Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жоғарғы жақ қойнауына енген бөгде денелерден дамыған синуситті хирургиялық жолмен емдеудің инновациялық тәсілі

2015 жылдан 2013 жылдар аралығында жоғарғы жақ сүйегі қойнауына енген бөгде денелерлен дамыған синуситпен емделген 11 науқас бақыланды.Оларға қолданылған Колдуэлл–Люк,Иванов және эндоскопиялық оталардың жақын және кеш бақыланған нәтижелеріне салыстырмалы сараптама жүргізілді.

Эндоскопиялық хирургияның нәтижелілігі дәлелденді. Науқастардың аурухана жағдайында емделу уақыты қысқарды, басқа тәсілдерде байқалатын асқыну көріністері(жоғарғы еріннің,тістердің жаны кетуі,мұрыннан шығатын бөліністер) мүлдем болмады.

Кесте 1 - отадан кейінгі ұзақ уақыт бақылаулары келтірілген..

Ота түрі

Сезімталдықтың бұзылуы.Отадан кейін 2 ай уақыт өткен соң.

Мұрын жолнан

бөліністер.Отадан

2ай өткен соң.

Төсекте жатып

емделу саны.

Эндоскопиялық ота

15,0%

0,0%

5,3

Колдуэлл-Люк әдісімен

ота

47,1%

82,0%

7,4

Иванов әдісімен ота.

25,0%

25,0%

6,6

Соңғы жылдары жоғарғы жақ сүйегі қойнауына бөгде денелердің енуінен дамитын синуситтер жиілеп кетті.(1).Эндодонтиялық технологияның кең қолданылуына қарамастан,тіс түбірі өзектерін емдеу өзекті мәселе болып тұр.Кейбір авторлардың зерттеулеріне жүгінсек 80¿ жағдайда тіс өзектері сапалы емделмейді,ал 1,5¿ пломбалық заттың жоғарғы жақ қойнауы немесе төменгі жақ сүйегі өзегіне еніп кетуі эндодонтиялық емнен кейін ота жасауды қажет етеді (1; 2; 3).

Бұрыннан белгілі жоғарғы жақ сүйегі қойнауына тіс түбірлерінің енуімен қатар , тіс импланттарының түсіп кетуі де жиі орын ала бастады.Бұл жағдай хирург стоматологтың кәсіби дайындығының нашар екендігінің куәсі болып отыр. Сондықтан одонтогенді жоғарғы жақ сүйегі синуситінде науқасқа дұрыс көмек көрсете білу, бүгінгі таңда да өзекті мәселе деп қарастырылады. (4,5).

Зеттеудің мақсаты: бөгде дене енуден дамыған жоғарғы жақ сүйегі синуситін емдеудің нәтижелілігін арттыру.

Зерттеу материалдары мен әдістері.

ҚР ОКА ЛОР бөлімінде және ҚазҰМУ-ң Стоматология институтының хирургиялық бөлімінде 2013 жылдан 2015 жылдар аралығында жоғарғы жақ сүйегі қойнауының бөгде дене енуінен дамыған синуситі мен емделген 11 науқас бақыланды да негізгі топты құрады.Олардың ішінде орта жастағылары(20-49 жас, 74,5¿), оның -7 әйел адам ,4-і ер адам (36,4¿). 3 науқастың жоғарғы жақ сүйегі қойнауында тіс импланты анықталса ,7-інде пломбылық зат ,ал 1-де 1,6тістің таңдай түбірі табылды.Барлық диагноздар компьютерлі томография жасалып дәлелденді (Сурет 1,2). Салыстырмалы топты мұрағаттан алынған Колдуэлл-Люк және Иванов әдісімен ота жасалынған 13 науқастың сырқатнамасы құрады.

Негізгі оталы ем ретінде эндоскопиялық тәсіл қолданылды. Қойнаға кіру үшін, ортаңғы мұрын жолы арқылы табиғи тесікті қолдана отырып, жиектерін кеңітіп,зондты еңгіздік.Кейбір жағдайларда, қойнаудың ішін дұрыс көру мақсатында және іс әрекетіміз кедергісіз болу үшін, ілмек тәрізді өсіндіні кесіп алу және сүйек қабырғаларын кеңейту қажеттіліктері туындап жатты.Ол қойнау ішіндегі бөгде дененің өлшемі мен қатар енгізілетін зондтың көлеміне байланысты болды. (еніп кеткен тіс түбірі өлшемі мен оны алуға қажетті аспаптың құрылымы) (сурет 3,4).

Тіндерді мүмкіндігінше зақым көп келтірмей алуға тырыстық,өйткені дөрекі қимыл қан кетуге ,мұрын жолдары мен қойнауларында ауа алмасудың бұзылуына себепкер болып жатады.

Қойнауды қарап тексеру, эндоскопты 30° бұрышпен енгізген соң іске асырылды. Қойнаудың алдыңғы төменгі және медиальді қабырғаларын тексеру үшін 70° оптиканы қолдандық.

Қойнаудың шырышты қабығының тек өзгеріске ұшыраған, яғни полипозды,грануляциялық тін өскен,бөгде дене, ұралар бар аймағы ғана алынды. (сурет 5-6). Шырышты қабаттағы іс қимылымыз өткір Блексли қысқышымен,басы иілген арнайы антральды қысқышпен немесе титан никелидінен жасалған эластикалық қыратын қасықпен іске асырылды.Қойнауды қан ұйығынан тазарту және көріністі жақсарту мақсатында, жиі жылы антисептик ерітінділері қолданылды.

Бақылаулардың нәтижелері.

