Жалпы анестезиология және реаниматология бөлімшесіндегі өлім-жітім көресткіштерінің арасында церебральдық қан айналысының бұзылуымен байланысты жағдайлардың аса басымдылықта болатындығы барлық көп салалы клиникаларға тән құбылыс екендігі мәлім.
Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасындағы анестезиология және реаниматология бөлімшесінің кейінгі жылдардағы (2014-2015жж) өлім-жітім көрсеткіштерін сараптау нәтижесі мидың қанайналысы бұзылуына әкеліп соқтыратын ең басты дерттер қатарына бас сүйектің жарақаттануы (47,4¿), артериалық гипертензия салдарынан болатын ишемиялық және геморрагиялық ми қанайналысының бұзылуы (ми аралық гематоманың пайда болуы) (27,6¿), әр түрлі экзогендік интоксикация себебінен болатын мидың ісініп кетуі (17,8¿), бактериалдық және вирустық негіздегі (6,2¿) мидың жіті қабынуы сияқты дерттер болып табылды (сурет 1).
Сонымен қатар, мидың жарақаттануы көпшілік жағдайда жастар арасында көптеп кездесетіні, ең алдымен қазіргі заманғы техникалық даму қарқынының өріс алуымен тығыз байланыста болып отыр. Барлық ми жарақатануына алып келетін себептердің арасында техногендік апатпен, спорттық жаттығу барысындағы және құрылыс жұмыстарымен байланысты кездесетін жарақаттану басымдылық деңгейде кездесуде. науқастың медициналық құжаттарын (аурудың даму тарихы, статистикалық түбіршек) сараптау барысында анықталды. Жарақаттану себептері ең алдымен 50¿ деңгеймен автокөлік апатына байланысты болса, содан кейінгі орындарды 18,6¿ біреулердің соққыға жығуымен, оның арасында 2¿ жағдайда белгісіз адамдардың оқ атуымен, 8,2¿ жағдайда биіктен құлау себебінен, жұмыс орындарында байқаусызда және спортпен шұғылдану барысында бас сүйегін зақымдау себептері 6,9¿ дәрежеде, көшеде құлап басын жару және белгісіз себептермен жарақаттану 4,7¿ болғандығы белгілі болды. Барлық науқастар алғашқы клиникаға түскен мезеттен бастап жансақтау бөліміне ауыстырырылып, белгіленген стандарт аясында жоғарғы медициналық көмек түрлерін алды.
Зерттеу мақсаты: Мидың қан айналысы бұзылуы кезіндегіалғашқы 72 сағат арасында жасалынған трахеостомиялық түтік арқылы дем алдырудың артықшылығы мен ерекшелін бағалау.
Зерттеу материалдары мен әдістері
Алматы қаласындағы анестезиология және реанимация бөлімшесіне 2014-2015 жылдар арасында ауыр халде түсіп, бас сүйегінің жарақаттануы себебінен қанайналу жүйесі қызметінің бұзылуы есебінен тыныс алуы нашарлап, ұзақ уақыт бойында жасанды апппараттың көмегімен тыныс алуға мәжбүр болған 136 науқастың ауру тарихы зерттелді. Бұл науқастардың барлығы жасына, жынысына, ауру түрлеріне байланысты сарапталды (кесте 1).
Жасы |
Ер адамдар |
Әйел адамдар |
Барлығы |
|||
Кол-во |
% |
Кол-во |
% |
Кол-во |
% |
|
20- 35 |
15 |
17,4 |
5 |
10 |
20 |
14,8 |
36 - 50 |
26 |
30,3 |
12 |
24 |
38 |
27,9 |
51- 65 |
20 |
23,3 |
16 |
32 |
36 |
26,5 |
66 -80 |
25 |
29,0 |
17 |
34 |
42 |
30,8 |
Барлығы |
86 |
100 |
50 |
100 |
136 |
100 |
Кесте 1 - Зерттеумен қамтылған науқастарды топтық ерекшеліктеріне байланысты ықшамдау қорытындысы
Сонымен қатар, жасанды аппаратпен дем алып жатқан мерзіміне байланысты топтастырылып, арнайы науқастарға қойылған трахеостомиялық түтікшенің қойылу құрастырылған кестеге қондырылды (кесте 2).
