Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Балалардағы бронхөкпе ауруларын емдеуде оральді антибактериалдық дәрілерді қолдану

 

Антибиотик – балалардағы тыныс алу органдары ауруларын кешенді емдеуде маңызды компоненттердің бірі. Антибиотикті және оны енгізу жолын таңдау қазірге дейін дәрігерлер үшін күрделі мәселе болып келеді. Қазіргі заманда фармокологиялық өндірістердің даму нәтижесінде антибиотиктердің педиатрия саласында кең қолданылатын, балаларға беруге ыңғайлы шәрбәт, суспензия, таблетка түрінде көптеген ішкізетін дәрілік түрлері өндірілуде. Антибиотиктерді енгізудің классикалық жолдарын бағалағанда, осы ішкізу (пероральді) жолы тиімді, себебі баланың психикасына кері әсері болмайды, қолдануға ыңғайлы болып саналады. Парентеральді енгізу тыныс алу жолдары ауруларын емдеудің негізгі жолы болып саналғанмен, оның да кемшін тұстары бар. Бұл бірінші кезекте жұқпа жұқтыру қаупінің жоғарлығы (сарысулық гепатита, ВИЧ–инфекциясы), инъекциядан кейінгі болуы мүмкін асқынулар, инъекция салғандағы ауру сезімінің баланың психикасын зақымдауы. Осы жағдайлар балаларда антибиотиктерді парентаральді қолдануды жете ұғынып, қысқартуды талап етеді *1+.

Дегенмен, ішкізетін антибиотиктер жеңіл және орташа ауырлық дәрежедегі аурулар мен соның ішінде асқынбаған жедел пневмония және бронхөкпенің созылмалы қабыну ауруларын емдеуде бастапқы ем ретінде қолданылады.

Антибиотик тағайындауда балалардағы тыныс алу жолдары ауруларының ауырлық дәрежесі, түрі және баланың жасына байланысты этиологиялық қурлымының өзіндік ерекшеліктерін ескерген жөн. Аруханадан тыс певмонияның қоздырғышы, әсіресе оның асқынған түрінде, сәбидің өмірге келген алғашқы айларында Staphylococajs aureus (58%) болып табылады. Сирек жағдайда Streptococcus pneumoniae және Haemophilus influenzae (10-15%) болады. Бала есейген сайын Streptococcus pneumoniae (35-60%) рөлі арта түседі. Пневмонияның атиптік қоздырғыштары бір жастан асқан балаларда 10-20% анықталса, оның көбісі Chlamidia trachomatis, сирек жағдайда Mycoplasma hominis болады . Мектеп жасында (7-15 жаста) атиптік пневмония жиілейді, әсіресе Mycoplasma pneumoniae (20-40%) және Chlamidia pneumoniae (724%) шақырылған *2,3+.

Көп жылдық клиникабактериологиялық зерттеулер нәтижелеріне мониторинг жасаған кезде балалардағы созылмалы бронхөкпе ауруларының өршу кезеңіндегі микробтық спектрі өпке тінін зақымдаушы қасиеті бар екі микроорганизм екені дәлелденген. Соның ішінде Haemophilus influenzae жұқпа үрдісінің басым 70% себебі болса, 27% жағдайда пневмококкпен ассоцирленген болып келеді*4+. Пневмококк 35% балада анықталған. Өте сирек жағдайда созылмалы қабыну үрдісінің этиологиясында Branchamella catarrhalis (4-10%), Proteus mirabilis (2,2%), Klebsiella pneumoniae (1,1%), Streptococcus pyogenes (1,1%), Staphylococajs aureus (0,1%) болған *4+.

Көптеген елдердің мамандарының жинақтаған мәліметтеріне сүйенсек, антибиотикке төзімді микроорганизмнің штаммаларының (пневмококк, гемофильді таяқша және бранхамелла катаралис) таралуы кең етек жайып, жоғарғы және төменгі тыныс жолдары жұқпалы ауруларының негізгі қоздырғышы болып отыр. Біздің жүргізген мониторинг бойынша Streptococcus pneumoniae пенициллин тобындағы антибиотиктерге жоғарғы сезімталдық көрсетті *5+. Сонымен қатар Streptococcus pneumoniae қоздырғышының макролидтер мен цефалоспоринге жоғарғы сезімталдығы байқалады. Haemophilus influenzae де ампициллинге, амоксициллинге, амоксициллин/клавуланатқа, азитромицинге, левомицетинге, аминогликозидтер мен цефалоспорин II-III ұрпағына жоғары сезімталдығын сақтаған. Haemophilus influenzae қоздырғышының барлық шаммалары оксациллинге (84 %), олеандомицинге (97 %), линкомицинге (100 %) төзімді, сол себептен осы жағдайларды оларды қолдану тиімсіз. Branchamella catarrhalis штаммалары пенициллинге төзімді (70-80%), бірақ амоксициллину/клавуланатқа, макролидтерге, цефалоспориннің II және III ұрпағына жоғары сезімталдық көрсетеді.

