Мақсары (Carthamus tinctorius L.) кең қолданысқа ие дәрілік өсімдік болып табылады. Мақсарының сығындылары және майлары экстрактілері дәрілік қалып жасау өндірісінде кең сұранысқа ие. Халық медицинасында С.tinctoriusiш өткізетін, ауруды басатын зат ретінде қолданылады. С. tinctorius антиоксидантнық, қабынуға қарсы, ауруды басатын және диабетке қарсы әсері бар. Әдеби шолудың негізінде алынған мәліметтер бойыншаС.tinctoriusөсiмдiгiне ботаникалық, химиялықжәне фармакологиялық қасиеттене жалпы мағлұмат келтiрiлен.
Өзектілігі.Қазақстан Республикасының фармацевтика саласын дамыту мақсатында сапасы жоғары, эффективті, қауіпсіз, бәсекелестікке қабілетті дәрілік қалыптарды шығару және халықты отандық өніммен қамтамасыз ету басты міндеттердің бірі бөлып табылады. Соның ішінде дәрілік өсімдік шикізатын қолдана отырып, фитопрепараттар жасау фармацевтика өндірісінің дамуына ықпал жасайды. Осы мақсатта Қазақстан Республикасында көптеген бағдарламалар жүзеге асырылуда. Атап айтсақ сол бағдарламаның негізі болып саналатын ұзақ мерзімді «Қазақстан-2050» Стратегиясын, ҚР-ның 2020 жылға дейінгі «Экономиканы әртараптандыруды жеделдету»
Стратегиялық даму жоспарын, Қазақстанның дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіру Концепциясын, ҚР Президентінің «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауын жүзеге асыруға және ел экономикасын нығайтуға бағытталған фармацевтика саласының ҚР экономикасындағы алатын орнын ескере отырып, отандық дәрілік қалыптарды жасау және сауда айналымына жіберу, халықты толығымен отандық өніммен қамтамасыз ету өзекті мәселенің бірі.
Заманауи әлемде медицина ғылымының дамуына байланысты фармацевтикалық индустрияның ролі өсті, жаңа дәрілік шөптерді іздеуге және олардың негізінде қауіпсіз және тиімді препараттардың жасалуына қызығушылық артты. Осыған байланысты, біз ең үлкен қос жарнақты тұқымдас өсімдіктерінің бірі - Астра тұқымдас (Asteráceae) өсімдікке көңілімізді бөлеміз, онда 27 773 өсімдіктің түрлері бар, 1765 тегіне біріккен, барлық жер шарына жайылған және климаттық аймақтарда ұсынылған. Қазіргі кезде мақсары майлы дақыл ретінде Үндістанда, Қытайда, АҚШ, Австралия, Ауғанстан, Иран, Африка, Ирак және ТМД мемлекеттерінде өсіреді. Гүлдері сары немесе қызғылт-сары түтік тәрізді. Тұқымы пісіп-жетілген кезде жерге төгілмейді. Мақсары тұқымынан 25-35%, дәнінен 4660% май, гүлінен бояу алынады. Мақсарыдан алынатын май сапасы жағынан күнбағыс майынан кем емес. Тамаққа және маргарин жасау үшін қолданылады. Ауыл шаруашылығында тыңайтқыш және отын ретінде де қолдануға болады.
Жұмыстың мақсаты. Мақсары өсімдігіне (Carthamus tinctorius) әдеби шолу жасау жәнеАлматы облысында өсірілген Қазақстандық мақсарының«Ақ Май» түрінің жер үсті бөлігіне фитохимиялық,химиялық құрамын анықтау. Мақсары өндіруден Қазақстан 2000 жылдан бастап әлемдік алдыңғы қатарлы бес елдің құрамына кіреді, ал 2010 жылы 122,24 мың тонна астықпен Үндістаннан кейін екінші орынды алады. Бұл елдерден басқа мақсары өсімдігін Қытай, Өзбекстан, Украина, Австралия, АҚШ, Мексика, Аргентина, Эфиопия, Танзанияда өсіреді. Мақсары ОҚО, Жамбыл және Алматы облыстарында кең көлемде өсірілуде және қазіргі уақытта егін алқабының аумағы 294 мың. га.
