Алматы қаласының орталық клиникалық ауруханасынДа 54 науқастарға жеДел түрДе Дамыған бауырДан тыс өт жолының патологияларына бірнеше түрДегі хирургиялық әДістермен операция жасалынДы.
Маңыздылығы. Жедел холецистит - өте көп тараған іш қуысының ағзаларының қатарына жатқызылады. Соңғы жиырма жылдың ішінде жедел холециститтің диагнозын анықтаудың және емдеу тәсілдерінің жетілдірулері туралы көптеген жетістіктерге қол жеткізілгеніне байланысты науқастардың өлім, жітімі 2,5 %-ға дейін азайды. Сол жетістіктерге қарамастан жасы ұлғайған және қартаң науқастардың өлім, жітімі әлі де жоғарғы көрсеткіштерді құрап, бұл мәселе медициналық тұрғы мен қатар әлеуметтік маңызы зор салаға айналуда.
Мақсат. Жоғарыда көрсетілген мәселелрге байланысты өздеріміздің тәжірибелерімізді баяндағымыз келеді.
Орындалған емдік шаралар. Алматы қаласының орталық клиникалық ауруханасында жедел түрде түскен науқастарға «жедел холецистит» диагнозы анықталғаннан кейін консервативті емнен нәтиже болмағаннан соң, патологияның ары қарай дамый басталуына, пайда болған пернитонитке байланысты бауыр сыртына орналасқан өт жолдарына 54 операция жасалынды, соның ішінде: 24 - холецистэктомия.
Жалпы өт жолында конкременттің тұрып қалуына байланысты холецитэктомия операциясы холедохолитотомиямен (3операция), холедохтың өзегінің кішірейіп яғни стриктураға байланысты, өт - тас және сары ауруы кезінде дамыған индуративті панкреатитке байланысты,өт жолдарының гипертензиясына байланысты холецистэктомия операциясымен бірге
холедоходуоденоанастамаз (14 операция) жасалынды; ұйқы безінің бастапқы бөлігінің, фатеров емізігінің көлемді процесстеріне және механикалық сарғаюға байланысты айналма холецистоеюноанастомоз операциясы браун жалғамасымен (3 операция) толықтырылды. Бір рет лапаротомия операциясы кезінде холедохта қатерлі ісіктің салдарынан (аденокарцинома) дамыған механикалық сарғаюға байланысты холедохқа резекция және Ру әдісі бойынша гепатоеюноанастомоз (гепатоеюноанастомоз на выключенной по Ру-петле на скрытом дренаже) жасалынды. Науқас операциядан кейінгі кезеңде 14 -ші тәулікте иммундық жеткіліксіздіктің салдарынан дамыған бауыр - бүйрек қызметінің нашарлауына бавйланысты биологиялық өлім тіркелді. Бір жолы өзегі қалыпты жағдайда операция кезінде кесіліп кеткен ситуацияда науқастың өт жолына Ру әдісі бойынша гепатоеюноанастомоз операциясы орындалды. Операциядан кейінгі уақытта науқас қанағаттанарлық жағдайда стационардан амбулаториялық емге шығарылды.
Кесте 1 - Орындалған операциялардың көлемі және саны
№ |
Операциялардың аттары |
Саны |
асқыну |
Өлді |
1 |
Холецистэктомия |
26 |
- |
- |
2 |
Xол℮цистэктомияáхол℮дохон℮кì℮лì ішек жалғамасы (ХДА) |
15 |
- |
- |
3 |
ХолецистэктомияÁрезекция холедо-хогепатоеюноанастамоз ажыратылған Ру-ілгегі әдісімен жасырын дренаж салу(гепатоеюноанастомоз на выключенной по Ру-петле на скрытом дренаже) |
1 |
||
4 |
ХолецистэктомияÁхоледохогепатико- еюноанастамоз |
1 |
- |
- |
5 |
Xол℮цистэктомияáПиковский дренажынÁШалимов дренажын қою |
3 |
1 |
- |
6 |
ХолецистэктомияÁШалимов дренажын қою+марсупилизация |
1 |
- |
- |
7 |
ХолецистэктомияÁгепатоеюноанастамоз ажыратылған Ру-ілгегі әдісімен жасырын дренаж салу(гепатоеюноанастомоз на выключенной по Ру-петле на скрытом дренаже) |
1 |
||
8 |
Холецистоеюноанастамоз + Браун жалғамы (соустье) |
3 |
- |
- |
9 |
Xол℮цистэктомияáхол℮дохолитотомия |
3 |
- |
- |
10 |
Холедохонекіелі ішек жалғамасы (ХДА) +санация + іш қуысына дренаж қою |
1 |
- |
- |
Қорытынды. Сонымен, өт жолдарының мәселелері келелі түрде қалып қоюда, олардың патологияларының емдік әдістері әлі де талқылауды қажет етеді, әсіресе жоғарыда көрсетілген патологияларының асқынған түрлерінде.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Королев Б.А., Пиковский Д.Л. Экстренняя хирургия желчных путей. М.: Медицина, 1996. - 234 c.
- Гальперин Э.И., Ветшев П.С. Руководство по хирургии желчных путей. М.: 2006. - №2. - 124 с.
- Гальперин Э.И., Кудовлев Н.Ф. Ятрогенные повреждения желчных протоков при холецистэктомии. //Хирургия. - 1998. - №1. - 235 с.
- Шерлок Ш., Дули Дж. Заболевания печени и желчных путей. - М.: Медицина, 1999. - №3. - С. 46-61.
- Савельев В.С. Кириенко А.И. Клиническая хирургия/ Национальное руководство. - М.: ГЭОТАР медицина, 2009. - 341 c.