Тыныс алу жолдары аурулары кезінде бөлінген бактериялардың сезімталдығына талдау жасаған кезде, пенициллин тобындағы антибиотиктер балалардағы грам оң кокктармен шақырылған (пневмококк, стафилококк, стрептококктармен) пневмония және басқа жұқпаларды емдеуде таңдаулы дәрі ретінде қалып отыр. Басқа антибиотиктерден тыныс алу органдары ауруларын емдеуге, соның ішінде ауруханадан тыс пневмонияны емдеуде кеңінен қолданылатыны аминопенициллиндер (ампициллин, амоксициллин және амоксициллин/клавуланат). Асқынбаған жеңіл және орташа ауырлықтағы ауруханадан тыс пневмонияны, әсіресе амбулаториялық жағдайда емдеуде осы антибиотиктерді қолданған тиімді, себебі ауруханадан тыс пневмонияның жиі қоздырғышы болып табылатын Streptococcus pneumoniae бұл антибиотикке сезімталдығы жоғары *6+.

Пенициллин тобына жататын комбинирленген антибиотик амоксициллин/клавуланат негізгі патогендік организмдердің беталактамазалық төзімділік мәселесін шешеді, кең спектрлі антибиотик болғандықтан педиатрлардың назарына алынып, жиі қолданылады. Ол балаларда қолдануға ыңғайлы, парентальдік түрінен басқа таблетка және шәрбәті бар.Бұл оны тыныс алу жолдарының ауыр жұқпаларында эмпирикалық ем ретінде және аурудың жеңіл түрінде де ішу арқылы қолдануға мүмкіндік береді. Біздің тәжірибемізде амоксициллина/клавуланатты тыныс алу жолдары созылмалы ауруларында қолданғанда клиникалық (86%) және бактериологиялық тиімділігін көрсетті.

Емдеу тәжірибесіне жаңа макролидтерді енгізу пероральді антибактериальді дәрілерді қолдану мүмкіндігін кеңейтіп, антибиотиктерді парентеральді жолмен енгізуді азайтты. Сонымен қатар макролидтер ең қауіпсіз антибиотиктер тобына жатады, Streptococcus pneumoniae және Branchamella catarrhalis қоздырғыштарына жоғары белсенділік танытады. Макролидтер мидекамицин (Макропен), рокситромицин, спирамицин және джозамициндердің органолептикалық және фармакокинетикалық қасиеттері жақсы, биожетімділігі жоғары, жақсы сіңіріледі, ағзадан бөлініп шығу мерзімі ұзақ болуына байланысты, дәріні қолдану мерзімін тәулігіне 2-3 ретке дейін қысқартады, емдік тиімділігін де жоғарлатады.

Макролидтер жасушаішілік қоздырғыштармен (микоплазмалық, хламидия жұқпасы) шақырылған атиптік пневмонияларды, пневмококк және бранхамелла катаралиспен шақырылған ауруханадан тыс пневмонияны емдеуде, әсіресе аллергиялық көрністері бар, пенициллинге жоғары сезімталдығы бар балаларды емдеуде ең тиімді антибиотик болып табылады *7- 9].

Макролидтердің әсерлілігіне салыстырмалы сараптама жүргізгенде, ерте жастағы балалардағы жедел пневмонияны және созылмалы жұқпалардың өршу кезеңінде емдік әсерінің жоғары екендігі дәлелденді. Сонымен қатар, пневмонияның толық жазылуы басқа антибиотиктерді парентаральді енгізген уақытпен бірдей болды *6+. Макролидтерді қолдануда жоғарғы тиімділік байқалды: мидекамицин 82%, рокситромицин 90%, спирамицин 89%, азитромицин 93,4%. Сонымен қатар бұл антибиотиктер жеңіл сіңіріліп, жанама әсер аз болды (35%). Көптеген әдебиет көздерінде макролидтерді балаларды емдеуде қолданудың тиімділігін және қауіпсіздігін дәлелдейді [7-9].

Цефалоспориндер қазіргі кезде балалардағы тыныс жолы ауруларын емдеуде белсенді қолданылатын кең спектрлі антибиотик, бірақ ауруханадан тыс певмонияда цефалоспориндер бастапқы таңдалған антибиотикті қолданған кезде, әсері болмаған жағдайда қолданылады.

