5. ксантоматозды терідегі дақ;
  6. саусақ басы барабан таяқшалары тәрізді, терісі қызарған.: Шемен - қақпалық циррозға тән белгі. Сарысу біртіндеп жиналып, ол үлкен мөлшерге жетеді, сол кезде науқастарда ентігу байқалады. Пальпацияда - бауыр ұлғайған, тығыз, беткейі тегіс емес. Төменгі қыры өткір. Көкбауыры ұлғайған - спленомегалия. Аускультацияда - систолалық шу, тахикардия. Зертханалық мәліметтер: қанда анемия, лейкопения, тромбоцитопения және ЭТЖ жоғарылауы. Байланысқан билирубин жоғарылайды, сілтілі фосфатаза белсенділігі, жалпы липидтер, фосфолипидтер және холестерин, альфа-глобулиндер және бетта-липопротеидтер деңгейі артады. Несепте - уробилиноген және нәжісте - стеркобилиноген. Бауырда қабыну үдерісінің белсенділігі артса, альфа2-глобулиндер, ал сарғаюда - бетта- глобулиндер деңгейі артады. Бауыр функциясы зақымдануының сезімталдық көрсеткіші болып сарысудағыхолинэстераза белсенделігінің төмендеуі табылады. Цирроз өршігенде трансаминаза белсенділігі артады. Аспаптық зерттеулерден қолданылатындары: 1. Радиоизотопты сканирлеу, мұнда изотоптардың шашыраңқы таралуын көреміз. 2. УДЗ - қақпа көктамырының жағдайын, диаметрін анықтайды. диаметрінің 1,4мм-ден артуы циррозға тән. 3. Асқорыту жолының рентгеноскопиясында өңеш көктамырларының варикозды кеңеюін анықтайды. 4. Фиброгастроскопия. 5. Компьютерлік томография. Аурудың ағымы әдетте өршімелі. Ұзақтығы орташа 3-5 жыл. БЦ асқынулары: 1. Гепатолиеналды синдром, ол гиперспленизммен, яғни бауыр мен көкбауырдың ұлғаюымен сипатталады. 2. Ісінулік-шемендік синдром. 3. Энцефалопатия. 4. Кеңейген өңеш көктамырларынан қан кету. 5. Гепатореналды синдром - ерте азотемия, мочевина белгілерімен, тәуліктік диурездің төмендеуі, шөлдеу және т.б

Зерттеу маңыздылығы: Біздің мақсатымыз инешаншу әдісімен диагностика тәсілдерін анықтау және де Акабанэ әдісімен термометриялық ине шаншу денелік әдісті бауыр ауруы бар науқастарға біріншіден ине нүктелері арқылы диагностика қою және де әрбір науқасқа тән ине шаншу нүктелерін анықтап емдеу.

Диагноз қою және ине шаншу әдісі қазіргі медицинада кеңінен қолданылмайды. Сондықтан да бұл әдіс Европа медицинасында күрделі әдіс болып табылады. Қазіргі таңда ине шаншу әдісімен (инешаншулық) диагностиканың көптеген тәсілдері бар. Бұл тәсілдің кейбір кемшіліктері бар екені баршаға аян. Деседе бұл әдісті нақты меңгерген маман 80-85%-ға дейін дұрыс диагноз қою мүмкіндігі бар. Біз бұл әдісті Акабанэ әдісін негізге ала отырып , жүргізілген зерттеулердің талдауы негізінде ине шаншу денелік әдіс (термометриялық инешаншу корпоральды әдісін негізге алдық (ТАКӘ), В.И.Орел, 2005).

Дәлелденген К.Акабанэ әдісі төмен инерциялық термометр көмегімен температураны өлшейді, ол үшін арнайы математикалық өңдеулер қолданылады. Клиникалық тәжірибеде ТАКӘ диагностикалық әдісін қолдану «арналар жүйесі” жағдайын толық бағалауға мүмкіндік береді және соған сәйкес науқасқа инешаншу жасалатын нүкте таңдауын оңтайландырады. Жаңа әдістің мүмкіндіктерін тексеру мақсатында, бұл әдісті асцитпен асқынған ауруы бар науқастар емінде қолданылады.

Бауыр циррозы,асқынған асциті бар науқастардың емінің мәселесі әлі күнге дейін шешімін тапқан жоқ. Дәрігерлердің күш-жігері негізгі ауруды емдеуге бағытталған. Ауыр жағдайларда, яғни тұрақты (резистентті) асцитте медикаментозды ем көмектеспегенде парацентезге (реинфузия, асцитосорбция, ультрафильтрация) жүгінуге тура келеді. Бауыр циррозы бар науқастарда парацентез қолдану асцитті аз уақытқа ғана төмендетеді, қан құрамындағы нәруызды төмендетеді және жедел бауырлық жетіспеушілікті туындатады.

