Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Алматы қаласының ауалық ортаның автокөліктік ластануын және тұрғындар денсаулығын гигиеналық бағалау

Мақалада алматы қаласының ауалық ортаның автокөліктік ластануын және тұрғындар денсаулығын гигиеналық бағалау нәтижелері көрсетілген. Қаланың әуа бассейні ластаушылармен қарқынды ластануда, осыған байланысты қала тұрғындары үшін үлкен қауіптілік тудыруда

Қаланың аурушаңдылық деңгейі ҚР салыстырғанда жоғары, әсіресе балалар арасында ( 1,7 есе). Оның құрылымында басым түскен аурулар тыныс жолдарының, зәр шығару жүйелерінің, асқорыту мүшелерінің, сүйек бұлшық ет жүйелерінің, жүйке жүйесінің аурулары болды.

Өзектілігі. Қазіргі қалаларда урбанизациялық үрдіс қарқынды даму үстінде, осының барлығы адамның денсаулығы мен тіршілік ортасына жоғары антропогендік жүктемінің пайда болуына әкеп соғып отыр. Бұндай жағдайларда қоршаған ортаның сапасы мен тұрғындар денсаулықтарының жағдайы арасында сандық байланыстарды орнату қиын болып табылады [1].

Қазақстан Республикасында ең ірі мегаполис Алматы қаласы болып табылады. 01.01.2015ж. тұрғындардың жалпы саны 1548,4 мың. адамды құрады. Бұл 01.01.2014 жылмен салыстырғанда 2,64% есеге жоғары екендігін көрсетіп отыр. Белгілі болғанындай қала қолайсыз метеорологиялық жағдайда болғанымен де ауа бассейініне зиянды тастамалардың көлемінің азайғандығына қарамастан қалада экологиялық жағдай жақсарар емес. Бұның өзін автокөліктің қосар үлесінің жоғарылағандығымен байланыстыруға болады [1, 2].

Осыған қарамастан, қаладағы орын алған медико- экологиялық мәселелер жеткілікті қарастарылмаған. Тек атмосфералық ауаның сапасымен байланысты туындаған аурулардың жекелеген топтары мен иммундық жеткіліксіздік бойынша зерттеу жұмыстары ғана бар [3-6].

Мақсаты. Алматы қаласындағы атмосфералық ауаның автокөліктік ластануына және оның оның тұрғындар денсаулығына әсерін гигиеналық бағалау.

Зерттеу әдістері мен көлемі Атмосфералық ауаның сапасы 2009-2013 жылдар аралығы бойынша 5 жыл көлемін ала отырып, «Қазгидромет» мәліметтері бойынша бағаланды. Нормативтік шама ретінде ШРЕК пен ауадағы ласаушы заттар концентрацияларының референттік мөлшері алынды. Тұрғындардың біріншілік аурушаңдылығы есеп беру барысындағы статистикалық мәліметтері бойынша зерттелінді.

Әдістері. Қауіп-қатерді бағалау әдістемесі, санитарлық- статистикалық әдіс.

Біздің тарапымыздан Қазгидромет мәліметтері бойынша 2009-2013 жылдардағы қаланың атмосфералық ауасының ластануы жөніндегі ретроспективтік ортажылдық мәліметтері талданды.

ДДСҰ ұсыныстарына сәйкес қауіп қатерді бағалау басым ластаушылар бойынша жүргізілді. Басым ластаушылардың арасында мөлшері 10 және 2,5 микроннан кем емес қалқыған заттар болды. Олар TSP қайта түрленуі бойынша >РМ10>РМ2,5 есептеу әдісі арқылы анықталынды. Қайта есептеу үшін түрлену көрсеткіштері қолданылды.

Канцерогенді емес әсердің даму қаупін сипаттау қауіптілік көрсеткіші мен қауіптілік индексін есептеу негізінде жүргізілді. Қауіптіліктің көрсеткші мен индексінің есебі Ресей нұқсаулығына Р2.1.10.1920-04. сәйкес жүргізіліп отырды.

Тұрғындардың аурушаңдылығы денсаулық сақтау жүйесінің ақпараттық жүйелерінің мәліметтері бойынша зерттелінді (12-нші қалып, жылдық) және сондай ақ 2009-2013 жылдар кезеңіндегі ҚР ДМ жыл сайынғы ресми статистикалық жинақтарының мәліметтері бойынша зерттелінді. Корреляциялық талдау Пирсон (r) жұп корелляция әдісі арқылы жүргізілді, яғни, бұндағы айырмашалықтары (p) жеткілікті түрде анықталынып отырды.