2 тәулік |
3 тәулік |
4 тәулік |
5 тәулік |
Барлығы |
|
Бас сүйекжарақаты |
3 |
23 |
29 |
7 |
62 |
Ишемиялық және геморрагиялық АД |
5 |
14 |
15 |
6 |
40 |
Мидың экзогендік улануы |
2 |
8 |
11 |
5 |
26 |
Мидың бактериальдық және вирустық қабынуы |
- |
4 |
4 |
- |
8 |
Барлығы |
10 |
49 |
59 |
18 |
136 |
Кесте 2- Науқастарды трахеостомиялық түтікшенің қойылу мерзімі байланысты топтастыру нәтижесі
Барлық қойылған трахеостомиялық түтікше қойылу уақытына байланысты 72 сағатқа дейінгі және 72 сағаттан соңғы болып екі топқа жіктестірілді. Нәтижесінде алғашқы топтағы (72 сағатқа дейін) өкпенің жасанды тыныстануымен байланысты болатын қабынуы (вентилятор- ассоциированная пневмония) екінші топ көрсеткішімен (72 сағатқа кейін) салыстырғанда 2,1 шамаға дейін сирек кездесетіні тіркелінді (кесте 3).
Кесте 3 - Зерттеу топтарындағы жасанды тыныс алумен байланыстағы асқынуларды салыстыру (¿)
Асқынулар |
1 топ |
2 топ |
||
Саны |
% |
Саны |
% |
|
Өкпенің жасанды тыныстануымен байланысты болатын қабынуы |
12 |
13,0 |
26 |
28,2 |
Іріңді эндобронхит |
8 |
8,7 |
18 |
19,5 |
Ересектердің дистресс-респираторлық синдромы |
2 |
2,8 |
8 |
8,7 |
Ауыз көмекей қуысының іріңді асқынулары (стоматит, глоссит т.б.) |
2 |
2,8 |
16 |
17,3 |
Барлығы |
24 |
26,3 |
68 |
73,7 |
Дәлірек айтқанда, екінші топтағы өкпенің жасанды тыныстануымен байланысты болатын қабынуы көрсеткіші (28,2¿) бірінші топ көрсеткімен салытырғанда (13¿) 2,1 есеге, осы топтағы іріңді бронхит көрсеткіші (19,5¿) бірінші топ көрсеткішімен (8,7¿) салыстырғанда 2,2 есеге, екінші топтағы ересектердің дистресс-респираторлық синдромы (8,7¿) бірінші топпен салыстырғанда (2,8¿) 3,1 есеге, екінші топтағы ауыз көмекей қуысының іріңді асқынулары (17,3¿) бірінші топпен (2,8¿) салыстырғанда 6,1 есеге артық болғандығы тіркелінді.
Жалпы зерттеумен қамтылған 136 науқастың 92-де жоғарыда келтірілген асқынулар тіркелді. Жасанды тыныс алумен байланысты пайда болатын асқынулардың 1 топта, яғни трахеостомиялық түтікшенің 72 сағатқа дейінгі қойылған тобында 26,3¿ болды. Ал, екінші топта жалпы асқынулар көрсеткіші 73,7¿ шамасында анықталды.
Яғни, бірінші топтағы, дәлірек айтқанда трахеостомиялық түтікшенің 72 сағатқа дейінгі қойылған тобындағы жалпы асқынулар көрсеткіші, екінші топтағы асқынулар көрсеткішінен 2,8 есеге аз болғандығы белгілі болды (сурет 2).
Салыстыру топтарындағы өлім-жітім көрсеткіштерін салыстыру нәтижесі де алдынғы зерттеулерге ұқсас бірінші топтағы шетінеген науқастар санының (15 науқас) екінші топ санымен салыстырғанда (48 науқас) 3,2 есеге аз кездескенін немесе барлық қайтыс болған науқастардың 23,8¿ бірінші топта, 76,2¿ екінші топта орын алғандығын көрсетті (сурет 2).
Қорытындылай келгенде, жүргізілген зерттеулердің негізінде мидың қан айналысының бұзылуымен байланысты ауыр халде анестезиология және реаниматология бөлімшесіне түскен науқастарды жасанды жолмен тыныс алдыру барысында трахеостомиялық түтікшені алғашқы 72 сағатта салу науқастың өкпе-тыныс жолдарындағы асқынулардың анағұрлым аз кездесуіне ықпал жасайтыны және ертерек қойылған трахеостомиялық түтікшенің науқастар арасындағы өлім-жітім көрсеткішінің де белсенді төмендеуіне жағдай жасайтыны дәлелденді.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Танбаева Г.З., Искакова Ф.Е. Применение новых организационных методов наблюдения и оздоровления больных, перенесших ОНМК // Материалы тр. научно-практической конференции «Метаболический синдром: состояние, проблемы, пути решения». – Алматы, 2010. - С. 59-61.
- Суслина З.А. Ишемические нарушения мозгового кровообращения: дис. ... д-р. мед. наук. - М., 1990. – 188 с.
- Виленский В.С. Инсульт: профилактика, диагностика и лечение. – СПб.: Питер, 1999. – 483 с.