Тіс сауытының және тіс қатарының ақауларын ортопедиялық емдеу тіс тінінің және тіс қатарының кетігіңің жоғалтқан морфологиялық элементтерін қалыпына келтірумен жүреді. Осыған орай ортопедиялық стоматологияда эстетиканың маңызы ұлғайды. Жасанды тістердің табиғи түрге жеткізу үшін тістердің түсін, көлемін, пішінін, сырқы сипатын ұлт ерекшеліктерін ескермей жекелендіру қағидаларын қолданылады.
Сонымен, казақ және орыс ұлтының арасында жүргізілген одонтоскопиялық салыстырмалы анализ барысында тригонидтің дистальді айдаршығы қазақ ұлтында орыс ұлтына қарағанда (8,7рет) көп кездескен. Жыныс арасында салыстыру барысында айтарлықтай айырмашылық болмады. Зерттеу қорытындылары бойынша салыстырылып жатқан топта төменгі бірінші азу тісте қосымша ішкі ортаңғы төмпешіктің кездесу жиілігі аз болды. Қарастырылып жатқан белгінің вариабельдігі 3,4–6,3%. Осыған орай төменгі бірінші азу тістің қосымша ішкі ортаңғы төмпешігі бірінші топта 3,4%, ал екінші топта біріншіге қарағанда бұл көрсеткіш 1,9 рет жоғары, яғни 6,6%.
Одонтологиялық сипаттың негізгі кешені қазақ ұлтын еуропоидты-монголоидты метисті топ ретінде сипаттайды.
Қазіргі заманда стоматологиялық практикада эстетиканы қолдану талаптары артты. Жасанды тістердің шынайы тиімділігін (эффектісін) арттыру үшін сауыттардың сырт пішіні құрылысының жекедаралық принциптерін қолдану яғни олардың мөлшері, пішіні, көлемі, түсі, науқастардың нәсілдік - ұлттық ерешеліктерін ескере қолдану. Бізге мәлім болған, тіс сауытының бедері өзіне тән, өзіндік топографиялық құрылымдарға (структураға) және әртүрлі ұлттық топтарда кейбір айқындалған нәсілді дифференциациалаушы ерекше белгілерге ие. Міне осы белгілерді көре, тани білу және оны практика жүзінде іске асыру мақсатында біз арнайы зерттеулер жүргізуді алға мақсат етіп қойдық. Жұмыс нәтижесінде біздің дәрігер стоматологтар диагностика жүргізген кезде және емдік шараларын жоспарлағанда көп эстетикалық нәтижеге қол жеткізу үшін ұлттық ерекшеліктерді ескеруге мүмкіндік алады.
Сол себептен заманауи мүмкішіліктерді және қазіргі заманға лайықты талаптарды ескеріп біздің зерттеулеріміздің мақсаты төмендегідей болды. Алматы қаласының түпкілікті тұрғындарының шайнау тістерінің анатомо - топографиялық құрылысының ерекшеліктерін кешенді түрде зерттеу және соның нәтижесінде тіс пішіндері арқылы адамның ұлтын болжамдау болып табылды.
Әдістер мен зерттеу материалдары. Тексерілген жалпы адамдар саны 1000 адамнан тұратын екі топ құрылды. Бірінші топта 600 адам қазақ ұлт өкілдері. Екінші топты 400 адам орыс ұлт өкілдері.
Бақылау топтары |
Тексерілгендер жалпы саны |
Таңдап алынғандер |
Жынысы |
Саны |
Жасы |
Бірінші негізгі (қазақтар) |
600 |
110 |
Ер |
70 |
16 - 22 |
Әйел |
40 |
||||
Екінші негізгі (орыс) |
400 |
110 |
Ер |
70 |
16 - 22 |
Әйел |
40 |
||||
Барлығы |
1000 |
220 |
220 |
Одонтологиялық зерттеу бағдарламасында одонтоскопиялық зерттеу негізгі орын алады. Яғни адам тісінің топографиясында альтернативтік белгілердің кездесуін немесе болмауын қарастырдық. Шайнау тістеріне қатысты келесі белгілер зерттелді: тригонидтің дистальді айдаршығы, ішкі - орталық төмпешіктің болуы.
Төменгі бірінші азу тістегі тригонидтің дистальді айдаршығы. Бұл белгі шығыс бағыттағы таксономиялық белгілер қатарына жататын белгі және осы бағыттағы маркерлік белгі болып саналады (Сурет 1).