Нәтижелері. Алматы қаласының ауа сапасын бағалау 20092013 жылдар кезеңдері аралығында адам үшін қауіптірек болып табылатын, басым әсер көрсететін заттардың РМ10 және РМ2,5, NO2 және SO2 орта жылдық мөлшеріне зерттеу жүргізілді.

Зерттелінетін заттардың концентрациялары күкірттің қос тотығынан басқасы нормативтен жоғары деңгейде болды.

Біздің тарапымыздан (HQ) көрсеткіші бойынша канцерогенді емес әсер және (HI) қауіптілік индексі бойынша канцерогенді емес әсерлер анықталынды.

Атмосфералық ауаның басым ластаушыларының қауіптілік көрсеткішін есептеу нәтижелері көрсеткеніндей HQ (HQ≤1,0) 2009-2013 жылдар аралығында 1,5 - 3,53 дейінгі аралықтағы мөлшерді, яғни шекті деңгейден асатындығын көрсетті. Тыныс алу жолдарына басым әсер көрсететін химиялық қосылыстардың үйлескен әсерлерінің қауіптілік индексі шекті деңгейден асып отыр. (Яғни, 7,08 - 9,01аралығында), Осыған байланысты, Алматы қаласының тұрғындар денсаулығының канцерогенді емес қауіптілігінің даму мүмкіндігі жоғары екендігі анықталынды [7-9].

Алматы қаласының біріншілік аурушаңдылығы 2009-2013 жылдар аралығында оның деңгейінің 14,1%, екендігін, яғни 84461,3 À - 72527,8 À дейінгіні көрсетіп отыр. Дәл осындай көрсеткіш Қазақстан Республикасы бойынша да байқалуда.

Қала тұрғындарының біріншілік ауру деңгейі Республикаға қарағанда 15-16% жоғары екендігі байқалады. Қаладағы балалар аурушаңдылығы бүкіл Республика бойынша аурушаңдылық деңгейімен салыстырғанда 1,7 есе жоғары екендігі анықталды.

2013 жылы тұрғындар аурушаңдылығының негізгі себебі барлық аурулардан алып қарағанда (29412,1À), тыныс жолдарының аурулары басымырақ болды – 40,6%, басқа аурулармен салыстырғанда(4320,2 À) қан айналым жүйелерінің аурулары – 6,0%, басқа аурулармен салыстырғанда (2932,4 À) көз және қосалқы мүшелерінің аурулары – 4,0%, басқа аурулармен салыстырғанда (2773,0À) тері және тері асты жасушаларының аурулары – 3,8%, басқа аурулармен салыстырғанда (2622,9À) қан мен қан жасаушы мүшелерінің аурулары, иммундық жүйелерінің бұзылыстары – 3,6%. 5 сыныптық мәліметтерге барлық аурулардың 58,0% алды (сурет 1).

Автокөліктердің жүру қарқындылығы бойынша біз 2 ауданды алдық, яғни олар бақылау және тәжірибелік аудандар болды. Бақылау ауданында тыныс жолдарының, зәр шығару жүйелерінің, асқорыту мүшелерінің, сүйек бұлшық ет жүйелерінің аурулары, сондай ақ әртүрлі жарақаттар мен уланулар ең басым түскен аурулар болып табылды.

Тәжірибелік ауданда жетекші болып, тыныс алу, қан, асқорыту, қан айналым және жүйке жүйлеренің аурулары болды.

Балалар арасында аурушаңдылық деңгейі тәжірибелік ауданда 2013 жылы (1000 балаға шаққанда 1434,8 жағдай) бақылау мәнінен алып қарағанда жоғары болып табылды.(1375,8À). Балаларда тыныс алу жолдарының, қан, асқорыту мүшелерінің, тері және тері асты жасушаларының, жүйке жүйесінің аурулары көбірек кездеседі.

Жүйке жүйе және қан айналым жүйесінің аурулары әдебиеттердегі мәлиметтері бойынша көбінесе қаладағы автотранспорттық шу жүктемесімен байланысты [10-12].

Біздің тарапымыздан Алматы қаласының ауасында тікелей жұп коррелляциялық байланыстың жоғары көрсеткіші анықталынды. Қалқыған заттар мен тыныс алу жолдарының аурулары арасында (r=0,944-0,945, p=0,049), тері мен тері асты жасушаларының аурулары (r=0,840, p=0,23); SO2

концентрациялары мен қан айналым жүйелерінің аурулары арасында (r=0,841, p=0,132), қан мен қан жасаушы

мүшелердің аурулары (r=0,972, p=0,025); NO2

 

концентрациялары мен қан жасаушы мүшелердің аурулары арасында (r=0,721, p=0,215) екендігі анықталды.

