Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жыныстық жетілу үрдісіндегі репродуктивті жүйедегі гормоналды қарым-қатынастың сипаттамасы (әдебиеттік шолу)

Қыздардың және жасөспірім қыздардың-болашақ аналардың ұрпақ өрбіту жүйесін қорғау қазіргі кезде аурушылдықтың жоғарылауы, экологияның нашарлауы, стресстік факторлардың жоғарылауына байланысты ерекше актуалды тақырып болып отыр. Әйел ағзасындағы ұрпақ өрбіту жүйесінің жетілуі мен реттелу механизмінің құрылуы күрделі және ұзақ процесс, ерте перинаталды кезеңде басталып, пубертатты кезеңнің соңында ересек ағза параметрлеріне жетуімен аяқталады. Олардың әрқайсысы нақты морфологиялық және эндокринді ерекшеліктермен сипатталады.

Зерттеудің мақсаты: әдебиеттік мәліметтердің негізінде жыныстық жетілу кезеңіндегі әйел ағзасындағы репродуктивтрепродуктивті жүйенің құрылуын үйрену.

Зерттеу материалдары мен әдістері: көптеген зерттеушілер қатары бейтарап және препубертатты кезеңдерде репродуктивті жүйенібелсенді емес деп санайды. Ал басқа зерттеушілер бұл кезеңдерде гипофизарлы- гонадалы белсенділіктің көріністерін: қыздарда етеккір келуіне 2-3 жыл бұрын ЛГ, ФСГ, эстрадиол деңгейінің аздап жоғарылауы, ал 1-2 жыл қалғанда анағұрлым жоғарылайтынын көрсетеді /1,2,3/.

Бүйрекүсті безінің глюкокортикоидты қызметінің белсенденділігі және дегидроэпиандростеронның жоғарылауы гипофиздің константты адреногкортикотропты қызметінің фонында, ол шеткері қандағы АКТГ деңгейімен анықталады. Препубертатты кезеңде бүйрекүсті безінің белсенділігі жоғарылауының клиникасы адренархе түрінде көрінеді. Көптеген авторлардың ойынша /2,4,5/ бүйрекүсті безі қыртысында глюкокортикоидты белсенділіктің төмендеуі менархе кезеңінде байқалады, яғни бұл кезде аналық бездерде стероидогенез белсенділігі байқалады.

Сонымен қатар, препубертатты кезеңде орын алатын андроген-глюкокортикоиты блокаданы шешу арқылы гонадалар белсенденділгін ынталандыратын басқа да вариант болуы мүмкін. Репродуктивті жүйенің циклды белсенділігінің механизмі туралы қазіргі замануи түсінік бойынша андроген – глюкокортикоидты блокаданы шешу гипоталамуспен люлиберин бөлінуінің, кейін гипофизарлы- аналық без циклділігін тұрақтандыру арқылы осцилярлы механизмін іске қосу үшін рұқсат беретін феноменді көрсетеді /4,6/.

Пубертатты кезеңде гипофиздің гонадотропты қызметі пубертат басынан басталады, соңына қарай максимумға жете отырып прогрессивті жоғарылайды. Бұл кезеңде шеткі қандағы лютеиндеуші гормон (ЛГ) мен фолликуластимелдеуші гормонның (ФСГ) базалды деңгейі репродуктивті жастағы әйелдердің базалды деңгейінің төменгі шекарасына сәйкескеледі. Қандағы гонадотропиндер деңгейінің жоғарылауы уақыты бойынша менархеге сәйкес келеді, бірақ оған әкелмейді. Фолликулинді фазада ЛГ орташа көрсеткіші лютеинді фазаға қарағанда жоғары болды /1,2,7/.

Сонымен қатар, пролактин секрециясының менстуалды циклдың сипатына тәуелділігі анықталды: қандағы пролактин деңгейі овуляторлы циклда, менструалды циклдың бірінші және екінші фазасында да жоғары. Овуляторлы циклға ауысу - гонадотропиндер секрециясының белсенденуімен ғана емес, сонымен қатар пролактин секрециясының жоғарылауымен қатар жүреді /1,2/.