Бұл төмпешік медильді ұрт төмпешігі (протоконид) мен медиальді тіл төмпешігінің негізгі айдаршығымен құралады (метаконид), (сурет 1). Зерттелген негізгі бірінші топта ер балаларда 24,1 ¿ кездеседі, ал қыз балаларда 21% кездесті. Екінші негізгі топта бұл белгі 2,6% кездесті, бұл көрсеткіш европеоид белгі көрсеткішіне сай келді. Бірінші негізгі топта бұл көрсеткіш салыстырмалы түрде екінші топтан 8,7 есе жиі кездескен.
Бірінші төменгі азу тісте ішкі – орталық төмпешіктің болуы. Әдебиеттерді бұл белгі көптеген әр ұлт өкілдері туралы мағлұматтар жинақталған (Сурет 2).
Бірінші негізгі топ бойынша келесі деректер анықталды (кесте 3) ер балаларда 7,5 ¿, қыз балаларда 5,6 ¿ тең. Екі жыныстық көрсеткіш бойынша ортақ сан 6,55 ¿ құрады.
Көрсеткіштерді жыныстық ерекшеліктермен салыстырғанда еш айырмашылық анықталмады. Бұл көресеткіштің өзгергіштік белгісі 3,4 - 6,3 % құрады. Төменгі жақ сүйегіндегі бірінші үлкен азу тістеріндегі ішкі - орталық төмпешік бойынша салыстырмалы анализ орыс ұлты өкілдерінде бұл төмпешік қазақтермен салыстырғанда анағұрлым төмен 1,5-2 есе асады яғни орыс ұлт өкілдері 3,4% ал қазақтарда 6,6% ды құрады. Қазақ ұлт өкілдерінде бұл көрсеткіштің кездесу жиілігі артық.
Зерттеу нәтижелері және оны талқылау. Диагностикалық мүсіндерде жүргізілген одонтоскопиялық зерттеу нәтижелері қазақ және орыс ұлт өкілдерінің төменгі жақ сүйегіндегі бірінші үлкен азу тістеріндегі тригонидтің дистальді айдаршық белгі бойынша салыстырмалы анализі орыс ұлты өкілдерінде бұл төмпешік қазақтермен салыстырғанда он есе төмен яғни орыс ұлт өкілдері 2,6% көрсеткіш болса, ал қазақтарда 22,5% ды құрады. Қазақ ұлт өкілдерінде бұл көрсеткіш әлдеқайда жиі кездеседі. Төменгі жақ сүйегіндегі бірінші үлкен азу тістеріндегі ішкі – орталық төмпешік бойынша салыстырмалы анализ орыс ұлты өкілдерінде бұл төмпешік қазақтермен салыстырғанда анағұрлым төмен 1,52 есе асады яғни орыс ұлт өкілдері 3,4% ал қазақтарда 6,6% ды құрады. Қазақ ұлт өкілдерінде бұл көрсеткіштің кездесу жиілігі артық.
Міне осы зерттеу нәтижелерінің көмегімен біз тістердің анатомо-топографиялық ерекшеліктеріне қарап оның ұлт ерекшеліктерін анықтауға және стоматолоиялық емді осы ерекшеліктерді ескеріп қазіргі заман талаптарға сәйкестендіріп оның сапасын арттыру және сот медицинасында кеңінен қолдануға тәжірибеге кеңінен енгізуге болады.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Зубов А.А. Одонтология: Методика антропологических исследований. – Наука. - 1968. - 200 с.
- Исмагулов О., Сихимбаева К.Б. Этническая одонтология Казахстана. - Алматы: Наука, 1989. - 145 с.
- 3.Зубов А.А. Этническая одонтология. – Наука. - 1973. - 200 с.
- Зубов А.А. Этническая одонтология СССР. – Наука. - 1979. - 122 с.
- Материалы по одонтологии казахов // Советская этнография. - 1972. - №4. - С. 51-63.
- Зубов А.А. Дистальный гребень тригонида на нижних молярах человека. // Вопросы антропологии. - 1967. - №26. - С. 71-85.
- Зубов А.А. О расово-диагностическом значении некоторых одонтологических признаков. // Советская этнография. - 1968. - №3.- С. 85-93.
- Зубов А.А., Халдеева Н.И. Одонтология в современной антропологии. – Наука. - 1989. - 232 с.