Қазіргі таңдағы медицинаның басты мәселелерінің бірі – өт тас (ӨТА) ауруы. Ересек адамдар арасында 10-15% осы сырқатпен ауырады. Жыл сайын Қазақстанда көптеген жаңа түрлері тіркелуде. Емдеу барысында қиындық тудыратын осы сырқаттың асқынған түрлері, мысалы: жедел калькулезды холецистит, холангиолитиаз, стеноз, холангиттер, 12 елі ішек үлкен емізігінің және холедохтың терминальды бөлігінің стриктуралары. ҚР жалпы статистикалық мәліметтер бойынша бұл сырқат 35- 50 жас аралығында, әсіресе әйел адамдарда (64%) жиі ерлермен (36%) салыстырғанда кездеседі.
Тақырыптың өзектілігі
Елімізде 1990 жылға дейін ӨТА-ын емдеуде жалғыз ғана радикальды әдіс ашық холецистэктомия болған. Өт жолдарына ашық операциядан кейінгі асқынулар саны 3,7%-37,3%-ғадейін ауытқыды. Операциялық жарақаттың көлеміне байланысты мынадай асқынулар дамыған: іріңдеу, эвентрация, қан кету, операциядан кейінгі жарықтар және т.б. Емдеудің ұзақтығы, операциядан кейінгі асқынулардың жоғарғы саны және өлім жағдайын азайту мақсатында жаңа оперативті ем әдісін табуға, науқастарға радикальды және қауіпсіз түрде үйлесетін шараларды ойлап табуға негіз болды. Бұндай әдіс табылды. 1986 жылы Nezth C. және 1987 жылы Mouret ашық холецистэктомияның орнын басатын және барлық елдің хирургтарының көңілі ауатын лапароскопиялық холецистэктомияны (ЛХЭ) орындады.
Лапароскопиялық холецистэктомияның жылдам таралуы радикальды операцияның кіші жарақаттануымен ұласатын, науқасқа жоғары қауіпсіздікпен және қысқа мерзімді сауықтырумен ұғындырылады. (Gadacz Т.Н. с соавт., 1991, Olsen D. O. с соавт., 1991, Cotton Р.В. с соавт., 1991, Wolf B.M. с соавт., 1991, Мюге Е., 1991, Галлингер Ю.И. с соавт., 1991, Bohndorf K. с соавт., 1992, Keiier K. с соавт., 1992, , Dubois F.с соавт., 1992, Брукс Давид С., 1993, Lee V.S. с соавт., 1993, Федоров И.В. с соавт., 1998, Хомутов К.Г., 1999).
Лапароскопиялық холецистэктомия дәстүрлік холецистэктомиядан анық техникалық басымдылығымен ерекшелінеді:оперативті кірісу аймағын жақсы көрсетеді, әсіресе толық және гиперстеник науқастардың өт қабының терең орналасуында; құрсақ қуысы ағзаларының қосалқы ауруларын табу және алдыңғы құрсақ қабырғасын қосымша тілмей симультандық операцияларды орындау қажет етеді. (KeiierA. с соавт., 1992, Галлингер Ю.И. с соавт., 1992, BartschD. с соавт., 1993, Баранов Г.А., 1996, Луцевич О.Э. с соавт., 1996, Борисов А.Е. с соавт., 1998). Караганды қаласының проф. Лохвицкий С.В. ж.т.б., Калиш Ю.И., Ахметов Л.З. т.б. 2015ж. Алматыдаөткен ҚР хирургтерініңИконгресінде 108 жасалғансимультандық операцияларының қортындысында бұл операцияға көрсеткіштерді кеңейтуді ұсынды. Өттасауруы30 - 40 жасаралығындажиіәйеладамдардакездесуінескереотырып, кірісудіңкосметикалықэффектісіайтарлықтаймәнізор.
