Бұл мақалада Сортаңды сұңғыла (Cistanche salsa) экстрактсі негізінде гранула алу және грануланың оптимальды құрамын таңдауда жүргізілген физика-химиялық және технологиялық зерттеулердің нәтижелері, өндірістің технологиясы сипатталады.
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстанда шикізат негізінде дәрілік заттар өндіру қазіргі таңда маңызды мәселелердің бірі. Соның ішінде Қазақстанда аз зерттелген жабайы өсетін Cistanche salsa (C.A. Mey.) G.Beck дәрілік өсімдік шикізатын фармацевтикалық өндірісте әртүрлі дәрілік қалып алуда қолдану өзекті болып табылады.. Оның биологиялық белсенділігі женьшеньге қарағанда 5 есе көп, Қытайда, Кореяда, Жапонияда және АҚШ-та физиологиялық белсенді зат ретінде пайдаланылады. Кең көлемді әсері бар (ағзаны сергітуге, антиоксидантты зат алуға) көптеген фармакологиялық белсенді қосылыстарды өндіру үшін бастапқы шикізаты ретінде қолданылатын өсімдік.[1]Сондықтан, осындай аз зерттелген өсімдіктекті отандық дәрілік шикізатынан фитопрепарат алу және ары қарай зерттеп, Республикамызда қолдану өте маңызды.
Кіріспе. Сортаңды сұңғыла 20 флористік аймақтарда, оның ішінде Бетпақдала, Мойынқұм, Балхаш - Алакөлде өседі. Қазақстанда негізгі қоры Оңтүстік Балхаш маңында анықталған[2]. Өнеркәсіптік қорлары Алматы обылысының Панфилов, Ұйғыр және Қаратал аудандарында да Жамбыл обылысының Сарысу және Мойынқұм аудандарында өседі[3].Сұңғыла тұқымдастарының фито-химиялық аспектісіндегі негізгі түрлері айтарлықтай негізді түрде зерттелген. Соның ішінде сортаңды сұңғыланың құрамында иридоид, лигнан, фитостеарин, глицит, құрылымы белгілі фенол гликозиді, (0,5¿) флавоноидтар, (0,33%) алколоидттар бар. Тәжірибеден тұнбасының бактерияға қарсы белсенділігі байқалды [4,5].
Гранула қолдануға ыңғайлы, биожетімділігі жоғары, дайындалуы жеңіл және сақтауға тұрақты дәрілік түр. Грануланың физика-химиялық және технологиялық сипаттамаларын ескере отырып қосымша заттар алынды: Тазартылған су (Aqua purificata), Н2О, Mr 18.02(ГФ РК, т. II, стр. 168). Иісі мен дәмі жоқ түссіз мөлдір сұйықтық. Картоп крахмалы(Potato starch). Ақ жылтыр кристалды ұнтақ , крахмалға тән иісі бар. Қант - қант қызылшасы мен қант қамысынан алынатын тағамдық өнім. Ақ, сары немесе қоңыр түсті, тәтті дәмдікристалл. 100 г қанттың энергетикалық құндылығы (калориялылығы) 1,68 МДж (400 ккал) шамасында. Құрамы жағынан қанттардың көпшілігі - көмірсутектің сумен қосылысы Сn(Н2О)m. Мысалы, гексоза С6Н12〇6, сахароза С12Н22О11, сондықтан оларды көмірсулар деп те атайды. Сонымен қатар 40%,70%, 75% этил спирттері қолданылды.
Кесте 1 - Алынған негіз модельдері
Жұмыстың мақсаты: Сортаңды сұңғыла экстрактісі негізіндегі грануланың оптималды құрамымен технологиясын құрастыру.
Зерттеу объектілері мен әдістері.Сортаңды сұңғыла экстрактісін дайындау, гранула дайындау технологиясын жобалау, гранула алу үшін дәстүрлі әдіс- ылғалды гранулалау әдісі қолданылды, дайындалған грануланың сапасын анықтау(механикалықберіктігі, ерігіштігі, біртектілігі, тұрақты,сақтағанда және қолданғанда құрамы өзгермеуі).
Қортынды және талқылау.
Дайындалған гранулаға қойылатын талаптарға сай сараптама жасап,талапқа сәйкес келетін №1 және №4 модельдерді таңдап алынды.Тәжірибе жүзінде олардың механикалық беріктігі және біркелкі екендігі дәлелденді. №2, №3, №5 модельдердің механикалық беріктігі жоқ, сонымен қатар бірден ұсақталып гранулаға қойылатын технологиялық талаптарға сай келмейтіні анықталды.
Жоғарыда аталған жағдайларға байланысты және кестеде келтірілген деректерге байланысты №2, №3, №5 модельдері ары қарай зерттеуден алынып тасталды.Зерттеулерді ары қарай жалғастыру үшін №1 және №4 модельдер таңдап алынды. Біздің зерттеуіміздің келесі сатысында алынған Сортаңды сұңғыла грануласының стандартизациясын жүргізу,тұрақтылығына бақылыу жүргізу болып табылады.
Құрамындағы заттардың атауы |
Модельдер |
||||
I |
II |
III |
IV |
V |
|
Сортаңды сұңғыла шөбінің қою экстракты |
0,5г |
0,5г |
0,5г |
0,5г |
0,5 |
Қант |
1,5 |
1,5г |
1,5г |
1,5г |
1г |
Крахмал |
0,5г |
0,5г |
0,5г |
0,5г |
0,5г |
75% этил спирті |
0,2 мл |
||||
40% этил спирті |
0,2мл |
0,2мл |
|||
70% этил спирті |
0,2мл |
||||
Тазартылған су |
0,2мл |
||||
Нәтижесі |
+ |
- |
- |
+ |
- |
ӘДИБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Исабаев С.О. Эколого-биологические особенности цистанхе сомнительной (Cistanche ambigua Hoffmgy et Link) саксаульных лесов пустыни Моинкум: автореф. дис. ...канд. биол. наук. - Алматы: 2010. - 22 с.
- Гемеджиева Н.Г., Ермозанова Н.К., Арысбаев Р.Б Выявление особенностей распространения цистанхе солончаковой в Южном Прибалхашье //Известия НАН РК, Серия Биол. и медиц -2013. -№1(295).- С.10-17
- Гемеджиева Н.Г., Ермозанова Н.К., Нурханов А. Ресурсный потенциал природных популяций цистанхе в Южном Прибалхашье //Совроменные тенденции в изучении флоры Казахстана и ее охрана (Байтеновские чтения - 3) // Матер.междунар. науч.конф. - Алматы: 2014. - С. 239-244.
- URL: http://www.kar-met.su/posobieekologiarasteniy/
- Флора Казахстана. - Т.8. - Алма-Ата: 1965. - 151 c.
- Абдулина С.А. Список сосудистых растении Казахстана. - Алматы: 1999. - 123 c.
- Капсалямова Э.Н. Разработка состава и технологии лекарственной формы на основе полифенольных соединений Cistanche salsa (С.А. Меу.) G. Beck: автореф. дис. ... канд. фарм. наук. - Алматы: 2010. - 24 с.
- Государственная Фармакопея Республики Казахстан. - Алматы: Издательский дом «Жибек жолы», 2008. - Т.2. - 804с.