Қойнаудың ішінде жатқан бөгде денелер ең ұзақ дегенде 7 жыл,аз дегенде 1 ай,орта есеппен- 1,5 жыл тұрақтанған.Қаралуға келген науқастардың ауру анамнезінде 1-1,5 жыл бойы зардап шеккені анықталды.42%жағдайда бөгде дене оң жақ сүйегі қойнауында,ал 58%жағдайда сол жақ сүйегі қойнауында орналасты.

Ота алдындағы уақытта жоғарғы жақ сүйегі қойнауында төмендегідей өзгерістер байқалды: 1 науқаста (9,1%) – бөгде дене орналасқан тұстағы шырышты қабық аздап ісінген (сурет. 3); 3 науқаста 27,4% - бөгде дене орналасқан тұстағы шырышты қабық және қойнаудың барлық қабырғасындағы қабығы қалыңдаған; 6 науқаста (54,4%) е полипозды өзгеріс,сіңбелену, шырышты қабықтың қалыңдауы,тіпті бүкіл қойнаудың қабырғасын жауып қалуы (сурет. 4). 1 науқаста (9,1%) қойнаудың шырышты

қабығында айтарлықтай өзгеріс байқалмады.

Бөгде дене қойнаудың ішінде 1-2 жыл қалып қойған жағдайларда ,олардың жылжып қозғалғандығы көрінді.Ол құбылыс мукоциллиарлы тасымалдану деп аталады.Бірақ ол өте сирек кездесетін жағдай.Көбінесе бөгде дене түскен жерінде қабыну шақырып,жабысып қалып қояды не болмаса созылмалы қабынудан,іріңдіктің қалыптасуынан мукоциллиарлы тасымалданудың бұзылысы нәтижесінде қойнаудың төменгі қабырғасында жиі орын тебеді.

Эндоскопиялық ота жасалынған науқастар аурухана төсегінде орта есеппен 5,3 күн өткізсе ,салыстыру тобындағы науқастар классикалық отадан кейін 7,4 күн,ал Иванов әдісімен емделген науқастар 6,6 күн емделген.

Эндоскопиялық отадан кейінгі уақытта, науқастарда жоғарғы еріннің, ота жасалынған тұстағы тіндердің сезімталдығының бұзылуы тәрізді құбылыстар байқалмады.Мұрын қуысынан шығатын бөліністер отадан кейін 6 тәулік мерзімде сақталды.Жұмсақ тіндердің домбығуы ,классикалық әдіспен салыстырғанда мардымсыз ғана болды.

Қорытынды:

Клиникалық бақылаулар мен мұрағат материалдарын талдау көрсеткендей ,бөгде денеден дамыған жоғарғы жақ сүйегі синуситтерін хирургиялық жолмен емдеуге деген көзқарасты өзгерту қажеттілігі көрінеді.Түпкілікті гайморотомия отасының теріс тұстарының бар екендігіне қарамай, әлі іске асырылып келе жатқандығы қынжылтады.Бұл отаның негізгі қағидасы -физиологиялық емес,өйткені шырышты қабық көп зақымданады.Тіпті түпкілікті гайморотомия отасында шырышты қабықты қорғай отырып іс әрекет жасау, мүлдем мүмкін емес.Сүйектің алдыңғы қабырғасын тесіп ашу кезінде ,міндетті түрде эпителиальды қабат зақымданады.Қойнау ішіндегі қабыну процесі, отадан кейінгі уақытта жарақаттың жазылуына өз әсерін тигізбей қоймайды. Көптеген авторлардың жұмысында, түпкілікті гайморотомия кезінде төменгі мұрын жолы арқылы қойнауды жалғастыратын жасанды тесік ,секреттің патологиялық айналысына және аэрацияның бұзылысына әкеп соғатыны дәлелденген..

Колдуэлл-Люк отасы кезінде көз асты аймағы жұмсақ тіндеріне ,көз асты жүйкесіне ,жоғарғы ұяшықты қан тамыр- нерв өріміне орны толмастай зақым келтіріледі .

Қорыта келгенде ,эндоскопиялық технология ,жоғарғы жақ сүйегі қойнауының қабынуын хирургиялық жолмен емдеуге көзқарасты түпкілікті өзгертеді.Ьұл ота өзінің аз зақымдылығы мен ғана емес,сонымен бірге ота кезінде визуальды бақылауды қамтамсыз ете отырып,организмнің физиологиялық қасиеттерін бұзбайды,төсек тартып емделу уақытын да қысқартады.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Арутюнян К.Э. Лечение больных с осложнениями, связанными с выведением пломбировочного материала в верхнечелюстной синус : автореф. дис. ... канд. мед. наук. - М., 2005. – 122 с.
  2. Сысолятин С.П. Эндоскопия в хирургической стоматологии и челюстно-лицевой хирургии // Стоматология. - 2006. - Т. 85. - № 4. - С. 69-72.
  3. Николаев А.И., Цепов Л.M., Шаргородский А.Г. Пути повышения качества эндодонтического лечения // Клиническая стоматология. - 1999. - № 4. - С. 16-20.
  4. Сысолятин С.П. [и др.] Диагностика и лечение осложнений, связанных с выведением стоматологических пломбировочных материалов в верхнечелюстной синус // Стоматология. - 2009. - Т. 88. - № 1. - С. 47-50.
  5. Сысолятин С.П. Одонтогенный верхнечелюстной синусит: вопросы этиологии // Вопросы челюстно-лицевой, пластической хирургии, имплантологии и клинической стоматологии. - 2010. - № 2-3. - С. 3-6.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.