ЛХЭкөрсеткіштері ашық холецистэктомия көрсеткіштерінен ерекшелінбейді. (VoylesC.R. с соавт., 1997, Борисов А.Е. с соавт.,1998, Федоров И.В. с соавт., 1998, Галлингер Ю.И. с соавт., 1992, 2004, Гостищев В.К. с соавт., 2004).Лапароскопиялық холецистэктомияға қарсы көрсеткіштер әдістің енуіне байланысты өзгере бастады.
Зерттеудің мақсаты.
- ӨТА кезінде лапароскопиялық және ашық холецистэктомия аралығындағы сандық арақатынасты бақылау.
- ӨТА кезінде лапароскопиялық және ашық холецистэктомия
- аралығындағы сандық арақатынастын негіздеу.
- Лапароскопиялық холецистэктомия кезіндегі асқынулар себебін айқындау, интраоперациялық және операциядан кейінгі асқынулардын алдын алу шараларын қарастыру.
- Конверсияға көрсеткіштерді негіздеу.
Лапароскопиялық холецистэктомияның әдістемесі.
Қазіргі таңда лапароскопиялық холецистэктомияның екі түрлі әдісі - «француздық» және «американдық» түрлері қолданылады. Негізгі әдістерден және бір-бірінен ерекшелінетін көптеген нұсқаулар жетілдіруде.
2012-2015 ж.ж. аралығында біздің клиникаға өт тас ауруымен түскен ауру тарихтарын сараптау бойынша: жасалды - 672 ота, оның ішінде 184 – ЛХЭ (олардың ішінде 14 конверсия). Отадан кейін асқынулар 2 – өт ағу, 2- қан кету, 2- іріңдеу, 1- псевдорехолецист.
Лапароскопиялық холецистэктомия 2015- 2015 жылдың аралығында 672 науқас осы әдіспен емделген.2012-142(73,7%); 2013-152(94,7%); 2014- 168(98%).2015-210(99,5%).
Лапароскопиялық холецистэктомия операциясын жасау барысында, ашық холецистэктомияға көшуге тура келеді. Себебі, лапароскоппен ену кезінде кейбір қиындықтар туады, соның ішінде құрсақ қуысының жабысқақтық және айқын қабыну үдерістері, өт қабы артериясы,оның өзегінің және холедохтың кейбір аномалиялары, мириззи синдромы, интраоперациялық асқынулар, т.б.
Зерттеу әдістері. Жалпы хирургиялық көрсеткіштер бойынша науқастарға өт жолдарына жасалынатын операциялар алдында кешенді клиникалық және лабораториялық зерттеулер жүргізілді. Өт қабы мен өт
жолдары өзектерінің патологиялық түрлерін анықтау үшін диагностиканың сәулелік әдістер нәтижелері негізгі мәнін алады.
УДЗ - өт қабы өлшемдерінің өзгеруін бағалау (ұлғаюы, тыртықтық бүрісуі), оның орналасуы (түбі бауыр жиегінен шығып тұрады, бар жиегіне сәйкес, бауыр ішінде) жуандығы және қабырғасының жағдайы;өт қабы қуысы ішіндегісінің түрлері, қап қуысындағы конкременттердің орналасуы және олардың қозғалып жылжуы, бауырдан тыс өт өзектерінің жағдайы, өт қабын қоршаған тіндердің өзгеруі, өт қабы мойыны аймағында инфильтративті өзгерістің болуы немесе болмауы, қап айналасының инфильтраты және сұйықтықты түзілістің бар болуы немесе болмауын анықтайды.
Өт өзектері ауруларының түрлерін анықтау үшін зерттеудің контрастты әдістерін қолдандық, оның ішінде 80 науқасқа (ЭРХПГ, фистулография, интраоперациялық холангиография) және компьютерлік томография, магнитті- резонансты томография - 26 науқасқа жасалды.
