Мақалада тықыр кекіре өсімдігі жайында толық мағұлмат бере отырып, дәрілік қасиеттетері мен халық медицинасында қолданылуы қарастырылған.
Жұмыстың өзектілігі: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев отандық дәрілік құралдар жасау, өндіру мен өндіріске енгізу саласындағы жұмысты жандандыру және таяудағы жылдары Қазақстан Республикасының медицина мекемелері мен халқын дәрілік қамтамасыз етудегі отандық фармацевтік өнімнің үлесін 30 %-ға дейін жеткізуге тапсырма берді.
Қазақстан Республикасында фармацевтика өнеркәсібін фитохимиялық өндірісті дамыту арқылы жүзеге асыру орынды әрі экономикалық тиімді, мұның өзі, республикада дәрілік өсімдіктердің бірегей шикізат базасы болуымен, химия, медицина мен фармация салаларында едәуір ғылыми-техникалық әлеует жинақталуымен және дәрілік препараттардың субстанцияларын отандық өндірушілердің дәрілік өсімдік шикізатын өңдеуге дәстүрлі түрде бағдарлануы болып табылады. Бұл ретте, отандық фармацевтика өнеркәсібін дамытудың негізгі басымдықтарының бірі - дәрілік өсімдік шикізатының негізінде бірегей отандық субстанцияларын және олардың негізінде дәрілік препараттарды жасау мен өндіріске енгізу болып табылды.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Тықыр кекіре өсімдігінің дәрілік қасиеттерін зерттеу және осы өсімдікке биологиялық сипаттама беру.
Әдеби шолуларға сүйенсек әлемде осы өсімдіктің 579 түрі, ал Қазақстан Республикасы бойынша 121 түрі бар, оның 35 түрі - эндемик. Қазақстанның барлық облыстарының жазық далаларындағы өзен-көл алқаптарында, тұзды, сорлы, ұсақ тасты жерлерде және қиыршықтасты биік тау бөктерлерінде, көгалды жерлерде өседі. Осы өсімдіктің бірқатар түрлері: Алматы Кекіресі (Oxytropis almaatensis), инелі Кекіре (Oxytropis hystrix), Қаратау Кекіресі (Oxytropis karataviensis), Недзвецкий Кекiресi (Oxytropis niedzweckiana), Талас Кекiресi ( Oxytropis talassica), бұдыр Кекiре (Oxytropis echidna) және Өгем Кекiресi (Oxytropis ugamica) - тек Қазақстанда ғана өсетін, өте сирек кездесетін өсімдіктер. Сондықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген [1]. Тықыр Кекіре мен түбітті Кекіре (Oxytropis puberula) - улы өсімдіктер болып табылғанымен оларда айтарлықтай дәрілік қасиетке ие. Кекіренің көп тараған түрінің бірі - тықыр Кекіре (Oxytropis glabra). Қазіргі таңда шикізат қоры бар, аз зерттелінген өсімдіктерді зерттеу басты міндеттердің бірі ретінде қарастыруға болады.
Тықыр кекіре өсімдігі (Oxytropis glabra) - бұршақ тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік, кейде шала бұта. Жемісі - ұзынша не дөңгелек пішінді бұршақ (үрлеп қойған сияқты). Оның биіктігі 5 - 70 см, жіңішке келген сабағы жерге көлбей өседі, тықыр. Жебе жапырағының түгі сирек болады. Жапырағының ұзындығы 2 - 10 см, сағақтары қысқа түкті. Гүлсидамы ақ, қара түкті, гүлдері шашақ гүлшоғырына топталған. Тостағанша жапырағы қоңырау тәрізді болады. Күлтесі күлгін түсті көк. Тықыр кекіре маусымда гүлдеп, шілде айында дән салады. Жемісі - бұршақ. Табиғат ортасына байланысты бұл өсімдік барлық Қазақстан аумағында, шөлді және таулы аймақтардан басқа жерлерде жеткілікті мөлшерде таралған. Негізінен көп таралған жерлері: Орта Азия, Шығыс және Батыс Сібір, Монғолия. Тықыр кекіре үшін ең қолайлы жер күн түсетін, ылғалды өзен-көлдердің жағалаулары болып табылады [2].
Тықыр кекіре өсімдігінің дәрілік және емдік қасиеттері бар, сондықтан да емдік мақсатта осы өсімдік шөбінің вегетативті органдары гүлі, сабағы, жапырағы пайдаланылады. алкалойдтар, каротиндер, флавоноидтар және С витаминдер болады. Химиялық құрамын сұйық хроматография-масс спектрометр LC-MS әдісі арқылы 11 флаваноид,1 алкалоид және пальмитин қышқылдары, кумарин болатыны анықталынған [3,4]. Осы орайда әдебиет көздерінің мәліметтеріне сай тықыр кекіре өсімдігі тибетік медицинада температура түсіретін, ауруды бәсендететін, орталық жүйке жүйесінің қызметін реттейтін және несепті шығаратын қасиеттеріне негізделіп, кеңінен қолданылғаны анықталынған. Тибеттік медицинада бұл өсімдік көп қолданысқа ие. Орталық жүйке жүйесіне әсер ету, температура түсіру және несеп шығару, гемостатика ретінде тықыр кекіре шөбі негізінде дайындалған қайнатпалар қолданылады. Дәстүрлі медицинада осы өсімдік тұқымдасы негізінде жақпа майлар, гельдер жасалынған.
Зерттеу жұмысын қорытындысы бойынша, отандық тықыр кекіре өсімдігі созылмалы ауруларда, қабынуға қарсы стероидты емес, өсімдік тектес дәрілік құралдарды ұзақ уақыт бойы және педиатряда және гериатрияда қолдануға мүмкіндік береді. Осы мақсатта ацетилсалицил қышқылы, парацетамол дәрілік құралдарына ұқсас фармакологиялық қасиетке ие, тиімді әрі қауіпсіз фитопрепарат жасау маңызды болып тұр.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Малышева л.и. Разнообразие рода остролодочника (Oxytropis) в Азиатской Росии//Turczaninowia.-2008.-Т.11(4)-С.5-141.
- WANG S. et al. Effect of Oxytropis glabra on serum biochemical indexes of rabbit [J] //Chinese Veterinary Science. - 2013. - Т. 2. - 013 с.
- Абдулина С.А. Қазақстанның түтікті өсімдіктерінің тізімі/Жауапты редакторы Р.В. Камелина. - Алматы,1999. - С.99-100.
- Мао Х. Li, Zhi H.Lan, Li L. Wei, Wen J. Zhang, Ru X. Zhang and Zheng P. Jia, Phytochemical and Biological Studies of Plants from the Genus Oxytropis, ACG publications by academy of Chemistry of Globe Publications //-2012.-Том 6, №1 - P. 1-20.
- С. Пурэвсурэн, Чанг Квиху, Алколоиды остролодочника ложножелезистого, применяемого в традиционной медицине Монголии//-2004.-Т6. - №1 - С. 72-74.
- Павлова Н.С. Oxytropis DC.//Флора российского Дальнего Востока. -Владивосток: 2006.-С.175-181.
- Сапожникова Т.Г. Oxytropis DC. // Красная книга Хабаровского края. - Хабаровск: 2000. - С. 68-72.
- Павлова Н.С. Oxytropis DC. // Флора российского Дальнего Востока. - Владивосток: 2006. - С. 175-181.