Репродуктивті жүйенің қалыптасуында маңызды орынды бүйрек үсті бездері алады, репродуктивті жүйенің қалыптасуының «жетілген» түріне ауысуы, яғни овуляторлы циклге - гипофиздің пролактин-синтездеуші қызметінің деңгейіне байланысты, ол пубертатты кезеңнің соңына қарай бұл гормонның деңгейі жоғарылап, овуляторлы цикл тез жоғарылайды/2,3/.

Гонадалы белсенділіктің айқын ынталануы 13-14 жастабайқалады, ол эстрадиол, прогестерон, тестостерон концентрациясының жоғарылауымен көрінеді. Пубертатты кезеңнің соңына қарай кері байланыс механизмімен бірге эстрадиолмен оң кері байланыс механизмі қалыптасады, яғни ЛГ бөлінуіне эстрадиолдың көп мөлшерде ынталандырушы әсері овуляцияны болдырады. ЛГ, ФСГ, эстрадиол, прогестерон деңгейінің жоғарылауы, сонымен қатар ішкі жыныс ағзаларының өсуі менархе басталғанда байқалады /7,8/.

Көптеген зерттеушілердің мәліметтері бойынша шеткері қандағы кортизол концентрациясының деңгейі пубертатты кезеңде өзгермейді, ал 17-оксипрогестерон (17-ОНП) мен дегидроэпиандростерон (ДЕА) деңгейлері бұл кезеңде жоғарылайды /2,3/.

Барлығына белгілі қалқанша без гормондарының май, белок және көмірсу алмасу,тотығу-қалпына келу процестерінің реттелуінде; организмге қауіп туған жағдайларда және жыныстық жетілудің құрылуында белсенді қатысатыны бәріне мәлім. Тиреоидты гормондар гипоталамо- гипофизарлы-бүйрек үсті безі-аналық без жүйесінің дұрыс қызмет атқаруын, аналық бездердің гипофиздің гонадотропты гормондарына сезімталдығы жоғарылауын қамтамасыз етеді, эстрогендердіңшеткері метаболизміне, фермент жүйесінің реттелуіне қатысады /1,2,3,4/.

Құрсақ ішілік дамудың бұл кезеңінде тиреоидты гормондар болашақ нәрестенің бас миы жетілуі мен құрылуының маңызды реттегіші болып табылады. Жүктіліктің бірінші триместрінде эмбрионалды кезеңде орталық жүйке жүйесінің толық анатомо-морфологиялық қалыптасуы анасының қалқанша безі гормондарымен реттеледі, ал кейін ми тіні мен нейронаралық байланыстар компонентінің миелиндену процесі нәресте қалқанша безінің гормоналды белсенділігіне байланысты болады /8,9/.

Қалыпты жағдайда қандағы тироксин мен трийодтиронин концентрациясы препубертатты кезеңнің соңына қарай тиреотропин секрециясының белсенденуімен жоғарылайды, ол қалқанша без қызметінің және тиреоидты гормонар бөлінуінің негізгі реттегіші болып табылады. Бұл кезең препубертатты кезеңнің соңына сәйкес келеді және 12 жасқа қарай аяқталады. Кейін қалқанша безінің қызметі пубертатты кезең бойына өзгермейі /1,2,4/.

Жыныстық жетілу кезеңінің соңғы, аяқтаушы кезеңі жасөспірімдік кезең (16-18 жас) болып саналады, яғни ұрпақ үрбіту жүйесінің «жетілген» түрінің қалыптасу кезеңі – овуляторлы етеккір циклына ауысу /2,4/. Қыздардың қанындағы ФСГ, ЛГ және пролактиннің базалды деңгейі ұрпақ үрбіту жасындағы әйелдердікіне сәйкес келеді. Бұл кезеңде байқалатын прогестерон бөлінуі төмендеу фонында эстрадиол деңгейінің жоғарылауы жамбастың, сүт бездерінің, ішкі жыныс ағзаларының дамуының жалғасуын қамтамасыз етеді /1/.