Суретте көрініп тұрғандай мақсары өсімдігін өндіру бойынша бірінші орында ОҚО, екінші орында Жамбыл облысы, ал үшінші орында Алматы облысының еншісіне тиесілі.
Мақсары (Carthamus tinctorius L.) күрделігүлділер тұқымдас өсімдіктерге (Compositae) жатады. Мақсары өзіне тән морфологиялық белгілері бар: қатты, тік тұратын, жалаңаш және бұтақты, сортына және өсу жағдайына байланысты 100 см-ден жоғары сабақты өсімдік. Жапырақтары бұдырлы, ұзынша ланцет түрлі немесе эллипсті, шеттері өркешті, тікенекпен аяқталатын, бірақ тікенексіз де формалары бар екенін еске салуымыз керек. Мақсары жапырағының түсі ашық жасылдан қою жасылға дейін болады. Гүлдері ұсақ, түтік тәрізді, сары немесе қызғылт сары . Гүлдің тәжі бес бөлікті, аналығы дөңгеленген, тозаңдық мойынына берік бекітілген. Мақсарыға сопақ формалы жатын түйін және ұзын аналық мойын тән. Гүл тәжісінің бояуы ақтан қызылға дейінгі диапазонда орналасқан. Мақсары гүлшоғыры көпгүлді, көптұқымды кәрзеңкелердің формасы — конус тәрізді, купол тәрізді немесе жалпақ. Гүлді кәрзеңкенің диаметрі 1,5-4 см-ге дейін, ал дарақтың кәрзеңкелер саны, сорттық тиістілігіне және өсіру жағдайына байланысты өзгереді және тәуелді болады (14-тен 60-қа дейін, орта есеппен 18). Кәрзеңкедегі тұқымдар саны 25-тен 60-қа дейін болады. Кәрзеңкенің орауышы қос, орауыштың сыртқы қабыршағы жапырақ формалы болады. Сортқа байланысты шеттерінде тікенектері бар, сонымен қатар тікенегі жоқ формалары да кездеседі. Жамылғы қабықшаның сипаттамасы орауыштың ішкі қабыршағына жатады, және ішкі жапырақтардың тығыз жақындауының көмегімен тұқымдардың шашылуы орын алмайды. Мақсары жемісі болып тұқым саналады. Тұқымдары ақ, жалаңаш, кері жұмыртқа тәрізді, жылтыр, төртқырлы, ұзынша. Тұқымның басы доғал, әдетте кекілсіз. Сонымен қатар тұқым жіңішке қабыршақты кекілмен болады. 1000 тұқым салмағы бойынша 400 г-ға сәйкес. Тұқымның жалпы салмағының 5060 ¿ пайызын қабықша құрайды. Өсімдік тамыр жүйесі өзекше тәрізді, жақсы дамыған. П. И. Подгорныйдың айтуы бойынша мақсары тұқымының құрылысы ұсақ жасушалы. Басты тамыр 15-20 см тереңдікте орналасады және жеткілікті бұтақталған, 1,5-2 м топырақ тереңдігінде жіңішкеленеді. Басты тамырдан көлденең бұтақтар отналасқан, 90°-ға жуық өзекшеге кетеді. Олар топырақтың үстінгі жағына жақын (3-5 см) орналасады [1-2].