Зерттеудің нәтижелері және оларды талдау. Науқастардың физикалық зерттеу нәтижелері науқастардың жалпы жағдайын бағалауға мүмкіндік береді. Жалпы қарауда дене бітімінің түріне, іш терісінің жағдайына, құрсақ қабырғасында операциядан кейінгі тыртықтар мен жарықтарға, терінің қабыну белгілеріне, хирургиялық стомалардың болуына көңіл бөлінді.
Лапароскопиялық және лапаротомиялық холецистэктомияның салыстырмалы диаграммасы
Зерттеу нәтижелерінен науқастардың операциядан кейінгі тыртық, жоғары ортаңғы лапаротомиядан кейін, тыртықтардың болуы - құрсақ қуысында жабысқақ процесінің болуын және қуысты ағзалардың құрсақ қабырғасымен бірге жабысуын көрсетеді. Науқаста алдыңғы құрсақ қабырғасында жарықтар табылды. ЭРХПГ нәтижелерінен 100%-дай жағдай алынды. Қазіргі таңда үлкен стационарларда бұл зерттеу әдісі өте қолайлы. Бұл әдістің кемшілігі 100¿-дай болмайды, себебі ұйқы безі жағынан асқынулар дамуы, кейбіреуі эпигастрий аймағының ауыруына шағымданады.
Қортынды: 2012-2015 ж.ж. аралығында клиникаға өт тас ауруымен түскен ауру тарихтарын сараптау бойынша: жасалды - 672 ота, оның ішінде 184 - ЛХЭ (олардың ішінде 14 конверсия). Отадан кейін асқынулар 2 - өт ағу, 2- қан кету, 2- іріңдеу, 1- псевдорехолецист.
ҚЖМЖА мұрағаты. Хирургия бөлімшесінің науқастардың сырқатнамасы бойынша (2012 - 2015 ж.ж.) 3 жылда жалпы672 науқас осы әдіспен емделген. Яғни, 89%-ға тең. 2012 -142(73%);2013-152(94%);2014 -168(98%); 2015 210(99%).
Бұл жылдары 184 науқастарға лапароскопиялық холецистэктомия жасалған болса, оның ішінде 14 науқасқа (конверсия) ашық холецистэктомияға ауысуға тура келген. 2012- 3(0,75%); 2013- 2(0,5%); 2014-3(0,75%); 2015- 6(1,5%). Яғни ЛХЭ операциясы қазақстанда кең өріс алуының белгісі болып табылады. Бұл аурудың алдын алу шараларын қарқынды жүргізе отырып асқынулар мен ауырлық дәрежелері әлде қайда төмендеген. Алайда, түрлі көріністегі ауырлықтар да кездескенін айта кеткен жөн. Болашақта өт
тас ауруының алдын алу шаралары мен лапароскопиялық шешімін табу қиындыққа соқпайды. оперативті әдісті жоғарғы дәрежеде қамтыса, бұл аурудың
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- П.В. Гарелик, К.Н. Жандаров, Г.Г. Мармыш, М.В. Данилов. “Эндоскопическая хирургия желчнокаменной болезни”, М.: 2010. - 51 с.
- Сапарова Қ.Ғ. “Госпитальдық хирургия”- Алматы.: Дәуір, 2010. - 800с
- Мадьяров В.М. “Асқазан-ішек жолдарының аурулары». - Алматы: 2010. - C. 45-49
- Савельев В.С. “Руководство по неотложной хирургии”. - М: 2008. - C. 29-42
- Токин А.Н., Чистяков А.А., Мамалыгина Л.А. Первый опыт лапароскопической холецистэктомии. /Лапароскопическая хирургия. - М.: Медбизнессервис, 1994. - С. 30-32.
- ҚР хирургтерінің және халықаралық «Хирургиядағы инновация» бірлескен 2015 ж. өткен VI когресінің А.Н. Сызғанов атындағы ҰҒЗХО №1// «Вестник хирургии Казахстана». - №1. - 2015. - 246 с.