Егде жастағы науқастар арасында, жас жастағы адамдарға қарағанда қан қысымының жоғарылауы жие кездеседі. Бұл организмнің жас ерекшеліктеріне ғана байланысты емес, әр түрлі ілеспелі ауруларға да байланысты. Осылайша, осы категориядағы пациенттердің арасында артериалды қан қысымды үздіксіз тұрақты бақылау, дәрігердің ұсынымдарын орындау маңызды екені төмен бағалайды, және бұл науқастың өміріне қауіп төндіретін әр түрлі асқынуларды әкеледі.
Тақырыптың өзектілігі: Барлық ақпараттық құралдардың қарыштап дамып тұрған қазіргі замандағы адамдардың денсаулығында қаншалықты дәрежеде болмасын ақау пайда бола қалған сәтте туындаған мәселенің алдын алуға қатысты емдік шаралар дәрігердің көмегінсіз-ақ тез арада табыла қалу мүмкіндігі аса жоғары екендігі барлығымызға белгілі. Алайда, осы мүмкіндіктерді пайдаланмыз деп, ауруын асқындырып алып жататын немесе дұрыс диагностика болмауымен байланысты ағзадағы кері құбылыстарды туындатып жататын жағдайлардың да жиі кездесіп жататыны практикалық медицинада жылдан жылға жиілеп кездесуде. Әсіресе бұл айтылған келеңсіз жағдайлар ескі халық емін қолдану мақсатында қолдан жасалынған әр түрлі қоспалар мен ерітінділерді пайдаламыз деп уланып жататын, ағзаларының табиғи күресу мүмкіндігі әлсіреген егде адамдар арасында көбірек ұшырасады [1,2].
Сол себепті де, осы қолға алынып отырған жұмыстың басты мақсаты артериалық гипертониямен есепте тұратын егде адамдардың дәрігердің нұсқауын қаншалықты дәрежеде дұрыс орындап, қаншалықты дәрежеде қан қысымын бақылап отыратынына бағытталды.
Зерттеу әдістері мен атқарылған орыны: Зерттеулер Алматы қаласындағы Ұлы Отан соғысы ардагерлерін қарап, емдейтін №7 емханада 2013-2014 жылғы дәрігерлік қорытындылар негізінде жүргізілді.
Артериалық қан қысымымен дәрігердің есебінде тұратын 102 науқастың амбулаториялық картасына сараптама жасалынып, соның ішіндегі 99 науқасқа арнайы құрастырылған сауалнамалар қойылып, дәрігерлік нұсқаулықтың қаншалықты дәрежеде маңызды екендігін және емдеуші дәрігер жазып берген дәрілердің уақытылы қабылданып отыру дәрежесі анықталды.
Белгілі болған қорытындылардың барлығы арнайы құрастырылған кестелерге топтастырылып, әр топқа қатысты ортақ математикалық дәрежелер белгіленіп, нәтижелер Стьюдент әдісі көмегімен сарапталды. Кейбір сандық шамалар өзара салыстыру мәндерінің ерекшелігін көрсету мақсатында диаграмалар түрінде берілді.
Зерттеулер нәтижесі: Жалпы зерттеумен қамтылған науқастардың жасы 60-пен 80 аралығын қамтыса, олардың басым бөлігі әйел (55,8¿) адамдар болды (кесте 1).
Кесте 1 - Зерттеумен қаитылған ересек адамдарды жастық және жыныстық ерекшеліктеріне байланысты топтастыру нәтижесі
Топтар |
60-70 жас |
70-80 жас |
Барлығы |
|||
Саны |
% |
Саны |
% |
Саны |
% |
|
Әйел адамдар |
24 |
23,5 |
33 |
32,3 |
57 |
55,8 |
Ер адамдар |
18 |
17,6 |
27 |
26,4 |
45 |
44,2 |
Барлығы |
42 |
41,1 |
60 |
58,9 |
102 |
100 |
Ал 60-пен 70 жас арасындағы егде адамдар жалпы зерттеумен қамтылып отырған пациенттердің 41,1¿ құраса, солардың арасындағы әйел адамдар 23,5¿, ер адамдар 17,6¿ шамада болып тағыда бұл жастық топтардағы әйел адамдар санының басымдылығын байқатты. 70-пен 80 жас арасындағы жыныстық басымдылықта әйел адамдарға қатысты болып (33¿) ер адамдарға қарағанда (27¿) әйел адамдардың жиі-жиі дәрігерлік бақылаудан өтіп, тексеріліп отыратындықтарын көрсетті. Жалпы амбулаториялық картасы бойынша қамтылып отырған 102 науқастың 57- ( 55,8¿) әйел адамдар, ал 45 (44,2¿) ер адамдар болды. Барлық пациенттердің орташа жасы 70,3 шамасында тіркелінді.
Ары қарайғы жүргізілген жұмыстар барысында барлық 102 адамның 99 арнайы құрастырылған анкеталық және артериалық гипертония ауруына қатысты сауалнамаларға жазбаша түрде жауап беру мүмкіндігіне ие болса, олардың үшеуі ғана әр түрлі себептерге байланысты бұл зерттеу әдісінен тысқары қалды.
Алған білімдеріне қатысты жинақталған мәліметтер нәтижесі орта білімділердің 64,2 ¿, жоғары білімді пациенттердің 35,8¿ екендігін көрсетті. Осы тұстап пациенттердің білімділік дәрежесі олардың артериалық гипертония ауруымен емделу барысындағы дәрігерлік ұсыныстарды бұлжытпай орындауына ықпал етуі мүмкінбе? -деген сұрақтың шешімін табу мақсатында сарапталғандығын айта кеткеткеніміз жөн сияқты.