Біздің бақылауымызда 40 жастан бастап 68 жасқа дейінгі 11 ер мен 11 әйел болды. Мынадай диагноздармен: бауыр циррозы, асцит. Бақылаудағы науқастарға 20 күн бойы жүргізілген жалпы диуретикалық терапияға қарамастан айтарлықтай оң терапиялық әсер көрсетпеді және инешаншу әдісін қосуға қажеттілік туындады. Инемен емдеу шараларының алдында барлық науқастарға термометриялық инешаншу денелік әдіс өткізілді. Коррекция үшін арналар температураның интегральды көрсеткіші мен термолабильділігі негізінде таңдалды. Алдымызға диурезді жоғарылату мәселесі қойылды. Іс- шаралар саны (2-ден 7-ге дейін) тәуліктік диурез динамикасына тәуелді болды, іс-шаралар әр 1-4 тәулікте жасалып отырды. Инешаншу ем айқын диурез жоғарылағанда немесе 7 іс-шарадан кейін терапиялық әсері болмағанда тоқтатылды. Инешаншудың таңдау нүктесі, әсер ету тәсілі мен жолдары ТАДӘ-тің нәтижесіне және «бес-тек” тұжырымдамасына сәйкес келеді.

ТАДӘ-пен тест жүргізу нәтижесінде емге қажет арналар нүктесі тағайындалды. Жиі оң тармақ арналарының жоғарысезімталдығы анықталды: IG, C, MC, P және сол тармақ арнасының төменсезімталдықғы анықталды: MC, P, GI. Әр науқаста ТИК және ТЛ – дің айқын көтерілуі бір- бірінен ерекшеленеді. Сол себептен әр науқаста алғашқы және келесі шараларда инешаншу нүктелердің емдік сипаты әр түрлі. Асцитпен ауыратын науқастардың кешенді емінің нәтижесінің әсері 15 науқаста оң нәтиже көрсетті , яғни тәуліктік диурез жоғарылап, науқастың жалпы жағдайы жақсарды. Ультрадыбыстық зерттеудің көрсеткіші және құрсақ қабырғасының қатаюы , іштің көлемі, науқастың салмағы және асцит көріністері азайды. Жүрек қан - тамыр және тыныс алу жүйесі жақсарды, яғни науқаста физикалық жүктемеге төзімділігі жоғарылап, көңіл-күйі жақсарды. Қан мен зәрдің клиникалық және биохимиялық талдау көрсеткіштері қалпына келді.

Ал 6 науқаста оң нәтиже көрсетпеді. Бұл науқастарда қатайған бауыр асцит пен айқын бауырлық милық бұзылыстар қосарласып дамыған және жүрек қан – тамыр жүйесінің өзгерістері байқалды.

Келесі бақылау бауыр циррозы, асцитпен ауыратын 13 науқаста оң нәтиже көрсетпеді, бірақ 7 науқаста инешаншу әдісін жүргізу нәтижесінде тәуліктік диурез жоғарылап, парацентез қолдану қажеттілігінің төмендетті .

Қорытынды: Зерттеулердің нәтижесінде ағзаның зат алмасуы жақсарып нейроэндокринді жүйелердің қалпына келу нәтижесі байқалды. Портальды гипертензия мен асқынған асциті бар науқастарға кешенді ем тағайындауда 22 науқастың 15 – інде оң әсер көрсетті. Бұл әдіс алдағы уақытта ізденісті қажет етеді. Инешаншу әдісін қолдану қазіргі заманауи емдеу тәсілдерімен бірге өз мәнін жоғалтпағаны айқындалды.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Качан А. Т., Орел В. И., Успенский Ю. П. Рефлексотерапия в реабилитации больных после операций на органах пищеварительного тракта //Учебное пособие. – СПб.: МАПО, 2012. – С. 112-123.
  2. Құнанбай Қ. Инешаншу оқулық. – Алматы: 2012. - 860 б.
  3. Орел В. И. Сравнительная оценка диагностических возможностей теста Акабанэ и его термометрического варианта при некоторых заболеваниях внутренних органов: автореф. дис. ... канд. мед. - СПб., 2000. -26 с.
  4. Бекмурзаева Э.К., Туртаева А.Е., Әлеуметтік мәнді аурулардың терапиясы және алдын алуы. - Алматы: Баспа, 2013. - 279 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.