Цефалоспориндердің II және III ұрпақтарынан тәжірибеде өзінің жоғары тиімділігін дәлелдеген, пероральді антибиотиктер цефуроксим, цефаклор және цефтибутен. Егер жедел пневмония немесе бронхитте цефалоспориннің I, II және III ұрпағы резервтегі дәрілер болып саналса, ал созылмалы бронхөкпепатологиясын емдеуде, әсіресе өкпе және бронх ақауларына байланысты, сонымен қатар иммунтапшылық жағдайы бар балаларда цефалоспориннің II және III ұрпағы негізгі дәрі болады, себебі олар кең спектрлі, беталактамаза әсеріне төзімді, жоғары әсерлі және организм жақсы қабылдайды *9+.

Арудың ауыр түрлерінде пероральдік антибиотиктер бастапқы ем ретінде парентеральді енгізілген антибиотиктердің әсерін жалғастыру үшін, антибиотиктерді алмастыру мақсатында қолданылады.

Кейбір жағдайларда балалардағы жедел респираторлық және әсіресе, созылмалы бронхөкпе ауруларын емдеу үшін антибиотиктерді қайталап беруге тура келеді. Осыған байланысты бронх өкпедегі қабыну үрдісінің қоздырғышының антибиотикке төзімділіг дамиды. Ең адекватты ем қоздырғыштың антибиотикке сезімталдығын анықтаған соң жүргізілуі болып табылады. Бұл мәліметтерді алу мүмкін болмаса және шұғыл жағдайларда кең спектрлі антибиотиктерді қолданған жөн.

Антибиотикке төзімділіктің қалыптасуының негізгі себебінің бірі ЖРВИ кезінде негізсіз, бактериальді асқынудың алдын алу мақсатында қолдану болып табылады. Мұнда, Ресейдің белгілі педиатры, профессор В.К. Таточенко (2008) айтуы бойынша, антибиотик сезімтал микрофлораның өсуін тежегенмен, тыныс алу жолдарында антибиотикке төзімді микрофлораның орнығуына жол береді де, отит, пневмония сияқты асқынулардың болуын 2,5 есеге көбейтеді деген. Алайда, балаларда ЖРВИ кезінде антибиотик қолдану, бактериальді асқыну болғанда 6-8% жағдайда ғана кездеседі.

Қортындылап айтқанда, балалардағы бронхөкпе ауруларын емдеудің тиімділігін арттыру үшін көп мүмкіндіктер бар. Педиатрия тәжірибесіне микробқа қарсы кең спектрлі, жоғары әсерлі, пероральді қолданылатын, соның ішінде балаларға қолдануға ыңғайлы дәрлік түрлерін өндіру және енгізу балалардағы бронхөкпе ауруларын стационарда ғана емес, сонымен бірге амбулаториялық жағдайда емдеуге, емдеу тактикасын жетілдіруге мүмкіндік береді.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Таточенко В.К., Середа Е.В., Федоров А.М., Катосова Л.К., Самсыгина Г.А., Дементьева Г.М., Страчунский Л.С. // Антибактериальная терапия пневмоний у детей. Антибиотики и химиотерапия, 2000, - 5, - C. 33-40.
  2. Майданник В.Г. Проблемы рациональной антибиотикотерапии в педиатрии // Здоров'я Фкраïни. - 2007. - № 10.- 167 с.
  3. Михайлов И.Б., Маркова И.В. Лекарственные средства в педиатрии. Справочник. // Санкт-Петербургское медицинское издательство, 2002.
  4. Середа Е.В., Катосова Л.К. Современные подходы к применению макролидов при заболеваниях органов дыхания у детей.// Русский медицинский журнал, 2000. - 1. - C 34-39.
  5. Котлуков В.К., Кузменко Л.Г. Рациональная антибиотикотерапия инфекций дыхательных путей и ЛОР- органов у детей в амбулаторной практике педиатра. // Педиатрия 2008. - 87. - 6. - C.110-115.
  6. Майданник В.Г. Современные алгоритмы антибактериальной терапии острой пневмонии у детей // Medicus Amicus. - 2003. - № 3-5.
  7. Страчунский Л.С., Козлов С.Н. // Макролиды в современной клинической практике. - Русич, Смоленск: 1998. - 302 с.
  8. Leibovitz E., Jacobs M.R., Dagan R. Haemophilus influenzae: A Significant Pathogen in Acute Otitis Media. //Pediatr Infect Dis J 2004. - 23 (12). - P. 1142-1152.
  9. Рациональная фармакотерапия в педиатрии. Под ред. А.А. Баранова, В.В. Володина, Г.А. Самсыгина. - M.: Литтерра. 2007.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.