Сонымен, ары қарайғы зерттеулер барысында белгілі болғаны, барлық науқастардың 0,5¿ кейінгі бір жыл ішінде ғана артериальдық гипертензия ауруымен есепке алынғандығын айтса, ал 5,9¿ осы АГ ауруымен 1жылдан 5 жылға дейінгі аралықта, 30,4¿ - ті 5 жылдан 10 жылға дейінгі уақыт аралығында дәрігерлік есепке алынып, ұдайы ем қабылдап келе жатқандықтарын білдіртті. Артериальдық гипертензиямен есепке алынған науқастардың басым бөлігі, яғни 57,4¿ жиырма жылдың шамасында осы дертке ұшырап, ұдайы ем қабылдап келе жатқандықтарынан хабардар етсе, ал 5,8¿ жиырма жылдан артық осы дертке ұшырап, әдеттегі медициналық емдеу әдістерінен әбден шаршағандықтарын байқатты. Артериалдық гипертензия ауруының стандартты емдік әдістері жиі бұзатын адамдар да осы топ арасында жиі ұшырасатындығы (45,9¿) жүргізілген сараптамалар нәтижесінде белгілі болды (сурет 1). болатындықтарын айтса, 4,9¿ науқас жарты жылдың ішінде бір рет қана дәрігердің көмегіне жүгінетіндіктерін, басқа уақытта өз білгендерін істеп, қас қысымын ұдайы қадағалай бермейтіндіктерін байқатты. Қалған 1,9¿ науқас айына 2-5 мәрте дәрігердің қарауында болып, ұдайы таблетка түріндегі емдерін жаздыртып алып, қатаң түрде қабылдап, қан қысымдарын бақылап отыратындықтарын атап өтті. Бұл топтың басым бөлігін әйел адамдар құраса (84,2¿), ал үш жән алты айда бір рет дәрігерге келіп көрінетін топтың басым бөлігін керісінше ер адамдар (76,2¿ және 67,1¿ деңгеймен) құрады. Тағыда бір белгілі болғаны осы пациенттердің басым бөлігінің жас мөлшері 60-пен 70 арасында болғандығын байқадық.
Демек, артериальдық гипертензиямен дәрігерлік есепте тұратын науқастардың арасындағы өз денсаулығына қатысты енжарлық ер адамдар арасында анағұрлым басымдылықта болып, олардың арасындағы әр түрлі дәрежедегі асқынулардың пайда болуын негіз болуда. Басқалай айтқанда, жасы егде тартқан ер адамдар арасындағы артериальдық қан қысымына қатысты асқыну құбылыстарының әйелдермен салоыстырғанда жиірек кездесетендігі жүргізілген зерттеулер нәтижесінде анықталды.
Ары қарайғы зерттеулер нәтижесі науқастардың басым бөлігінің (54,69¿) үш компоненті ем қолданғанын, ал науқастардың 30,5¿ бөлігі екі компоненті антигипертензивты препараттардан тұратын емді қолданғандығын көрчсетті. Төрт компененті және бес компоненті ем түрлері 9,4¿ және 5,5¿ науқастар қолданған. Жалпы анкеталық зерттеумен қамтылған науқастардың 74,2¿ өз дәрігерлерінің жазып берген емін қолданып, сол препараттарды ауыстыру мәселесінде емдеуші дәрігерлерімен үнемі ақылдасып отырып іске асырғанды жөн көрген.
Сонымен қатар, тіркелінген науқастардың 25,8 ¿ дәрігердің жазып берген емдік препараттарынан басқа қосымша биологиялық белсенді препараттар, басқа да әр түрлі шөп қосындылар (фитопрепараттар) мен медициналық бағыттағы медициналық заттар (аппарат Фролова, циркониевый браслет), витаминдер қолданған.
Барлық АГ ауыратын науқастардың 38,5¿ тағайындалған емдік шаралардың көмегі болғандығын, 32,3¿ сондайлық емдік тағаындаулар нәтижесінің орташа болғандығын, 29,2¿ жағдайда емдік нәтиженің болмағандығын атап көрсеттті (сурет 2) .
Тағайындалған емнің нәтижесіз болуын пациенттердің 49,4¿ дәрігер белгілеген препараттардың әсер етпейтіндігімен байланыстырса, 25,4¿ пайызы бұл тұста дәргер берген тағайындауларды «дұрыс орындаған жоқпын»- деп өзін кінәлі қылуда. Сонымен қатар, осы топтағы науқастардың көпшілігі дәрігердің берген тағайындауынан басқа өз бетімен көптеген емдік шараларды қолданғандығын көрсеткен.
Солай бола тұрса да, ем тағайындап жүрген мамандарды «дұрыс емдемеген» -деп алынған нәтижелер бойынша кінәлудан аулақ болуымыз керек. Мұның басты себебі жоғарыда келтірілген деректер бойынша пациенттердің басым бөлігі өз беттерімен ем қабылдағыш болып, ауруы асқынған кезде ғана дәрігердің қабылдауына асығатындығы. Қорыта келгенде, әлі де болса адамдар арасында артериальдық гипертензия ауруының негізгі белгілері мен оның асқынуларына қатысты ақпараттандыру мәселесінің төмен болып отырғанына нақты мысал бола алады. Атқарылған жұмыстар келешекте осы бағыттағы жұмыстарды жан-жақты барлық жастық топтарда жүргізе отырып, АГ ауруына қатысты дәрігер берген нұсқаулықтардың қатаң орындалуын әлі де болса терең насихаттау қажет екендігін негіздейді.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Долинская М.Г. Управление качеством медицинской помощи. – М.: 2009. – 328 с.
- Сулейменов Б.Қ. Артериальдық гипертензияның алдын алудағы кейбір мәселелер // Гигиена және эпидемиология журналы. – 2013. - №3.- Б. 45-49.