Алынған мәліметтердің талдау нәтижелері келесі қорытындыларды шығаруға мүмкіндік берді:

  1. Алматы қаласының тұрғындарына аэрогенді жүктемені анықтайтын жүктеме азоттың қос тотығының РМ10 и РМ2,5, қалқыған заттары болып табылады.
  2. Қаланың әуа бассейні ластаушылармен қарқынды ластануда, осыған байланысты қала тұрғындары үшін үлкен қауіптілік тудыруда, бұны НQ = 3,53, көрсеткіші мен HI = 9,01 индексі дәлелдеп отыр.
  3. Қаланың аурушаңдылық деңгейі ҚР салыстырғанда жоғары, әсіресе балалар арасында ( 1,7 есе). Оның құрылымында басым түскен аурулар тыныс жолдарының, зәр шығару жүйелерінің, асқорыту мүшелерінің, сүйек бұлшық ет жүйелерінің, жүйке жүйесінің аурулары болды.
  4. Ауа бассейініндегі қалқыған заттар мен тыныс алу аурулары, тері және тері асты жасушаларының ауруларының арасында между концентрациями SO2 концентрациясы мен қан айналым жүйелерінің аурулары арасында, SO2 және NO2 және қан аурулары арасында тікелей жоғары коррелляциялық байланыс жоғары екендігі анықталды.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Акоев Ю.С., Балаболкин И.И., Бржезовский М.М. и др. Экология и здоровье детей. – М.: Медицина, 1998. - 384 с.
  2. Неменко Б.А., Уважанова А.С. Накопление тяжелых металлов в волосах дошкольников в условиях крупного города // «Современные проблемы экологии человека в Республике Казахстан». /Матер. междун. конф. – Алматы: 1995. - С.138-140.
  3. Бейсембаева У.Т., Сайлауова К.С., Есенгараева З.Б. Динамика распространенности атопического дерматита. Здоровье семьи – ХХI век. Материалы ХVI Международной научной конференции, 27 апреля – 4 мая 2012, Венгрия: в 2 частях / под ред. А.Я. Перевалова; Перм. гос. мед. академия; Урал. регион. центр питания. – Ч. 1. – Пермь: ИПК «От и ДО», 2012. - С.39-42.
  4. Лучанинова В.Н. Комплексная оценка состояния здоровья детей на фоне техногенной нагрузки // Российский педиатрический журнал, 2004. - №1. - С.29-33.
  5. Brown, K. Effect of zinc supplementation on childrens growth: a meta-analysis of intervention trials /K. Brown, J. Peerson, L. Allen //Bibl. Nutr. Diet. – 1998. – 54. – Р. 76-83.
  6. Онищенко Г.Г., Новиков С.М., Рахманин Ю.А., Авалиани С.Л., Буштуева К.А. Основы оценки риска для здоровья при воздействии химических веществ, загрязняющих окружающую среду. - М.: Медицина, 2002. - 408 с.
  7. «Руководство по оценке риска для здоровья населения при воздействии химических веществ, загрязняющих окружающую среду», Р2.1.10.1920-04. - М.: Медиа-Пресс, 2004. - 116 с.
  8. Кенесариев У.И., Бекшин Ж.М., Досмухаметов А.Т., Амрин М.К., Ержанова А.Е. Риск развития неканцерогенных эффектов в зависимости от уровня загрязнения воздушного бассейна городов Республики Казахстан пылевыми частицами РМ10 и РМ2,5. Материалы XI Всероссийского съезда гигиенистов и санитарных врачей: Том 1. – Под редакцией академика РАМН профессора Г.Г.Онищенко. М. - Ярославль: Изд-во «Канцлер», 2012. - С. 326-328.
  9. Кенесариев У.И., Досмухаметов А.Т., Амрин М.К., Ержанова А.Е. Оценка риска развития смертности в городах Казахстана от загрязнения атмосферного воздуха взвешенными частицами РМ2,s. Здоровье семьи - ХХІ век. /Материалы XVI Международной научной конференции. 27 апреля - 04 мая 2012 года. Венгрия: в 2 частях / под ред. А.Я. Перевалова; Перм. гос. мед. академия; Урал. регион. центр питания. - Ч. 1. - Пермь: ИПК «ОТ и ДО», 2012. - С.146-148.
  10. Самодурова Н.Ю. Гигиеническая оценка риска здоровью населения при воздействии приоритетных физических факторов окружающей среды. Автореферат дисс…, к.м.н.: 14.02.01 - Гигиена. - М., 2012. - 189 с.
  11. Самодурова Н.Ю. Фактор риска развития болезней детского населения г.Воронежа в условиях акустического дискомфорта. // Вестник ВГУ. Серия. Химия. Фармация. Биология, 2012. - №1. - С. 140-142.
  • Жыл: 2015
  • Қала: Алматы
  • Категория: Медицина

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.