Өсімдік шикізатының химиялық құрамы. Мақсары, осы өсімдіктің тұқымынан алынатын тағамдық майды өндіру үшін кеңінен өсіріледі. Онда көп мөлшерде Е дәрумені кездеседі, қанықпаған линолді қышқылы (70 ¿) және линоленді қышқыл (10 ¿) құрайды. Мақсары пигменттер (картамон) лигнандар, полисахаридтер, эфир майлары, майлы заттар (арахидон қышқыл, линолді қышқыл, линолендік қышқыл, пальмитиндік қышқыл, стеариндік қышқыл) [3]. Шеткі гүлдер картамин, изокартиамин, иокартамидин және бірнеше флавоноидтың құрамы белгілі:
- гидроксикемпферол-3-O-глюкозид, 6-гидроксикемпферол-
- O-глюкозид, кемпферол-3-O-рутинозид және кверцетин 3-
O-глюкозид кездеседі. Мақсарыдың картамині суда аз ериді және диэтилді эфирде мүлдем ерімейді, бірақ сол уақытта спирт пен сілтіде жеңіл ериді. Сонымен қатар өсімдікте осыған ұқсас түстер диапазонында кездеседі. Жалпы санағанда сегіз флаваноид кверцетин-7-O-(6"-O-ацетил)-ß- D-глюкуронозид және жеті белгілі флаваноид -- лютеолин, кверцетин, лютеолин-7-O-ß-D- глюкуронозид, лютеолин-7- O-(6"-O-ацетил)-ß-D-глюкуронозид, кверцетин-7-O-ß-D глюкуронозид, акацетин-7-O-ß-D-глюкуронид және апигенин-6-C-D-глюкуронозил-8-C-ß-D глюкуронозид, бұлар мақсары жапырақтарынан шығарылған да спектроскопиялық және химиялық зерттеулердің негізінде теңестіріліп сипатталған [4].
Мақсары майының қолданылуы. Әдебиеттерден олеинді қышқыл мен Е дәруменіне бай мақсары дәнінен суық сығу жолымен алынған мақсары майының теріні тыныштандыратын әсері белгілі. Мақсары майын сонымен қатар тамақ өнеркәсібінде қолданады. Гүлдерін жібекке сары-алқызыл түс беру үшін және кондитерлік өнеркәсібінде де қолданады. Мақсары майының басқа майлардан бірнеше айрмашылықтары бар. Олардың ішіндегі ең маңызыдысы жүрек-қантамыр аурулары мен семіздікті және жүйке ауруларын емдеу үшін қолданылатын линолен қышқылдың көптігі.
Әдебиетте берілген мәліметтерден мақсары гүлдері мен тұқымдары әлемдік фармацевтикалық практикада қолданылатыны белгілі. Сондай-ақ, шетелдерде мақсары (Carthamus tinctorius L.) құрғақ шикізаты мен тұқым майларынан жасалған тұнбалар, қайнатпалар қолданылады. ҚР фармацевтикалық өнеркәсібінде мақсары тек қана тамақ өндірісінде пайдаланылады. Дәрілік өсімдік құралы ретінде мақсары кепкен және жас гүлдері және тұқымдары қолданылатынын айту қажет. Қазіргі кезде мақсары майлы дақыл ретінде Үндістанда, Қытайда, АҚШ, Австралия, Ауғанстан, Иран, Африка, Ирак және ТМД мемлекеттерінде өсіреді. Тұқымынан өсірілген майы жоғарғы тағамдық қасиетімен ерекшелінеді, ал дәмі және түсі бойынша күнбағыс майынан кем түспейді. Оны маргарин даярлауда, ал оның күнжіт және жер жаңғағы майларымен қоспасынан жасанды сары май жасалынады.