Бірқатар зерттеушілердің ойынша жыныстық жетілуді бағалау кезінде жатыр мен аналық бездердің жетілу дәрежесін де ескеру керек /10,11/.

Екіншілік жыныс белгілерінің дамуы, антропометриялық мәліметтер, жатырдың, аналық бездердің эхографилық өлшемдері мен жетілу дәрежесі арасында жоғары коррелятивті тәуелділік анықталды (2,3, 11/.

Етеккір қызметі бұзылмаған жасөспірімдерде аналық безінің және оның құрылымдары өлшемдерінің үлкен әйелдерге тән өзгерістері байқалады. Сонымен қатар фолликулдардың баяу жетілуі анықталды. Ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдерге қарағана жасөспірімдерде овуляция кіші өлшемді фолликулда болады, бұл бастапқы циклде ФСГ концентрациясының біртіндеп жоғарылауына байланысты /3,11/.

Менархеден кейінгі бастапқы жалдары циклдардың көбісі ановуляторлы болатыны УДЗ көмегімен анықталды, ретті етеккір циклы бар қыздардың 35,7¿-нда көптеген фолликулдарды анықтайды. Овуляторлы және ановуляторлы циклі бар қыздардың аналық безінің көлемінде ерекшеліктер болмайды. Овуляторлы циклда фолликулдың диаметрі мен эстрадиолдың деңгейі, циклдың лютеинді фаза циклында прогестеронның максимады концентрациясы арасына корреляцияның болатыны анықталды /2,3,11/.

Сонымен, пубертатты кезең гипофиздің гонадотропты гормондары жетілуінің және менархе уақытына сәйкес келетін аналық безінің стероидогенді белсенділігінің жоғарылауымен сипатталады. Ұрпақ өрбіту жүйесінің қалыптасуының басталуына препубертатты кезеңде орын алатын бүйрекүсті безінің андроген-глюкокортикоиты қызметінің төмендеуі әкеледі. Жасөспірімдік кезеңде ұрпақ өрбіту жүйесі қалыптасуының соңғы «жетілген» түрі қалыптасады, яғни овуляторлы циклге ауысаы.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Сметник В.П., Тумилович Л.Г. Неоперативная гинекология. - М.: МИА, 2005. - 632 с.
  2. Коколина В.Ф. Гинекологическая эндокринология детей и подростков. - М.: Медпрактика, 2005. -№2. - С. 336-340.
  3. Коколина В.Ф. Детская и подростковая гинекология. - М.: Медпрактика, 2006. - С. 635-640.
  4. Вихляева Е.М. Руководство по эндокринной гинекологии. - М.: МИА, 2006. - 375 с.
  5. Раисова А.Т., Укыбасова Т.М., Басибекова Т.С., Рахимжанова А.Х. Нейроэндокринные синдромы в гинекологии. - Алматы: 2008. - 229 с.
  6. Е.Уварова, Д.Тарусин. Пособие по обследованию состояния репродуктивной системы детей и подростков. - М.: Триада - Х, 2009. - 232 с.
  7. Гуркин Ю.А. Детская и подростковая гинекология: руководство для врачей. - М.: МИА, 2009. - 696 с.
  8. Маркин Л.Б. Детская гинекология: справочник. - СПб.: МИА, 2007. - 480 с.
  9. Уварова Е.В. Детская и подростковая гинекология. - М.: 2009. - 384 с.
  10. Стандартные принципы обследования и лечения детей и подростков с гинекологическими заболеваниями и нарушениями периода полового развития. - М.: Триада - Х, 2008. -180 с.
  11. Васильев А.Ю., Ольхова Е.Б. Ультразвуковая диагностика в детской андрологии и гинекологии. - М.: ГЭОТАР - Медиа, 2008. - 152

с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.