ТМД мемлекеттерінде Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан республикаларында және Қазақстанның Оңтүстік өңірлерінде өсіріледі. Өзінің қуаншылыққа төзімділігіне байланысты, оңтүстік өңірлерде кеңінен өсіріле бастады. Мақсары экологиялық жағынан далалы және шөлейт аймақтарға бейімделген өсімдік. Жылу сүйгіш, вегетация кездерінде жылуға жоғары талаптар қояды. Егер жауын- шашын ұзақ мерзімде жауса, онда мақсары тұқымша түзбейді. Мақсары ұзақ пісетін дақыл болғандықтан оның фотопериодтық реакциясының маңызы зор.Гүлдеу үшін оған күннің ұзақтығы тәулігіне 12-14 сағаттан болып ал температура осы кездері 15-200С-тан төмен болмауы керек.Осы кездегі жарық мөлшерінің де маңызы зор, ол 1800-2000 люкстен кем соқпауы шарт.Ал Қазақстанның оңтүстік аймақтарында күн сәулесі әр уақытта жеткілікті болатыны белгілі. Бірнеше шетел фармакопеяларында мақсары өсімдігінің гүлдері мен жемістері туралы мақалалар бар (Еуропалық фармакопея VI баспа; Қытай фармакопеясы 2008; Британ Өсімдіктік Фармакопея 1991, 1996; Британ фармакопеясы 2008; Американ Өсімдіктік фармакопеясы 2008).
Косметологияда мақсары майының қолданылу ерекшелігі. Құрамында Е дәруменінің көптігіне байланысты, мақсары майы косметология индустриясында белсенді қоспа ретінде қартаюға қарсы заттардың, құрғақ теріге арналған жақпалардың және шашты күтуге арналған заттардың құрамына кіреді.Мақсары майы жасушаларды ылғалмен қанықтыратын таптырмас компоненті. Ол эпидермисті жұмсартып, нәрлендіреді, терінің майлы функцияларын жақсартады.
-Мақсары майы қалпына келтіретін және жараны жазатын қасиеті ие.
-Мақсары майы капиллярлардың жіңішкеруін алдын-алу және теріні тегістеу үшін қолданады. Өсімдік майын қолдану барысында тері майының бөлінуі қалпына келеді[5].
Қорытынды. Мақсары өсімдік шикізатының жалпы химиялық құрамы және биологиялық активті заттардың мөлшері анықталды. Зерттеу нәтижелері бойынша мақсары өсімдігінің құрамында Е, А дәрумендері және жоғарғы май қышқылдары, соның ішінде линол қышқылының көп мөлшерде екендігі белгілі болды. Әдеби шолу жүргізілді, қолдағы мәліметтер бойынша дәрілік өсімдікті болашақта косметологиялық заттарды жасауда қолдану ұйғарылды, себебі Е дәрумені теріні жұмсартуда, құрғатуға қарсы әсерге ие және Қазақстан Республикасында өсімдік шикізаттарынан косметологиялық құралдар жасау жоқтың қасы. Аталған дәрілік өсімдікке ботаникалық сипаттамасы жасалынды, өсу және мекендеу аймағы анықталды. Республикамызда оңтүстік өңірлерде, атап айтсақ Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстанда кеіңнен өсірілуде.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Медеубаев Р. М. Қоңырбеков М. Мақсары. - Шымкент: Кітап, 2010. - 9-25 б.
- Bae CS., Park CH., Cho HJ., Han HJ., Kang SS. Therapeutic effects of safflower (Carthamustinctorius L.) seed powder on osteoporosis // Korean J Electron Microscopy // Choi SH., et al. - 2002. - Р.285-290.
- Vilatersana R., Susanna A., Garcia-Jacas N., GarnatjeT.. Generic delimitation and phylogeny of the Carduncellus- Carthamus complex (Asteraceae) based on ITS sequences // Plant SystEvol. - 2000.- Р.89-105
- SellamiIH., Ben Salah H., Kchouk ME., Marzouk B. Variations in phytosterol composition during the ripening of Tunisian safflower (Carthamustinctorius L.) seeds. // Pak J Bio Sci.- 2007. №10. - Р.3829-3834.
- Fan L. Zhao H.Y., Xu M., Zhou L Qualitative evaluation and quantitative determination of 10 major active components in Carthamustinctorius L. by high-performance liquid chromatography coupled with diode array detector / // Chromatogr. A. - 2009. - Vol. 1216, № 11. - P. 2063-2070.